Стратосфералық бұлттар түрлері


Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а. Стратосфералық бұлттар түрлері
в. Мезосфералық бұлттар түрлері
III. Қорытынды
Қорытынды сұрақтар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бұлт-деп белгілі бір биіктікте орналасатын конденсация және сублимация процесстері өнімдерінің жиынтығы. Олар жер бетінен 2 - 18 км-ге дейінгі биіктікте атмосфераның төменгі бөлігінде, яғни тропосферада құралады. Бұлттар биіктігіне байланысты 4 түрге бөлінеді:
- Жоғарғы қабат бұлттары(6-13км) ;
- Ортаңғы қабат бұлттары(2-6 км) ;
- Төменгі қабат бұлттары(2 км-ден төмен)
- Вертикальді дамыған бұлттар
Бұлттардың Халықаралық морфологиялық классификациясына сәйкес 10 негізгі түріге, ал түрлер түршелерге ажыратылады. Аса шарбы бұлттар стратосфералық бұлттарға жатады. Аса шарбы бұлттар төменгі стратосферада, 14-16 км биіктікте қалыптасады. Сыртқы белгілерімен шарбы-будақ бұлттарына ұқсас болып келеді, бірақ олардың түсі қоңырлау немесе сұр болады. Олар жіңішке сирек жолақтар қылып орналасады. Күн шыққандағы және күн батқандағы ала көлеңке кезінде өте сирек байқалады, әдетте субтропиктерде бақыланады. Олар күн сәулесі атмосфераға тіке түскенде көрінеді.
Маржан бұлттар. Стратосферада 22-30 км биіктікте орналасатын, жіңішке шағылатын, жұқа, мөлдер, мұз кристалдарынан немесе суынған су тамшыларынан тұратын, өте сирек бақыланатын бұлттар. Кейде биік-будақ бұлттарға ұқсас болып келеді. Олар түсі қызыл, сары, жасыл, 70 км-ге дейін ұзындықтары болатын айқын бұйра жолақтар түрінде болады. Олар көбіне қыста, поляр ендіктерінде кездеседі. Күн батқан сайын бозарып, жарқырауын тоқтатады. Олар Финляндия, Скандинавия, Аляскада байқалады. Олардың қалыптасуына тау үстінде пайда болатын ауа ағындары әсер етеді. Ағын ортаңғы және шоғырлануы тропосферада төсу сілімдері секілді кедергілерде кездестіргенде кедергінің желденген жағы жолқын жолайды.
Тау толқынының даму себебі:
- Жел жылдамдығы биіктікке байланысты жоғарылауы;
- Тау сілемдеріне желдің бағыты 900;
- Тұрақты атмосфералық жағдайда төмен биіктікте қатты желдің болуы;
- Желдің жылдамдығы 20 тораптан су емес .
Поляр аймағында тропосфераның биіктікте 7-8 км көп емес кезде толқын шыңы стратосферада болып, маржан бұлттар пайда болады. Күміс бұлттар - мезосфера мен мезопауза қабатының арасында пайда болатын 76-85 км биіктікте орналасатын шығыстан батысқа қарай 40-80 м/с жылдамдықпен жүретін, түнде жарық шашып тұратын, ашық мөлдір бұлттар. Бұл бұлттар -ең биік бұлтты түзілімдер болып табылады. Сыртқы белгілеріне қарай шарбф бұлттарға ұқсайды, бірақ олар күн батқаннан кейін немесе күн шыгар алдында көрінеді. Күміс бұлттардың шығу тегі әлі де толық зерттелмеген. Олар 45 0 және 65 0 ендікте жаз айларында байқалады (оңтүстік және солтүстік ендікте) . Күміс түсті бұлттарды зерттеумен В. В. Шаронов айналықан. Олар мезосфераның шамамен 85 км биіктігінде пайда болады және тек көкжиектен күннің сәулесі түскенде, атмосфераның төменгі қабаттарына көлеңке түскенде көрнеді. Олар күндіз көрінбейді. Мезосфералық бұлттардың тропосфералық бұлттарға қарағанда оңай ажыратуға болады. Алғашқылары ашық және жарқырағандай болады. Себебі батып жатқан күн мезосфера бұлттары көкжиекті шағылыстырады. Ал соңғылары таңсәрі аясында қара болып келеді. Мезосфералық бұлттардың оптикалық тығыздығы елеусіз, көбінесе олардан жұлдыздар көрініп жатады. Бұл бұлттардың жоғарғы ендікте ең қысқа түнде байқалатыны таңқаларлық жағдай емес. Себебі бұл бұлттар тек күннің көкжиекте батқандығы қысқа мерзімде байқауға болады. Күміс түстес бұлттар Жерден де, космостан да, тіпті ракеталық зондтармен де зерттелген. Күміс түстес бұлттар стрататтаттар үшін өте жоғары. 2007 жылы сәуір айында ұшырылған AIM спутнигі орбитадағы күміс түстес бұлттарды зерттеумен айналады. Күміс түстес бұлттар атмосфераның жоғарғы қабаттарында өте тез қозғалады. Олардың орташа жылдамдығы 278 м/с. Күміс түстес бұлттардың табиғаты әліде толық зерттелмеген. Олар вулкандық не метеорологялық шаңдардан тұрады деген болжамдар болған, бірақ UARS спутнигінің мәліметтері бойынша негізінен судың мұздарынан тұрады делінген. Күміс түстес бұлттар салыстырмалы түрде жас құбылыс болып табылады. Бұл бұлттар туралы ең алғаш Кракатау вулканы атқылағаннан кейін, яғни 1815 жылы айтылған және де ол климаттың өзгеруінен пайда болған деген болжамдар бар. Күміс түстес бұлттарды ең алғаш ашқандар болып Т. Бэкхаус (1885ж. 8 маусымынан бастап бақылаған- Киссингенде (Германия) және 1885 ж. 12 маусымынан бастап байқаған, яғни бұлттардың ымырт аспанда ерекше көрінетінін, кейде көрінбей кететіннін байқаған Мәскеу университетінің доценті В. К. Цераский. Ол бұл бұлттарды «түнде жарқырайтын бұлт» деп атаған. Бұны сол кезде осы бұлттардың биіктігін анықтағандағы Булковский обсерваториясында А. А. Белопальскиймен бірге атын қойған. Олардың, яғни В. К. Цераскиймен А. А. Белопальский анықтауынша 73 пен 13 кмаралығында биіктікте орналасқан. Бұны 3 орыстардан кейін неміс метеорологі Отто Иессе растаған. Тунгус метеоритінің зерттеушісі Л. А. Кулик күміс түстес бұлттардың пайда болу себебін метеорлардың әсерінен деп 196 жылы болжаған, яғни Жер атмосферасына келетін метеорлардың бөліктері буланудың конденсациясының ядросы болып табылады. Бірақ, бұл теория күміс түстес бұлттардың шектеуші биіктіктің интервалын, олардың орташа ендікте, жазда пайда болуын түсіндірмейді. 1952 жылы Е. А. Хвостиков өзінің болжамын ұсынған. Болжам бойынша күміс түстес бұлттар шарбы бұлттарға ұқсас болады, яғни мұз кристалдарынан тұрады. Содан ол болжам конденсационды деген атау алған. 1958 ж В. А. Бронштэн бұл бұлттардың әр маусымды және белгілі бір ендіктерде пайда болуын түсіндірді. Одан бұрын 1950 жылы Л. А. Куликаның болжамы бойынша күміс бұлттар метеориттің Жерге құлау кезінде атмосфераға енген шаңдарынан пайда болған. Қазіргі таңда күміс бұлттардың пайда болуы үшін булану мөлшерін осындай биіктікте болуы толығымен анықталмаған. Бұл болжам бойынша жазғы уақытта орта ендікте 25-30 км-де жаңа пайда болған ауа ағыны мезопауза қабатында бу болып, ол бу қатып, соның нәтижесінде күміс түстес бұлттар пайда болады. Және де осы бұлттар түзілетін қабатта сол ендікте жаз маусымдарында ылғал көтерілетіні анық. «күнді жаңбыр» болжамы бойынша норвег зерттеушісі Л. Вегарт (1933ж) .
Метеорлық гипотезамен бірге күміс бұлттардың пай болуы туралы конденсациялық гипотеза пайда болды. Оны алғаш рет 1888 ж. О. Иессе айтып кеткен болатын. Оның ойы бойынша, күміс бұлттар вулкандық атқылау кезіндегі бір газдың конденсация бөлшектерінен пайда болады. 1917 ж. де Кэрвен күміс бұлттарыды ультрациррустар деп атап кеткен, яғни өте биік шарбы бұлттар. Басқа, нақтырақ ойлар 1925ж. А. Вегенер және 1926 ж. В. Ярдецкдің күміс бұлттар мұзды ядроларадан тұрады деген. Сондай-ақ, Вегенер, одан кейін Хамфрио қысым 0, 03мб болған кезде мұз кристаллдары тек температура 160 0 К төмен болғанда ғана бола алатының айтқан. Сол кезде бұл деңгейде 80 км биіктікте температура 300 0 К деп есептелген. Сол жылы, Л. А. Кулин осы екі теорияны біріктіретін қызықты ойды айтты. 1932 ж. бастап әйгілі геофизик К. Штермер күміс бұлттардың биіктігін еспетейтің бірнеше фотометрикалық өлшеулер жүргізді. Ол оның орташа биіктігін алды, 82 км. 1934 ж. Е. Вестин алғаш рет 48 жыл Батыс Еуропада күміс бұлттарға бақылау нәтижелерінің жинағын шығарады. Күміс бұлттардың жылдамдығы мен бағыты туралы маңызды ақпараттармен бірге, күміс бұлттар мен басқа құбылыстардың(күнің активтілігі, метеорлардың ағыны, кометалардың пайда болуы, вулкандық атқылаулар) пайда болуы туралы статистикалық сәйкестендірулер болды. Вестин вулкандық атқылаудың күміс бұлттардың пайда болуына байланысты емес екенің айтты, және қатты вулкандық атқылау кезінде (Катман, 1912ж. ) күміс бұлттар пайда болмады, ал керісінше активті күміс бұлттар пайда болғанда ешқандай вулкандық атқылаулар болмағаны бақыланды. Е. Вестин күміс бұлттардың табиғатын космостықпен байланыстырып, олардың пайда болуының негізгі себебі метеорлық ағындар екен деген ойда. 1936 ж. алғаш рет күміс бұлттарға бақылаулар КСРО-да өтті. Олардың нәтижелері 1938 ж. Г. О. Затейщиков пен В. А. Бранштэйннің жұмыстарында басылды. Одан кейін, И. С. Астаповичтің жұмысында күміс бұлттардың пайда болуынан бастап 1938 ж-ға дейінгі аралықтағы барлық бақылаулар мен зерттеулердің нақты нәтижелері шығарылды. Бұл жұмыста автор келесі гипотезаны айтты: күміс бұлттардың бөлшектерінің биік ендіктерде жинақталуы - олардың космостық толқындардан атмосфераға кірмей тұрып зарядталған планетааралық бөлшектер болуы болып келеді. Бұл гипотеза ары қарай қодау алмады, бірақ 1957 ж. Ладлам ұқсас ойды айтқан. Күміс бұлттардың шаңнан пайда болу гипотезасына қарама-қарсы 1951 ж. И. А. Хвостиков өзінің мұздық гипотезасын айтты. Ол бойынша, тек күміс бұлттар бақыланатын деңгейлерде ғана температура шық нүктесінен төмен бола алтының дәлелдеді. 1962 жылы Краногардте болған американ-швед экспедициясында күміс бұлттарған аэрозольді бөлшектерді жинайтын ракеталарды ұшырды. Қимасының ауданы 1 см 3 болатын бөлікте мөлшері 0, 01-ден 0, 20мкм дейін және саны 8*10 6 қатты бөлшектер, темір мен никель, табылды. Бөлшектердің саны бұлттың ішінде оның сыртынан көрі 10 3 есе көп болды. Бөлшектердің біршама бөлігі басып алу кезінде буланатын ұшқыш заттармен жабылған. Бәлкім, күміс бұлттар сублимацияның нәтижесіндегі пада болған мұзды қабығы бар көсмостық бөлшектердін тұрады. Сол кезден бері, сондай-ақ, бұл бақылауларды қайталай алмады, сонымен қатар, бұл биіктіктердегі будың жеткілікті мөлшері бар екені де дәлелденбеді. В. А. Бронштэн бақылауы нәтижесінде, күміс бұлттардың деңгейіндегі мұзды бөлшектердің сәулеленуі температуранышамамен 170 0 К ұстап тұра алады. Ф. Х. Байбулатов және С. П. Ивания Күн мен Жердің сәулелену өрісіндегі зарядталмаған атмосферада орналасқан аэразоль бөлшектерінің (мұз кристаллдары, кварц бөлшектері, магний оксидтері) жылулық балансын есептеген. Радиусы 0, 01-0, 1 мкм бөлшектер 80-90 км биіктікте температураны 160 0 К дейін ұстап тұра алды. Ол шық нүктесінен біршама төмен. Нәтижесінде, күміс бұлттар пайда болады. И. А. Хвостиков күміс бұлттардың пайда болу жағдайларын табу үшін келесі жағдайларға назар аударды. Біріншіден, конденсацияланған су буы қанығу жағдайына дейін (е=Е) жету керек. Бірақ, су буының әр деңгейінде парциалды қысым жалпы қысымнан кіші, е>Е. 1 сурет бойынша, 30-80 км биіктік арасында е<Е болып келеді. Бұл теңсіздік, көрсетілген биіктікте қанығу жағдайына ешқашан жете алмайтыны және бұлт пайда бола алмайтынын көрсетеді. Күміс бұлттардың сыртқы келбеті биік шарбы бұлттарға ұқсас болып келеді. Күміс бұлттарда жіңішке ұзын ағындар, жіпшелер және жуанырақ жолақтар көп кездеседі. Уақыт өте келе бұл құрылымдар жайлап өзгереді. Ең көп жылжымалы толқынды түрі болып табылады. Олар ағын мен жолақтардың арасында жиі орналасды, ал сыртқы келбеті шыңырауға ұқсас келеді, бұл дегеніміз судың беткі бөлігінен желдің жеңіл соққыларынан пайда болуы. Жолақтардың қиылысу орнында немесе бұлт толқындарының жиектерінде жиі саңырауқұлақ тәрізді жарқын зат көрінеді. Басқа жерлерде дөңгелектенген күңгірт тесіктер мен кратерлер пайда болады. Күміс бұлттардың даму жиілігі барынша массивті және тығыз болып байқалады. Кейде олардың көп қабаттылығы байқалады. Өте қатты байқалатын «флер» тұманды қаптамалар секілді, және күміс бұлттардың толқын қабаттары орындарының үстінен жасырып тұрады. Сонымен бірге ең тегіс және жарық жерлерде бұл бұлттар айтарлықтай анық көрінеді. Олар арқылы ай мен жұлдыздар да анық көрінеді. Жарық күміс бұлттардың қараңғы аспанда алатын орны ерекше. Күміс бұлттар жарық болғанда, олардың құрылымы бойынша жақсы дамиды( жолақтар, талшықтар, және т. б) , және олардың табиғаттына қатысты ешқандай күмән тумайды. Әйтпесе, әлсіз бұлт жағдайлары бойынша, бұрыс формадағы бұлттар секілді, яғни флерге, ал ағын мен шыңырау немесе мүлдем көрінбейді, болмаса сенімсіз бағдарланған. Мұндай жағдайдағы бұлттың жарықтығы 5 баллдық шкала бойынша 1-2 баллмен бағаланады. Соның өзінде тәжірбиелі зерттеушінің өзі оларды әрең анықтайды, бірақ ол да белгілі қиындықпен анықталады, яғни не олардың алдында күміс бұлттар, не атмосфераның төменгі ортасындағы кейбір бұлыңғыр оптикалық эффект болуы мүмкін. Мәселен, күнгірт уақыттағы әлсізпелендер, нашар көрінетін шарбы бұлттар, тар бөлігінде олардың арасында жарық жолақтар шығады, күміс бұлттардың аз ғана жарқын бөлік жолақтары мен айтарлықтай ұқсас келеді. Бұлыңғыр атмосфера жағдайында күміс бұлттардың жарықтығын анықтауда әрдайым бұрмалауға алып келеді. Бұл жағдайда жоғары шаңданған төменгі атмосфера және мөлдірлігі жартылай пелендердың қатысуымен күнгірт аспандағы тропосфера бұлттары жағдайынан күміс бұлттар өте аз мағынадағы контрастқа ие болып табылады және олардың бағасына салыстырмалы жарықтар әсер етеді. Тәжірбиесіз бақылаушы құрылымы ұқсас күміс бұлттарды тропосфералық бұлттар деп қабылдауы мүмкін, бұл дегеніміз жасанды жарық жолымен жарықтанғаннан кейін немесе айдың жарығы арқылы болуы мүмкін. Мұндай жағдай да аса мұқият әрі аса назар салған дұрыс. Күміс бұлттардың төрт негізгі тобы ажыратылады:флер, жолақтар, толқын құйын:
1. флер - бұл жұқа перде болып келеді;
2. горизонтқа параллель жолақтар - бұлдырлаған және шұғыл кескінделген жұқа ағым тәрізді;
3. толқындар - кенет кескінделген параллельлі қысқа жолақ қатары;
4. құйындар - флерда, жолақтардан, толқындарда пайда болып, сирек байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz