Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі КазТемір Құрылыс


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті.

Тілдер және Менеджмент факультеті.

«Есеп және аудит» кафедрасы.

«Қаржылық есеп 1» пәні бойынша:

Тақырыбы: “ Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі ” «КазТемір Құрылыс»

ЖШС -нің мысалында.

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2017 жыл

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің рөлі және ғалымдар мен тәжірібишілердің еңбегіндегі жетілдіру мәселелері

1. 1Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді міндеттемелердің рөлі мен маңызы . . . …5

1. 2 Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі бойынша ғалымдар мен тәжірібишілердің еңбегіндегі жетілдіру мәселелері . . . 18

2. «КазТемір құрылыс» ЖШС ұйымдастыру-экономикалық

сипаттамасы және кәсіпорынның қаржылық-есеп жұмысын

ұйымдастыру

2. 1 «КазТемірҚҰРЫЛЫС» ЖШСұйымдастыру-экономикалық сипаттамасы. … . . . 20

2. 2 Кәсіпорынның қаржылық-есеп жұмысын ұйымдастыру . . . 21

3. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебін ұйымдастыру

3. 1Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің алғашқы құжаттауы . . . 28

3. 2 Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің синтетикалық

және аналитикалық есебін ұйымдастыру . . . … . . . …29

3. 3Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебін оңтайландыру жолдары . . . 31

Қорытынды . . . 32

Қолданылған әдебиеттер…… . . . . . . 33

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі» болып табылады. Курстық жұмыс тақырыбының негізгі өзекті мақсаты- қарыз ақша қаражаттары есебінен өндіріс тиімділігін арттыру және тағы да басқа алға қойған мақсаттарды орындау.

Курстық жұмысының тақырыбының міндеттеріне келетін болсақ, ол келесідей түрде болады:

- Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттеме бойынша: кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту, қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету;

- Ұзақ мерзімді кредиторлық борыштар байынша : жабдықтаушылардан қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, кәсіпорынның өз қаражаты жетпеген жағдайда жалгерлік арқылы белгілі бір ғимарат пен басқа да қажетті заттармен қамтамасыз ету және тағы да басқалар. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелерге келетін болсақ, салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ уақытша айырмашылықтардан салықтық тиімділік туындайды.

Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі - ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметінің бұрынғы бас шоттар жоспарында 6-шы “Міндеттемелер” - деп аталатын бөлімінде қарастырылған.

Ал қазіргі ҚХС бойынша шоттар жоспарында 4-ші “Ұзақ мерзімді міндеттемелер”- деп аталатын бөлімінде көрініс табады.

Қоғамымызды даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың обьективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғам-дық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құралы - жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және меншіктерге кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, ұйым және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.

Бухгалтерлік есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргі-зуші ұйымдардың және олардың құрлымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Қаржылық есептілік аудиттің маңызды обьектісі болып табылды, ол оның мәліметтерінің дұрыстығын анықтау үшін арналған.

Аудит ғылымының жаңа саласы ретінде пайда-ланылып, оның теориялық және практикалық бағыттарын дамыту қажет етеді.

Соңғы кездерде аудитке арналған шетелдік және отандық жазбалар жарық көруде. Аудиттің әр түрлі аспектілері бойынша шығармалардың қаржылық есептілікті тексеру бойынша аудит методикаларына. Елімізде халық-аралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандарты-ның енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигі-зуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде, оның шетел инвесторларымен қарым - қатынастарының нығаю кезеңінде маңызды болып саналады.

Қазіргі нарықтық экономикадағы шаруашылық субъектілерін және олардың қандай салада қызмет атқаратындығында қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері, оның ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шарушылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін.

Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзінің қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақбюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болды. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Сондықтан да олардың мақсаты мен міндеттерін қарастыру қажет. Осыған байланысты ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелердің өзекті міндеттері мен мақсаттарын қарастырайық.

1. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің рөлі және ғалымдар мен тәжірібишілердің еңбегіндегі жетілдіру мәселелері

1. 1 Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің рөлі мен маңызы

Ұзақ мерзімді міндеттемелер - бұл қарыз жинаушының баланс күнімен бір жылдан көп төлеу мерзімді, қайсысы ұзақ екендігіне тәуелді міндеттеме.

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің пайда болуына себептер көп. Мысалы, кейбір мекемелер үшін тартылған капитал акционерлікке қарағанда жеңіл; қарыздық құралдарды тартудың толық бағасы жаңа акцияларды шығару жолымен қаржыландыруға қарағанда төмен болуы мүмкін; қарыздық құралдарының жоғары бөлімі бар кейбір субъектілер пайыздық төлем нормаларын асатын қарыздық құралдармен табыс табады, ал пайыздарды өтеуге кететін шығын бөлігі ұлғаяды.

Бірақ, міндеттемелердің ұлғаюы қауіпті, өйткені міндеттемелер бойынша қаржылық құрылымы мен іс-әрекетін шектеуі мүмкін. Міндеттемелер табыс деңгейі мен өтімділігін ұстану бойынша талаптар, дивиденттердің ең үлкен өлшемін қосу мүмкін.

Инвестор көзқарасынан алғанда, несиелеу - инвестицияларды жіктеудің ең сенімді әдісі, өйткені несиеліктер заң түрінде болатын қарыздық төлеудің ең жөғары сенімділігімен қолданады, және дебитор ликвидациясы кезінде активтерге басым құқықты болады.

Міндеттемелерді бағалау мен өлшеу кезінде келесі жағдайларды ескерген жөн:

-ұзақ мерзімді міндеттемелр қарызға алынған тауар мен қызметтердің әділ нарықтық бағасы бойнша тіркеледі;

-пайыздарды қайта-қайта төлеп отыру нарықтың пайыздық ставкасына міндеттемелерді шығару күніне негізделген;

-баланс күніне ұзақ мерзімді міндеттеменің қалдық бағасы - эмиссия кезінде нарықтық пайыздық ставкаға дейін дисконтирленген қалған барлық қолдағы төлемдердің бағасы. Осы мақсат үшін қоданылатын пайыздық ставка міндеттеме мерзімі ішінде өзгермейді.

Міндеттемелер дегеніміз - ұйымның өткен оқиғалардан туындаған, реттелуі болашақта экономикалық тиімділігі бар ресурстардың шығуына әкеп соқтыратын қарызы. Яғни бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы. Міндеттемелер кәсіпорында жасалынған әр түрлі келісімдердің нәтижесінде туындайды және алынған тауарлы-материалдық құндылықтар немесе пайдаланылған қызметтер үшін келешекте жасалынатын төлемдердің заңды негізі болып табылады.

Міндеттемелер төмендегі үш белгісі бойынша анықталады:

  • кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;
  • міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;
  • міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.

Міндеттемелер -төлеу мерзіміне байланысты екі түрге бөлінеді:

  • Ұзақ мерзімді міндеттемелер
  • Ағымдағы міндеттемелер

Қысқа мерзімді міндеттемелер есепті кезең (бір жыл) ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылады деп күтілетін ағымдағыміндеттемелер болып табылады.

Ағымдағы міндеттемелерге мыналар жатады:

  • Қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;
  • Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;
  • Кредиторлық борыштар:
  • төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;
  • сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар;
  • салық міндеттемелері;
  • төленуге тиісті дивидендтер;
  • негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктері арасындағы борыштар;
  • акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына борыштары;
  • өзге де кредиторлық борыштар;
  • Төленуге тиісті есептелінген шығыстар;
  • Алдағы кезең табыстары;
  • Күтпеген жағдайлар бойынша есептелінген төлемдер.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер - есеп беру мерзімінен кейінгі жыл ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылуы (өтелуі) жоспарланбайтын кәсіпорынның міндеттемелері.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге : ұзақ мерзімді банк несиесі, банктен тыс мекемелердің несиелері (кепілдік беру), басқадай несиелер (облигацияларды сатып өткізу жолымен қаржыларды тарту және т. б. ), еншілес серіктестіктердің ұзақ мерзімді қарыздары, ұзақ мерзімді жалдық міндеттемелер, кейінге қалдырылған табыс салығы жатады.

Төленуге тиісті шоттар тауарды жөнелтушіге, қызмет көрсетушіге кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері болып табылады. Олардың сомасы, әдетте, аналитикалық есеп регистрлерінде тіркелген төленуге тиісті шоттармен дәлелденеді.

Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық борыш» және 4110 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық борыш» шоты қарастырылған.

Кейбір жағдайларда кредиторлық борышты қамтамасыз ету мақсатында кредиторға вексель берілуі мүмкін. Қысқа мерзімді төленуге тиісті вексельдер деп заңнамалық нысанда бекітілген бір тараптың (эмитент, вексель берушінің) екінші тарапқа (вексельді ұстаушыға) берген шартсыз жазбаша борыштық ақшалай міндеттемесі. Төленуге тиісті вексель пайыздық және пайыздық емес болуы мүмкін.

Пайыздық вексельде пайыздық ставка көрсетіледі. Бұл ставка бекітілген пайыздық ставка деп аталады.

Пайыздық емес вексельдерде нақты пайыз көрсетілмейді, оның орнына жанама түрде шынайы пайыздық ставка немесе пайыздық кіріс деп аталатын пайыз нормасы көрсетіледі.

Ұйымдар «Салық және бюджетке төленетін басқадай төлемдер» туралы Қазақстан Республикасының Кодексімен реттелетін салықтардың және алымдардың түрлерін төлеу мақсатында бюджетпен есеп айырысу операцияларын жүзеге асырады.

Салық міндеттемелері есептелген немесе жиналған, бірақ әлі бюджетке аударылмаған салықтар бойынша туындайды. Салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.

-Тікелей салықтарға : корпорациялық табыс салығы, жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы, әлеуметтік салық, жер асты байлықтарын пайдаланушыларға салынатын салық, жер салығы, көлік құралдарына салық, мүлік салығы жатады.

-Жанама салықтарға: қосылған құнға салынатын салық және акциздер жатады. Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебін жүргізу үшін Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшесінің тиісті шоттары және өзге де міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелерді есепке алу үшін 3200 бөлімше шоттары қаралған.

Дивиденд бойынша борыштар . Дивидендтер кәсіпорынның бөліп таратылатын таза табысының (пайдасының) бір бөлігі. Дивиденд төлеу туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында (директорлар кеңесінде) қабылданады.

Директорлар Кеңесінде жарияланғаннан кейін, егер де дивидендтерді, ағымдық жыл немесе бір операциялық айналым ішінде төлеу қажет болса, онда бұл дивидендтер ағымдық міндеттеме ретінде танылуы тиіс. Өйткені, дивидендтің хабарланған мерзімі мен оны заңды төлеу мерзімінің арасында біраз уақыт өтеді.

Сондықтан дивидендтер жарияланғанда келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:

  • Дебет «Есепті жылдың пайдасы (шығыны) »
  • Кредит «Қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойыншақысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Алдағы кезең табыстар деп - тапсырыс берушілер мен сатып алушылардан алған аванстардың есебінен жүзеге асырылуға тиісті кәсіпорынның тауарларды жөнелту, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету бойынша міндеттемелерін айтады. Алдағы кезең табыстары 3520 «Алдағы кезең кірістері» шотында есепке алынады.

Банк несиесі мерзімдік, қайтарымдылық, төлену шарттарымен коммерциялық және келісім-шарт негізінде беріледі Несиелердің есебін жүргізу үшін Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 3000 «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» және 4000 «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» бөлімшелерінінің тиісті шоттары қаралған.

Қысқа мерзімді несиелер ең көп дегенде әдетте 12 айға беріледі. Жекелеген жағдайларда өндірістік айналым спецификасына байланысты ұзағырақ мерзімге, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүкін.

Ұзақ мерзімді несиелер - кәсіпорынға 1 жылдан артық мерзімге құрылыс, қайта қалпына келтіру және өнеркәсіптік, әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы объектілерді техникамен қайта жабдықтау, ғимараттар салуға және басқа күрделі салымдарды жүзеге асыруға беріледі.

Өзге де кредиторлық борыштар. Бұл топқа жал міндеттемелерін жатқызуға болады. Жал міндеттемелері жалға алушының жалға берушінің алдындағы кредиторлықборышы.

Оның есебі 3360 «Жал бойынша қысқа мерзімді қарыз» және 4150 «Жал бойынша қысқа мерзімді қарыз» шоттарында есепке алынады. Сонымен бірге төлем пайыздарының есебін де аталмыш топқа жатқызуға болады. Төлем пайыздары деп несиені, басқа да ресурсты пайдаланғаны үшін ұйымның басқа тұлғаға негізгі борыш үстінен төлейтін төлемін айтуға болады.

Оның есебі 3380 «Төленетін сыйақы» шотында жүргізіледі. Пайыздардың барлық түрі (банк несиесі, займ шарттары, құнды қағаздар және т. б. бойынша) есептелгенде 7310 «Пайыздар бойынша шығыстар» шоты дебеттеліп, 3380 «Төленетін сыйақы» шоты кредиттеледі.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер деп төлеу мерзімі баланстағы нақты күннен бастап бір жылдан астам уақытты алатын міндеттемелерді айтамыз. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің туындау себептері өте көп.

Мәселен, жаңадан құрылған фирма үшін, акционерлік капиталға қарағанда сырттан акционерлік капитал алған жеңілдірек.

Ұзақ мерзімді қарыздық міндеттемелерді шығару туралы шешімді қабылдау кезінде акциямен салыстырғанда ұзақ мерзімді қарыз міндеттемелердің артықшылықтары қарастырылады .

  • Акционерлердің бақылауы. Облигация иелерінің дауыс құқығы жоқ болғандықтан акционерлер компанияның үстінен өз бақылауын жоғалтпайды.
  • Салықтықтиімділік. . Ал дивиденттер бойынша мұндай жеңілдік берілмейді
  • Қаржылықлеверидж. . , , .

.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерді бағалау және өлшеу қағидалары негізінен үшке бөлінеді:

  • Ұзақ мерзімді міндеттемелер қарызға алынған тауарлар мен қызметтердің әділ нарықтық құнымен тіркеледі.
  • Пайыздарды кезең сайын төлеп отыру қарыздың берілген күніндегі нарықтық пайыздық ставкаға негізделген.
  • Нарықтық пайыздық ставка - бұл операциялардағы нақты келісетін ставка және ол талап етілетін болашақтағы төлемдердің нақты құнының қатынасына тең.

Баланстың күніне ұзақ мерзімді қарыздың қалдық құны, бұл барлық қалған төлемдердің нақты құны. Пайыздық ставка- қарыз толық төленгенге дейін өзгермейді.

Осы аталған үш қағида ұзақ мерзімді қарыздарды және пайыздарды төлеу бойынша шығындарды бағалауға негіз болады.

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің кең таралғаны - облигация.

Облигация - ұзақ мерзімді негізде капиталдың үлкен сомасын қорғау үшін компаниялармен және мемлекеттік ұйымдармен шығарылатын қарыздық куәлік.

Әдетте облигациялар бизнесті кеңейту және дамыту мақсатында қаражаттарды тарту үшін шығарылады. Облигациялар - фирма эмитентпен қарыздың негізгі сомасын және пайызын инвесторларға төлеу жөнінде берген формальді уәдесі болып табылады.

Облигациялық келісімдер - облигацияның мерзімін, эмитент пен облигацияны иемденушінің құқықтары мен міндеттемелерін, қарыздың атаулы сомасын, пайыздық ставкамен пайыздарды төлеу мерзімі, өтеу мерзімін қамтиды.

Облигацияларды төлеудің кепілшісі қажетті тіркеуді жүргізетін және міндеттеме мен пайыздарды төлейтін қаржылық мекеме болып табылады. Инвесторлар эмитент пен инвестордың арасындағы келісімдік міндеттемелерді білдіретін облигациялық сертификатты иемденеді.

Облигацияларға қойылатын баға атаулы құннан пайыз түрінде белгіленеді.

Егер облигация 103 ½ бойынша белгіленсе, атаулы құны 1000 ш. б. облигация үшін 1035 ш. б. (100*1, 035) төлейді дегенді білдіреді, яғни үстінен сыйақы төлейді.

Егер облигация 87, 62 бойынша белгіленсе, онда ол шегеріммен сатылады. Атаулы құны 1000 ш. б. облигация үшін 876, 2 ш. б. ғана төлейді.

Бағалы қағаздар нарығының дамуымен бірге облигация әр-түрлі сипатқа ие болуда. Мәселен, облигациялар қамтамасыз етілген болуы мүмкін, яғни компанияның нақты бір активтері түрінде кепілмен қамтамасыз етіледі, ал қамтамасыз етілмеген облигациялар тек компанияның абырой беделіне сәйкес шығарылған.

Облигациялар сериялық деп аталады. Олар бір рет шығарылғаннан кейін бірнеше өтеу мерзіміне ие болады. Тіркелген облигациялар бір рет шығарылғаннан кейін бір мезгілде өтеледі. Тіркелген облигацияның аты-жөні және мекен-жайы осы облигацияларды шығарған компаниямен есепке алынады.

Купондық облигацияның иегері тіркеуге алынбайды. Бірақ мұндай облигацияның арнайы үзінді купондары әрбір купонда жинақталған пайыз сомасы және оларды төлеу мерзімі жайлы ақпараттарды қамтиды.

Облигациялар әдетте төмен құнмен шығарылады. Мұндай облигациялар инвесторларға өз капиталын әр-түрлі құнды қағаздарға салуға мүмкіндік беріп, инвесторлық тәуекелдікті азайтады.

Инвесторлар әр-түрлі инвесторлық мақсатқа саясат туралы ақпараттармен жеке таныс болып келеді. Нәтижесінде, облигацияның көптеген түрлері шығарылады. Облигациялар бойынша қарыздар, сондай-ақ өтелмеген шегерімдер мен үстеме ақылар баланста ұзақ мерзімді міндеттеме түрінде көрсетіледі.

Облигацияларды шығару және сату әдетте апталарға немесе айларға созылады.

Облигацияның шартын анықтау және шығару, нарықтық жағдайын зерттеу аралығындағы уақытта компания эмитенттің қаржылық жағдайы және нарықтағы жағдайы өзгеріп кетуі мүмкін. Мұндай өзгерістер облигацияның өтімділігі мен оларды өткізу бағасына ықпал етеді. Егер нарықтық пайыздық ставка тең болса, онда облигация атаулы құнымен сатылады. Бұл жағдайда пайыздарды төлеу инвесторға табыс әкеледі. Aтаулы құны бойынша шығарылған облигация. Мысалы, «Транс» корпорациясы 1 қаңтар күні 9% облигацияны 1 млн ш. б. сомасына 5 жылға шығарды. 1 шілдеде төлеуі тиіс.

Облигациялар атаулы құнымен шығарылған. Облигацияны шығару кезінде төмендегідей жазу жазылады:

Дт Ақша қаражаттары 1 000 000

Кт Төленуге тиісті 1 000 000

Пайыздардың сомасы - 1 000 000 * 9%*1/2=45000

Дт Пайыз бойынша шығын 45 000

Кт төленуге тиісті пайыз 45 000

Дт Төленген пайыз 45 000

Кт Ақша 45 000

Көбіне нарықтық ставкамен белгіленген ставка бір-біріне сәйкес келе бермейді. Нарықтық ставкамен эмиссия бағасындағы өзгерістер бір-біріне байланысты. Егер нарықтық ставка (12%) белгіленген ставкадан (10%) жоғары болса, облигацияны шығару бағасы атаулы құннан артық болмауы керек. Өйткені, облигация инвесторға нарықтық ставкаға тең табыс әкелуі керек.

Себебі инвесторлар 10% пайда әкелетін облигацияға атаулы құны 10 000 ш. б. төлеуге келіспейді. Егер дәл осындай бәсекелес облигация 12 % табыс әкелетін болса.

Егер нарықтық пайыздық ставка белгіленген ставкадан жоғары болса, облигациялар шегеріммен бағада өткізіледі. Егер жылына 2 рет төленетін болса, онда кезеңді көбейтіп, пайызды азайтамыз. Мысалы, 5 жыл 10% алынса және жылына 2 рет төленетін болса, онда 10 кезең 5 % деп аламыз.

Мысал: Компания 5 жылдық облигацияны 1 млн ш. б. 9% жылдық. Бірақ инвестор өзінің салған қаражатынан 10% табыс алғысы келеді. Облигацияның айналым мерзімінің ішінде, ол әрбір жарты жыл сайын 45 000 ш. б., яғни 10 кезеңге 45 000 алып тұрады. Сондай-ақ 5 жылдан кейін 1 млн ш. б. қайтарып алады. Облигацияның өткізу бағасын табу үшін нарықтық ставка бойынша дисконттық төлемдерді анықтаймыз. Облигацияның өткізу бағасын анықтау: Ағымдағы құны 10%, 5 кезең

(1 млн * 0, 6209) =620900

Анықталған ағымдағы құны 5%, 10 кезең(45 000*7, 7217) =347476

Облигацияның өткізу құны : 620900+347476=968376

Дт Төленуге тиісті облигация бойынша шегерім 31624

Дт Ақша 968376

Кт Төленуге тиісті облигация 1000 000

Облигацияны шығарғаннан кейін балансқа төмендегідей жазба енгізіледі.

Дт Төленуге тиісті облигация 1000 000

Дт Төленуге тиісті облигация бойынша шегерім 31624

Кт Ұзақ мерзімді міндеттеме жиынтығы 968376

Төленуге тиісті облигация бойынша шегерім шоты төленуге тиісті облигация шотына контрпассив болып табылады.

Егер нарықтық пайыздық ставка белгіленген ставкадан төмен болса, облигация сыйақымен сатылады.

Облигациялар бойынша төленетін пайыздар бойынша шығындар жыл сайын көрсетілетіндіктен, облигация жеңілдіктер мен сыйақылар облигация шығарылатын жылдар аралығына бөлінуі тиіс. Жеңілдіктерді былайша бөлу облигацияның жеңілдігіне есептен шығару деп аталады.

Есептен шығарудың екі әдісі бар:

  • тура сызықты әдіс;
  • тиімді пайыздықставка әдісі.

Тура сызықты әдіс:

төлеудің жалпы мерзімі анықталады. Жылына төлеу саны * облигация мерзімі

әрбір пайыздық соманы төлеген сайын шегерілетін облигация жеңілдігінің сомасы= Облигациялық жеңілдік/ төлеудің жалпы санына

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдардың теориялық аспектілері
Метериалдық емес активтер мен негізгі құралдардың құрамы мен құрылымы
Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны
Керамин - Астана ЖШС серіктестері
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі, iшкi аудиті мен талдауы
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Кәсіпорынның салықтық міндеттемелерінің есебі
Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
Шаруашылықтың міндеттемелердің есебін ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz