Әртүрлі жас кезеңдеріндегі қарым-қатынастың ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Әртүрлі жас кезеңдеріндегі қарым-қатынастың ерекшеліктері .

Орындаған :

Алматы
2017

Әртүрлі жас кезеңдеріндегі қарым-қатынастың ерекшеліктері .

ХХ ғасырдың ортасында дүниенің әр түпкірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер шамаман бір уақытта пайда болып, тарала бастады.
Мұндай зерттеулер ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты еңбектер ерекше орын алады.
Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы.
Г.М.Андреева қарым-қатынастың бір-бірімен өзара байланысты 3 жағынан қарастырады: коммуникативтілік, интерактивтілік және перцептивтілік. Коммуникативті жағы мәлімет беру-алмасу мәселесімен анықталады; интерактивті жақтың мәні қарым-қатынас жасаушы жұптастардың өзара әрекеттестігінде болады, ал перцептивті компонент-адамдардың бірін бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері. Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты ғана екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның 3 жағы да көрінетіндігін дәлелдейді.
Қарым-қатынас психологиясының негізі келіссөздер мен сұхбаттарды тиімді жүргізудің сәттерін айқындау мүмкіндігі және оны практикада қолдану, сұхбат жүргізгенде психологиялық тұрғыдан сауатты болу, тиімді қарым-қатынас туралы білімдер жүйесін қалыптастыру болыа табылады. Сұхбат жүргізу мәселесі қазірде қарым-қатынас психологиясын оқытудағы көкейкесті мәселе болып отыр. Соңғы жылдары қарым-қатынас психологиясы көптеген ғылымдардың пәні болып отыр. Онымен философтар да, социологтар да, экономистер де, заңгерлер де, педагогтар да айналысады. Қарым-қатынас психологиясы қарым-қатынаста адамға жаңа импульс, қуаныш, рахаттану береді және адамды кәсіптік қызметте жаңа биіктерге, деңгейлерге көтереді. Қарым-қатынас - адамдар арасындағы қалыптасуындағы және дамуындағы күрделі, көп деңгейлі процесс. Нәтижесінде адамдар бір-бірінен ақпараттар алмасады, қабылдайды. Адамдармен қарым-қатынас - бұл ғылым және өнер. Мұнда білім де, табиғи мүмкіндіктер де өте маңызды. Әртүрлі адамдар мен жануарлардың өмір сүруін қарастыра отырып, біз оның екі жағын байқаймыз: табиғатпен байланыс және тірі денелермен байланыс. Бірінші түрін қызметтің түрі деп қарастырдық. Ал, байланыстың екінші түрін организдердің организмдермен ақпарат алмасатын байланысы, өзара әрекеті деп сипаттайды. Бұл түрді қарым-қатынас деп атайды. Қарым-қатынас барлық тірі организмдерге тән, бірақ адам деңгейіндегі ол ең жоғары кемелденген түрге ие болады. Қарым-қатынаста келесі аспектілер бөлінеді: мазмұн, мақсат және амал-тәсіл. Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқа адамдармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс. Адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Топтар үлкен, шағын, ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды табиғи, референттік болып бірнеше түрге бөлінеді. Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетіне қарай қатынасқа түседі, оны ңбір мүшесі екіншісін жақын тұтады, бір-бірімен жиі араласып жүреді, байланыстары тұрақты сипат алады. Осындай шағын топтар формалы (ресми), формасыз (бейресми) болып бөлінеді. Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сай әр түрлі сипаттағы іскерлікқатынастар ойнайды. Ондай қатынастардардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді. Формалы топтардды (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық әуен, яғни бір- бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін. Бұл жайт мондағы іскерлік қатынасқа қолайсыз әсер етеді, оның табысты болуына залалын тигізеді. Формасыз (бей ресми) топ - бұл ұнату, ортақ көзқарас сияқты психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ ресми құжаттарды, тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу, дос-жарандық қатынаста болу. Әртүрлі деңгейегі топтардың ішінде референттік топтың мәні ерекше. Бұл - әр адамның жекелеген топтардың (кісі шамамен 10-нан астам топқа қатарынан енуі мүмкін) ішінен біреуіне ғана ерекше тәнті болып, соны ғана қастерлеп, қадір тұтып, жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адам ондағы талап-тілектерді, белгілі принциптерді қолдап ғана қоймай, оны қызғыштай қорғайды, тіпті соның жолында жанын пида етуге дейін барады. Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі - ұжым (коллектив) деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің бір-бірімен ұштасып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратындай халге жетуі, топты ңпсихологиялық ахуалының орнауы, онда ырың-жырыңның орын алмауы, дамудың биік деңгейіне көтерілу - ұжымның басты белгісі. Кез келген топтың көп жағдайда ұжжым деңгейіне көтеріле алмайтыны да көбінесе осындай топта келеңсіз жағдайларды ңорын тебуінен туындайды. Әр адам топта қандай болмасын топта белгілі бір рөл атқарады. Бірақ оның бұл рөлі тұрақты болмайды. Топтағы аддамдарды танып-білу, басқару мәселесі психологиялық үйлесім ұғымымен де тығыз байланысты. Бұл ұжымддағы ортақ ісің табысты болуына ондағылардың өз қызметінен рахат, ләззат алуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай. Топтағыларды ңбір-бірімен үйлесімділігі жасрасса, яғни бірінің қылығы екіншісіне ұнайтын болса, олар бір-бірінің мінез-құлқын, қарым-қатынасын жатырқамай дұрыс қабылдаса - онда психологиялық үйлесімнің болғаны. Ал, мұндай ахуал жоқ жерде, біреудің мінезін екіншісі ұнатпайтын жағдайда, тіпті ақылға сыйымды нәрсенің өзі де қолдау таппайды, біреуі екіншісін түсінбейді.
Қарым-қатынас адамның қоғамның мүшесі ретіндегі басқа адамдармен өзара қатынасының айрықша түрі; қарым-қатынаста адамның әлеуметтік қатынастары жүзеге асады.
Қарым-қатынастың өзара байланысқан үш қыры бар екендігін жоғарыда айтып кеттік. Қарым-қатынастың коммуникативті қыры адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасу үрдісінде анықталады; қарым-қатынастың интерактивті жағы адамдардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыруда көрінеді, мысалы, серігінің көңіл-күйіне, мінез-құлқына, сенімдеріне әсер ету керек болса немесе әрекетшілерді тиімді түрде үлестіріп, қызметтерін бөліп алу қажет болған жағдайда: ал перцептивті жағы қарым - қатынастағы екі адамдардың бір-бірін қабылдап, осының негізінде өзара түсінісуінде. Қарым-қатынастың құралдары:
1. Тіл-сөздердің, анықтамалардың жүйесі және оқуды қарым-қатынаста қолданылатын мағыналы сөз тіркестеріне (пікірлеріне) біріктіру.
2. Бір ғана фразаның әр мағынасын беретін интонация (дауыс ырғағы), эмоциялы айқындылық.
3. Қарым-қатынастағы адамның отырысы, бет әлпетінің көрінісі, көзқарасы, сөз төркінің мәнін күшейте, толықтыра, әрі жоққа шығара алады.
4. Ым-ишара (жест) қарым-қатнастың құралы ретінде жалпыға бірдей болуы мүмкін- яғни әрқайсысы өзіне тән мағынамен сипатталады.
Қарым-қатынастағы адамдардың бір-бірінен алшақтығы--олардың мәдени, ұлттық дәстүрлеріне, бір-біріне деген сенімінің дәрежесіне байланысты.
Қарым-қатынастың түрлерін төмендегіше жіктеуге болады:
1. "Бет-перделердің байланысуы "-- әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктерін түсініп, ескеру ұмтылысы болмайтын формальды қарым-қатынас. Үйреншікті бет-перделер қолданылады, әңгімелесушіге қатысты шынайы эмоцияларды жасыратын біртекті сөздердің, ым-ишаралардың жиынтығы.
2. Басқа адамды қажет немесе кедергі келтіруші объекті ретінде бағалайтын дөрекі қарым-қатынас; егер объект қажет болса, белсенді түрде онымен қарым-қатынасқа түскісі келеді, ал егер де кедергі келтіретін болса, шеттетіп немесе дөрекі сөздерді қолдана отырып ызаланады.
3. Формальды рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің жеке тұлғасына емес оның әлеуметтік рөліне көңіл аударылады.
4. Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан маңызы басым.
5. Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еліміздегі мектеп психологиялық қызметінің дамуы
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МОТИВАЦИЯСЫНА ЖОБА ӘДІСІНІҢ ӘСЕРІ
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Ауру мүгедек балаларды саралап оқыту
Эмпатия деңгейін диагностикалау әдістемесі
Ұжымдық тәрбиенің обьектісі мен субьектісі
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі жайлы ақпарат
Түр. популяциялар құрылымы, динамикасы
Пәндер