Патологиялық физиологияның даму тарихы



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Инженерлік-технологиялық факультеті

Экология және биотехнология кафедрасы

" Мал патологиясы" пәнінен СРС-1

МӘНЖАЗБА

Тақырыбы: Патологиялық физиологияның даму тарихы

Орындаған: ВС-31 тобының студенті
Шүкір А.С.
Тексерген: аға оқытушы,
Кужебаева У.Ж.

Орал, 2017 жыл

Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгібөлім
1.1. Патология туралы түсінік
1.2. Патологиялық физиологияның даму тарихы
1.3. Кеңес дауіріндегі патологиялық физиология
1.4. Қазақстандағы патологиялық физиологияның даму тарихы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Патологиялық физиология бастапқы ғылым ретінде медицина оқу жүйесінде ерекше орын алады. Теориялық және клиникалық пәндер қиылысында орналасып және интегративті медико-биологиялық ғылым бола отырып, ол дәрігерлік ойлау қабілетін дамытады. Патологиялық физиологияның негізгі мақсаты-студенттерді "науқас төсегінде дүниетануды қолдану" білуді үйрету (С.П.Боткин).
Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілік әрекетін оқытатын ғылым. Медициналық оқу бағдарламасы мынадай үлгімен құрастырылған, бастапқыда қалыпты ағзаның қызметі мен құрылысын қарастыратын пәндер оқытылады (қалыпты анатомия, гистология, биохимия, қалыпты физиология), сосын ауру ағзаның қызметі мен құрылысы туралы мағлұматтарды студентке беру үшін құралатын талаптары бар пәндер оқытылады. Осымен оны тікелей клиникаға әкеледі. Бұндай талапты патологиялық анатомия мен патологиялық физиология орындайды.
Патологиялық физиология аурудың шығу тегінің, дамуының, ақыр соңының негізгі заңдылықтарын оқытады. Қазіргі уақытта сырқаттың мыңдаған түрлі нозологиялық формалары қарастырылған. Практикалық дәрігер бір сырқатты басқа сырқаттан ажыратуға, дұрыс диагноз қоюға және рационалды ем тағайындауға тырысады. Патофизиология жекеден тыс жүреді, көптеген аурулар тобын сипаттайтын жалпыны табуға тырысады. Патологиялық физиологияның соңғы мақсатыауру дамитын заңдарды ашу болып табылады. Осымен байланысты патологиялық физиология философиямен тығыз байланысқа кіреді, өйткені, ауру заңдарын ашу материалистік диалектика заңдарының негізінде қаланады.
Патологиялыќ физиология -- гректіњ pathos (ауру, дерт, кесел), physicis -- (функция, ќызмет), logos -- (ілім, ұѓым) деген сөздерінен ќұралѓан, дерттану физиологиясы деген ұѓымды білдіреді. Сонда патологиялыќ физиология ауру организмніњ физиологиясы деген ұѓым. Ќалыпты физиология сау организмніњ тіршілік зањдылыќтарын зерттейтін болса, патологиялыќ физиология ауру организмніњ тіршілік зањдылыќтарын тексереді. Атап айтќанда, патологиялыќ физиология жасушалардыњ, аѓзалардыњ, жүйелердіњ және организмніњ ќалыптан тыс өзгерулерініњ ењ жалпы зањдылыќтарын аныќтайды. Сонымен патологиялыќ физиология дегеніміз дерттік үрдістердіњ пайда болу себептері, даму жолдары мен салдарлары туралы ілім. Бұл көрсетілген патологиялыќ физиологияныњ негізгі маќсаты болса, оныњ алдында тұрѓан міндеттері болып, төмендегілер саналады.

Патология (грекше патһос - қасірет,зардап шегу және логос - ілім,ғылым ) - патологиялық процестер мен жеке ауруларды зерттейтін ғылым. Қалыптан тыс ауытқу әдетте патология деп аталады. Медицинаның адам мен жануарлар организміндегі әр түрлі ауытқуларды зерттейтін клиника саласы. Патологияның негізгі екі саласы бар: Патологиялық анатомия және Патологиялық физиология.
Бұдан басқа, өлкелік патология, әскери патология, кәсіптік патология деген салалары бар. Соңғы кезде салыстырмалы патология (аурудың дамуын эволюциялық тұрғысынан қарап, олардың адам мен жануарлардағы даму ерекшелігін айқындау) қарқынды дамуда.
Патологиялыќ физиология -- гректіњ pathos (ауру, дерт, кесел), physicis -- (функция, ќызмет), logos -- (ілім, ұѓым) деген сөздерінен ќұралѓан, дерттану физиологиясы деген ұѓымды білдіреді. Сонда патологиялыќ физиология ауру организмніњ физиологиясы деген ұѓым. Ќалыпты физиология сау организмніњ тіршілік зањдылыќтарын зерттейтін болса, патологиялыќ физиология ауру организмніњ тіршілік зањдылыќтарын тексереді. Атап айтќанда, патологиялыќ физиология жасушалардыњ, аѓзалардыњ, жүйелердіњ және организмніњ ќалыптан тыс өзгерулерініњ ењ жалпы зањдылыќтарын аныќтайды. Сонымен патологиялыќ физиология дегеніміз дерттік үрдістердіњ пайда болу себептері, даму жолдары мен салдарлары туралы ілім. Бұл көрсетілген патологиялыќ физиологияныњ негізгі маќсаты болса, оныњ алдында тұрѓан міндеттері болып, төмендегілер саналады.
Паталогиялық физиология - медицина ғылымының аурудың пайда болуы, меңдеу барысы мен салдарын, ауру организмдердің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін саласы. Патологиялық физиологияның міндеті - ол патологиялық процестердің дамуының жалпы зандылықтарын анықтау.
Патологиялық физиологияның мақсаты:
1. Патологиялық процестерге дер кезінде балау жүргізу.
2. Патологиялық процестерді тоқтату үшін дұрыс емдік шараларды қолдану.
3. Патологиялық процестерді болдырмау.

Патологиялық физиология 3 бөлімге бөлінеді:
1. Жалпы бөлім - нозология.Бұл бөлімде аурудың және патологиялық процестердің этиологиясымен патогенезі зерттеледі.
2. Типтік патологиялық процес.Бұл бөлімде көп аурулардын негізі болып табылатын патологиялық үрдістер оқытылады.
3. Жеке патологиялық физиология.Бұл бөлімде жеке мүшелер мен жүйелерде болатын патологиялық процестер оқытылады.

Патологиялық физиология экспериментальді ғылым болып есептеледі. Патологиялық үрдісті толық анықтау үшін ұзақ немесе созылмалы және қысқа мерзімдік эксперименттер қолданылады.Эксперименттердің түрі патологиялық үрдістің даму сипатына, аурулардың түріне байланысты болып келеді. Патологиялық физиология өз міндетін айқындау барысында физиологиялық, биофизикалық, биохимиялық, гистологиялық, патоанатомиялық зерттеулерді қолданады.
Патология тарихы басқа ғылым салалары сияқты әлеуметтік - экономикалық адамзат қоғамынын дамуымен тығыз байланысты. Негізгі тарихи маңызды патологиялық теорияларға - онтологиялық, гуморальдық, солидарлық, мүшелік патология, жасушалық және қазіргі заманғы патология саналады.

Онтологиялық патология ерте заманда адамдардын табиғатқа, құдайға табынатын уақытында пайда болды.Ол кезде өмір мен денсаулық адам денесіне сау жанның келуімен, ауру- сырқау адамға немесе жануарға зұлым күштердің келуімен, өлім - жанның денеден кетуімен түсіндірілген. Осыған байланысты аурудың себептері мен емдеу жолдары зұлым күштерді адамдар және жануарлар денесінен қуу арқылы жүргізілген. Өлгеннең кейін денеге тиісуге болмаған, себебі денеге тиіссе оның ішіндегі жаны сыртқа шығып адамдар мен жануарларга ауру болып келеді деп есептелген. Адамзаттың дамуына байланысты материалистік бағыт қалыптасты. Материалистік бағыттың ең негізгі көзі Ежелгі Грекия болып табылады.Осыған байланысты Ежелгі Грекияда көптеген ғылымның және мәдениеттің негізі каланды. Грек тілінің ғылыми терминдерде көптеп кездесуі осымен түсіндіріледі.

Грек дәрігері Гиппократ (б.з.д. V - IV ғ.ғ.) сол кездегі түсінік бойынша дене төрт стихиялық элементтен - оттан, судан, жерден, ауадан тұрады деп есептеген. Осыған байланысты жануарлар да осы төрт элементтен құралады деп санаған. Мысалға қызыл оттай ыстық қан - отқа, ал сұйық,салқын сөл ( сілекей ) - суға ұқсатқан. Гиппократ ең алғашқы болып ауру жөніндегі материялды көзқарас - гуморальдық ( лат. Гумор - сөл) патологияны енгізді.Сол кезде Демократтың (б.з.д. V ғ.) атомдық көзқарас теориясы пайда болды. Ол теория бойынша заттар бөлінбейтін ең соңғы ұсақ атомдардан ( грек. атомс - бөлінбейтін ) кұралады. Осыған байланысты аурудын себебі атомдардың денеде дұрыс орналаспағандығынан деп танылып солидарный ( лат. солидус - тығыз ) патология негізін калады.Осыған байланысты емдеу - жылумен және салқынмен, басқа да табиғи шаралармен денедегі атомдарды дұрыс орналастыруға тырысты. Біздін замынымыздың II ғасырында өмір сүрген ғұлама ғалым Гален гумаральдық және солидарлық патологияны біріктірді және осы емдік шаралар дәрігерлік ойлауда да, тәжірибеде де біздің заманымызға дейінгі XVII-XVIII ғасырларға дейін пайдаланылды. Осы кезде техника мен механиканың дамуы қоғамда механикалық заттарды кеңінен қолдануға әкелді. Осыған байланысты адам организімі де механикалық тұрғыдан қарастырылды. Бельгиялық дәрігер Андрей Везалий (1514 - 1564) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патологиялық физиология пәні және патологиялық физиологияға үлес қосқан ғалымдар.Ауру туралы жалпы түсінік
Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілік әрекетін оқытатын ғылым
Физиология ғылымы
Физиологияға ғылым ретінде жалпы сипаттама
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Сібір жарасы бактериясы
Физиология дамуының қысқа тарихы
Физалогия ғылымы және оның даму тарихы
Клиникамен танысу. Хирургия тарихы. Н.И.Пироговтың қосқан үлесі. Хирургиялық деонтологияның негізгі міндеттері. Десмургия
Жануарлар потологиясы - зертханалық жұмыстар
Пәндер