Адам мен табиғат қарымқатынасы



Жоспары

Кіріспе
1.Табиғат пен адам қарым-қатынасы
2. Табиғат пен адам қарым-қатынасының тарихы
3. Аймақтық геоэкологиялық саясат стратегиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адам мен табиғат қарымқатынасы -- антропогендік факторлардың табиғатқа және табиғи факторлардың адамның денсаулығы мен шаруашылығына кешенді әсер-ықпалы. Тарихи процесте бастапқыда табиғаттың адамзатқа әсерінің бәсеңдеуі және оның ортаға әсерінің күшеюі байқалып, бірақ кейін, әсіресе біздің заманымызда әсер-ықпал күштері теңескендей болып табиғаттың кез келген өзгерісі адамдар мен олардың шаруашылығына шектеулі, аймақтық және ғаламдық ауқымда күшті ықпал жасайтын болады.
Бүгінгі таңда адамзаттың табиғат байлықтарына деген сұранысы артып келеді. Адамдар табиғаттан және табиғат байлықтарынан оқшау тіршілік ете алмайды.
Табиғаттың адам қажетіне жарайтын барлық мүмкіншілігін табиғат байлығы деп атайды. Табиғат байлықтарының минералдық, климаттық, су, жер және биологиялық деп аталатын негізгі бес түрге ажыратылады. Олар сарқылатын және сарқылмайтын байлықтар тобына ажыратылады.
Дүние жүзі елдерінде пайдалы қазбалар өндіру жылдан-жылға артып келеді. Соңғы кезде мұхит қайраңдары мен суларынан да түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі. Мамандардың есептеуінше, пайдалы қазбаларды өндіру қарқынды жүргізіле беретін болса, ХХІ ғасырдың ортасына қарай адамзат олардың барлық қорын тауысады. Әсіресе металдардың ең көп пайдаланылатын кейбір түрлері жақын жылдарда-ақ сарқылуы мүмкін.

1.Табиғат пен адам қарым-қатынасы

Табиғат жағдайларының адамдар тіршілігіне әсері. Адам тіршілік ететін географиялық орта адам денсаулығын сақтау мен нығайтуға жағдай жасайды, адамның шаруашылық әрекетінің сипатын анықтайды. Сондықтан адам үшін өзі өмір сүретін табиғи ортасының жай күйі, яғни ауа мен суының тазалығы, климаттық жағдайының қолайлы болуына аса маңызды.
Шаруашылық әрекеттің табиғатқа әсері. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас адамдардың шаруашылық әрекетінен неғұрлым айқын көрінеді. Алғашқы адамдар табиғаттың дайын сыйын ғана пайдаланды, яғни жеуге жарамды өсімдіктерді жинады, аң және балық аулаумен күнелтті. Сондықтан олардың тіршілік әрекеті табиғатқа айтарлықтай нұқсан келтірген жоқ. Біртіндеп неғұрлым жетілдірілген еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде адам табиғи ортаға белсендірек ықпал ете бастады. Ормандар кесіліп, мәдени дақылдар егілді, қуаңшылық аудандарда суландыру жүйесі тартылды. Кеме қатынасына жарамды болу үшін өзен арналары тереңдетілді және т.б.
Шаруашылықты ұйымдастыру барысында табиғатты қорғау, қалпына келтіру және табиғат байлығын мүмкіндігінше сақтау кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.
Жер шарындағы қазіргі экологиялық жағдай. Адамның табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануы, табиғи орта заңдылықтарын ескермеуі экологиялық зардаптарға әкеліп соқтыруда. Қазіргі кезде экологиялық зардаптар ғаламдық сипат алуда. Грек тілінен аударғанда үй, қоныс деген мағына беретін экология ұғымын алғаш рет 1866 жылы неміс ғалымы Э. Геккель енгізген.
Географиялық қабықтың біртұтастығына байланысты ортақ үйіміз - Жер ғаламшарының кез келген түкпіріндегі экологиялық зардаптар бүкіл Жер шары табиғатына кері әсерін тигізеді. Сондықтан табиғат қорғау шараларын жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде қатар ұйымдастырылып, жүргізу қажет.
Адам баласы өзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, өнеркәсіптің өркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің өртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріс көзқарастардың әсерінен табиғат талан-таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс-әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл казіргі кезде адамның өз тіршілігіне де зор қауіп төндіріп отыр.
Әрбір халықтың табиғатқа деген қарым-қатынасы, жанашырлық сезімі тарихи дәуірлерде қалыптасады. Қазақ халқы ұлан байтақ даланы ғасырлар бойы мал шаруашылығына дұрыс пайдалана білді. Әрбір түліктің өзіне тән өрісін де тандай біліп, жазда жайлауға, қыста қыстауға, т.б. орын ауыстырып тұруы табиғатқа деген қамқорлығының құнды көрінісі. Халқымыз кең байтақ жайылымдарды жыл мезгілдеріне сай дұрыс әрі тиімді пайдалана білген.
1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеру деген жаңсақ ұранмен миллиондаған гектар жайылымдар босқа жыртылды. Ондай жерлерде алдын ала ғылыми зерттеулер жүргізілмеді және әрбір аймақтың жергілікті табиғи жағдайлары ескерілмеді.
Ғалымдардың деректері бойынша Қазакстанда 180 млн га мал жайылымының 30 млн га алқабы мал тұяғынан тозаңы шықты, 50 млн га жер су тапшылығынан жарамсыз күйге ұшырады. Бірнеше жылдың ішінде еліміздің солтүстік аймақтарындағы шұрайлы жерлер эрозияға (желдің әсерінен) ұшырап, не егін егуге, не мал жайылымына жарамай қалды. Мұндай мысалдарды Жер шарының басқа аймақтарынан да келтіруге болады. БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, Жер шарындағы құрлықтың 30% алқабы қазіргі кезде техногендік әсерден шөлді аймаққа айналған. Бұл көрсеткіш жыл сайын 6 млн г-ға өсіп отырғаны да белгілі.
Өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жылына 100 млрд т-дан астам тау жыныстары қопарылады. Осы жер қойнауынан алынатын шикізаттың бар болғаны 10%-ы дайын заттар жасауға жұмсалады да, қалған 90%-ы жарамсыз қалдықтарға айналады.
Адамның ойланбай жасалған іс-әрекеттерінің әсерінен жануарлардың көптеген түрі жойылған. 1600 жылдан бастап қазіргі кезге дейін құстардың 162, сүтқоректілердің 100-ге жуық түрі біржола жойылып кеткен. Олардың көпшілігінің жойылуына тікелей адамдардың шектен тыс аулауы әсер еткен.
Кейде өсімдіктер мен жануарларды бір жерден екінші жерге алдын ала ойланбай жерсіндіру де пайдалы бола бермейді. Мысалы, Аустралия жерінде жабайы қояндардың көбейіп кетуі, кактустың қаптап өсуі ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіруде.
Қоршаған ортаның өнеркәсіп орындарынан, көліктерден, тұрмыстық өажетінен бөлінген улы газдардан ірі қалалардың ауасы ластануы кең өріс алуда.
Соңғы кезде ауаның радиоактивті заттармен көптеп ластануы адамзатты көбірек толғандырып отыр. 1986 жылы сәуір айында болған Чернобыль экологиялық апатынан табиғатқа орны толмас орасан зор нұқсан келді.
Арал теңізінің көлемі соңғы 40 жыл ішінде 60%-ға азайды. Балқаш көлінің көлемінің кемуі де жылдан-жылға айқын байқалуда.
Қазіргі кезде Қазакстанның көптеген өңірі экологиялық апатты аймақ деп аталады. Соның мысалына Семей полигонын атауға болады. Оның аумағы шамамен 18 мың км2 алқапты камтиды. Семей полигонында 1949 -- 1989 жыл аралығында 500-ге жуық жарылыс болып, сынақтар өткізілген. Осындай жойқын жарылыстардан Семей өңірінің табиғаты да, халқы да өте ауыр зардап шегуде. Мұндай әр түрлі деңгейде жүргізілген сынақтар мен арнайы жарылыстар Қазақстанның 34 жерінде жүргізілгені белгілі болып отыр.
Қазақстанда атом энергиясын халық игілігі үшін пайдалану мақсатында 1963 жылдан бастап Ақтау қаласында Каспий теңізінің суын тұщыландыру қондырғысы жұмыс істейді. Ол қондырғы "БН -- 350" деп аталады. Онда тәулігіне 120 -- 150 мың м3 теңіз суы тұщыландырылады.
Көрнекті ғалым В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша, адам қуатты геологиялық күшке айналып отыр. Ноосферадағы табиғат пен қоғам арасындағы өзара үйлесімділікті сақтау, биосфераны жасампаздықпен көркейту жер бетіндегі барлық адамдардың бірлесе отырып, жұмыла жұмыс атқаруын қажет етеді.

2. Табиғат пен адам қарым-қатынасының тарихы

Табиғатпен қоршаған ортаға алдымен XX ғасырдағы антропогендік әсер етуінің шамасы үлкен болды. Қалыпты биосфераның шегіне жақындап қалды, тіпті кейбір параметрі бойынша асып кетіп жатыр. Әрине, мұның көріністері әр түрлі.
- Бұзылмаған жер көлемінің күрт азайып кетуі, олардың тозуы, биологиялық түрлердің азаюы, биосфераның сандық және сапалық жағынан да кедейленуі.
- Тұщы су, топырақ гумусын, биомассасын және өсімдік өнімдерінің орнын толтыруға мұрша бермей бәрін алып, тұтынып жатыр.
- XX ғасыр орны толмайтын минералдық және отындық қорлардың тез азайып, сарқылуға жақындауы өз кезінде қиын экономикалық проблемаларды тудырып отыр.
- Құрамындағы заттар мен минералдар табиғат айналымына еш пайдаға аспайтын шаруашылықтағы қалдықтар ортаны ластайды, экожүйенің бұзылуына әкеп, адам денсаулығына қауіп төндіреді.
- Ортаны реттеп тұратын биосфераның қызметі ілсізденіп, экологиялық тепе теңдіктің бұзылуына әкеледі.
- Жердің геоэкологиялық тарихында өсімдік жабындысының құрғақтығында, құрлықтың ландшафт құрылымында, климат пен атмосфераның химиялық құрамында айтарықтай өзгерістер бұрындары болып тұрған

3. Аймақтық геоэкологиялық саясат стратегиясы (Жамбыл облысы мысалында)

Геоэкология ғылымында аймақтың эколого-географиялық орнына және табиғат компоненттерінің экологиялық әсерлері мен қасиеттеріне баға берү алғаш рет орыс ғалымдары Н.Н.Клюев (1) пен Н.Н.Родзевичтің (2) еңбектерімен тығыз байланысты болды. Қазақстан Республикасы мен оның жеке аймақтарына арналған геоэкологиялық зерттеулер кейін қазақстандық ғалымдар А.В.Чигаркин (3) мен А.В.Белыйдың (4) еңбектерінде орын алады. Осы ғалымдардың ұсынған ғылыми тұжырымдарны басшылыққа ала отырып, Жамбыл облысындағы қазіргі қалыптасып отырған экологиялық жағдайға, жергілікті жердің табиғаты мен адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне сараптама жасап көрелік.
Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстігінде 42-46 градус с.е. аралығында, солтүстіктен оңтүстікке 400 шақырымға созылып жатса, батыстан шығысқа қарай 69-75 градус ш.б. аралығында 500 шақырымға созылады. Жалпы жер көлемі 145,2 мың шаршы шақырым ауданды алып жатыр. Өлкенің солтүстігіндегі шекара Солтүстік Кавказ, Астрахань қаласы ендігімен өтсе, оңтүстіктегі шекарасы Стамбул, Дербент қалаларының ендігінде жатыр.
Жамбыл облысының алып жатқан ауданы, алыс шет елдердегі Португалия, Греция, Исландия сияқты мемлекеттердің аудандарынан артық. болса, таяу жатқан шет елдердердің ішінде Балтық маңындағы үш мемлекет пен Закавказьенің үш мемлекетінің ауданына пара пар келеді.
Эколого-географиялық орны. Жамбыл облысы Орталық Азияның дәл ортасында Евразия материгінің терең қойнауында, мухит-теңіздерден шалғайда (3000 шақырым қашықтықта), қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Осы жағдай, облыс климатының шұғыл континетальды болып қалыптасуына әсер етеді. Ал оның салдарын, облыстағы ауа температурасының жылдық және тәуліктік тербелісінің (амплитудасы) шұғыл өзгеріп, теңіз жағалауындағы елдермен салыстырғанда, салыстырмалы ылғалдық пен бұлттылықтың төмен, құрғақшылықты болып қалыптасуынан көреміз. Ол кезегімен территория мен жыл мезгілдерінің ішінде жауын-шашынның әркелкі түсүі мен шөл ландшафтысы дамуына ықпал жасап отыр. Табиғаттың осы қасиеттері Жамбыл облысындағы геосистемалардың антропогендік әрекеттерге төтеп бере алу қаблетінің төмен, табиғи шөлбасу мен аридтенүге бейім екендігін көрсетеді.
Жер бедерінің экологиялық жағдайға әсері. Өлке жер бедерінің 90% жазық, ал 10% таулы болып келеді. Облыстың оңтүстігіндегі әкімшілік облыстық шекара республиканың мемлекеттік шекарасымен тұспа түс келеді, ол табиғи шекара болатын-Қырғыз Алатауы (4000 м) жотасымен өтеді. Облыстың шығысында Шу-Іле таулары (Айтау, 1800м), оңтүстік батысында Қаратау (700-1600 м) солтүстіктен оңтүстікке бойлық бағытына жуық бағытта созылып жатыр. Осы таулардың тосқауылдық (барьерлік) функциясына назар аудармауға болмайды. Оның беткейлерінде атмосфералық жауын-шашын мөлшері мол түседі, себебі тау беткейлері ылғалды ауа массаларын ұстап қалады. Биіктікке байланысты ауа температурасның төмендеуі мен ылғалдың мол түсүінен Қырғыз Алатуының биік тау шыңдарында тұрақты қар жамылығысы мен таулы мұздықтар қалыптасқан. Осы мұздықтардан, өлкенің су қорын құрайтын, көптеген ірілі-кішілі өзендері басталады. Сондықтан өлкеміздегі биік тау жоталарын экологиялық жауапты табиғи аймақтар ретінде қарастырұға болады. Таулы табиғаттың экологиялық жағдайын шиеленістіретін қаситеттерінен - ылғалдың мол түсүінен беткейлерде эрозиялық шайылу процессінің қарқынды жүрүін, су тасқындары мен селдің жиі байқалатынын атау қажет. Сонымен қатар, тау жоталары түгелдей дерлік Солтүстік Тянь-Шаньның сейсмикалық қауіпті (Рихтер шкаласы бойынша 4-6 балды) аймағында орналасқан (5).
Мунда Талас, Жамбыл, Меркі, Бішкек жер сілкініс ошақтары анықталған. Жер сілкіністің тек табиғи экологиялық зіл-зала ғана емес, әлеуметтік- экономикалық жағдайды шиеленістіретін жағдай екендігін 2003 жылдың мамыр айында болған Т.Рысқұлов ауданындағы жер сілкініс дәлелдеді. Осы жағдайлар таулы жер бедерінің жағымды оң экологиялық әсерлері мен бірге теріс әсерлерінің бар екендігін дәлелдейді. Тау жоталарында жаңа тектоникалық (неотектоника) қозғалыстар әліде жалғасуда, таулар қайта көтерілуде.
Жамбыл облысының солтүстік, солтүстік- батыс және солтүстік- шығыс шекаралары ашық, табиғи тосқауыл болатын таулары жоқ. Солтустігіндегі сәл көтеріңкі Бетпақдала (300-450 м) сазды шөлі оңтүстікке біртіндеп аласа Мойынқұм қумды шөліне (200-300 м) ұласады. Облыстың осы орталығындағы жазық бөлігін кейде аккумулятивті төмен түскен, Шу-Талас бассейні деп те атайды (6).
Облыс жерінің солтүстігінде тосқауылсыз жазықты ашық жатуының экологиялық салдарын, арктикалық суық континентальды және Сібір антициклонының құрғақ суық ауа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет - адамзаттың даму кезеңінде пайда болатын тарихи құбылыс
Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері
Корей Республикасы
Корея Республикасы
Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас
Құндылықтардың жіктелуі
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары
Әлеуметтену - жеке адамның даралық ретінде қалыптасуы
Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі мақсаты
Нидерланды еліне экономикалық сипатама
Пәндер