Қазақстан және Киото хаттамасы


Жоспары:
Кіріспе
- Парниктік эффект
- Киото хаттамасы
- Қазақстан және Киото хаттамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Климаттың құрылымдануының маңызды факторы болып жылыжайлық (парникті) эффект - ауаның жер бетіндегі қабатының қызуы есептеледі, ол негізінен атмосфераның ұзын толқынды (жылулық) сәулелерді жер бетінде көп сіңіретіндігінен болады, бұл сәулелер болса өз кезегінде Күннің сәулесінің Жер бетіне дейін жарықтық энергиясының жетуіне дейін түрленуінен туындайды. Жылыжайлық эффектіге ластаушы заттар қосатын үлесін алып қарасақ: көміртегі қостотығы 66%, метан - 18%, фреондар - 8, азот тотығы - 3%, ал қалған газдар - 5%. Жылыжайлық эффектіге әртүрлі газдардың әсер етуі әртүрлі болып келеді. алып қарасақ, метанның молекуласының әсер етуі 25 есе, ал фреондар - 11 мың есе көміртегі қос тотығы молекуласынан жоғары күшке ие.
Жылыжайлық эффекті атмосферадағы жылыжайлық газдар концентрациясы артқан сайын өседі, және ол өз кезегінде климаттың жылуына алып келеді. Жылыжайлық эффекті атмосферадағы жылыжайлық газдар және булар концентрациясының артуымен өседі, және ол өз кезегінде климаттың жылынуына алып келеді. Қазіргі уақытта атмосферадағы көміртегі қос тотығының мөлшері 1 млнға шаққанда 336 бірлік құрайды. Жыл сайын ол 1-2 бөлікке артуда. Жылыжайлық эффектінің артуымен Арктика мұздарының еруі күшейеді. Алып қарастыратын болсақ соңғы 30 жыл ішінде Солтүстік мұзды мұхиттың мұзды қабатының қалыңдығы 40 пайызға азайды. Бірнеше онжылдық алдын ғана Солтүстік полюске тек жеке батыр тұлғалар ғана аяқ баса алатын еді. Бүгінгі күні ол жерге ыңғайлы каюта көмегімен орташа қуаттағы мұзжарғыш арқылы баруға болады. Гренландия мұздықтары, Альп тауы, Кавказ, Килиманджаро шыңдарының мұздары да еруде. Соңғы 9 жыл ішінде Гренландияның мұздықтарының еруі 3 есеге дерлік өсті.
Жылыжайлық эффектінің күшеюінің әсері. Көміртегі қос тотығының концентрациясы 400-500 бірлікке дейін артатын болса орташа алғанда бүкіл планетаның жер беті қабатының температурасы шамамен 1-1, 5 0 С дейін көтеріледі, ал концентрация шамасы 60-700 бірлікке жететін болса, температураның көтерілуі 4-5 0 С құрайды. Климаттың жылынуы биосферада катастрофалық өзгерістерге алып келеді, құрғақшылық жиілейді, Арктика мұздықтарының еруі күрт өседі, Гренландия және басқа да таулы массивтер (Антарктиданың еруінің қосатын үлесі елеусіз, себебі жылыған кезде ол жақта жаңбыр және қар жаууы жиіліп, және мұз қалыңдығының артуы орын алады) қарлары мен мұздықтары ериді. Әлемдік мұхит деңгейі көтеріледі. 2030 жылға қарай мұхиттың деңгейінің көтерілуі 20 см шамасында, ал 2100 жылы - 60 см болжамданып отыр.
- Парниктік эффект
Парниктік эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы ғарышпен жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен жерге немесе жерден ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +15°. Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиакциясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0, 003 пайыздан аспаған ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 жылға ұлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан-жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда.
Климаттың әр түрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы жерде орташа температура 4, 5°С дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0, 5-1, 5м көтеріледі. Климаттың одан ары жылынуы 2100ж Әлемдік мұхиттың деңгейін 2метрге дейін көтереді. Ал бұл 5млн шаршы километр құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл - барлық құрлықтың 3 пайызындай көлемі, жер шарындағы қолданбалы жердің 30 пайызындай көлемі. Парниктік эффектің Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса, жердегі өмір - тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін.
Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын - парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі мәліметтер бойынша 50%-дан 65%-ға дейін жетеді. Басқа парниктік газдарға метан, (шамамен 20%), азот оксидтері (шамамен 5%), озон, фреондар және басқа да газдар (парниктік эффектінің шамамен 10-25%) жатады. Барлығы 30-ға жуық парниктік газдар, олардың атмосферадағы мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар бір молекулаға әсерінің салыстырмалы белсенділігіне де байланысты болады. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап атмосферадағы СО2 мөлшерінің өзгерісі 12-15% артқан.
Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына әкеліп соқтырады. Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта Жердің орташа жылдық температурасы 0, 3-0, 60С -ға артқан. Әр түрлі болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3, 50С-ға артуына әкеледі. Ауа райының жылынуы әсерінен, мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит 1, 5 -2 м көтерілуі мүмкін, ол шамамен 5 млн. км2 құрлықтың су астында қалуына әкеледі. Ауа райының жылынуы әлемдік мұхитттың деңгейінің көтерілуінен басқа да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі, жануарлармен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының артуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Парниктік эффект
Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді
Парниктік эффектінің пайда болу көздері:
Көмірқышқыл газы СО2
Көмірсутек
Метан СН4
ЭтанС2Н6
КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ
Көмірқышқыл газының атмосфераға түсуінің негізгі техногенді көзі - органикалық отынды жандыру болып табылады. Қазір тек жылу энергетикасынан атмосфераға шамамен жылына бір адамға 1 т көміртегі немесе Жер шарында жылына 6 млрд. т бөлініп шығады. Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін кемітетін негізгі факторлар фотосинтез бен мұхиттың сіңіруі болып табылады. Мұхит адам қызметінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газының 50%-ын сіңіреді.
Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С0 2 -нің концентрациясы жыл сайын 0, 8-1, 5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО 2 -нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.
ПАРНИКТІК ЭФФЕКТ
Жер атмосферасында парниктік газдардың шоғырлануы жалғасуда.
Гренландия мұздағы
Біздің планетамыздағы барлық мұз қабаттарының 10 пайызы осы Гренландияда шоғырланған. Көлемі жағынан Антарктикадан кейінгі екінші орынды алатын бұл мұз қалқанның массасы 2, 5 млн. текше шақырымға тең. Соңғы жылдары Гренландия мұздағының бұрынғыдан жылдам ери бастағаны байқалуда. Жыл сайын 250 миллиард тоннаға жуық гренландиялық мұз суға айналып, Атлант мұхитына қосылатын көрінеді. Бұл құбылысты анықтауға 2002 жылдан бері мұздаққа тұрақты бақылау жасап келе жатқан екі жасанды спутниктердің жинақтаған деректері мүмкіндік берді. Соңғы жылдары гренландиялық мұздақтың жағдайы ерекше назар аударуды қажет етіп отыр.
Ғаламдық проблема
Арктика
Канадалық ғалымдардың деректері бойынша, Арктиканың мұз қабаты соңғы 15 жыл ішінде 40 пайызға тарта қысқарған көрінеді. Ал ресейлік ғалымдар тура осы мерзімде мұз қалыңдығы 15-20 пайызға азайды деген деректерді алға тартады. Шығыс Сібір платформасынан жыл сайын 8 млн. тоннаға жуық метан газының ауаға таралатындығын анықтады. Ғалымдардың болжамынша, жаһандық жылыну үдерістері мұхиттардың түбінде осыған дейін мүлгіп жатқан мәңгілік тоңдарды жібітіп, оның қабатындағы метан газдарына қозғау салғанартады
ПАРНИКТІК ЭФФЕКТІ ТУРАЛЫ БОЛЖАМДАР
Ғаламдық жылынудың адамға белгілі бір мөлшерде тигізетін пайдасы да жоқ емес (мәселен, өсімдіктердің өнімділігі артады, шаруашылықта қызмет етуге мүмкіндіктердің кеңеюі, т. б. )
Алайда, ғаламдық жылынудың арқасында біз көптеген қиыншылықтарға душар болатынымыз бірден анық. Олардың ең бастысы - шаруашылықтың көптеген түрлерін климаттық жағдайларға қысқы мерзімде бейімдендіру болып табылады.
Атақты француз физигі Жозеф Фурье жер атмосферасы жылыжайдағы шыны ретінде рөл атқарады: ауа күн жылуын өткізе отырып, оның қайтадан ғарышта буланып кетуіне жол бермейді деп болжаған.
Бұл эффект кейбір парниктік газдардың арқасында жүзеге асады. Олар күнге шағылысатын көрінетін және жақын инфрақызыл жарықты өткізіп, бірақ өте төмен жиіліктегі және жер бетінің күн сәулесімен қыздырғандағы пайда болған алыс инфрақызыл сәулесін жұтады.
Әйгілі физик В. И. Лебедеваның айтуы бойынша көмірқышқыл газының ауадағы көп мөлшері дүние жүзіндегі жаһандық жылынуға әкеп соқтырмауы тиіс.
Физик Б. М. Смирнов Лебедеваның пікірін мақұлдап, оның үстіне бүкіләлемдік жылыну жер атмосферасына мүлдем әсер етпей, қайта өндіріс өнімділігін арттырады деген пікір айтқан.
2. Киото хаттамасы
Киото хаттамасы - жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған, 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған халықаралық құжат. Киото хаттамасы - халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағытталған тұңғыш құжат.
Киото хаттамасына Қатысушы Елдер██ Қол қойып, ратификациялағандар██ Қол қойылған, ратификация күтілуде██ Қол қойылған, ратификацияланбаған██ Қол қоймайтындар
1980 жылы әлемдік қоғамдастықтың назары ғаламдық жылыну проблемасына ауды. Атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі полюстердегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтыла бастады. Бұл алдымен адамның табиғатқа тигізіп жүрген залалын ойланбастан жасаған шаруашылық қызметінің салдары, көмірқышқыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бөлінуінің әсері деген ғалымдар пайымдауы біраз жайды аңғартты. Шынында да, жыл сайын әуеге көтерілген метан мен көмірқышқыл газы жерді қатты қызып кетуден сақтайтын инфракүлгін сәулелерді жұтып, планета температурасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық беретін стансалардан, қаладағы кәсіпорындардан бөлінген көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Планетадағы жасыл алқаптар - ормандар бұл газдың біраз бөлігін қажетіне жаратқанымен, барлығын жұтуға шамасы жетпейтін болды.
Зиянды газдардың ауаны бұлайша ластауы Солтүстік Америка мен Еуропаның дамыған елдерінде және Қиыр Шығыстың индустриясының дамуы қарқын алған елдерінде көбірек орын алуда. Осындай атмосферадағы антропогендік өзгерістердің Жер шарының жылыну проблемасына алып келетіндігін ресми мойындау 1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың басында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сараптау тобының баяндамаларынан бастау алады. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Жаһандық орнықты даму саммитінде антропогендік өзгерістерге ұшырамау үшін ауаға бөлінетін газдың мөлшерін тұрақтандыру, климаттық балансты сақтау міндеті қойылды. Бұл конвенцияға 186 ел қосылатындығын білдіріп, ол 1994 жылдан бастап күшіне енді.
Жалпы, климаттың антропогенді өзгеруінің әсері қай деңгейде болуы мүмкін деген сауалға жауап іздеп көрейік. Ғалымдар планетадағы климат жылылығы 2 градусқа жоғарылағанның өзінде Жер шарында 500 млн. адам ауыз судан тапшылық көреді, 3 градусқа жылығанда 3 млрд. адам ауыртпалық тартады деп есептейді. Себебі, климат өзгеріске ұшыраған сайын тегеурініне шыдас бермейтін қатты дауылдар, топан сулар қаптауы жиілей беретін болады. Бұдан, әрине, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы үлкен зиян шегетіндігі айқын. Ал ол өз кезегінде азық-түлік тапшылығына алып келеді. Әлемдік мұхит деңгейінің өсуінің де қатері аз емес, географиялық картаның суреті қазіргі уақытқа мүлде ұқсамай, Голландия сияқты елдер мен Нью-Йорк секілді жағалауға жақын орын тепкен қалалар мен көптеген әсем аралдардың су астына кету қаупі бар. Нидерланд, Ұлыбритания сияқты аралдағы мемлекеттер, Кариб бассейніндегі және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы арал мемлекеттер үшін бұл қиындықтың салмағы тым ауыр болмақ.
Жердің орташа температурасы қазіргі кезде 14 градус Цельций, Фаренгейт бойынша 57 градусты көрсететіні есептеп шығарылды. Негізінен атмосфераға булы газдардың көтерілуі табиғи нәрсе. Алайда, ғалымдар адамдардың тіршілігінің нәтижесінде булы газдардың көтерілуі молайып кеткендігін алға тартады. Әсіресе, ол соңғы 50 жылда қатты көтерілген. Олардың ішінде көмірқышқыл газының көтерілуінің салдары Жер шарының жылынуына алып келеді дегенімізбен, бұл орайда ғалымдардың пікірінің де түрлі екендігін айта кеткен ләзім. Біріккен Ұлттар Ұйымының 130 елінен 1000-ға тарта ғалым тартылған “Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сарапшылар тобының” (КӨҮСТ) 2007 жылғы төртінші соңғы есебінде 1906-2005 жылдар аралығында жер температурасының жылынуы 0, 74 градусты құрады делінген. Мұхит сулары терең қабаттардағы мұздай сумен араласуынан Жер шарының оңтүстігінде олардың жылыну деңгейі төмен, ал солтүстіктегі құрлықта жылыну жоғары. Спутник арқылы жүргізілген зерттеулер 1960 жылдан бері екі полюстегі мұз қабаттарының аумағы 10 пайызға азайғандығын көрсеткен. Әсіресе, Солтүстік жартышарда оның аумағы 15 пайызға дейін кеміп, мұздың қалыңдығы 40 пайызға жұқарған. Гренландия мен Арктика мұздарының жылдамдықпен еруі зардабының дәмін алғашқы болып солтүстіктің ақ аюлары татып жатса керек.
Бұл орайда, Вашингтон университетінің ғалымдары Игнатиус Ригор мен Джо Валластың соңғы 25 жылдың ішінде жүргізген зерттеулері де көңіл аударарлықтай. Мұз көлемінің азаюы мен жұқаруының Солтүстік мұзды мұхитындағы ағыстар мен Арктикаға ғана емес, Солтүстік Атлантикаға да әсері бар екендігі айтылады. Ғалымдар арада 30-40 жыл өткенде Солтүстік мұзды мұхитының жылдың жылы мезгілдерінде толығымен мұз құрсауынан босанатындығын алға тартады. Әлемнің ең биік мұзарт шыңды Гималай тауларының да мұздақтарына еру қаупі төнген. Егер дәл бүгінгі қарқынмен ол әрі қарай жүре берсе, онда 2060-жылдары мұздақтардың үштен екісі, ал 2100 жылдары барлығы еріп кетеді.
Экожүйедегі ауытқулардың фауна мен флораға әсері де айтарлықтай. Жыл құстары ерте келіп, кеш кетуді бастаса, өсімдіктердің 30-40 пайызына ортасының өзгеруіне байланысты жойылып кету қаупі туған. Өйткені, жүздеген, мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан тірлік ырғағының ауысуына тез арада ілесе алмау жер бетіндегі түрлердің жұтаңдануына алып келмек. Ауа температурасы 1 градусқа жылыған күнде ормандардың да басына қауіп төнеді екен. Орман жүйесі болса көміртегінің 80 пайызын табиғи сіңіруші, ал орман ағаштары типтерінің ауысуы орасан мол мөлшерде көміртегін бөлу арқылы жүреді.
КӨҮСТ-тің соңғы есебінде сондай-ақ орташа температураның өсу деңгейі сақталады, бірақ оның жылдамдығы мен ұзақтығы болашақта булы газдардың эмиссиясының азаюына тәуелді деген ұйғарым жасалған. Белгілі ағылшын экономисі Лорд Николас Штерн 2050 жылы миллиондаған адам ұзаққа созылған құрғақшылық пен өзге де климаттық ауытқулар: су басу мен жойқын дауылдардан, аштықтан қашқан “климат босқыны” болуы мүмкін деген қауіп айтады. Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ КӨҮСТ-нің басшысы Др. Пачаури адамзат баласының қазіргі жағдайды өзгертуге 10 жылдай ғана уақыты бар деп есептейді. Сайып келгенде климаттың антропогенді өзгеруінің салдары көлік және басқа да инфрақұрылымдарға да орасан зор зиянын тигізбек. Бұлардың бәрі, тұтастай алғанда, жаһандық тұрғыда алға шығатын экономикалық, әлеуметтік, саяси проблемалардың қаншалықты күрделі болатындығын бүгінгі күннің өзінде ұғындырса керек. Ал эмиссия көлемі жөнінен ТМД мемлекеттері ішінде Ресей мен Украинадан кейін тұрған біздің еліміз үшін ол әсер жоқ десек, шындықты бұрмалағанымыз болып шығар еді.
Киото хаттамасының экономикалық негіздемесінің басты тіні етіп англо-америкалық экономист Рональд Коуздың экономикалық жекеменшік құқық теориясы алынған. Коуз теориясына дейін қоршаған ортаның ластануын зерттеушілер онымен күресте мемлекет өндіріс қалдықтарындағы зиянды заттар концентрациясының ең жоғары нормасын және ауаға шығарылатын зиянды заттардың ең жоғары нормасын анықтап, одан асып кеткенде нормативті бұзғаны үшін айыппұл салып, жауапқа тартып отыру қажет деп келді. Ал Коуз және оны жақтаушылар жоғарыда көрсетілген шаралардың жетімсіз болатындығын алға тартты. Олар бекітілген нормадан ауытқымаса да қоршаған ортаға зиян келтіретін кәсіпорынның ешкімге жауап бермейтінін, әрі жоғарыдағы нормалар барлық кәсіпорындар үшін бірдей алынғандығын көлденең тарта отырып, мұндай үдерістен пайда жоқ деп санайды. Сондықтан, реттеу шығарылған өнім қоғамға қаншалықты қажет деген критериймен өлшенуі керек дейді. Сол себептен, Коуз дау тудырушы нысан ретінде кәсіпорынның өзін емес, қоршаған ортаға зиян келтіретін кәсіпорынды пайдалану құқығын қарастырады. Мұндай құқық кәсіпорынның кімге тиесілі екеніне қарамастан, келісім мен сату және сатып алу нысанына айналады. Коуз идеясы бойынша, бұл құқық сату-сатып алу актілерін жасау арқылы түптің-түбінде нысанды тиімді пайдаланатынның қолына өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz