Ортағасырлық қалалық мәдениеттің қалыптасуы
Тарих, археология және этнология факультеті
Тарих - 5В020300 мамандығының ІІІ курс студенті Зұлхарнайұлы Шерхан
Мақала: Сыр өңіріндегі ортағасырлық тарихи - мәдени маңызы бар қалалардың аймақтық геосаяси рөлі
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізігі бөлім Сыр өңіріндегі ортағасырлық тарихи - мәдени маңызы
бар қалалардың аймақтық геосаяси рөлі
І. Ортағасырлық қалалық мәдениеттің қалыптасуы
1. 1. Сыр өңіріндегі орта ғасырдағы қалалық мәдениеттердің ерекшеліктері
1. 2. Өңірдегі қалалық мәдениеттің дамуы
ІІ. Ашнас (Асанас) қаласы - ортағасырлық мәдени-тарихи ескерткіш
2. 1. Ашнас (Асанас) қаласы құрылысы мен зерттелуі
2.2. Ортағасырлық Ашнас (Асанас) қаласының аймақтық геосаяси рөлі
ІІІ. Жанкент - оғыздар астанасы ретінде
3. 1. Жанкент қаласының қалыптасуы және зерттелуі
3. 2. Қаланың аймақтағы геосаяси рөлі
ІV. Женд - рухани ислам дінінің орталығы ретінде
V. Сығанақ қаласы - Ақ Орда және Қазақ хандығының алғашқы астанасы
5. 1. Сығанақ - сауда және саяси орталық ретінде XV-XVI ғ. маңызы
5. 2. Сығанақ қаласы ортағасырлық негізгі саяси орталық ретінде аймақтағы геосаяси рөлі
Қорытынды
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Сыр - Алаштың анасы демекші Қазақстан, тіпті Орта Азия кеңістігінде үлкен маңызға ие Сыр өңірінің қалалық мәдениеті әр кезеңде болсын өзіндік мәдени, саяси, географиялық, экономикалық, рухани жағынан рөлі зор болды. Әсіресе, Сыр өңірінің географиялық орналасу ерекшелігіне орай ортағасырлық Қазақстан тарихында аймақтық геосаяси рөлі қазіргі тарих ғылымында маңызды мәселелердің бірі. Осыған орай зерттеу мақаламда Сыр өңіріндегі Сығанақ, Жент, Жанкент, Ашнас (Асанас) қалаларының қазақ халқының ұлттық рухани құндылығы және қалалық мәдениеттегі рөлі орта ғасырлық кезең мерзімінде көрсете отыра қалаларға ғалымдардың тиісті ғылыми сипаттамалары мен пікірлерін қарастыру қажеттілігі маңызды. Тақырып бір жағынан таяуда жарық көрген Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыр" бағдарламалық мақаласындағы таяу жылдардағы міндеттердің бірі "Туған жер" атты бағдарламасын іске асыруда ғылыми-танымдық маңызы зор екені белгілі.
Тақырыптың мақсаты: Ортағасырлық Сыр өңіріндегі қалалардың аймақтық геосаяси маңызын зерттей отыра мынадай мақсаттарды қоямын: тақырыпты қарастырау арқылы ортағасырлық Сыр өңірінің қалалық мәдениетін жеткілікті түрде баға беру; Сыр өңірі қалалық мәдениетіндегі Оғыз дәуірінен бастап Қазақ хандығы тұсына дейінгі қалалардың тарихи-мәдени қырларын анықтау; жергілікті халықтар мәдениеті мен көрші елдер мәдениетінің тоғысуындағы қалалардың тарихи-мәдени рөлін ашу; тарихымыздағы көрнекті тарихи-мәдени ескерткіштер ретінде рухани жаңғырудағы рөлін көрсету; қалалардың қалыптасу, даму, құлдырау тарихын тарихшы ретінде тақырыпта қарастырып, өзіндік баға беру;
Осы тақырыпқа қатысты мақсаттарыма сәйкес алдыма мынадай міндеттерді қойып отырмын:
- Аймақтағы тарихи процесстер бойынша кезеңдеріндегі қалалық мәдениеттің Сыр өңірінде қалыптасуын осы тақырыбымда айқындау;
- Сыр өңірінің ортағасырлық қалалық мәдениетін және оның ерекшеліктерін айқындау;
- Аймақтағы қалалар туралы жазған тарихшылар мен олардың еңбектеріне тоқталып, тақырыбыма қатысты құндылығын ашып көрсету;
-Қазақстан тарихындағы мәдени, саяси, экономикалық, әскери, стратегиялық маңызындағы Сыр өңірі қалалының рөлін көрсету;
- Тарихи деректерге сүйеніп ортағасырлық ғалымдар еңбектері бойынша қалаларға тоқталып, көзқарастарын анықтап зерттеуге кірістіру;
- Сыр өңірнің және қалаларының Қазақстан тарихындағы геосаяси орнына қорытынды ретінде жекелеген талдау беру;
Тақырыпқа қатысты деректер: Сыр өңірінің қалалары туралы зерттеу жұмыстарын алғаш ортағасырлық тарихшылардың жазба еңбектерінен көре аламыз. Ортағасырлық Йақұт әл-Хамауи ар-Румидің "Елдер сөздігі" (Му'джам ал-булдан), Ибн ал-Асирдің "Тарих жылнамаларының толық жинағы", Әл-Насавидің "Жәлеладдин сұлтанның өмірі туралы", Ибн Баттутаның, Жувейнидің "Тарих-и Жаһангуш", Рашид ад-Диннің "Джами ат-тауарих", Рузбиханның "Михман наме Бухаре", М.Х. Дулатидің "Тарихи Рашиди" және еуропалық саяхатшылар Марко Полоның "Әлемнің әр түрлі елдері мен халықтары туралы", Плано Карпинидің "Моңғолдар тарихы", Гильмо де Рубрук "Шығыс елдеріне саяхат" атты араб, парсы, түрік, шағатай және еуропа тілдеріндегі тарихи еңбектерінің мазмұнынан көреміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Ортағасырлық Сыр өңірі қаллары туралы алғашқы зерттеу Орыстардың отаршылдық саясатының жүргізілуімен басталды. Орыстардың Академиялық экспедицицлары, Ресей Географиялық қоғамы, Түркістан археология ұйымы, Мәскеу археологиялық Әуесқойлар үйірмелеріның қызметімен алғаш рет қалаларды зерттеу жұмыс басталды. Сыр өңірі қалаларын В.А.Каллаур, В.В.Бартольд, А.Ю.Якубовский сынды т.б. бірқатар атақты ғалымдар зерттеп, көптеген деректер қалдырған. Сыр өңірінің рухани әлемі, оның ішінде көне қала мәдениеті мен тарихи-мәдени ескерткіштердің зерттелуі мен зерделенуі туралы атақты ғалым Ә.Қоңыратбаевтың есімін айтпай кетуге болмайды. Ғалым фольклорлық, сондай-ақ, көне түркі жазбалары мен шығыс әдебиетінің деректері мен сюжеттік желілеріне сүйене отырып жүргізген зерттеулерінде өңір тарихына қатысты біршама тың болжамдар жасады. Сыр өңіріндегі қалалардың Қазақ хандығы үшін XV-XVI ғасырларда атқарған қызметін К.А.Пищулина терең зерттеп, өзінің еңбектерін жарыққа шығарды. Қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтымен Ресейдің Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының ғалымдарымен бірлескен ортағасырлық Сыр өңірі қалаларын, оның ішінде Жанкент қаласын зерттеу жұмысын жүргізуде. 2005-2007, 2011 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бірлескен экспедиция құрылып Сыр өңірінің қалаларын зерттеу әрі қарай жүргізілуде. Аталмыш археологиялық зерттеулердің нәтижесі орта ғасырлардағы Сыр өңірінің Қазақ тарихындағы атқарған маңызын тереңдеп көрсетуге, жан-жақты анықтауға мүмкіндіктер береді.

Қазақ жерінде заманында өркениеттің бастау-бұлағындай һәм белгісіндей болған тарихи қалалар бой көтергені белгілі. Бүгінде оларды археологтар, тарихшылар, этнографтар, географтар өздерінің зерттеу нысанына айналдырып, ел үшін құнды-құнды мәліметтер табуда. Әрбір қала өзінің орналасқан жеріне, аймағына қарай саяси-экономикалық, рухани-мәдени орталықтың негізі болғаны аян. Бұл елтану жолында жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, бай тарихымыздан хабардар етіп, қазақ халқы тек көшпелі халық емес, оның байтақ даласында сәулеті мен дәулеті жарасқан, әсем де көрікті қалалардың болғаны жөнінде берік ұғым-түсінік қалыптастыратынына кәміл сенеміз.
Ерте заманнан Батыс пен Шығыстың арасына алтын көпір болған Сыр өңірі - киелі мекен. Сыр өңірі қазақтың қара шаңырағы болған аймақтардың бірі. Оған аудан жерінде тас дәуірінің іздері, сақ, ғұн, қаңлы тайпаларынан қалған тарихи-мәдени ескерткіштер, Сыр жағасында көне қалалардың орындары, Ұлы Жібек жолының батыс пен терістікке шығатын тоғыз жолдың торабы болуы, алғашқы тайпалық бірлестіктердің, мемлекеттердің орталығы болуы және т.б. дәлел болады.
Сыр бойының геосаяси маңызын тарихымыздың сан ғасырлық кезеңіндегі астаналық дәрежеге ие болған 4 қаланы ерекше атап дәлелдеп көрсетуге болады. Олар: Арал маңын мекендеген сақтардың астанасы - Шірік-рабат, ортағасырлық Оғыз мемлекетінің астанасы - Жанкент, Қыпшақ хандығының, сонымен қатар, Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы және Қазақ хандығының астанасы болған - Сығанақ және 1925-1929 жылдары Қазақ АКСР-нің астанасы қызметін атқарған - Ақмешіт (Қызылорда) қалалары.
Сыр өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштерін зерттеуде профессор Әуелбек Қоңыратбаевтың жан-жақты терең ғылыми зерттеулері тақырыпқа қатысты маңызды тұжырымдар берді. Ғалым Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ қалаларына тоқталып, Отырар аймағында (Сыр бойы, З.Ш.) оннан астам қалалар болғанын жазады. Оларды Сырдың батысы және шығысы деп топтап, төмендегідей бөледі:
Сырдың батысы: Сырдың шығысы:
Сүткент Фараб (Отырар)
Арзубаникент Кедер
Аққорған Түркістан (Ясы)
Өзгент Шауғар
Ашнас (Жент) Қарнақ
Баршынкент Сауран
Үлкен Жент Тұрар
Құмқала Сығанақ (Сунақ)
Жанкент Жөлек
Ақмешіт [5]
Ал, ғалымның ұлы Т. Қоңыратбаев болса осы аймақтың монғол шапқыншылығынан соңғы жағдайы сөз етіп, қалалар тарихын зерттеген ғалымдардың мынадай тізімін келтіреді:
Сырдың батысы Сырдың шығысы
Сүткент Шортөбе - Кенже
Оксус-Зернук - Қарасаман
Қойған-ата Отырар төбе
Бузук-Яркук Бұзық шілік
Мейрам Икан
Аққорған Төрткұлтөбе - Қарашық
Қыр Үзгент Шаға
Ашнас Қарнақ
Қызтөбе - Барлышкент Асы
Жанқала - Женд Сауран
Сайрам Сығанақ
Сонымен бірге ғалым Сыр өңірінің қалалары туралы мынадай қысқаша анықтамалар береді:
Янакент (Жаңа қала) - әл-Хариат, әл-Хадиса (арабтарда), парсыша - Дех-и нау (Шеһркент) - ғұз патшасының қысқы сарайы. Бартольд оның орны Сырдың оңтүстігіндегі бұрынғы Хиуа бекінісі, Жаңақаладан бес шақырымдай, Қазалыдан он бес мил жерде дейді.
Сығанақ (Сунақ) - ислам дініне кірмеген қыпшақтар қаласы. Ол Отырардан 24 фарсақ жерде орналасқан. Қала орнын Лерх Төменарықтан 8 - 10 шақырым жердегі Сунаққорған немесе Сунақата деп көрсетеді.
Жент пен Хұбара (Жүбара) - Жанкент маңындағы шағын қалалар. Жанкенттен Хиуаға дейін он, Фарабқа дейін 20 күндік жол. Каллаур Қышқаланы Женттің орны дейді.
Баршынлығкент - Жент маңындағы қала.
Ашнас - бұл Сығанақ пен Жент аралығындағы қала.
Міне, Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысындағы орта ғасыр қалаларының бірқатары осылар. Бәрі дерлік ірі мәдениет орталығы болып, өз кезеңі үшін маңызды қызмет атқарған [4].
Сыр өңірінде мал шаруашылығы мен егіншілік те жақсы дамыды. ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы саяхатшылар мен тарихшылардың: Плано Карпини, Вильгельм Рубрук, Ибн Баттута, әл-Омари және т.б. еңбектерінде Қазақстан аумағында мал шаруашылығының ең көп тараған дәстүрлі түрі жартылай көшпелі мал шаруашылығы болғаны туралы айтылады [14, 171]. Соның ішінде Сырдария мен оның Қаратаудың күнгей беткейінен ағып келіп құятын көптеген салаларының алқаптарында отырықшы немесе бағымдағы тебіндеп жайылатын мал шаруашылығы дамыды. Қыстақтар мен қалалардың тұрғындары бұл жерде мал шаруашылығын суармалы және телімді егіншілікпен, ішінара балық аулаумен де ұштастырды. Мал өсірушілер бүкіл жыл бойына жайылымнан жайылымға үздіксіз көшіп жүретін. Мұнда отырықшы және жартылай көшпелі мал шаруашылығы ұштастыра жүргізілді. Көктемгі және жазғы маусымда Шығыс Дешті Қыпшақ даласына көшіп баратын ауылдар қыстау үшін Сырдария бойына қайтып келетін еді. Моңғол дәуірі кезеңінде егіншілік жанама, қосалқы салаға айналса да, ендігі жерде малшы өзі қыстайтын тұрақты орынға берік орнығып, егіншілікпен кеңінен айналысуға кең мүмкіндік алды. Мейлінше қашыққа көшіп-қону мал шаруашылығының нағыз көшпелі түріне сай келді. Шығыс Дешті Қыпшақтың далалық аймақтарының малшыларына оңтүстіктен солтүстікке қарай және керісінше бойлық бағытында, мейлінше қашыққа көшіп жүру тән еді. Көші-қон бағыттары Аралдың солтүстік маңайы, Сырдарияның орта және төменгі ағысы мен Қаратаудың баурайындағы орналасқан қыстаулардан Ұлытау жазығы, Торғай, Ырғыз, Тобыл өзендерінің аңғарларындағы жайлауларға дейінгі аумақты қамтитын [13].
Моңғол шапқыншылығынан кейін Ақ Ордада Оңтүстік Қазақстандағы егіншіліктің қалпына келуі Сыр бойындағы қала өмірінің жандануымен тығыз байланысты болды. ХІІІ ғасырдың аяғында байқалған шаруашылықтың жандану процесі ХІV ғасырдан кең құлаш жая бастады. Бұл Сығанақтың қалпына келтіріліп, егіншілік пен қолөнер кәсібі өркендей бастаған, сауда айналымы да өсе түскен кезеңі еді. Ақ Ордада қала және отырықшы-егіншілік өмірдің дамуына мемлекет орталығының осында ауысуы, оның ірі егіншілік ошақтарына жақын орналасуы мен билеушілердің моңғол хандары үстемдік еткен Алтын Орда, Шағатай мемлекеттеріне тәуелсіз өз билігін орнатуға ұмтылуы қолайлы жағдай қалыптастырды [15].Сонымен қатар Шығыс Дешті Қыпшақ халқының ұлғайып келе жатқан мал шаруашылығы өнімдерін өткізуге, өз кезегінде өздерінің де қолөнер мен егіншілік өнімдеріне деген сұранымын қанағаттандыруға ұмтылуы мал шаруашылықты аудандарының отырықшы-егіншілікті аудандармен экономикалық байланыстарын берік орнықтырып, Оңтүстік Қазақстанның жазираларында қала мәдениеті мен егіншіліктің жандануына алып келді: мал басы өсті, мал өнімдерін өндіру мүмкіндіктері артты. Ақ Орда билеушілері Ерзен хан, Мүбәрәк хан, Ұрыс хан, Барақ хандар мемлекеттің оңтүстігінде егіншілік шаруашылығының ошақтары мен қалаларды қалпына келтіруге тырысты, сауда керуендерін ұйымдастырып қалаларды Темір ұрпақтары мен шағатайлықтардан тәуелсіз етуге күш салды [16].

Сыр өңіріндегі көрнекті қала мәдениетінің көрінісі ортағасырлық тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің бірі Ашнас (Асанас) қаласы. Асанас қаласы Қызылорда қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 48 шақырымда, ал Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылынан оңтүстік-батысына қарай 8 шақырым қашықтықта орналасқан. Асанас қаласының атауы ортағасырлық Өзгент, Сығанақ, Жент, Баршынкент қалаларымен аталады. Тарихшы Жувейнидің еңбегінде 1219 жылы моңғол әскерлерінің Сығанақтан Жендке қарай бара жатқан жолда жаулап алынған қаланың бірі ретінде сипатталады. Сырдың төменгі ағысы бойымен жүріп өткен Плано Карпини Моңғолдар тарихы атты кітабында: Бұл жерде біз сансыз қиратылған қалалар мен қамалдарды, көптеген бос қалған қоныстарды кездестірдік. Бұл жерде үлкен өзен бар оның аты бізге белгісіз, жағалауында Янкинт деп аталатын қала бар, тағы біреуінің аты Бархин, үшіншісі Орнас деп аталады және бізге белгісіз қалалар бар деп жазады [18]. П.Л.Лерх аталған шаһарларды Сырдарияның төменгі ағысындағы қалалармен сәйкестендіріп Орнас - Асанас, Янкинт-Янгикент, Бархин-Баршынкент қалалары болуы мүмкін дейді [20]. Ал В.А.Каллаур 1899 жылы Асанас қаласының орнын анықтап, топографиялық сипаттамасын жасай отырып, қалаға тартылған суды Қаракөз деп атаған [19]. Сондай-ақ Ақтөбе елді мекенінің жанынан Қызылқұм ішіндегі сеңгірге дейін жететін арықтың бірін ауыз су десе, екіншісін егістікке тартылған арық деп жорамалдайды.
Асанас қаласы дөңгелек пішінді, көлемі 450х400 метр. Қала мықты мұнарасы бар қабырғамен, оның сырты ормен қоршалған. Төрт қақпасы бар қорғаныс қабырғаның қазіргі сақталған биіктігі 5 метрге жуықтайды. Қабырғаның ені іргетасымен есептегенде 15 метр. Шығыс бөлігінде орналасқан цитадельдің аумағы 40х50 метр, ал биіктігі 1 метр.
1954 жылы Хорезм археология этнографиялық экспедициясы Асанас қаласын есепке алып, 1960-1961 жылдары барлау жұмыстарын жүргізді. Ал 1968 жылы Н.Н.Вактурская қалаға екі стратиграфиялық қималық қазба түсіріп зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Қазба барысында табылған қыш ыдыстар ХІІ-ХV ғасырға жатқызылса, екінші қазбадағы керамикаларды VІІ-ІХ ғасырдағы оғыз заманына тиесілі екені анықталды. Нәтижесінде, Асанас қаласы VII-IX ғасырдан пайда болып XV ғасырға дейін өмір сүрген. Хорезм экспедициясының зерттеулеріне дейін тарихи әдебиеттерде қаланы соғдылық саудагерлер тұрғызды деген пікірлер басым болған еді. Кейін, қазба жұмыстары көрсеткендей, қала тұрғындары мен оны тұрғызған - оғыздар болғаны дәлелденді.
Сонымен қатар шаһардың солтүстігіне қарай 50 метр жерде - Асанас ата кесенесі орналасқан. Аңыз бойынша Асанас ата - жергілікті танымал әулие Қожан қожаның нағашы атасы болып келеді.
Кесене шаршы пішінді күйдірілген кірпіштерден жасалған. Жоспарындағы аумақтық өлшемі - 7,18х8,83 метр. Кесенеге 2010 жылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Асанас ата кесенесі Қазақстандағы сәулеттік келбеті ерекше кесенелерінің бірі. Қазіргі таңда Асанас қаласы және Асанас ата кесенесі мемлекет қорғауына алынған, Қызылорда облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер қатарына кіреді [21].
ІІІ. Жанкент - оғыздар астанасы ретінде
Сыр өңіріндегі қалалалық мәдениеттің жетістігін ІХ ғасырдың аяғы - ХІ ғасырдың басында өмір сүрген Оғыз мемлекеті тарихынан біле аламыз. Оғыз мемлекеті жайлы ІХ ғ. аяғы-ХІ ғ. басындағы әл-Якубидің, Ибн әл-Факихтың , Ибн Рустенің, әл-Масудидің, Ибн Хаукалдың, ал-Идрисидың тарихи-географиялық еңбектерінде айтылады. Бұл ғалымдар дерегі бойынша Жанкент қаласы оғыз мемлекетінің орталығы ретінде суреттеледі. Сонымен қатар, Жанкент тұрғындарының су жолы арқылы Хорезм жерімен сауда байланыстарын жасағандығы жайлы да айтылады. Парсы тарихшысы Гардизидің жазбаларында Ертіс өзенінің бойын жайлаған қимақтарға апаратын сауда жолының Жанкент арқылы өткендігі жайлы дерек сақталған. XIV ғ. тарихшылары Рашид ад-Дин мен Жувейни өз еңбектерінде Жанкент қаласын Шехркент деп атаса, Махмуд Қашғари мен араб географы Абульфеданың шығармаларында Жанкент қаласы Янгикент атауымен кездеседі.Оғыз тайпалары Сырдарияның төменгі ағысында да мекендеді. Мұнда Жент, Жанкент және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz