Метеорологиялық станцияның Техникалық жұмысын құрастыру
Пән: Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қорғауға жіберілді
_____________Кафедра меңгерушісі__________Абдрахимов Р.Г.
ОҚУ ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША ЕСЕП
5В061200 - Метеорология мамандығы бойынша
Орындаған 4-бригада
Әділ Айбек
Махамбетова Меруерт
Мамбеталы Ақбота
Маратов Маханбет
Сарыпбек Шынар
Оқу практикасының жетекшісі Жексенбаева А.Қ.
Норма бақылаушы Байжанова А.А.
Алматы 2017
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Метеорологиялық станцияның Техникалық жұмысын құрастыру ... ... ... 4
1.1. Метеорологиялық алаң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2. Метеоалаңда және метеостанцияда қолданылатын аспаптар ... ... ... ... ..5
1.3. Бақылау мерзімдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Станциялардың физика-географиялық сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ..9
2.1. әл-Фараби атындағы қазұу оқу метеостанциясы ... ... ... ... ... . ... ... ..9
2.2. Алматы қаласының метеостанциясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 11
2.3. Үлкен Алматы көлі метеостанциясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 13
3. Алматы қаласы және Үлкен Алматы көлі метеостанцияларындағы метеорологиялық элементтердің тәуліктік жүрісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...15
3.1. Ауа температурасының тәуліктік жүрісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 15
3.2. Салыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік жүрісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 16
3.3. Атмосфералық қысымның тәуліктік жүрісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...18
3.4. Жел жылдамдығы мен бағытының тәуліктік жүрісі ... ... ... ... ... ... ... . ... 20
3.5. Бұлттылық мөлшерінің тәуліктік жүрісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 22
3.6. Топырақ температурасының тәуліктік жүрісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...23
4. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқу метеостанциясының метеорологиялық элементтерінің күндізгі жүрісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
5. Ауа райы күйіне шолу жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Кіріспе
Метеорология (грек. Мeteora - атмосфера мен аспан құбылыстары және logos-ғылым) - атмосфера мен оның процестерін зерттейтін ғылым. Метеорология - атмосфераның құрамы мен құрылысын, жылу айналымын, жылу режимін және т.б. құбылыстарды зерттейді. Басты салалары - атмосфера физикасы (атмосферадағы физикалық құбылыстармен айналысады, атмосфералық акустика, атмосфералық оптика, атмосфера электрлігі, аэрология), атмосфера химиясы (ауа қабаттарындағы химиялық құбылыстарды зерттейді), динамикалық метеорология, синоптикалық метеорология, климатология. Метеорологиялық зерттеу жұмыстары көне заманда басталған (Аристотель). XVI ғасырдың 1-жартысында Италия ғалымдары Г.Галилей мен Э.Торричеллидің алғашқы метеорологиялық аспаптарды - барометр мен термометрді құрастырулары метеорологияның дамуына әсерін тигізген елеулі жетістік болды. XVII - XVIII ғасырларда атмосфералық процестердің заңдылықтарын анықтауға алғашқы қадамдар жасалды (М.Ломоносов, Б.Франклин). Желдің жылдамдығын, жауын-шашынның мөлшерін, ауаның ылғалдылығын анықтайтын аспаптар шыға бастады, алғашқы метеоролгиялық станция ұйымдастырылды. Метеоролог-ғалымдар атмосфераның жоғарғы қабаттарымен танысу үшін XVIII ғасырдың аяғында аэростат, XIX ғасырдың соңғы ширегінде шар-зонд, XX ғасырдың 20-жылдарында радиозонд аппараттарын ұшырды. XX ғасырдың ортасында дүниежүзілік актинометрия жүйесі құрылды; атмосферадағы озонның, электрлік элементтердің мөлшерлерін, ауаның химиялық құрамын анықтау тәсілдері белгіленді; климатология қалыптаса бастады, бұған атмосфераның жалпы таралуы, жер шарындағы су айналымы, қардың түсуі, т.б. құбылыстарды зерттеген орыс ғалымы А.И. Воейков көп еңбек сіңірді. Өзара салалас бұл ғылымдар негізінен жердің географиялық қабығындағы жылу мен ылғал алмасу процесін зерттейді. Сонымен қатар Метеорология геологиямен, геохимиямен, физикамен де салалас болып келеді. Метеорологияның басты міндеттерінің бірі - ауа райын алдын ала анықтау. Қысқа мезгілдік (жарты тәуліктік, тәуліктік, т.б.) Ауа райы авиацияға, ғылыми-тәжірибелік мекемелерге; апталық, айлық ауа райын болжау ауа шарына (агрометеорология), төтенше жағдайлар жөніндегі агенттікке өте қажет. Алматы, Ақтөбе, Астана, Өскемен, Балқаш қалаларында ірі гидрометеорологиялық обсерваториялар бар. Ауа райын бақылау және болжау орындары жетілдірілген аспаптармен, компьютерлік техникамен және байланыс жүйелерімен, автоматтық және электрондық қондырғылармен, радиолокаторлармен, т.б. құралдармен толық жабдықталған. Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы - гидрологиялық, метеоролгиялық ғылыми-зертханалық жұмыстарының басты орталығы болып табылады. [1]
1. Метеорологиялық станцияның Техникалық жұмысын құрастыру
1.1 Метеорологиялық алаң
Стандартты метеорологиялық алаң 26 х 26 метрлік квадрат пішінді жəне оның бір жағы солтүстіктен оңтүстікке бағытталуы қажет. Топырақтың терең қабаттарының температурасын өлшемейтін станцияларда жəне алаңды стандартты мөлшерде орналастыруға мүмкін болмағанда алаңды 26 х 16 метрлік мөлшерге дейін кішірейтуге болады. Жалпы метеорологиялық бақылау бағдарламасында ескерілмеген аспаптар мен қондырғыларды қосымша орнату қажет болған жағдайда негізгі метеорологиялық өлшемдерді өлшеу нəтижесіне сол қондырғылардың əсері болмайтындай етіп метеорологиялық алаңды үлкейтуге болады. Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтарды арнайы жобаға сəйкес орналастыру керек. Анеморумбометр немесе флюгер орнатылатын баған жəне мұзөрнек станогі алаңның солтүстік бөлігінде, будкалар мен жауын өлшегіш, плювиограф пен М-53 аспабы - ортаңғы бөлігінде, гелиограф пен топырақ термометрлері - оңтүстік бөлігінде көрші аспаптармен көлеңкеленбейтіндей етіліп орналастырылады. Актинометриялық жəне жылу балансы бақылауларын жүргізу үшін алаң оңтүстікке қарай ұзартылады. Актинометриялық жəне градиенттік қондырғыларды топырақ күйін өлшейтін құралдардың солтүстігіне орналастыру қажет. Басқа бақылауларға (атмосфераның ластануы жəне т.б.) арналған қондырғыларды алаңның шығысына немесе батысына орналастыруға болады.
Метеорологиялық алаңның төселме беткейін табиғи түрінде сақтау үшін метеорологиялық аспаптар мен қондырғыларға баратын арнайы жіңішке жолдар жасалады. Жол психрометрлік будкаға, термограф пен гигрограф түратын будкаға жəне топырақтық термометрлерге солтүстіктен, гелиографқа - оңтүстіктен түсуі тиіс. Жауын өлшегішке барлық бағыттан келуге болады. Жолдардың ені 0,4 метрден аспауы тиіс. Ол жолдарды нығыздалған құммен немесе майда таспен жабуға болады, асфальтпен немесе бетонмен жабуға болмайды. Жер беті құмды немесе тасты болса арнайы жол жасаудың қажеті жоқ. Көпжылдық тоң қабаты бар аймақтарда метеорологиялық аспаптарға бару үшін соқпақ жолдарды немесе ағаш төсеуіштерді қолдануға болады. Метеорологиялық алаңның табиғи күйін сақтау үшін жəне ондағы аспаптарды қорғау үшін алаң қоршалуы тиіс. Қоршау алаңның барлық жерінің ауа алмасуына кедергі жасамауы керек жəне онда күртік қар болмауы тиіс. Алаңның қоршауын тесіктері 10 х 10 см құрайтын темір торға екі шетінен сым өткізіп, биіктігі жер бетінен 1,2-1,5 м құрайтын метал труба, бетон немесе ағаш бағандарға керіп жасауға болады. Ауаның қозғалысына кедергі жасайтын жəне қарды жинап қалатын тұтас қоршаулар (тақтайлар), топырақ немесе өсімдіктен жасалған қоршаулар қолдануға рұқсат етілмейді. Метеорологиялық алаңға кіретін есік қоршаудың солтүстігінен жасалады. Ондай мүмкіндік болмаса есікті шығыс немесе батыс жағынан да жасауға болады. Қоршаудың есігі берік жабылуы тиіс. Егер метеорологиялық алаңға қоршаудың қажеті болмаса (биік таулы немесе орманды станцияларда), алаңның контуры ақ түске боялған қазықтармен немесе тастармен белгіленуі тиіс.
Метеорологиялық алаң электрлік торап немесе кернеуі 36 В-тан аспайтын басқа да энергия көздері арқылы тұрақты жарықпен қамтамасыздандырылуы тиіс. Тұрақты электрлік жарық көзі болмаған жағдайда тасымалданатын электрлік қол шамын қолдану керек. Метеорологиялық алаң мүмкіндігі болғанша станцияның қызметтік үйінен қашық емес (150 метрден алыс емес) жерде орналасуы жəне кезекші бақылаушының үнемі назарынан тыс болмауы тиіс.
1.2 Метеоалаңда және метеостанцияда қолданылатын аспаптар
Көптеген метеорологиялық элементтерге бақылаулар метеорологиялық алаң деп аталатын арнайы орында жүргізіледі (1сурет).
Метеорологиялық алаң - ашық, тегіс және жазық болуы тиіс. Метеорологиялық алаң жан-жағынан биік құрылыс нысандарымен, биік ағаштармен т.б. жабылмауы керек. Ол квадрат пішінді солтүстіктен оңтүстікке бағытталып орналасады.
Сурет 1 - Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы
Сурет 1-ге сәйкес, метеорологиялық аспаптар мен жабдықтар алаңда арнайы жоспарға сай орналасады. Метеорологиялық аспаптар келесі ретпен орналасады:
1) станцияның геодезиялық рейпері;
2) жеңіл тақтайшалы флюгер;
3) анеморумбометр;
4) ауыр тақтайшалы флюгер;
5) мұз өрнек станогы;
6) психометрлік будка;
7) қар өлшегіш рейка;
8) қосымша психометрлік будка;
9) тіркеу құралдарына арналған будка;
10) көріну қашықтығын өлшеуге арналған орын;
11) жауын өлшегіш;
12) плювиограф;
13) жауын өлшегішінің қосымша бағаны;
14) қар өлшегіш рейка;
15) гелиограф;
16) ледоскоп;
17) росограф;
18, 19, 20) топырақ термометрлері, Савиновтың иінді термометрлері орналасатын өсімдіксіз орын;
21) қар өлшегіш рейка;
22, 23) топырақтық суырмалы термометрлері, мерзлометр аспабын орнатуға арналған табиғи өсімдігі бар алаң;
24) ауа температурасымен, ылғалдылығымен, вертикаль градиенттерін өлшеуге арналған қондырғы;
25) жел жылдамдығын биіктік бойынша өзгерушілігін өлшеуге арналған қондырғы;
26) актинометрлік қондырғы.
1.3 Бақылау мерзімдері
Метеорологиялық бақылау жүргізу арнайы бақылау мерзімдерінде жүргізіледі. Бақылау мерзімі - барлық станцияда метеорологиялық бақылаулар жүргізу уақытынан бастап анықталған уақыт сәттері. Дүниежүзі бойынша бақылаулар Гринвич уақыты бойынша негізгі синоптикалық мерзімдерде әр үш сағат 00, 03, 06, 09, 12, 15,18, 21 сағаттарда жүргізіледі. Жер беті метеорологиялық бақылаулары метеорологиялық станцияларда жүргізіледі.
Негізгі типті метеорологиялық станцияларда келесі метеорологиялық шамалар тіркеледі:
1) жер бетінен 2 метр биіктіктегі ауа температурасы;
2) атмосфералық қысым;
3) ауа ылғалдылығы-ауадағы су буының парциалды қысымы және салыстырмалы ылғалдылық;
4) жел - жер бетінен 10-12 метр биіктіктегі ауаның горизонталь қозғалысы (жылдамдығы мен бағыты);
5) бұлттардан жауатын жауын-шашын мөлшері, түрлері;
6) бұлттылық-аспанның бұлттармен жабылу дәрежесі. Бұлттың түрлері және ондағы төменгі шекараның биіктігі;
7) жер бетінде және ондағы заттың бетінде пайда болатын әр түрлі жауын-шашындар, сонымен қатар тұман және оның қарқындылығы;
8) көріну қашықтығы;
9) күн шұғыласының ұзақтығы;
10) топырақ бетінің және тереңдіктегі температурасы;
11) топырақ бетінің күйі;
12) қар жамылғысының биіктігі мен тығыздығы.
Станциядағы жұмыстардың орындалуында келесі жағдайлар сақталуы тиіс:
1) бақылауға 40 минут қалғанға дейін барлық құралдар мен қондырғылар тексеріліп, бақылауға дайын болу керек;
2) ауа температурасы мен ылғалдылықты өлшеу, бақылау мерзіміне сәйкес 10 минут қалғанда жүргізіледі;
3) атмосфералық қысымды өлшеу бақылау мерзіміне 2 минут қалғанда жүргізіледі;
4) термограф пен гигрограф бланкларына белгі ауа температурасы ылғалдылыққа өлшеу жүргізгенге дейін алыну керек. Бланканы ауыстыру уақыты минуттық дәлдікпен орындалу керек;
5) егер бақылау жүргізу кезінде қауіпті құбылыс байқалса, онда бақылауды тоқтатып, штормдық телеграмма құрастырып жіберу керек. Содан кейін станция бағдарламасына сәйкес бақылауды жалғастыру керек;
6) жел сипаттамаларын өлшеу үшін флюгер қолданылса, онда онымен бақылау психометрлік будкадағы аспаптардан бұрын жүргізілу керек; 7) бақылау нәтижелерін кітапшаға жазу және өңдеу бақылау кезінде немесе одан кейін жүргізіледі;
8) ауа райы туралы мәліметті мерзім аяқталғанға дейін (мерзімге дейінгі 10 минут аралығында) жіберуге болмайды.
Метеорологиялық бақылау жүргізудің арнайы типтік бағдарламасы:
1) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 20 минут (бақылау мерзімдеріне 40 минут қалғанда) жүргізілетін жұмыстар: метеорологиялық алаңды қарап шығу, аспаптармен қондырғыларды тексеру, аспаптарды бақылауға дайындау, М-63-М1 анеморумбометрді іске қосу;
2) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 40 минут (бақылау мерзіміне 20 минут қалғанда) топырақ температурасына жүргізілетін жұмыстар: топырақ бетіндегі термометрлері, Савиновтың иінді термометрлерімен суырмалы топырақтық тереңдік термометрлерімен өлшеу;
3) белдеулік декреттік уақыттың 8 сағатқа жақын мерзіміне 42минутында (бақылау мерзіміне 18 минут қалғанда) төселме беткейдің күйі; қар жамылғысына жүргізілетін жұмыстар: төселме беткейдің күйін көз мөлшерімен бағалау (топырақ не қар);
4) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 45 минут (бақылау мерзіміне 15 минут қалғанда): бұлттылыққа жүргізілетін жұмыстар: бұлттардың түрі мен мөлшерін анықтау;
5) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 46 минут (бақылау мерзіміне 14 минут қалғанда) метеорологиялық көріну қашықтығына жургізілетін жұмыстар: М-53(М-73) құралы бойынша өлшеу не метеорологиялық көріну қашықтығын объектілері бойынша көз мөлшерімен анықталады;
6) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 48 минут (бақылау мерзіміне 12 минут қалғанда) ауа температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашынға жүргізілетін жұмыстар: термограф, гигрограф, плювиограф, диаграммалық уақыттық белгі салу;
7) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 50 минут (бақылау мерзіміне 10 минут қалғанда) ауа температурасы мен ылғалдылығына жүргізілетін жұмыстар: психрометрлік будкадағы термометрлер және гигрометр бойынша көрсеткіштерді алу;
8) белдеулік декреттік уақыттың 8 және 20 сағатқа жақын мерзімінде 52 минуты (бақылау мерзіміне 8 минут қалғанда) жауын-шашынға жүргізілетін жұмыстар: жауын өлшеуіш ыдысын ауыстыру;
9) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 53 минут (бақылау мерзіміне 7 минут қалғанда) метеорологиялық алаңнан жұмыс бөлмесіне келу, бұлттардың төменгі шекарасының биіктігін өлшегіш құралды қосу;
10) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 54 минут (бақылау мерзіміне 6 минут қалғанда) бұлттылыққа жүргізілетін жұмыстар: бұлттардың төменгі шекарасының биіктігін өлшеу құралының көмегімен өлшеу жүргізу;
11) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 55 минут (бақылау мерзіміне 5 минут қалғанда) желге жүргізілетін жұмыстар анеморумбометр бойынша жел сипаттамаларын өлшеу;
12) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 57 минут (бақылау мерзіміне 3 минут қалғанда) жауын-шашын мөлшерін өлшеу. Термометрлер көрсеткіштеріне түзету енгізу және ылғалдылық сипаттамаларын анықтау;
13) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 58 минут (бақылау мерзіміне 2 минут қалғанда) атмосфералық қысымға жүргізілетін жұмыстар барометр бойынша көрсеткіш алу, барограф бойынша барометрлік тенденция сипаттамаларын анықтау, бақылау нәтижелерін өңдеу;
14) 23, 2, 5, 8, 11, 14, 17, 20 сағат 59 минут (бақылау мерзіміне 1 минут қалғанда) ауа райы күйінің сипаттамасына жүргізілетін жұмыстар: мерзімдік және мерзімаралық ауа райы күйінің сипаттамасын анықтау;
15) 00, 03, 06, 09, 12, 15, 18, 21 сағат 00 минутта жүргізілетін жұмыстар: синоптикалық телеграмма құрастыру және оны байланыс каналдары бойынша жөнелту[4].
2. Станциялардың физика-географиялық сипаттамалары
2.1 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу метеостанциясы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу метеорологиялық станциясы 1962 жылы метеорология кафедрасы құрылған жылдан бастап жұмыс жасай бастады. Станцияның орналасқан жері - университеттің басқа оқу корпустары сияқты бірнеше рет ауысты.
1988 жылдан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу метеостанциясы, Алматы қаласы орталығының оңтүстік-батыс бөлігінде, университет кешенінің аумағында орналасқан. Аталған аймақ оңтүстік, оңтүстік-шығыс бағытына қарай біркелкі биіктейді. Осы бағыттан Іле Алатауының үлкен тауларына ұласатын, қырлы-сайлы жота басталады. Жота шығыстан батысқа қарай созылған, оның максималды биіктігі 5 км-ге жуық. Таудың шыңы мәңгі қармен жабылған. Таудың беткейлері Тянь-Шань тауларымен қоршалған, көптеген жеміс бақтары бар. Рельеф қаланың солтүстігіне қарай төмендей келе, құмды аймаққа ауысады. [4]
Метеоалаң келесі географиялық координаталарды қамтиды: ені: 43°14', ұзындығы: 76°56'. Оның биіктігі теңіз деңгейінен 882,4 м орналасқан. Алаңның өлшемі 26x34 метр (2-сурет). Станция аумағында топырақ қара-саз аралас құрылымды. Алаңның солтүстік бөлігінде 40 метр қашықтықта трибуналы стадион бар. Батыс жаққа қарай спорткомплекс ғимараты орналасқан. Алаңнан 500 метр оңтүстік бағытта автомобиль жолы жатыр. Станциядан шығыс бағытта тұрғын үй кешендері мен админстративтік ғимараттар бар. (2-сурет)
Сурет 2 - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеоалаңының көрінісі
Анеморумбометр немесе флюгер орнатылатын баған жəне мұзөрнек станогі алаңның солтүстік бөлігінде, будкалар мен жауын өлшегіш, плювиограф пен М-53 аспабы - ортаңғы бөлігінде, гелиограф пен топырақ термометрлері - оңтүстік бөлігінде көрші аспаптармен көлеңкеленбейтіндей етіліп орналастырылады. Метеорологиялық алаңның төселме беткейін табиғи түрінде сақтау үшін метеорологиялық аспаптар мен қондырғыларға баратын арнайы жіңішке жолдар жасалады. Жолдардың ені 0,4 метрден аспауы тиіс. Ол жолдарды нығыздалған құммен немесе майда таспен жабуға болады, асфальтпен немесе бетонмен жабуға болмайды. Жер беті құмды немесе тасты болса арнайы жол жасаудың қажеті жоқ.[4]
Сурет 3 - Метеоалаңдағы құрал-жабдықтардың орналасу жоспары
Метеоалаңдағы аспаптардың орналасуы:
1) Теңіз деңгейіндегі станцияның биіктігін көрсеткіш
2) Түскі сызық
3) Анеморумбометр діңгегі
4) Бірінші жұмыстың психрометрлік будкасы
5) Екінші жұмыстың психрометрлік будкасы
6) Өздігінен жазуға арналған психрометрлік будка
7) Гелиограф тірегі
8) Плювиограф тірегі
9) Жауынөлшегіш Третьяков
10) Топырақ бетіндегі термометрге арналған алаң
11) Савиновтың иінді термометрлерін орнату жері
12) Градиенттік бақылауға арналған тірек
13) Актинометриялық бақылауға арналған тірек
14,15,16) Қарөлшегіш рейкалар
17) Гальвонометр будкасы
18) Campbell Scientific Corporation (США) өндірісінің автоматты метеостанциясы.
Сурет 4 - Метеорологиялық көріну қашықтығы схемасы
Метеорологиялық көріну қашықтығы схемасы:
1. Метеоалаң
2. Стадион (40 м)
3. Тұрғын үй (500 м)
4. Әкімшілік ғимарат кешені (150 м)
5. Теннистік корт (30 м)
6. Жатақхана (200 м)
7. Тамақтану комбинаты (200 м)
8. Спорткомплекс ғимараты (50 м)
9. Ректорат (600 м)
10. Автожол (500 м)
2.2 Алматы қаласының метеостанциясы
70-шi жылдардың басында Қазақстанның гидрометеорологиялық желісі қалыптаса бастады және зерттеу мақсаттары мен халық шаруашылығының практикалық сұраныстарына жауап берді. Метеорологиялық станциялар саны көбейіп 295 жетті, 240 метеостанцияда агрометеорологиялық бақылаулар, олардың 180 топырақ дымқылдығын аспапты бақылаулармен жүргізілді. Гидрологиялық бекеттердің жалпы саны 418 жетті, олардың 338 су ағынын, 146 тасындылар ағынын, 193 судың химиялық құрамын бақылады. Су бетiнен булануды өлшейтін 47 пункт жұмыс iстейдi. Iрi су жиналымдар тәртібін және ағынның құрылу ерекшеліктерін зерттеу мақсатында мамандандырылған обсерваториялар, кешенді станциялар ұйымдастырылуда. 70-шi жылдардың басында табиғи ортаның ластануын Жалпы мемлекеттік бағдарлау және бақылау жүйесі (ЖМББЖ) құрылды. Бұл кезеңде Қазақстанда табиғи ортаның ластануын бақылайтын 9 зертхана жұмыс істейтін. 22 тұрақты тармақта 5 ластаушы ингредиенттер бойынша ауа сынамалары алынатын. 67 тармақта ауа бассейнінің 12 ингредиенттермен ластануы анықталады. 231 тармақта 12 ингредиенттер бойынша жер беті суларының ластануы анықталады. [3]
Қазақ КСР гидромет қызметi Басқармасы 1979 жылдың 14 наурызында Гидрометеорология және табиғи ортаны бақылау Қазақстан Республикалық Басқармасы болып өзгерді. 1980 жылдың қазанында Алматы табиғи ортаны зерттеу және бақылау орталығы ұйымдастырылды. Бақылау жүйесі кеңейтіліп, деректердi өңдеудiң қазiргi әдiстерi ендiрілді.
1978 - 1998 жылдарда табиғи қоршаған ортаның Мемлекеттік мониторинг жүйесі және атмосфераның ластану көздерiн мемлекеттік бақылаулары ұйымдастырылды. Мәлiметтерді жедел қабылдау және тапсыру программалық кешені алынды, телекоммуникациялық жүйе кешенi, бақылау құралдары, гидрометеорологиялық мәліметтерді өңдеу жаңартылды. Ресейдiң Гидрометорталығынан ауа райының сандық карталары, сонымен бiрге Вашингтон және Рединг дүниежүзілік метеорология орталықтарынан бариялық топографияның болжам карталары қабылдана бастады. ГИС-Метео геоақпараттық жүйесi ендiрілді. [4]
1993 жылдың 13 сәуiрiнде Қазақстан Бүкіл әлемдік Метеорологиялық Ұйымға мүше болып, Қазгидромет бас директоры Қазақстан Республикасының БМҰ тұрақты өкілі болды. [3]
Гидромет қызмет 1995 жылдан 1999 жыл аралығында бірнеше рет жаңартылып, мемлекеттiк органдар жүйесiнде мәртебесi өзгердi. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 2 наурызындағы №185 қаулысымен республикалық гидромет қызмет Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын Қазгидромет болып қайта құрылды. [4]
Қазгидромет қазiргі таңда гидрометеорологиялық қызмет көрсетудi жақсартуға, қоршаған ортаға мониторинг жүйесін дамытуға, телебайланыс құралдарын және мәліметтерді өңдеуді жаңғыртуға, бақылау желінің қәзіргі техникалық жабдықтарын дамытуға, сонымен қатар жаңа бақылау пунктерін ашуға үлкен ықылас қоюда. Қазгидромет халықаралық бағдарламалар және жобалардың орындалуына белсене қатысуды. [4]
Қазақстан Республикасы ұлттық гидрометеорологиялық қызмет әлемнiң өте дамыған гидрометеорологиялық қызметтерi деңгейiне сәйкес келуi керек
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2008 жылдың 15 наурызындағы №65 ұйғарымын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтi (ҰГМҚ) жаңғырту шаралар жиынтығы жасалған. ҰГМҚ қазіргі күйінің дамуын талдау негiзделген. [3]
Сурет 5 - Алматы метеостанциясының көрінісі
2.3 Үлкен Алматы көлі метеостанциясы
Үлкен Алматы көлі метеостанциясы (ҮАК МС) 1915 жылы ашылды. Ол 1916 жылдың 1 қаңтарынан 1925 жылдың 14 шілдесіне дейінгі аралықта қадағаланбады. 1925 жылдан бастап көңіл бөлінді. Желді М-63-М1 құралы бойынша бақылайды, ол 1980 жылы құрылған, М-63-М1 құралы орналастырылған биіктік 8,8 метр, ал Флюгер бойынша 9,9 метр биіктікте орналастырылған. Третьяков жауын-шашын өлшегіші 2 метр жоғарыда орналасқан. Ол 2007 жылдан бастап құрылды және автоматты метеорологиялық станцияда тәжірибелі режимде жұмыс істеп тұр. Метеостанция Үлкен Алматы көлі Қазақстанның Іле-Күнгей-Алатау таулы ауданында, Алматы қаласынан оңтүстікке 20 километр Іле-Алатауының жота сызығымен жоғары 7-8 километр солтүстікте орналасқан (6-сурет).
Ауданы жіңішке үлкен емес, таулы шұңқырлы, үлкен таулармен қоршалған және Үлкен Алматы өзенінің солтүстік бойымен, солтүстік-солтүстік-шығыстан оңтүстік-оңтүсік-батысқа қарай шығып кетеді. Өзен ағып өтетін таулы шатқалда солтүстіктен оңтүстікке ағып өтетін ұзын көлді Сүлекті өсімдік - тау баурайындағы шыршалы орман. Метеостанциясының ауданында өсімдіктердің түрлері - альпі жуасынан бастап таулы-жуалы әртүрлі өсімдіктер кездеседі. Топырақтың үлгісі - тасты - қатпарлы, топырақтың тілігі 0-15 сантиметр, 15-30 сантиметр құм, 30-50 сантиметр галька, 50 сантиметр тұрғылықты тұқымдар. Топырақ суының тереңдігі 10-15 сантиметр.Өзен ағып өтетін таулы шатқалда солтүстіктен оңтүстікке ағып өтетін ұзын көл. Көлдің ауданы 1 километрден үлкен, тереңдігі 40 метр. Балдыр және балық жоқ.
Сурет 6 - Үлкен Алматы Көлі метеостанциясының көрінісі
Батыс беткейден өзенге жағалауындан шыршалы орман, оңтүстігіндегі тауда тасты тасқорымдар болып келеді. Батыстан өзенге қарай Серке - Бұлақ жылғасы құлап ағады. Көлден шыға берісінде өзен екі сарқырамаға бөлінеді, бірі көлге жақын, екіншісі ағыс бойымен 15 километр төменде. Көлден батысқа қарай, 3 километр, теңіз деңгейінен 3584 метр биіктікте Алматы шоқысы орналасқан. Іле-Алатауы шоқысы бойымен 5-8 километр оңтүстік-батысқа, оңтүстік және оңтүстік-шығыста, жеке шыңдары 4000 метрге жетеді. Осы бағытта тау аралықтарында көптеген өзеншелер мен жылғаларды қоректендіретін шатқалдар және мұзды, қарлы жондар орналасқан.
Метеостанция стандартты: 20 х 20 метр. Метеостанция шағын ғана күншығыс баурайда, батыстан шығысқа қарай қисықтау, 15-20 метр теңіз деңгейінен биікте орналақан. Метеостанциядан 50 метр қашықтықта оңтүстік және оңтүстік-батыста ұзындығы 15 метрге жететін шыршалар бар. Метеостанция беті альпі жуасы тектес тығыз шөптермен жабылған.[5]
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz