Бұлттардың түрлері
1.2. Бұлттардың негізгі пішіндерінің, түрлерінің және түр өзгешеліктерінің сипаттамасы.
Құрамына сыртқы белгілерінен анықталатын бұлттардың негізгі пішіндері, түрлері мен түр өзгешеліктері кіретін әрбір қабат (кесте І) үшін бұлт пішіндерінің сипаттамасы беріледі (қосымша 4). Сонымен қатар қабаттар үшін бұлттардың жалпы белгілері келтіріледі; негізі пішіндер үшін сыртқы көрінісі, негізінің биіктігі, қабаттың қалыңдығы, оптикалық құбылыстар және мөлдірлік, жауын-шашын көрсетіледі. Кейін түрлері мен түр өзгешеліктері, негізгі пішіндердің басқа пішіндермен байланысы, төменнен бақылау арқылы оларға тән ерекшеліктер мен олардың түзілу процесі жан-жақты қаралады.
1.2.1. Жоғарғы қабат бұлттары
(1-20 кестелер)
Жоғарғы қабат бұлттары иілген қауырсын, толқындар немесе аспанды қаптап тұрған ашық ақ перде, талшық тәрізді жамылғы түріндегі, жіңішке, ақ түсті, жоғары орналасқан бұлттар болып табылады. Бұл бұлттар ине, алтықырлы бағана немесе пластина пішіндес мұз кристалдарынан тұрады.
Жоғарғы қабат бұлттарының негізгі түрлеріне шарбы, шарбы-будақ, шарбы-қабатты бұлттар жатады.
І. Шарбы бұлттар Ci (Cirrus)
Сыртқы түрі - әдетте өте жіңішке және ашық түсті, кейде аса тығыз немесе үлпек тәрізді құрылымды жекеленген талшық тәріздес ақ бұлттар. Әдетте аз мөлшерде байқалады, кейде аспанның едәуір бөлігін де алып жатады.
Негіздің биіктігі - қалыпты ендікте 7-10 км құрайды, кейде 6 км-ден аз немесе 12 км-ден артық болуы мүмкін, тропиктерде 17-18 км жетеді. Арктикалық аудандарда ауаның төменгі температурасы жағдайында бұлттар жердің бетіне дейін таралуы мүмкін.
Қабат қалыңдығы - жүздеген метрден бірнеше километрге дейінгі үлкен аралықта өзгеріп отырады. Ұшақпен алдын ала тексеру кезінде жоғарғы және төменгі шекаралардың биіктігін визуалды анықтау бұлттардың сиреуінің себебінен қиын болып табылады.
Оптикалық құбылыстар және мөлдірлік - шарбы бұлттар әдетте мөлдір ашық түсті; олар арқылы күн сәулесі, ай және жарық жұлдыздар, ал кейде көгілдір аспан да көрінеді. Күндіз олар жарықтың дәрежесін төмендетпейді ал жердегі заттар олар арқылы байқалатын көлеңкелер түсіреді. Бұл бұлттардағы күн мен айдың маңайында радиусы 22 немесе 46 болатын шеңберлер (гало) немесе сол шеңберлердің бөліктері жиі байқалады.
Жауын-шашын - шарбы бұлттарды құрайтын ұсақ мұз кристаллдар, баяу жауа алады, бірақ ардайым жерге жетпей және тек түсу жолақтарын жасай отырып, үлкен биіктіктерде буланып кетеді. Сирек жағдайларда, өте төмен температураларда (негізінен арктикалық аудандарда) мұз кристаллдары атмосфераның төменгі қабатында да пайда болады, алайда жауу кезінде өлшенімді мөлшердегі жауын-шашын болмайды (жауын-шашын іздері).
Ci түрлері мен түр өзгешеліктері.
1. Cirrus fibratus (Ci fib.) түрі - талшық тәрізді, жіп тәрізді (кесте 1, 15). Бұлттардың талшықтары немесе жіптері не азды көпті параллельді, не шырмалған домалақ жіп тәрізді орналасуы мүмкін.
Ci fib. түр өзгешеліктері:
А) Cirrus uncinus (Ci unc.) - тырнақ тәрізді (кесте 3-6, 18). Бұлттардың параллельді жіптері жоғары қарай иілген және жиі бір соңында қалыңдатылған;
Б) Cirrus vertebratus (Ci vert.) - жота тәрізді (кесте 2). Екі шетінен жіптер таралатын бұлттардың орта бөлігі тығыздалған болып келеді. Сырт келбеті балықтың қаңқасына ұқсас.
В) Cirrus intortus (Ci int.) - шатасқан (кесте 7). Аспанда жеке домалақтар немесе дақтар түрінде шашыраған ретсіз шатасқан бұлт талшықтары.
2. Cirrus spissatus (Сi sp.) - нығыз (кесте 8-10). Көптеген дұрыс емес пішінді ақ нығыздалулары бар. Сi sp.-ның талшықтық құрылымы Ci fib. құрылымына қарағанда аса қатты байқалмайды.
Сi sp. түр өзгешеліктері:
А) Cirrus incus-genitus (Ci ing) - найзағайлы (найзағайдан кейінгі) (кесте 9). Талшықты құрлымның жекеленген шарбы тәрізді жиналуы түріндегі төстерден пайда болады.
Б) Cirrus floccus (Ci floc) - үлпек тәрізді (кесте 10). Нығыздалған, айналадағы жіптермен тікелей байланысқан (Ас floc.-қа қарағанда) ақ үлпектер түрінде таралады.
Сi sp. бұлттар, олардың түр өзгерістерімен бірге, ыдырайтын Сb бұлттардың мұзды шыңдарының қалдықтары болып табылады. Олар түзілудің бастапқы кезеңінде, Сi-дің ыдырай бастаған Сb-мен тікелей байланысы әлі де көрініп тұратын кезде, аса нығыз болуы мүмкін, кейіннен олар көбірек сиретілген бола бастайды.
Егер Сi-дің ыдырай бастаған С шыңымен байланысы айқын болса және түзілген шарбы бұлттар әлі де төстің кескінін сақтап тұрса, онда оларды найзағайлық (найзағайдан кейінгі) деп қабылдайды. Кейде мұндай түр өзгешелігі биіктегі жел төстің бөліктерін жұлып әкеткенде, әлі ыдырамаған (нығайтылған) Cb inс бұлтарында түзіледі.
Басқа пішіндермен байланысы.Шарбы бұлттар, санын арттыра отырып, тікелей Cs жамылғысына ауыса алады, кейде Сс-мен бір уақытта бар бола алады.
Төменнен жасалған бақылау бойынша бұлтқа тән ерекшеліктер. Көгілдір аспанның әлсіз жарығы бар болғандағы биіктігінің үлкендігі және өзіне тән талшықтық құрылымы әдетте шарбы бұлттарды басқа пішінді бұлттардан оңай ажыратуға мүмкіндік береді. Сі шарбы бұлттарын Cs шарбы-қабатты бұлттармен шатастырып алуға болады, алайда соңғысы біртекті және ауқымды үзіліссіз жамылғыны құрайтынымен ерекшеленеді. Нашар жарықтануда сыртқы кескіні бойынша Сі-ды Ас vir-ден ажырату қиынға түсетіндей болып көрінеді, Ас vir-ден шарбы бұлттар үлкен кеңістіктегі шарбы тәрізді құрылымымен ерекшеленеді, ал Ас vir-дің жіп тәрізді құлау жолақтары аспанның салыстырмалы аз аумағын алады және бұлттың нығыз бөлігінен төмен қарай бағытталады.
Кешке, күн батқаннан кейін, Сі күміс түсті, алтын немесе қызғылт реңке боялып, көп уақыт бойы жарықтандырылған күйінде сақталады. Содан соң Сі біртіндеп сұрлана түседі, сонымен бірге, күндізгі уақытқа қарағанда, аса нығыз болып көріне бастайды. Айсыз иүнде Сі көрінбейді және нашар ажыратылады, сол үшін аспанның кеш уақытындағы жағдайын мұқият бақылау қажет. Таңертен, күн шықпастан бұрын, Сі басқа бұлттардан бұрын жарықтанады және таңмен боялады.
Түзілу процестері.Жоғарғы тропосферада көтерілетін қозғалыс кезінде ауаның суынуы атмосфералық фронттар аумағында Сі-дің түзілуін тудырады. Суынатын ауада су буының сублимациясы мен сирек мұз криссталдарының түзілуі жүзеге асады. Ұсақ мұз кристалдары баяу құлайды және ауаның көтерілетін қозғалысымен аса биік деңгейлерге ауыса алады. Сі сондай-ақ Сь шыңдарынан, бұл бұлттардың ыдырауынан, түзілуі мүмкін.
ІІ. Шарбы-будақ бұлттар CC (Cirrocumulus)
Сыртқы түрі - өте ұсақ толқындардан, үлпектерден немесе шымырдан (сұр реңкі жоқ) тұратын, әдетте талшық тәрізді құрылымды немесе тікелей Ci немесе Cs жабындысына өтетін, ақ түсті жіңішке бұлттар. Ci немесе Cs байланысынан тыс сирек байқалады; жиі аз мөлшерде байқалады.
Негіз биіктігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz