Вирустықгепатиттер


Жоспары:
Кіріспе
- Аурудың белгілері
1. 1) А вирусты гепатит
1. 2) Е вирусты гепатит
1. 3) В вирусты гепатит
1. 4) Д және С вирусты гепатит
- Гепатит ауруының даму процесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Гепатит (сары ауру) - бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Оны кей жерде "қызба" деп атағанымен, гепатит көбіне температураны көтермейді Бұл ауру жас балаларда жеңіл формасында өтеді, ал қарт адамдар мен екі қабат әйелдерде өте ауыр болады. Науқас әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты әлсірейді [1] .
Вирустықгепатиттер- бұл бақытсыз отбасы іспетті, құрамында кем дегенде бес мүше, вирустықгепатит (А, В, Е, С, D) бар. Олардыңәр біреуінде симптоматика мен салдар, бір-бірінен өзгеше. Олар бес түрлі аурудыңалғышарты болып табылады [2] .
- Аурудың белгілері
- Жоғары температура
- Әлсіздік
- Шаршаңдық
- Құсу
Баланың тері түсі сарғайса, онда жұқтыру қасиеті жойылады да бірнеше аптадан кейін А гепатитпен мәңгілікке қоштасады. Дәрігерлердің пікірінше, гепатиттің мұндай түріне шалдыққан бала, ауруханаға қарағанда, үйде емделгені абзал. Өйткені, үйде күтім детамақта жақсы болады.
- А вирустық гепатит
Көне замандағы ойшылдар: «Жуылмаған қолды шауып тастау жөн» деп, - тектен-тек айтқан жоқ. А вирустық гепатитті фекалды-оральді яғни жуылмаған қолдар ауруы деп атайды. А вирустықгепатит еңкөп тараған жұқпалардыңбірі. А вирустықгепатитімен еңәуелі, мектепке дейін жастағы балалар ауырады. Қол жумай жемістерді, нан мен майды жеу, ойыншықпен ойнап, саусағын ауызғу салу салдарынан жұқпаға душар болады. Бірақ, бірнеше жыл бұрын, - Чехияда, жоғары сынып оқушылары, қаттырған құлпынайы мен кілегейі бар балмұздақты жеп, эпидемия тіркелген болатын. аталған кілегейдіңорнында өзі емес, мұздалған А гепатиті болып шықты. Ал, А гепатиттіңвирустары өте өміршең [2] . Солтүстік үйегінде де жансүгір. Ресейлік ғалым, вирусолог И. В. А гепатиті, ең«миірімді», өйткені оныңсалдарынан ауру асқынған созылмалы түрге айналмайды.
А вирустық гепатитті алдын алу
Қымбатты аналар, қай заман болса да, А вирустықгепатитті алдын алудыңеңоңтайлы түрі- «хош иісті сабын мен биязы сүлгі» екені ұмытпағайсыздар. Балаларыңыз тамақтанудыңалдында қолын сабынмен жуып отыруын қадағалаңыз. Сондай-ақкөкөніс пен жемісті мұқият жуылып, желінсін. Балаңыз балабақшада біреудіңтүбегіне отырмауы жөнінде нұсқап, ақыл айтыңыз. Отбасыңызда біреу гепатитпен ауырып қалса, киімдерді, ойыншықтарды, ыдыс-аяқты хлораминмен өңдеп, жуыңыз. Естияр адамдар А гепатитімен әлдеқайда сирек ауырады. Бірақ, олар да ауруы мүмкін. Ресейлік ғалым, вирусолог М. С. Балаян А гепатиті вирусына қарсы жоғары сапалы вакцинаны ойлап тапты. Өкінішке орай, аталмыш вакцина қыруар көлемде әлі де шығарылмайды. Мұндай вакцина әсіресе әскерилерге, жұмыс жасайтын қызметшілерге ауадай қажет. Мысалы, канализация желісін жөндеу үстінде вирусты жұғатын зор қауіп бар емес пе?!
- Е вирустық гепатит
Е вирустықгепатит жұғу тәсілі бойынша А вирустықгепатитке жақын. Ал, Е вирустықгепатит, бөлек бір ауру екенін, 80-жылдары- М. С. Балаян дәлелдеді. Ол нағыз ғалымға сай, сол кезде әлі анықталмаған гепатит түрмен өзін-өзі жұқтырды. Бұл нақты, А вирустықгепатиті емес екені, айдан анық болатын. Өйткені зерттеушінің, аталған гепатитке қарсы иммунитет өндірілді. Дәрігерлер, әріптестіңхалін бақылай отыра, тұңғыш рет аурудыңсипаттамасын жазды.
Статистикалық мәлімет бойынша Е вирустық гепатитке шалдыққандардың көбі ер адамдар. Е вирустық гепатит жүкті әйелдер үшін өте кауіпті.
Е вирустық гепатитті алдын алу
Орта Азия мен Қазақстанда Е вирустықгепатитті алдын алу үшін, тек қайнаған суды ішу қажет. Өйткені ыстықсудағы Е өліп, жойылады. Эпидемия немесе Е вирустықгепатиті тіркелген жерінен аулақжүргеніңіз жөн. Егер симптомдар байқалса, дереу дәрігерге қаралу қажет. Ауруханаға жатудан бас тартпаңыз. Е үшін Оңтүстік-шығыс Азия (Үндістан, Бирма, Қытай), Африка, ОрталықАмерика еңқолайлы мекен [2] .
- В вирустық гепатит
ХХІ ғ. В ЖТҚА індетінен де кем болмауы мүмкін. Тек ЖТҚА індеті сирек, ал, В вирустықгепатит кеңтаралған. Аталған індетпен 20-40 аралығындағы жастылар жиі ауырады. Әдетте, В вирустықгепатит тіс дәрігердіңнемесе гинекологтіңсәтсіз емінен, сондай-ақзарарсызданбаған «шприцтік гепатиттен» пайда болады. Жұқтырудыңөзге жағдайлар: шаштаразда, сән салонында және басқа да тұрмыстыққатынас арқылы. Сонымен қатар, В мен гомосексуалистер арасындакеңтаралған.
В вирустық гепатитті алдын алу
В вирустық гепатитті алдын алу үшін біреудіңтіс щеткасын, , ұстарасын пайдаланбаңыздар! Және мүшеқапты ! Аяулы ханымдар, жүктілікті жоспарлаудың алдында, өз денсаулығыңызды тексеріп, сауығыңыз! Қымбатты жасөспірімдер, татуировкаларды, сырға және т. б. жасатқыңыз келсе, онда репутациясы мінсіз барыңыз. Құрметті халайық, спирт, вирустарды жойып, өлтірмейді, сондықтан да тұрмыстыққұралдарды, медициналыққұрал-сайманды мұнымен сүртпеңіз. В вирустықгепатитті алдын алудыңеңсенімді кепілі- вакцинация!!!
- D және С вирустық гепатит
D вирустықгепатит «кейде» В вирустықгепатитпен «қосарлап жүреді». Бұл екі вирус бір-бірін қостап тұрады. В вирустықгепатитпен күресіп, D вирустықгепатитпен мәңгілікке қоштасуға болады. Қос вирусты алдын алу әдісі ұқсас.
D вирустық гепатитті алдын алу
D вирустықгепатитті алдын алуын оқымас бұрын, әуелі В вирустықгепатитті алдын алуын оқыңыз. Содан соң, екеуініңәдістері бір екенін түсінесіз.
С вирустық гепатит
«Миірімді жендет» деп С вирустықгепатитті осылайша атайды. КлиникалықС вирустықгепатит жеңіл өтеді. 100 адамнан-1 ғана өлім. Бірақ, бауырдыңасқынған, созылмалы ауруына жиі әкеп соқтырады. Ауру, - сары ауруыныңайқын белгілерімен өтуі мүмкін. Дерттіңеңнегізгі симптомы- шаршаңдық. Ауру көлемінің50% жуыққан құйылуынан жұғады [2] .
- Гепатит ауруының даму процесі
А және Е гепатиттерінің қоздырғыштары адамның ағзасына асқазан-ішек жолдары арқылы енеді және қанмен бауырға өтеді, оның жасушаларына еніп, сол жерде көбейеді. Сол сәтте оларды вирустар жояды. Тез арада иммунитет күшейеді, вирус зарарсыз етіледі, зақымдалған жасушалар мен вирус бөлшектері ағзадан алып тасталады. А гепатитінен соң, өмір бойы оның қоздырғышына деген қабылдамаушылық дамиды. Е гепатитімен ауырған соң, иммунитет тұрақсыз болады, ауру қайта жұқтырылуы мүмкін.
Белгілері. Вирустық гепатиттер ауру көріністерінің айқындылық дәрежесіне қарай келесі түрлерге бөліп қарастырылады: сарғаю, сарғаймау, өшірілген, белгілерсіз. Сарғаю түрін үш кезеңге бөледі: сарғаю алды, сарғаю және айығу кезеңі.
А гепатиті. Инкубациялық кезең (яғни ағзаға вирус түскен сәттен бастап, клиникалық белгілер пайда болғанға дейін) орта есеппен 15-30 күнді құрайды.
Сарғаю алды кезеңі, әдетте, 5-7 күнге созылады. Ауру жіті басталады. Дене қызуы 38-39оС дейін көтеріледі де, 1-3 күн сақталып тұрады. Тұмауға ұқсас белгілер пайда болады - бас ауруы, айқын көрініс беретін жалпы әлсіздік, дімкәстік, бұлшықеттердің ауруы, қалтырау, ұйқышылдық, түнгі уақыттағы ұйқының бұзылуы. Осы фонда диспепсиялық бұзылулар пайда болады - тәбеттің төмендеуі, ауызда ащы дәмді сезу, жүрек айну, кейде құсу, оң жақ қабырға астының және қарынүстінің ауырсынуы және қолайсыздықтың сезілуі, темекі шегушіліктен жирену. 2-4 күн өткен соң, несеп түсінің өзгеруі байқалады. Ол сыра не қою шай түсіне ұқсап кетеді. Одан кейін нәжіс түссіз болып кетеді. Аурудың сарғаю кезеңі басталғанын білдіретін белгі ретінде аққабықтың сарғаюы байқалады. Сарғаю кезеңі 7-15 күн созылады. Ең алдымен, ауыздың сілемейлі қабықшасы (тіл жүгеншігі, қатты таңдай) және аққабық, одан кейін тері сарғая бастайды. Сарғаю пайда болған соң, сарғаю алды кезеңіндегі белгілер бәсеңдей бастайды, ал көптеген науқастарда мүлдем жоқ болып кетеді, бұл ретте, ең ұзақ сақталатыны әлсіздік пен тәбеттің төмендеуі.
А гепатиті, әдетте, сәтті (асқыну және шектік жағдайларсыз) аяқталады. Толық клиникалық айығу, көп жағдайда (90%), ауру басталғаннан кейін, 3-4 апта ішінде басталады. Науқастардың 10%-да айығу кезеңі 3-4 айға дейін созылып кетеді, бірақ созылмалы гепатит дамымайды.
Е гепатиті. Ауру А гепатитіне ұқсас жүреді. Жүкті әйелдерде ауыр болады, 10-20%-да ауру өліммен аяқталады.
Ауруды тану. Әлсіздік, дімкәстік, тез шаршағыштық, тәбеттің болмауы, жүрек айну пайда болған кезде дәрігерге қаралу қажет. Ауызда ащы дәмнің сезілуі, оң жақ қабырға астының ауырлап кетуі, несептің қараюы бауырдың зақымдалғанына меңзейді және тез арада медициналық жәрдемге [2] жүгінуді талап етеді. Сарғаю, ең алдымен, ауыздың сілемейлі қабықшасы (тіл жүгеншігі, қатты таңдай) және аққабықта, одан кейін теріде байқалады. Вирустық гепатиттерді тану ауру көріністері және эпидемиологиялық мәліметтерге, сондай-ақ арнайы зертханалық зерттеулерге (қан сарысуында А, С, D, Е гепатиттерінің вирусына қарсы антиденелердің, вирус антигендері, В гепатитінің антигендері және соларға сәйкес антиденелердің табылуы) негізделеді.
Емделуі. А гепатитімен ауыратындардан тыс, вирустық гепатиттермен ауыратын барлық науқастар ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімдерінде емделуі тиіс. Науқастардың емі мынадай шараларға негізделеді: жартылай төсек режимі, диета (ішімдікті, қуырылған, ысталған тағамдарды, балқытылған майларды, консервілер, ащы дәмдеуіштер, шоколад, конфеттерді рационнан шығару), полидәрумендер, осының өзі А және Е вирустық гепатитінің жеңіл түрлерімен ауыратын науқастар үшін жеткілікті болып жатады.
Диспансеризациялау. Вирустық гепатиттердің сарғаю түрлері кезінде сарғаюдың кетуі бауырдағы қалыпқа келу процестерінің алдында жүреді. Сондықтан жіті гепатитпен ауыратындарды (қалыпқа келу кезеңінде стационарда) бақылай бастайды да, аурудың созылу қаупін анықтау үшін және қажет болған жағдайда, интерферонмен емдеуді уақтылы іске асыру үшін бақылауды амбулаторияда жалғастырады. Диспансеризацияға инфекционистің қайта қарауы, қанды биохимиялық зерттеу, В, С және D гепатиттері кезінде антигенді және вирустардың антиденелерін анықтау жатады.
Вирустық гепатитке шалдығып, одан емделген адамдардың барлығы стационардан шыққан соң, 30 күн ішінде алғашқы рет инфекционистің диспансерлік тексеруінен өтеді.
А және Е гепатиттерінен емделген соң денсаулығында және қанның биохимиялық көрсеткіштерінде ешқандай ауытқу болмаған жағдайда, диспансерлік бақылау аяқталады. Қалыпты жағдайдан ауытқу сақталған жағдайда, 3 айдан соң қосымша тексеру жүргізіледі.
... жалғасыВирустық гепатиттер |
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz