Абиотикалық факторлар және олардың тірі организмдерге әсері
Жоспар
Кіріспе
1.Негізгі бөлім.
1.1 Абиотикалық факторлар және олардың тірі организмдерге әсері
1.2 Экологиялық факторлардың түрлері және олардың тірі организмдерге әсер етуінің шегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Экологиялық фактор - кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.
Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотикалық, биотикалық, антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық фактордың қайсысы болмасын табиғатта тұрақты емес. Барлық экологиялық фактор екі санатқа: популяция тығыздығына тәуелсіз және популяция тығыздығына тәуелді болып бөлінеді.
1.Әсер ету нәтижесінде жойылатын дарабастар пайызы олардың санына немесе тығыздығына байланысты емес
2.Факторлар әсерінен жойылып кеткен түрлердің пайызы олардың тығыздығы өскен сайын пропорционал мөлшерде артады.
Бірінші санат факторларына негізінен климаттық, ал екіншісіне - биотикалық факторлар жатады. Топтастырудың тағы бір жолы бойынша экологиялық факторлар энергетикалық және сигналдық болып бөлінеді. Мысалы, энергетикалық топқа температура, бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, т.б. жатады. Бұл топ организмдерге тікелей әсер етіп, олардың энергетикалық күйін өзгертеді[1].

Абиотикалық факторлар (грекше `a' -- теріс және bіotіkos -- тірішілік, өмір) -- бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.
Сурет - 1. Табиғаттағы абиотикалық факторлар
Ол физикалық абиотикалық фактор (температура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), химиялық абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), климаттық абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, химиялық құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, XX ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.
Абиоталық факторды химиялық абиоталық фактор (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физикалық абиоталық фактор (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биотикалық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды.
Абиотикалық факторлар қоршаған ортаның ауа райы, топырағы және суына байланысты ерекшеленеді. Бұл факторлар түрлердің таралуына барынша әсер етеді, яғни олар түрдің таралу аймағын анықтайды, ол дегеніміз организмнің сол түрінің немесе басқасының географиялық белдемін (таралу) ортасын нақтылай түседі[2].
Тірі организмдерге абиотикалық факторлардың әсер етуінің белгілі бір шегі болады, ол күнделікті қалыпты жағдай есебінде жүреді. Кейбір организмдерде ортаның өзгеруі үлкен ауқымды қамтиды. Осындай ортаның өзгеруіне төзе алатын оганизмдерді эвриобиотты (грек сөзі eurys -- ауқымды) организмдер деп атайды. Кейбір организмдер абиотикалық факторлардың әсері шағын аумақта ғана байқалады. Оларды стенобионтты (грек сөзі stenos -- шағын) организмдер дейді. Эвробионтты және стенобионтты организмдер өсімдіктер арасында да және жануарлар арасында да кездеседі.
Физикалық факторлар -- абиотикалық фактордың едеуір бөлігін құрайды. Температура ең маңызды факторлардың бірі, себебі ол тіршілік үшін шектеуші фактор болып саналады. Организмдердің белгілі бір температурада немесе басқаша температурада тіршілік етуіне байланысты бірнеше жылылық белдеулерге, яғни тропикалық, субтропикалық, қоңыржай және суық белдеулерге бөледі. Температураның жоғарғы және төменгі шегі организмдер үшін белгілі. Организмнің тіршілігі үшін қолайлы температураны қолайлы (оптимальды) деп атайды. Көптеген организмдер температураның 0°-тан t 50°C дейінгі аралықта тіршілік ете алады.
Организмдердің әртүрлі температурада тіршілік етуіне байланысты эвритермді организмдер температураның көп ауытқуына қарамастан тіршілік ете береді, стенотермді организмдер, тек белгілі бір температураның аз ғана өзгеруіне төзе алады. Эвритермді организмдер көбіне, континентальды ауарайы жағдайында тіршілік етеді. Олардың мысалына көптеген жануарлардың түрлері жатады, тұщы суда тіршілік ететін организмдер қысты күні судың қатып қалған жағдайында және оның t 40-45 °С дейін ыстық күйде болса да тіршілік ете алады. Эвритермді организмдер өте қатаң температуралық жағдайда тіршілік етеді. Мысалы, көптеген қос қанаттылардың дернәсілдері t 50°C суда тіршілік ете береді. Ыстық бұлақтарда (гейзерлерде) t 85 °С температурада көптеген бактериялардың, балдырлардың, гельминттердің түрлері тіршілік етеді. Бір жағынан, арктиканың бактериялары мен балдырларының түрлері өте салқын теңіз суында тіршілік етеді. Көптеген эвритермді организмдер орта температурасы қатаң болған жағдайда, тіршілік ету жағдайын өзгертіп, ұйқыға кетеді. Бұндай жағдайлар да олардың зат алмасу деңгейі күрт төмендейді. Оның мысалына, жәндіктер мен балықтардың температура төмендеген кезде уақытша ұйқыға кетуін айтуға болады. Сүтқоректілерде (аю, борсық және т.б.) осындай қолайсыз жағдайда қысқы ұйқыға кетеді, бұл кезде оларда зат алмасуы күрт төмендейді, бірақ дене температурасы көп төмен түсе қоймайды.
Уақытша ұйқыдан анабиозды (шалажансар) (грек сөзі ana -- қайта, bios -- тіршілік, anabiosis -- шалажансар) ажырата білу керек, ол организм әртүрлі жағдайға байланысты, бірден оларда зат алмасуы баяулап, тіршіліктің сыртқы белгілері болмауы мүмкін. Мысалы, өсімдіктің кептірілген тұқымы көп жылдар өтседе қайтадан өне береді. Цистаға айналған инфузория 6 жыл ішінде тіршілігін жоймайды, ал Diaptomus sanguires жұмыртқасы 300 жылдан артық уақыт тіршілік етуге қабілетті келеді.
Стенотермді организмдер жануарлар мен өсімдіктер араларында да кездесе береді. Мысалы, көптеген теңіз жануарлары температураның 30°С дейін жоғарылаған аралығында тіршілік ете береді. Кейбір маржан полиптері судың температурасы 21°С асса тіршілік ете алмайды.
Жануарлардың көптеген түрлері өз дене температурасын тұрақты ұстауға немесе ұстай алмауға қабілетті. Осы белгісі бойынша, оларды пойкилотермді (грек сөзі poikiloi -- әртүрлі, өзгермелі және therme -- ыстық) және гомойотермді (грек сөзі homoios -- тең және therme -- ыстық) деп бөледі. Біріншісінің дене температурасы тұрақсыз, екіншісінде -- тұрақты. Гомойтермділерге сүтқоректілер және кейбір құстар жатады. Олар өз дене температурасын реттей алады, ол физикалық және химиялық жолдармен реттеледі. Физикалық температураның реттелуі тері астындағы май қабаттары арқылы жылуды сақтайды немесе жиі тыныс алу арқылы сақталуы мүмкін. Дене температурасын химиялық жолмен сақтау кезінде денеден тер шығару арқылы реттеледі. Пойклотермділерге -- кейбір сүтқоректілер мен құстардың түрлерінен басқа организмдердің бәрі жатады. Олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасымен деңгейлес болады. Кейбіреулері ғана дене температурасын белгілі бір ортада ғана реттей алады. Мысалы, осындай қабілеті бар балықтарға тунецтер жатады. Пойклотермді организмдерде дене температурасы белсенді болып, зат алмасу қарқындылығы артқан кезде жоғары көтеріледі. Гомойтермді жануарлар суықтан сақтана (миграция, үйқы және т.б.) алады.
Жарық -- абиотикалық факторлардың бірі, әсірессе, фото синтезге қатысатын өсімдіктер үшін ең қажетті фактор болып саналады. Фотосинтездің деңгейі күн сәулесінің радиациясына, жарықтың сапасына, жарықтың таралу уақытына байланысты. Бірақ басқа организмдер үшін температурамен салыстырғанда оның әсері шамалы, себебі бактерияның және саңырауқұлақтардың көп түрлері тасқараңғыда ұзақ уақыт бойы көбейе береді. Өсімдіктерді жарық сүйгіш, жылу сүйгіш және ыстыққа шыдамды деп бөледі. Көптеген зоопланктонды жануарлар үшін жарық жоғары-төмен қозғалуының көрсеткіші болып саналады. Олар күндізгі жарық кезінде су түбінде болады, түнде жылы, қорегі мол судың бетіне қалқып шығады. Көзі бар жануарлар үшін жарық барда қорегін аулау өте тиімді.
Көптеген жануарлардың түрлеріне жарықтың күндізгі ұзақтығы олардың жыныстық әрекеттеріне әсер етіп, күннің жарығы ұзақ кездерде (фото кезең) белсенділігі артады, ал қысқарған кездерде (күз немесе қыста) белсенділігі төмендейді. Құстарда фото кезең жұмыртқа клеткасының дамуына әсер етеді. Күн жарығының азаюы құстардың миграциясына септігін тигізеді.
Жарық түсуінің өзгеруі фотопериодизм (гре сөзі photos -- жарық, periodos -- айналымы) деп аталады, яғни жарық уақыты өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жылдық даму кезеңі үшін басты рөл атқарады. Мысалы, бидай, сұлы, арпа және басқа дақылдар солтүстікте жарық ұзақ түскен кезде гүлдейді, жүгері, мақта оңтүстікте жарық қысқа түскен күндерде гүлдейді.
Химиялық факторлардың маңызы физикалық факторлардан кем емес. Мысалы, атмосфералық ауаның газдық және сулы ортаның қүрамының маңызы зор. Көптеген организмдер үшін оттек қажет болса, кейбір организмдер үшін азот, метан және күкіртті сутегі қажет.
Сулы ортада тіршілік ететін организмдерге судағы газдың құрамы өте қажет. Мысалы, Қара теңізде көмірсутек өте көп, сондықтан ол көптеген организмдер үшін өте қолайсыз. Атмосфералық ауадағы газдың құрамы түрақты болғандықтан құрлық омыртқалылары олардың өзгеруін сезбейді. Сулы ортаның тұздылығы да өте маңызды. Мысалы, суда тіршілік ететін жануарлардың көпшілігі тұзды суда (теңіз мен мұхиттарда), кейбір түрлері -- тұщы суда, аздаған түрлері -- тұздылау суда кездеседі. Ішкі ортаның тұздың құрамын бірқалыпты сақтау қабілеті су жануарларының таралуына әсер етеді.
Тірі организмдер үшін рН өзгеруі, әсіресе, өсімдіктер үшін өте маңызды. Бір өсімдіктер қышқылды ортада тіршілік етсе, екіншілері -- сілтілі ортада, ал сутегі ионның қоюлануы оларға өте қауіпті. Егер ортада рН мөлшері 0 болса, ол жерде тіршілік тіпті, болмауы мүмкін. Ондай рН ортада тек кейбір микроскопиялық саңырауқұлақтар мен балдырлар ғана өседі.
Механикалық факторлар тіршілігі жоқ бос жер телімдері үшін пайдалы болады, кейінірек ол жерлерге тіршілік таралса, жаңадан қоныстанушылар құрамы бұрынғылардан бөлек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz