Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас



Жоспары

Кіріспе
1. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас және өмір сүру сапасы
2. Адам мен табиғат қарым-қатынасының қалыптасуы
3. Аймақтық геоэкологиялық саясат стратегиясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақ халқының асыл мұраларының бірі - табиғатқа деген аса бір сүйіспеншілігі мен асқан адамгершілік қасиеті болады. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз, туған жер, өскен ел, атамекен, аяулы өлке, ауылым деген тұла бойыңа нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен тепе - тең. Халық табиғаттың өзі қасиетті жерлер деп көздің қарашығындай сақтаған.
Қазақ халқы табиғаттың тынысын жүрегімен тани білген. Адамның табиғатқа тұтынушылығына көзқарасы, оған сарқылмас байлық деп қарауы табиғи тепе - теңдіктің бұзылуына жол берді. Мұның келеңсіз әсері күшейіп, адамзат экологиялық мәселелерді шешуді белсенді түрде қолға алды. Жер бетін қамтыған экологиялық дағдарыстар мен экологиялық апаттар және оған туындалған экологиялық зардаптарға байланысты экология ғылымынының қажеттілігі айқын анықталды.
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басталған шағында адамзат қоғамының даму мәселесі адам мен табиғаттағы қарым қатынастың дұрыс жүргізілмеуінің арқасында мүлдем шиеленісіп кетті. Осы жағдайды саналы адамзаттың барлығы түсіну қажеттігін әрбір адамзаттың өмір сүру барысында табиғат пен табиғат қорларын пайдалану үрдісінде оны таза, мол қазыналы көркем қалпында мәңгілікке сақтау ешбір кезек күттірмейтін мәселе екенін мемлекет деңгейінде түсінудің қажеттігін Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің бүкіл халыққа жолдауында бірнеше рет айтып өтті.
Қазіргі Семей полигоны, Арал қасіреті, Байқоңыр ғарыш аймағында және т.б. жерлердегі экологиялық апаттар орын алуда. Табиғат адам қоғам өндіріс арасындағы ара қатынас табиғатын сақтауға бағытталған адамдардың қызметі бірлікте болуы тиіс.

1. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас және өмір сүру сапасы
Адам мен табиғат қарымқатынасы(Взаимоотношения человека и природы) -- антропогендік факторлардың табиғатқа және табиғи факторлардың адамның денсаулығы мен шаруашылығына кешенді әсер-ықпалы. Тарихи процесте бастапқыда табиғаттың адамзатқа әсерінің бәсеңдеуі және оның ортаға әсерінің күшеюі байқалатып, бірақ кейін, әсіресе біздің заманымызда әсер-ықпал күштері теңескендей болып табиғаттың кез келген өзгерісі адамдар мен олардың шаруашылығына шектеулі, аймақтық және ғаламдық ауқымда күшті ықпал жасайтын болады.[1]
Адам мен табиғат қарымқатынасының эволюциясы (Эволюция взаимоотношений человека и природы; лат. evolutio -- өрістету, күшейту) -- өнімділігі (ең алдымен өндіргіштігі) және динамикалық сапалары бойынша өзгеріп тұратын, қоғамның өндіргіш күштері мен экологиялық жүйелер (биосферадан биогеоценоздарға дейінгі) арасындағы тарихи өзара байланыс. [1]
Тәрбиенің негізі-табиғат, ал адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы деп айтады. Қоғамның дамуы да табиғатпен тығыз байланысты. Қоғам дамуына себепші адам. Адам мен табиғат арасында жақындық болмай, даму немесе болашақ болмайды. Табиғаттың берері бізге көп. Адам баласын дүниеге келтіріп бар махаббатын мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан табиғат ол аяулы Ана! Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
Адам баласы дүниеге келгенде өлмейтiн табиғи күштердiң жиынтығын бойына жинақтап туады деп есептейдi П.Иванов. Алайда, бiрте-бiрте көптеген факторлардың әсерiнен ол табиғаттан алшақтап, шын мәнiндегi құдiрет қасиетiн жоғалтады. Баланың табиғи күшiн шашып-төкпеуiне көмектесу, табиғат берген қабiлетiн шыңдау - мiне, тәрбиешiнiң, әсiресе, ата-ананың ұлы миссиясы осы.
Табиғат ананың тек өзi ғана жер бетiнде адамсыз жайқалып тұра беруi әбден мүмкiн, ал адам ше? Адамның табиғаттан тысқары өмiр сүруi мүмкiн емес екенiн әрбiр кiшкентай бала да түсiнетiн сияқты. Дегенмен құдiретi күштi Алла тағала адам мен табиғатты тығыз байланыстырған. Экологиялық бiлiм мен тәрбие берудi жеке адамды қалыптастырудың басқа салаларынан, бәрiнен бұрын қоғамдық-саяси салаларынан бөлiп алмау керек. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы көп жағдайда дүниетанымдық мәселе болып табылады.

Адамның рухани қалыптасуында оның ерте балалық шақтан табиғатты бақылап, табиғатпен етене араласып, оны аялап, оған жәрдемдесiп, қамқорлық көрсетудiң маңызы зор. Табиғатқа деген iзгiлiк сезiм адамның барлық кейiнгi өмiрiне де игi әсерiн тигiзедi. Табиғаттың жеке бас қасиетiн дамытудағы рөлi мейiрбандыққа тәрбиелеуде көрiнiс табады, оны табиғат анаға қатiгездiк әркеттерден сақтандырады.
Мiне, бiлiм жолындағы жас жеткiншектi тек бiлiм нәрiмен ғана сусындатып қоймай, ол өзi тiршiлiк ететiн ортаның мәнiнiң қаншалықты зор екенiн түсiндiруде осы жағдайларды қатаң бақылауға ала отырсақ әрине iс нәтижелi болары сөзсiз. Оқушы ұғымтал, әрi зерек болса, ол табиғаттың адамға қаншалықты пайдалы әрi маңызды екенiн тез түсiнедi.
Өзi табиғатпен үйлесiмдi бiрлiктi сақтамайтын адам бойында жарасымды қасиет те болмайды. Үйлесiмдi адам деген түсiнiкке, әрине, адамның туған табиғатпен жарасымдылық табуы туралы ұғым жатқызылады. Бұл үйлесiмдiлiк оның табиғатпен етене араласуына, шынайы қарым-қатынасына қарамастан туа бiткен қасиет емес. Ол қасиет тәрбиелеу арқылы қалыптасады. Табиғат үйлесiмдiлiгi мен сұлулығын тану адамның өз-өзiмен, өзге адамдармен толық келiсiм табуына жәрдемдеседi.
Қазіргі кездегі шаруашылық іс-әрекеттердің қоршаған ортамен қарым - қатынасының күрделене түсуі, атмосфераның , құрлық , су экожүйелерінің беткі қабаттарының , олардың сипаттарының өзгеріске ұшырауы, энтермиялық қаруланудың күшеюі, өндірісте қажетті материалдардың шамадан тыс өндірілуіне байланасты көптеген заттардың қалдық түрінде қоршаған ортаға бөлініп шығуы, яғни қатты, сұйық және газ тәріздес қалдық заттардың мөлшерінің жоғарылап кетуі және басқа да айтулы факторлардың әсер ықпалына тікелей байланысты. Бұл аталған проблемалардың негізі адамзаттың шаруашылық іс-әрекеттер кезінде, табиғи ресурстарды үнемі пайдалану қажеттіліктерінен туындап отыр.
Тәрбиенің негізі-табиғат, ал адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы деп айтады. Қоғамның дамуы да табиғатпен тығыз байланысты. Қоғам дамуына себепші адам. Адам мен табиғат арасында жақындық болмай, даму немесе болашақ болмайды. Табиғаттың берері бізге көп. Адам баласын дүниеге келтіріп бар махаббатын мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан табиғат ол аяулы Ана! Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
Табиғат адам денсаулығының сақшысы жанға дауа шипагері.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар -- осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда Жер-Ана дегенегіз ұғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. Жер шоқтығы - Көкшетау, Жер жаннаты - Жетісу деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
Су ішкен құдығыңа түкірме
Бұлақ көрсең, көзін аш
деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып су алуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.

2. Адам мен табиғат қарым-қатынасының қалыптасуы

Адам мен табиғат қарым-қатынасы екі түрде қалыптасыпты. Алғашқысы бір-бірімен үндестік, адамның табиғатқа өз асыраушысы, өз қамқоршысы ретінде қарау болса, екіншісі тек ала беру, жұла беру.
Зерттеу, зерделеу үндестіктің Африка тайпалары мен Азия елдерінде, ежелгі мәдениеттік тамыры барлар, өз тамырларынын нәрленетіндер арасында көбірек екенін байқатады. Екінші түрі ала беру - Америка, Европа құрлықтарына ауып барғандар, не сол секілді елдер мен халықтарға тән қылықтар секілді...
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары депа талады.
Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдары мен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайдаболатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.
Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.
Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.
Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің түтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғытүннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.
Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.
Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды.
Күннің тұтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.
Адам мен табиғат қарым қатынасы -- антропогендік факторлардың табиғатқа және табиғи факторлардың адамның денсаулығы мен шаруашылығына кешенді әсер-ықпалы. Тарихи процесте бастапқыда табиғаттың адамзатқа әсерінің бәсеңдеуі және оның ортаға әсерінің күшеюі байқалатын, бірақ кейін, әсіресе біздің заманымызда әсер-ықпал күштері теңескендей болып табиғаттың кез келген өзгерісі адамдар мен олардың шаруашылығына шектеулі, аймақтық және ғаламдық ауқымда күшті ықпал жасайтын болады.

3. Аймақтық геоэкологиялық саясат стратегиясы

Геоэкологияның өзекті мәселесі қоғамның табиғатпен өзара байланысын уақытты кеңістіктік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие
Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері туралы
Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Дүниені ғылым жолымен тану
Экологиялық тәрбие жүргізу және оның мәні
Мектепке дейінгі ұйымдағы балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Пәндер