Экологияның ғаламдық мәселелері


Кіріспе

Қазіргі эпоха және экологияның ғаламдық мәселелері қазіргі таңда көптеген адамдардың қызығушылығын тудырып отыр. Өмір ортасындағы маңызды, адамзат алдындағы, бірінші санаттағы белгі болып экология, табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану мәселелері. Біздің республикамызда табиғат қоршаған ортаны қорғау саяси, экономикалық және мемлекеттің әлеуметтік тапсырмасының маңыздылығына жатқызылған. Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген: “Мемлекет өзінің мақсатын адам денсаулығын және өміге қолайлы, қоршаған ортаны қорғау қойылған”.

Қоғамдық және адам өмірінің мәдениеті, экономиканың әртүрлі жақтарының бір түйінін байлайды және өз алдына Адам және Табиғат қатынасындағы орталығы болып келеді.

Басқада қоғам өмірі талабымен және әлеуметтік, экономикалық байланысты, жаңа мәдениеттеу ұғымын табиғатқа қатысты процессі ұзақ, Бірақта жаңа өсіп келе жатқан ұрпаққа және республикамыздың барлық азаматтарына жаңа әлемдітүсіну, мінез - құлық жағайын және жаңа түсінікпен табиғат алдындағы жауаптылық оңай емес.

Өсіп келе жатқан жаңа ұрпаққа әлемді көруге тән, жаңа гендер, сол бойынша адамды анықтау, мекетептің осы тапсырманы орындауда ерекше ролі бар.

“Образ және жеке мәдениет келбетін құрастыру, өзін мәдениетке баулу” - бұл тапсырма, мәдениет білімі ортасы процессін, адам шешеді деп есептеген - В. М. Межуев. Өз кезегінде, гуманитаризм және гуманизм байланысын, мәдениетті жасайтын функция пайда болғанда, мәдениетті игергенде, мәдениеттің өсу қарқыны адамдардың ынта - жегерінің даму орталығының ролі. [1]

Экологиялық мәдениет ұғымы

Білімде жеке экология мәдениетін қамтамасыз ету және экология мәдениет әлемін сақтап қалу, мәдениетті құндап дамыту және жаңарту, сақтап қалу. Осыған байланысты 1993 ж Ф. Майром ЮНЕСКО басшылығымен талданған жүргізуші халықаралық жобаның “Әлем мәдениеті” бағдарламасы болды (UNESKO and a cuIture of peace Promoting a GiobaI Movement), мұнда негізгі буын болып “Экологиялық мәдениет” бағдарламасы табылады.

Адамзатта ең өзекті мәселе болып жаңа қоғам өмірін ұйымдастыру және бір тұтас білім принциптері блып табылады. В. И. Вернадский былай деп айтқан планетада адамзатты сақтап қалу ноосфера бүтіндігін жалпы тапсырманы құрастыру негізінде сақтап қалу мүмкүн деген. Бұл үшін: үшінші мыңжылдықта адам алдында тұрған. жаңадан ойлау, жаңа саясат, жаңа мәдениет, сонымен қатар білім, сәйкес деңгейіне қарай бірңғай тапсырмалар қажет.

Жеке экологиялық мәдениет биосфераның ноосфераға ауысу процесінде ғана құрылмайды, және ол мынандай ауысуға қатысады. “ Адам мәдениетінің қуаты, - В. И. Вернадский былай деп жазған, - сол биохимиялық қуат қалыпы, қазіргі кезде ноосфераны жасайды. Жаңа мораль, мінез - құлыққа тәрбиелеу және қоғамды қайта құру және адамзаттан үлкен күшті талап етеді, бұл қыин және ауыртпалы процесс болады.

Адамдардың өмірі табиғаттың қолдауына байланысты (су, ауа, күннің көзінің қуаты, тағам және т. б. қажеттіліктер) және денсаулық, ал табиғат факторлары, қоғам тұтұнушылары құндылығына экологиялық мәдениет құндылығы жүйесіндегі ұнамды салт болуы керек. Бұдан басқа В. И. Вернадскидің нақты лебізі “жаңа күштің келісуі өзімен өзі дұысталады және адамның өмірқызметінің бір көзі шындығында өмірдің әртүрлі формасы болып есептелінеді”.

Экологиялық мәдениет ресурстағы бар табиғат мүмкүншілігі талаптарын өлшеу мүмкүншілігімен қалыптастырады, қоршаған орта мүмкүншілігі, яғни жеке тұтұнушылық жүйелі экологиялық негіздеуді қажет етеді. Жеке мәдениеттің ең бір маңызды белгісі болып ғылыми және этикалық негіздеу нормативі болып табылады, және, керісінше, тіртіпсіздік мәдениетсіздіктің белгісі болып табылады. “Фетишизм дүние - мүлкі - қазіргі заман қоғамындағы тұтынушылар беталысы (тенденциясын) өтте алаңдатады деп көрсеткен Н. Н. Моисеев. Және жыйнақтауға онша ынта жоқ, үнемдеуге ие болу ынтасы көп”. [1]

Қазіргі заманда жеке экология мәдениетін түсіну, бөлек адамның құндылығын мойындайтын, оның білімге құқығы, бақытқа және адамның бастапқы құқығы - таза табиғат ортасында мәнсіз (мағынасыз) өмірсүру мүмкүндігін көрсету. Адам - табиғаттың бір бөлігі, барлық табиғатқа қарсы істелген істер адам табиғатына әсер етуіде мүмкүн және оның психикасына, ойлау қабілетіне, әлеуметтік белсенділігіне ықпал етуі мүмкүн. Э. В. Гирусова және Е. Д. Никитина былай деген “экологиялық мәдениет - бұл біздің ішіміздегі ноосфераның пайда болуы”. экологиялық мәдениетті ұйымдастыру барлық адам өміріндегі ғылыми білімге ықпалы, тәрбиесі, өмірлік тәжірбиесі, өнер, ұзақ мерзімде процесс ретінде қаралады. Осыған байланысты білім стратегиясын өзгерту қажет, бағалы және орнату қызметі; мазмұнына байланысты: жаңа педагогикалық технология құндылығын пайдалану және құру. Біз былай деп есептейміз, ғылым жүйесі және этикалы императорында негізделген, талапта, ойла, концепциялар, парадигмалар, ұйымдастырады, бағдарлайды және биосферада, социосферада, адамдар Космосы қызметінде табиғаттықорғау және табиғаттыжыйнақтауда жеке ойлау және қоғамдық массаны мобилизациялау. Осының барлығы эклогиялық мәдениеттің дамуын анықтайды, жалпы білім жүйесіндегі жаңа бағдар, негізінен жалпыбілім беру жүйесі тұлғаның дамуы, белгілі ішкі бостандыққа ие, істеріне, сөзіне, ойларына байланысты болып келмейді; тұлға, өзінің қарым - қатынасын экологиялық мәдениеттен шығып, табиғатпен және қоршаған ортамен құрастырады. [2]

Білімді экологияландыру барлық білім жүйесіндегі органикалық және басымдылық бөлімі ретінде қаралады, стартегиялық мақсатты анықтау және жүргізуші бағыттар, оған жаңа құндылық беру, тек қана табиғатта ғана жаңа қарым - қатынас құрастырмайды, сонымен қатар қоғамға, адамдарға. Қолайлы жағдайлардың пайда болуына әрбір адамның құқығын қамтамасыз ету және қоршаған табиғат ортасындағы дағдарысты жоюға мүмкіндігі бар, қоғамды құрастыру шешімдері.

Экологиялық мәдениет, жалпыадамзад мәдениетіндегі құрамдас бөлігі болып келеді, адам арасындағы құнды қарым - қатынас көлемі және әлеуметті табиғат ортасындағы процесстің пайда болуы және материалдық және рухнаи құндылықты және мінезін анықтайды, бағалы бағыт жүйесі пайда болады және қоғамның жауаптылық сатысы және тұрақты биосферадағы жеке адамды сақтау, эколгиялық іс - әрекетті дәлелдеу және адамзат қызметінің шешімінде және барлық түрлерде игеріледі, табиғатты қорғау және танумен байланысты. Барлық танымдық қызмет кезеңдерінде экологиялық мәдениетті құрастыру келе - келе болады, басқа бөлек жалпыбілімберу пәндерінде оқытылады. Үзілізсіз экологиялық білім жүйесіндегі, мектептегі барлық қыту - тәрбие поцессі мазмұнындағы, оқыту пәндері және интнгралды курс экологиялық мәдениетке және оқытушыға бағыт болып, беріп тұрған пәнінің мағынасын түсінуге көмектесу. [2]

Экологиялық мәдениет барлық оқушылардың ойларында құрастырылуы керек, оны құрастыруға мектепке үлкен жауаптылық жатады. Экологиялық мәдениет негіз саласына жаратылыстану білімі жатады, бұл оқушылардың білім жүйесіне, қазіргі заманғы адекваттық ғылыми әлем суретін құрастыру; экологиялық ойлау, әлемдітану, бағалы жобалар, экология заңын түсүнуге көмек көрсету мүмкүндігі, тәжірбиелі қызметтер, табиғаттыпайдалану.

Қарастырылғын мәселені сарпатау бойынша оқушылардың жаратылыстану білімінде экологиялық мәдениетті оқыту жетіспейтіндігі анықталды.

Экологиялық мәдениет- жалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі; адамзатгың өмірі мен болашақтағы дамуында экологиялық проблемалардың өзекті маңыздылығын баршаның тереңінен кәміл ұғынушылығымен сипатталады. Қоршаған ортаға немқұрайдылықпен қараудың күйінішті тәжірибесі, химиялық ластанудан, шудан, дірілдерден, электрмагниттік соулеленуден, радиациядан және т. б. болған ауруларды зерделеу экологиялық мәдениет және санитариялық мәдениет ұғымдарын біріктіре ұғыну қажет екенін түсінуге себеп болды. Жалпы мәдениеттің бұл маңызды құрамдас бөлімдері өзара тығыз байланысты, сондықтан адамның атмосфера ауасына, табиғи суларға, жердің топырақ жамылғысына, өсімдіктер мен жануарларға қатысты шаруашылық және тұрмыстық қарекетінің санитариялық- экологиялық тұрғыдан мақсатқа сай болуын талап етеді. [1]

Табиғи және әлеуметтік өзгерістердің көп болуы және олардың жаһандануы адамзатты оның ары қарай тіршілік ету мүмкіндігі туралы ойландырмай қоймайды. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған міндет экологиялық мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу.

Бүгінгі күні экологиялық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі болып қоғамның экологиялық мәдениетінің төмендігі табылады деп сеніммен айтуға болады.

Қазіргі кездегі экологиялық жағдай қоғамның, адамның өмір сүру ортасына деген қарым - қатынасына басқаша қарауға мәжбүр етті. Экологиялық мәселелер адамдардың табиғи ортаға деген рационалды емес қарым - қатынасының салдары ретінде пайда болды. Ендігі кезде экологиялық апаттан қалай құтылу немесе оны бастан өткізу туралы емес, оның техногендік және экологиялық - мәдени салдарын қалай жеңілдетуге болады деген сұрақ туындайды.

Мәдениет өзінің даму барысында белгілі бір мағынада өзі мәселелерді туғызды және сол мәселелерді шешу үшін біз қазір мәдениетке жүгінеміз.

Ян Щепаньскидің пайымдауынша: «Ұрпақтан - ұрпаққа берілетін белгілі бір идеялар болады. Бұл идеялармен құндылықтар жүйесі байланысты. Олар индивидтер мен топтың іс - әрекеті, мінез - құлқын, қабылдау және ойлау әдісін анықтайды. Бұл барлық жиынтық мәдениет деп аталады» [3] .

Мәдениет экологиясы терминін алғаш ғылыми айналымға енгізген Д. С. Лихачевтың пікірінше этикалық - рухани құндылықтарды ашатын экологиялық мәдениет сұрақтары зерттеуді аса қажет етеді. Экологиялық дағдарысқа қауіпті тудыратын тек сыртқы ортаның ластануы ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі әлемінің, мәдениетінің, санасының ластынуы да экологиялық қауіпті құрайды деген ғалымның ойына қосылуға болады [2] .

Егер «мәдениет» түсінігінің бастауларына көз жүгіртсек, адамның табиғатқа қатынасы үнемі мәдениетпен «өңделіп» отырды. Ондай қатынастың бастапқы негізі ретінде қоғамның қарапайым қажеттіліктері болды, ал табиғатты адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырудың тәсілі ретінде қабылдады. Қоғам табиғатты «құдайландырып», онымен «диалогқа» түсуге тырысты. Адамдар негізінен табиғаттың тұтастығын, өзінің табиғатпен байланысының үзілмейтіндігінжақсы сезе білді және қабылдаушы мәдениеттен өндіруші мәдениетке көшу арқылы әлеуметтік - мәдени экспансияның рычагі арқылы табиғатпен байланысын күшейтті.

Экологиялық мәдениет күрделі ұғым ретінде табиғатты танып білу, пайдалану және жаңарту іс - әрекет түрлерінің мәдениетімен байланысты. Ал жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз - табиғатты аялауға, қорғауға бағытталған білімі, іскерлігі, дағдысы, оны жүзеге асыруы. Яғни экологиялық мәдениетті қалыптастырудың мақсаты - адам - қоғам - табиғат жүйесіне үйлесімдік орнату, табиғи байланысты сақтау, молайту, тиімді пайдалану, жуапкершілік сезімін арттыру. Экологиялық мәдениет бұл - адамдардың табиғатты қабылдау деңгейі және әлемдегі өзінің орнын бағалауы, адамның әлемге деген қарым - қатынасы. [3]

«Экологиялық мәдениет» түсінігінің генезисін қарастырсақ. Бастапқыда термин әлеуметтік қарым - қатынастардың белгілі бір түрін бейнелейтін, нақтырақ айтсақ қоғам мен табиғат арасындағы қатынасты бейнелейтін табиғаттың бірыңғай сегментін, бөлігін білдірді.

Бұл ұғымға бірнеше зерттеушілер бірін -бірі толықтыратын әр түрлі анықтама береді:

В. Межжерин экологиялық мәдениетті ғылым, технология, дін, философия, астрология, әдебиет, өнер барлығы бірге адам өмірінің образын жасағандығын факт ретінде қарастырады. Ол арқылы шынайы әлеммен өзара байланысты орната отырып, адам өзіне қабілеттіліктің, икемділіктің жоғарғы формасы ретінде қарастыруға болатын қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз Жер планетасындағы экологиялық адамның пайда болуын білдіреді.

С. Н. Глазачев құрамына экологиялық іс - әрекеттің мотивациясы, экологиялық білім және табиғатты сақтау, оны қорғай алу кіретінэкологиялық мәдениеттің негізін сендіру, экологиялық сана құрайды деп есептейді.

Ю. Л. Хотунцев экологиялық мәдениет феноменінің құрылымдық бөлінуін ұсынды. Оның көзқарасы бойынша табиғаттың сақталуын қарастыратын, сонымен шартталған адамзат іс - әрекеті тәсілінің жиынтығы деп көрсетеді, ол мыналарды қамтиды: табиғат өмірдің және сұлулықтың бастауы болып табылатындығын түсіну, оны сақтауға деген жауапкершілік, кез - келген іс - әрекет, қызмет түрін қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғаумен салыстыра білу қабілеті, табиғатты қорғау іс - әрекетіне, қызметіне аса қызығушылық таныту және оны жүзеге асыруды.

А. О. Лагутин бойынша экологиялық мәдениет - мақсаты адам қоғамының табиғи - әлеуметтік потенциалын дамыту мен сақтау, қоғамның тұрақты экологиялық кеңістігін қалыптастыру болып табылатын ашық жоғары өнегелілік құндылықтық құрылымдардың динамикалық жүйесі. Жалпы экологиялық мәдениет түсінігі қазіргі кезде табиғатқа деген жауапкершілікті қарым - қатынасты, табиғатты бағалауды білдіретін бастапқы мағынасына қайта оралады. Табиғат өзара әрекеттің тең құқылы серіктесі ретінде қарастырылады, ал «экологиялық мәдениет» болса адамзат мәдениетін құрайтынды әлеуметтік топтық және тұлғалық деңгейде белгілейді. Экологиялық мәдениет әлеуметтік деңгейде ноосфера жасау үдерісін басқаруды жүзеге асыратын, қоршаған ортаға қатысты тағылықтан арылуды іске асыратын адамзаттың іс - әрекеті арқылы көрініс табады. Топтық деңгейде экологиялық мәдениет өзіне, басқаларға, табиғатқа қатысты адамзаттық эгоизмді еңсеруге септігін тигізеді, тұлға аралық байланыс қалыптасуының іске асатын басқаша механизмдеріне көшуге мүмкіндік береді, ал олар арқылы дамудыңкоэволюциялық формасына көшуге мүмкіндік береді. [4]

Экологиялық мәдениет - бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі. Қалыптасқан жағдайда сол арқылы ғана қоғам мен табиғи ортаның тепе - теңдігін ұстау мүмкін болады.

Ғылымда кез - келген құбылыс оның дамуының диалектикасы арқылы қарастырылу керек деген түсінік бар, яғни қалай пайда болды, өзінің эволюциясы барысында қандай кезеңдерден өтті, өзгерістердің болуына не себеп болды және т. б.

Адам мен табиғат қарым - қатынасының тарихи дамуының бастапқы кезеңі архаикалық дәуір болды. Бұл кезеңде адам табиғаттың барлық заңдыдылықтарына бағынып, онымен ажырамас бірлікте болды. Осы уақытта қоғам табиғатты өзінің қажеттіліктеріне емес, керісінше қоғам табиғатқа бейімделеді. Бұл кезеңнің экологиялық санасының ерекшеліктері мифтер жүйесінің анализі арқылы көрініс таба алады.

Нақ мифтік шығармашылықта алғашқы қауымдық адам өзін табиғи ортадан бөлуге және табиғатқа өзінің тәжірибелік қарым -қатынасын көрсеткісі келді. Мифтік санада алғашқы қауымдық адам мен топтың, адам мен табиғаттың бірлігі көрініс табады. Сонымен, алғашықы қауым адамы өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде қарастырады.

Уақыт өте келе адамзат қоғамының даму барысында адам табиғатқа физикалық тәуелсіз бола бастағаннан кейін, адам табиғаттан алыстай бастайды. Табиғат адамға қарсы қойылған, оған тәуелсіз ретінде қабылданады. Бұл табиғаттан алыстау кезеңі бірнеше кезеңнен өтті.

Бірінші кезеңде табиғатқа деген қарым -қатынас ақырындап өзгере бастайды. Кейбір авторлар мифтің диалектикалық қарама - қайшылығының мәні өзін табиғатпен бір деп сезінумен, саналаумен қатар, қиял, ой жүзінде табиғат күштерін бағындыруды қамтығанын атап өтеді. Мұндай табиғат күштерін ой жүзінде бағындыруда кейінгі өндірістік дамуды көрсететін және қиялды тәжірибелік тұрғыда жүзеге асыруды құрайтын революциялайтын негіз болды. Бұл жануарлық тұрмыстың, өмірдің аяқталуы мен рухты табиғаттан ажыратудың бастамасын білдірді. Осы кезде адам табиғат құбылыстарын түсінуге тырысады. Бұл әлемдегі болып жатқан барлық нәрсені басқаратын басқа әлемдік рухтар бар деген көзқарастың қалыптасуына әкеледі. Қоғам дамуының бұл кезеңінде табиғатқа қарым - қатынас магиялық дәстүрлердің толық жүйесі ретіндегі адам санасында көрініс табады. Ендігі кезекте табиғатпен өзара қарым - қатынас қана емес, арнайы ритуалдар арқылы адамға көмектесетін, сонымен қоса зиян келтіретін рухтар әлемімен қарым - қатынас орнату басты бола бастады. Ежелгі әлем мәдениетінде табиғат күштеріне бас июмен қатар адамның бөлектенуі және өзін жоғарылатуы туралы идея туындайды. Египет құдайлары пантеонында ерекше мәдени пласттар қарастырылады: құдайлар - жануарлар; құдайлар - жартылай адамдар; адам бейнесіндегі құдайлар. Ол кезде білім таңдаулылардың ғана еншісінде болды, көпшіліктің үлесінде табиғатқа жасалған бастапқы бақылаулардан үзіліп алынған тек ритуалдар болды. «Аяушылық типіндегі» шаруашылықты жүргізумен қатар, ежелгі мәдениеттер табиғатты, өнерді тамашалай білді.

Табиғаттан алыстау үдерісіне отырықшылық өмірге көшу үлкен рөл ойнады. Отырықшылыққа көшуге, әлеуметтік байланыстардың қиындауына байланысты ақырындап адамның табиғатқа деген қарым - қатынасы өзгереді, бұл әлеуметтік - мәдени құндылықтар жүйесімен бекітіледі.

Адамның табиғаттан алыстауының келесі кезеңі антика дәуірімен байланысты. Бұл дәуірге қоршаған ортадағы болып жатқан құбылыстарды түсінуге тырысу, адамның әлемдегі алатын орнын анықтау тән болды. Табиғаттың заңдылықтарын сақтай отырып, игілікке жету мүмкіндігі туралы алғаш рет көзқарас қалыптасты. Табиғаттың заңдылықтары бойынша жүру үшін оны зерттеу қажет болды.

Сөйтіп, антика заманында адам мен табиғаттың қарама -қарсылығын күшейтетін фактор -табиғатты ғылым тұрғысынан түсіну болды, ендігі жерде табиғат зерттеудің объектісі болды.

Адамның табиғаттан алыстауының, оның табиғи ортадан «бөлінуінің» үшінші кезеңі монотеистік діндердің пайда болуымен байланысты. Дін адамды жоғарыға, әлемнің шыңына қоя отыра, табиғи объектілерді қабылдауын өзгертті. Табиғат және табиғи орта өзінің құндылықтарынан айырылады, егер ол адамға пайдалы болса ғана құндылығы болды.

Табиғатты адамға тәуелсіз, оған қарама - қарсы ретінде қабылдау Жаңа заман дәуірінде болады. Адам табиғаттың билеушісі ретінде қарастырылады. Қоршаған орта адамға, оны бағындырып, техникалық әсер етудің объектісіне, сарқылмайтын ресурстар көзіне айналдыру қажет болған, қарама -қарсы фактор ретінде болды. Жаңа заманда табиғат адамның тілегін орындаушы ретінде қарастырылады және оны бағындырудағы жетістіктер табиғаттың күштерін жеңу деп түсінілді. Адамның табиғатқа шексіз билігін философия классиктерінің еңбектерінен Ф. Бэконнан бастап Л. Фейербахқа дейін табуға болады.

Мысалы, П. Гольбах табиғи ортаны бізге көрінетін заттарды өндіру үшін және әрекет ету үшін қажеттінің барлығын қамтитын үлен шеберхана ретінде қарауға шақырды. [5]

Декарт біз қол өнершілеріміздің кәсібін білетініміз сияқты, оттың, жұлдыздың, судың, ауаның, аспанның, яғни бізді қоршаған денелердің барлығының әсерін және күшін біле отырып, солардың көмегімен «практикалық» философияны жасау туралы айтады. Сол білімдерді барлығына қолдана алатындығымызды және табиғаттың иесі бола алатындығымыз туралы атап көрсетеді.

М. Хайдеггер қазіргі экологиялық ахуалды тудырып отырған негізгі себепкердің бірі техникаға жан - жақты талдау берді. Ол техниканы адам іс -әрекеті, әрі соның құралы деп қарастырудан бас тартып, техниканы табиғи заттарда жасырын қалған құпияның ашылу түрі деп біледі. Машинаны ойлап табу арқылы адам табиғаттың жасырын күшін, құпиясын ашады, сөйтіп, оны өзіне қызмет істеуге мәжбүр етеді [4] .

Адам техниканы дүниеге әкелуші, жаратушы болғанымен өзі де соның шырмауында қалып отыр. «Техника өз - өзінен қауіпті емес. Ешқандай да техникалық сиқыр жоқ, бірақ техниканың мәндік, болмыстық құпиясы бар екені рас. Техниканың мәні - жасырын нәрсені ашу, жария ету, ал, ол дегеніміз, өзімен бірге қауіп -қатерді ала жүреді [4, 34] .

А. Хунинг техниканы адамның өмір мен билікке деген талпынысынан туындаған дүние деп қарастырады. Оның ойынша адам жаны мен адамзат рухы техника қарқынынан қалмай, одан да басым күйде дамуы қажет деп жазады. Солай істегенде ғана адам техникалық жаңашылдықтарға дайын болады. Тек солай болғанда ғана адам экологиялық мәселелерді шеше алатындай жағдайға жетеді, өз ұрпағының жарқын болашағын қамтамасыз етеді.

Табиғат негізгі қызметі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандырушы пассивті жақ ретінде қабылдана бастады. Бүгінгі күні адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынас және экологиялық дағдарыстың болуын еуропалық өркениеттің даму ерекшеліктерінен іздеу керек деген пікірмен келісуге болады. Ол ерекшеліктер мына пайымдауларда көрініс табады:

  • Табиғат адам үшін жаратылған, адам оның иесі болып табылады.
  • Табиғат ішкі моральдық құндылықтардан жұрдай, тек адам ғана оған мән, маңыз бере алады.
  • Табиғат адаммен жетілдірілу керек және жаңартылған күйінде адамның жердегі табысының, жеңісінің куәсі болу керек [5] .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасуы
Экологиялық құқық қатынастардың субьектілері және обьектілері..
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Өндірістік экология туралы жалпы түсінік
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Аналитикалық химия және экология.
Әлеуметтік экология ғылымының зерттеу обьектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz