Торғай өзені алабының гидрографиялық ерекшеліктері
Жоспары:
Кіріспе
1. Торғай өзені алабының гидрографиялық ерекшеліктері
2. Тобыл- Торғай су бассейні
3. Тобыл өзені алабының ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Басейн ауданында ұзындығы 10км ден асатын шамамен 350 жуық суағар бар. Оның жартысына жуығының ұзындығы 20км ден аз. 100км-ден асатын өзендер саны 21, ал ұзындығы 500км-ден асатын екі өзен бар. Олар Тобыл мен Торғай. Сонымен қоса бассейн аумағында 5000 жуық көлдер бар. Олар барлық ауданның екі пайызын алады. Көлдердің 80% ауданы 1км2 ден кем. Солтүстік бөліктегі көлдердің 20% мен оңтүстіктегі көлдердің 60% тұзды суға жатады. Ең ірі көлдері: Ақсуат, Қойбағар, Құшмұрын, Сарымойын, Сарықопа, Теңіз. Аудандары 70,1 ден 465 км2 дейін жетеді. Жазғы маусымда тұщы өзендер өсімдік жамылғысымен жабылады, ал тұзды өзендер өсімдіктерсіз қалады.
Тобыл өзені Карск теңізі алабына жатады, бастауын оңтүстік Орал тауларынан алады. Ертіс өзенінің сол жақ жағалауына Тобыл қаласының маңында құяды. Өзен ұзындығы 1591км , ауданы 395000км2. Қазақстан жерінен ағып өтетін өзен бөлігінің ұзындығы 682 км, су жинау алабы 121000км2 . Негізгі құятын өзендері: Қараталы, Аят, Аршалы, Обаған және т.б.
Обаған өзені бастауын Қостанай облысындағы Көктал тұщы көлінен алады. Тобылдың ең ірі Саласы болып табылады және Қостанай облысының солтүстік бөлігінде орналасқан.
Тобыл-Торғай су айдында өзендер торы нашар дамыған. Мұнда ірілі-ұсақты Тюнтюгур, Наурызым-Қарасу өзендері бар. Тобыл-Обаған су айдында айтарлықтай суағарлар жоққа тән және тұщы су көздері болып табылатын кішгірім көлдер өте көп.
Тобыл бассейн өзендерінің негізгі қоректену көздері қар суы, жер асты және жаңбыр сулары болып табылады. Бұл өзендердің жылдық ағынының 75 - 98% көктем мезгіліне сәйкес келеді. Бассейннің жазық бөлігінде өте аз ағынды мөлшері мен өзендердің жиі тартылып қалуы байқалады. [1]

Қарастырылып отырған аудан Шалқар-Теңіз шұңғымасының алабында орналасқан. Бұл аумақта Қазақстан Республикасының төрт облысының (Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Қарағанды) әкімшілік аудандары орналасқан. Бұл аудан анық сипатталған ылғал тапшылығымен ерекшеленеді. Табиғи жағдайы, қосымша суармалау жүргізсе ауыл шаруашылығында үлкен жетістіктерге жеткізеді. Бұл жерде айта кететін жағдай, бұл аудан осы кезге дейін гидрологиялық тұрғыдан аз зерттелген аумаққа жатады. Бұл көптеген бекеттердегі бақылау қатарының қысқа болуына және олардың кеңістік бойынша орналасуына байланысты. Осы ауданға қатысты шыққан беттік сулар ағындының ресурстары туралы анықтаманың шыққанына 35 жыл өткенін есепке алсақ, оның үстіне климаттың жылынуына, антропогендік жүктеменің күшейгеніне байланысты бұл аумақтың гидрологиялық сипаттамаларын, жылдық ағынды үлестірімін қайтадан бағалаудың қажеттілігі жөнінде мәселе туындайды.
Торғай өзені алабы сумен аз қамтылған аудандар қатарына жатады. Беткі ағынды негізінен еріген қар суынан қалыптасады. Жаңбыр суы көктем кезінде еріген қар суына тек аз ғана үлесін қосады. Жазда ауаның ылғал тапшылығы мен топырақтың құрғақшылығы өте үлкен болады, сондықтан жаңбыр суы тек топырақ бетін ылғалдандыру мен булануға жұмсалады және де беттік ағынды қалыптастыруға мүлдем қатыспайды. Аумақтың өзендері үшін жер асты суларының қоректендіруі үлкен емес, және суағарлар үшін тіптен жоқ деуге болады. [1]
Беттік ағынды қалыптастыруда қар суының рөлі бұл ауданда өте үлкен болғандықтан көктемгі су тасу едәуір білінеді.
Құрғақ континентальді ауа-райы мен тегіс жазықтық рельеф өзендері ерекше, қазақстандық өзендер типіне жатады, және ол келесідей көріністе болады:
1) орташа ағынды қабатының кіші мәнділігі (5-15 мм);
2) жылдық су өтімдері мәндерінің құбылмалылығы; ең үлкен орташа жылдық су өтімдері көпжылдық орташа су өтімдерінен 10-12 есе артық болады;
3) көктемгі су тасу күрт басталады және толқыны өте үлкен болады. Су тасудың ең жоғарғы су өтімі тіпті ірі өзендердің өзінде көпжылдық орташа су өтімінен 300-400 есе артық болады;
4) жылдық ағынды үлестірімінің суы орташа жылдыры, әсіресе суы мол жылдары барынша әркелкілігімен сипатталады. Суы мол жылдары су тасудың үлесіне ағынсудың су жинау алабының өлшеміне қарай жылдық ағынды көлемінің жуықтап 90-100 %, ал негізгі декадаға 80-85 % сәйкес келеді. Өте аз ең аз су өтімдерімен және алаптың далалық бөлігінде барлық өзендердің құрғап кетуімен сипатталады.
Тұйық өзен алаптары үшін көпжылдық орташа ағынды көлемі алапқа түскен жауын-шашын мөлшеріне және жамылғы бетінен булануға тәуелді.
Қарастырылып отырған аумаққа түсетін қалыпты жауын-шашын мөлшері аз және оңтүстікте 175 мм-ден солтүстіктте 300-350 мм-ге дейін. Жауын-шашаын мөлшерінің жуықтап 70-80 % жылдың жылы кезеңінде түседі және булануға шығындалады. Жауын-шашын мөлшерінің шамасына және оның аумақ бойынша үлестіріміне жергілікті жердің жер бедері және оның тілімделгенділігі үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, Ұлытау ауданының тұсында жиынтық жылдық жауын-шашын мөлшерінің әрбір 100 м-ге орташа градиенті шамамен 30-40 мм. Жер бедерінің тілміделгенділігінің әсіресе қысқы жауын-шашынның таралуына тигізетін әсері үлкен. Сайлар мен жыралардағы қардағы су қорының үлесі ашық далаға қарағанда үш есе үлкен. [2]
Су жинау алабының бетінен болатын булану жуықтап 95-98 % құрайды.
Жер бедерінің жазық ойпатты болып келуі беткі ағындылардың көптеген көлдер мен ойыстарда жинақталып қалуына жағдай туғызады. Олардың бетінен болатын булану құрлықтан болатын буланудан 2,5-3,0 есе арты болады. Ағындының айтарлықтай шығыны тек су жинау алабының бетінен жүрмейді, сондай-ақ өзен арнасының жайылмасы үлкен болғандықтан, олардың су айдыны да үлкен болады, осының салдарынан булануға кететін шығын мол болады.
Қарастырылып отырған аумақты ағындының абсолюттік шамасы алапқа түскен жауын-шашын мен алаптан болатын буланумен салыстырғанда аса мардымсыз, осы элементтердің әрқайсысын анықтау қателігінің шегінде жатыр. Жауын-шашын мен буланудың зоналдық өзгерісі жергілікті жер бедерінің биіктігіне, жер бедерінің сипатына, топырақ-грунтқа тәуелді болғандықтан ағындыда осы жергілікті факторларға жанама түрде тәуелді болады.
Су теңдестігінің сипаты бойынша қарастырылып отырған аумақ өзендерінің алаптары үш зонамен сипатталады: ағынды қалыптасу зонасы, ағындының транзиттік зонасы және ағындының шығындалу зонасы. Бұл өзендерге салыстырмалы кішкентай кеңістіктің шегінде тұйықталу тән. Мұндай ағынсулар өздерінің суларын тұйық көлдерге апарып құяды. Мысалы Торғай, Улы-Жыланшық, Қауылжар өзендері өздерінің жолында кездесетін көлдерге құяды, немесе қатты шығындалатыны соншалықты су қоймаларына жетпей құрғап кетеді. [3]
Су жинау алаптары айтарлықтай үлкен өзендер дала аудандарының шегінде жекелеген оқшау кіші және орташа өзендерден құралады. Бұл өзендердің алаптары тұйық болып келеді, ағындылары жазда булануға шығындалады да өте сирек болатын суы мол жылдары ғана ағын негізгі өзендерге барып жетеді.
Су жинау алабы тұйық өзендерде ағынды олардың ұзына бойымен төмендейді. Ағындының абсолюттік шамасы фильтрация және булану салдарынан қатты азаяды. Қарастырылып отырған аумақтың тағы да бір ерекшелігі көктемгі су тасу кезінде өзендердің ортаңғы және төменгі бөліктерінде фильтрация қатты жүреді. Әсіресе өзен арнасы әктастарды кесіп өтетін жерлерде фильтрацияға кететін шығын үлкен болады. Торғай, Ырғыз, Байқоңыр, Жыланшық өзендерінің төменгі ағысында өзен арнасынан фильтрация айтарлықтай мол болады. Тәжірибе мынаны көрсетеді: жекелеген жылдары арнадан болатын шығын жоғарғы тұстамадағы көктемгі ағынды көлемінің 50 % тіпті одан да көп құрайды. Жерге сіңген су жер асты суларын толтыруда үлкен рөл атқарады. Сонымен, ағынды модулінің өзеннің ұзына бойымен төмендеуі жер бедерінің өзгеруімен және су жинау алабының геологиялық құрылымымен тығыз байланысты.
Жылдық ағындыны айқындайтын негізгі факторларға мыналар жатады:
1) қар ерудің алдындағы қардағы су қоры және олардың су жинау алабы бойынша таралуы;
2) су тасу кезінде алап бетіне түсетін сұйық жауын-шашын;
3) қар ерудің алдындағы топырақтың ылғалдану дәрежесі және оның қату тереңдігі;
4) қардың еру қарқындылығы.
Қардағы су қоры өзендерді қоректендіретін негізгі су көзі болып табылады. Бірақ, осыған қарамастан қардағы су қоры мен көктемгі су тасу кезіндегі ағынды көлемінің арасында бірмәнді байланыс жоқ, мұны көктемгі ағындыға басқа да факторлардың айтарлықтай әсерін тигізетіндігімен және қар жамылғысы жөніндегі деректердің дәлдігінің төмендігімен түсіндіруге болады.
Су тасу кезінде алапқа жауған жаңбыр қарастырылып отырған аумақта көктемгі ағындының қалыптасуында қосалқы маңызға ие. Олар орта есеппен алғанда қардағы су қоры шамасының 5-10 %, тек жекелеген жылдары ғана 20-30 % құрайды. [2]
Торғай алабының өзендері жалпы табиғи сипаттарымен қатар, жекелеген жергілікті ерекшеліктерімен сипатталады. Ол ерекшеліктері өзендерің су режимінен айқын байқалады. Сонымен, барлық өзендер қардағы су қорымен қоректенеді. Қардағы су қоры су режимінің негізгі фазасы - көктемгі су тасуды қалыптастырады. Су тасудың биіктігі, көлемі және ұзақтығы солтүстіктен оңтүстікке қарай қардағы су қорының азаюына қарай азаяды.
Торғай үстіртінің ағынсуларында жазғы су тасқыны мүлдем байқалмайды деуге болады.
Қысқы кезеңде орташа және кіші өзендер түбіне дейін қатып қалады. Немесе өзен арналары құрғап кетеді, өйткені жылдың басым бөлігінде, қысқы уақытта жүріп өтетін су тасудан кейін терең иірімдерден басқа арнаның басқа бөліктерінде су қалмайды.
Көктемгі су тасу өзенді мұз құрсап жатқан кезден бастап басталады. Орта есеппен ол сәуірдің бірінші декадасында басталады, ал кейбір ірі өзендерде осы айдың екінші декадасында басталады. Басқа жылдары су тасудың басталу датасы наурыздың ортасынан сәуірдің аяғына дейін байқала береді.
Су тасудың ұзақтығы су жинау алабының ауданына тәуелді. Кіші өзендерде (су жинау алабының ауданы 500-3000 км2) су тасу орта есеппен 20-30 күн жалғасады, ал орташа өзендерде (су жинау алабының ауданы 3000-30000 км2) - 30 күннен 50 күнге дейін созылады, ал үлкен өзендерде 50-75 күн созылады. Су тасудың көтерілу және қайту ұзақтығының қатынасы қарастырылып отырған аумақта 1:2-1:4 құрайды. [2]
Су тасу формасы орташа және ірі өзендердің басым бөлігінде біршыңды, тік болып келеді, ал кіші өзендерде ағынды жүргісінің тәулік іші өзгерісі байқалады, су тасу кезінде олар толқын-толқын түрінде өтеді. Кейбір жылдары қар аз түскенде немесе күзде алапқа жауын-шашын аз түскенде Торғай өзені алабының өзендерінде көктемгі су тасу болмай қалады.
Торғай өзені алабында көктемгі су тасу кезінде ең жоғарғы су деңгейі айтарлықтай шамаға жетеді. Су тасу толқының биіктігі жылдың сулылығына, су жинау алабының ауданына, арнаның және жайлманың сипатына, жағалаудың құрылымына байланысты айтарлықтай шамада өзгереді. Суы мол, суы орташа және суы аз жылдардағы өзендердегі су тасу кезіндегі су деңгейі шыңының су тасыр алдындағы су деңгейінен асып түсу шамасы төменде келтірілген кестеде келтірілді. Ең жоғаы су тасу деңгейі 9-12 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz