Бейнелеу өнерін оқытудың негізі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
1. 1 Қазақстан бейнелеу өнері . . . 6
1. 2 Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму тарихы . . . 8
2 Бейнелеу өнерінен әңгіме сабақтарын жүргізу әдістемесі
2. 1 Қазақстан суретшілерінің шығармашылығы . . . 13
2. 2 Қазақстан суретшілірінің шығармашылығының жанрлары мен тақырыптары . . . 14
2. 3 Кескіндеме өнерін оқытудың жас ерекшелігі . . . 28
2. 4 Табиғат көріністерінің түрлі-түрсті бояудағы кампозициясы . . . 36
2. 5 Сабақтан тыс кескіндеме үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және сабақ жоспарын құру . . . 43
Қортынды . . . 49
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 51
Кіріспе.
Кескіндеме өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойынша суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырады, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме жасап дами берді.
Қазақстан суретшілірінің таңдамалы шығармалары өмірді терең түсіну арқылы оның поэтикалық көрінісін білумен ерекшеленді. Мұндай жұмыстар қатарына акврель бояуымен салынған Ә. Қастеевтің «Қазақ жерінде», Е. Сидоркин, Ш. Кенжебаевтың графикалық шығармалары, С. Мәмбеев, Қ. Телжанов, М. Кенбаев және басқа суретшілердің кескіндемелік жұмыстары Қазақстан Республикасының кең даласында болып жатқан өзгерістерді паш етті.
. Оқушыларға эстетиалық тәрбие мен көркемдік білім беру процесінде пән мұғалімдерінің практикалық бағдарламаларының мол болуы белгілі дәрежеде ықпал етеді. Біздің елімізде мектептегі жас ұрпақты ғылыми-техникалық прогресспен қазіргі мәдениеттің дамуына сай өмірге дайындау талап етіледі.
Тәрбие берудің жалпы мақсаттарына сәйкес мектепте бейнелеу өнерін оқыту мынадай мақсаттарды көздейді:
- Қоғамның жан-жақты дамыған белсенді мүшесін дайындау. Орта мектепте бейнелеу өнерін оқыту жалпы білім беру мақсатын көздейді. Жалпы білім беретін мектепте математиктер, композиторлар дайындау сияқты суретшілерді дайындайды. Бұл арнаулы оқу орнының міндеті. Мектептегі әрбір пән бірлесе отытып, оқушыларды жан-жақты гармониялық дамуын қамтамасыз етеді. Кейбір мектептерде суретшілер дайындайды, сондықтан көркемдік білім негіздерін меңгерудің қажеті жоқ деп көрсетеді. Адам бейнелеу сауаттылығының негізін меңгермесе, өнерді бағалауға да түсінуге де үйрене алмайды. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады.
- Оқушылардың дүние танымын қалыптастыру негізінде эстетика және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы, өнердегі, табиғаттағы әсемдік қабілетін толық қабылдау, тәрбиелеу болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем өмір сүруіне әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуге эстетикалық тәрбие беру процесінде адамдардың сезімі, талғамы, көзқарасы, идеясы қалыптасқан. Мектептің міндеті эсетикалық тәрбиенің әр түрлі әдістері арқылы бала жүрегі мен сезіміне әсер етуі эстетикалық тудыру творчестваның арттыру белсенділігі болып табылады.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, олардың көркемдік білімге дейін көтеру мәселесі бүгінгі таңда айрықша мәнге ие болып отыр. Қазіргі уақытта халықпен өнерге деген ынта ықыласы анағұрлым артты. Халықтың творчествасын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкейкесі мәселесі болып табылады. Бұл орайда жазатын сәндік қолдаңбалы өнерінің мәнімен алатын орны ерекше. Эстетикалық талғам ерекшеліктерінің бірі - адамның тарихи мұраты халық өнеріне көз қарасының өзі өмір тәжірибесінің атасы жатуда.
Өнер мектеп өмiрiнiң алғашқы күнiнен бастап-ақ баланың әлемге көзқарасын қалыптастыру құралы ретiнде, әлемдi бiртұтас эстетикалық жағымды мәнiмен қабылдауға, бағалауға және ассоциациялауға, яғни оймен байланыстыруға, бейнелi ойлауға үйретiп, көркемдік білім, біліктілігін дамытады. Әсемдікке баулып, өнер шығармаларын әсерлі сезініп, түсінуін және оны толқыныспен қабылдауын қалыптастырады.
Аңдау, аңғару түріндегі ойлау машығына жақындау көркемдік таным әрекетінің өзіндік бір ерекшелігін өрісі ашылмай-ақ жеде қабыл нәтежиесі ғана көрінетін ой қисынымен кәдімгі сыршылдық сезім бірлігін іздеу керек. Логикалық тыныс, сезімдік сипат қашанда жаратылыс құбылысын суреткер санасы байта қорытып, келісті мүсіндеген бейне бойында біте қайнасып жатады. Әрине логикалық жүлге өз алдына жеке бөлініп ап-айқын, бадырайып тұрмайды, ол тек сезім арқылы өріліп жетеді. Өйткені, сұлулық игілігін сомдау жолында өнер адамы қашанда ойлана отырып, тіршілік жарасымын бұрмаламай, өз әл қадірынша дүние құбылысын бар болмысымен мейлінше қаз қалпында, дәлелді бейнелеуге тырысады.
Бейнелеу өнерін оқытудағы осындай жетіспеушіліктер пәннің мазмұнын қайта қарап, жетілдіру мен жаңарту қажеттігін ұсынады. Қазіргі таңда бұл міндеттерді шешудің өткір қажеттілігі ғана емес, объективті мүмкіншіліктерінің бар екендігі байқалды.
Дипломдық жұмыстың нысаны Тақырыптық сурет салу әдістемесінің үрдісі.
Дипломдық жұмыстың пәнi: Үйірме жұмыстарында тақырыптық сурет салу оқыту әдістемесі
Дипломдық жұмыстың мiндеттерi: Үйірме жұмыстарында тақырыптық сурет салу арқылы оқытудың мазмұны мен әдістемесін анықтап, теориялық тұрғыдан негіздеу;
Дипломдық жұмыстың жаңалығы: - мектепте бейнелеу өнерінің үйірме жұмыстарында кескіндеме оқытуға насқау дайындалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымша және суреттерден тұрады.
1 бейнелеу өнерін оқытудың ПЕДАГОГИКАЛЫҚ негізі
1. 1 Қазақстан суретшілерінің шығармашылығы.
Қазақстан бейнелеу өнерін сөз еткенде алғашқы әңгіме суретші Әбілхан Қастеевтің шығармашылығынан бастау алады. Қазақстанның халық суретшісі Ә. Қастеевтің творчествосы Республика көлеміне кеңінен таныс. Ол өзінің саналы өмірін отанының көркем образын жасауға арналған. Ә. Қастеев тақрыптың картина, портрет, пейзаж және кітап иллюстрациясы тақырыптарында жемісті еңбек етті. Ә. Қастеевтің творчествосы мен өмірінің өзінің ерекшіліктері бар. Ол 1924 жылы Жаркент қаласының жанындағы ауылда шаруа семьясында дүниеге келді. Ә. Қастеев әкесінен жастай қалып, іні - қарындастарын өсіруге анасына көмектесті. Қастеевтің суретші болуына және сәндік қолөнеріне қызығуына өзінің туған анасының ықпалы зор болды, өйткені анасы шебер адам болған. Қастеевтің таланты Қазан ревалюциясынан кейін бағаланып, ол Алматы қаласына суретші Н. Г. Хлудовтың шеберханасына оқуға жіберілді. Суретшінің алғашқы кезеңінен көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір киім киген қыз», «Тігінші», «Тоқымашы», «Қарындас портреті», «Автопортрет» шығармалары суретшінің әртүрлі жұмыс кезеңінде, жұмыс аралығында салған жақындары мен таныстарының бейнелері болды. Суретші бұл картиналарда кейіпкерлердің бас бейнесін көрсетіп қана қоймай, картина адам фонындағы киіз үй, жан - жануар, қазан ошақ және тағы басқа қоршаған табиғатты қосып көрсетті. Халық суретшісі Ә. Қастеевтің «Түрксиб» шығармасы көпшілікке танымал шығарма, картинада сол кезеңдегі ерекше бір құрылыс. Түркістан - Сібір темір жолының құрылысын көрсетуге арналған. Картинада қазақтың сары даласы, темір жолмен келе жатқан паравоз және оны күтіп тұрған адамдар көрінісі бейнеленген. Ә. Қастеев тақырыптық суреттер мен қатар табиғат көрінісін бейнелейтін пейзаждар салған. «Тау пейзажы», «Медеу» келбеті, картиналарға осыларға қосылады.
Ә. Қастеевтың творчествосының бір бөлігі халық өмірін бейнелейтін живопись шығармалары. Олардың қатарына мына картиналар жатады: «Бие сауу», «Құдыұтың басындағы бай мен жарлы», «Қалыңмалға сатылған қыз», «Шөп шабу», «Колхоздың сүт фермасы», «Колхоз тойы», «Колхоз қырманы». Суретші Ә. Қастеев халық батыры Амангелді Иманов тақырыбына өз творчествосы ерекше орын берген. Бұл шығармалар қатарына А. Имановтың портретінің «Амангелдінің шабуылы» атты композиция жатады.
Қазақстан бейнелеу өнерінің басталуы 1877 ж. Алматыға келген орыс суретшісі Н. Г. Хлудовтың есімімен тікелей байланысты. Бұрын көрмеген жаңа әлем, бейтаныс әдет-ғұрыптар, көз үйренбеген бет-пішіндер оны қатты тебірентті, ол осының бәрін асқан бір іждахаттылықпен, құштарлықпен қағазға, кенепке түсірумен болды.
Ол Алматыға тұңғыш көркемсурет студиясын басқарған. Бірінші ұлттық қылқалам шебері Ә. Қастеев те Н. Хлудовтің шәкірті болған.
Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы Қазан төңкерісінен кейін басталады. Бұл жылдарда көркем шығармалардың көрмесі маңызды оқиға болып есептелді.
Көрме 1928 ж. Семей қаласында, кейіннен басқа қалаларда да (Петропавл, Қорған, Лениногорск, Қызылордка, Қарсақбайда) болып өтті:
1929 ж. Түркісіб құрылысынан Алмытыға жас жұмысшы, бұрынғы қойшы Ә. Қастеев оқуға келді. Оның әкелген суреттері талабы бар жас екендігін көрсетеді. Осы кезде қондырғылы өнер жазуға Ә. Сәрсенбаев, Ә. Шегебеков, соңынан ағайынды Қожахмат пен Құлахмет Қожықовтар араласты, бұл алғашқы ұлттық суретшілердің пайда болуы қазақ халқының шығармашылық күш - қайратының оянуын паш етті. Қазақстан суретшілері осы кезге дейін белгілі бір жетістіктерге жетті, бірақ олар әлі біріге қойған жоқ, шығармашылық өмір өз бетімен өтіп жатты. Бейнелеу өнері 30-40 жылдан бастап барған сайын біртіндеп қалыптаса берді. Оған басқа республикалардан, әсіресе, Мәскеу, Ленинградтан келген суретшілер көп жәрдемін тигізді. 1933 ж. Қазақстан Суретшілер одағының ұйымдастыру бюросы құрылды. Оған В. Сатков, Ә. Ысмайылов, Ф. Болкоев кірді. Оны негізіне Қазақстан өнерінің әрі қарай дамуына жағдай жасады.
Бейнелеу өнерінің дамуына негізгі қозғалыс 1937 ж. әдеби-көркем ұйымның қайта құруы туралы шешімінен кейін басталады.
Одақ төңірегіне барлық шығармашылық белсенді топ бірінші суретшілер Н. Крутильников, Ф. Болкоев, Ә. Ысмайылов, А. Сәрсенбаев, Қ. Қожықов, И. Савельев, Н. Тимофеев, соңынан З. Назыров, Ә. Қастеев және т. б. жиналды.
1940 ж. Республика суретшілерінің 1-ші съезі өтті.
Қазақстан көркемөнерінің дамуының екінші кезеңінде 50-60-жылдары натураға, яки табиғатқа, болмысқа, заттың өзіне көбірек зер салу, соны бейнелеу тән болса, 60 жылдары бейнелеу публицистикасына бой ұру, «Қатаң стильді» ұлттық тұрғыдан игеру, жаңа кейіпкерді іздеу тән деуіміз керек. Ал 70 жылдары көркемөнер - бұл жаңа анағұрлым күрделі кезең болып есептеледі.
Бұл кезеңнің ерекшілігі дараланған трактовкалардың (өзінше бейнелеудің) мәнерлермен стильдердің заманымыздың көкейтесті проблемаларын, әр қилы шешетін жарқын шығармашылық тұлғалардың өте көп болуы.
Қазақстан өнерінде тұңғыш суретші қазақ қызы А. Ғалымбаеваның жұмыстары ерекше орыналды. Оның салған суреттерінен шығыс әйелдерінің нәзік те әдемі жүздері мен рухани биік тұлғаларын көруге болады.
Кескіндеме өнерінің шебері Қ. Телжанов өзінің жанрлық шығармаларында күнделікті өмірдегі тіршілік мазмұнын асқан шеберлікпен, өзіндік қолтаңбамен бере білген. Сонымен қатар оның тарихи тақырыптарға арналған «Атамекен», «Бастау» атты туындылары көпшілік көңлінен шығады.
Қазақстан суретшілірінің таңдамалы шығармалары өмірді терең түсіну арқылы оның поэтикалық көрінісін білумен ерекшеленді. Мұндай жұмыстар қатарына акврель бояуымен салынған Ә. Қастеевтің «Қазақ жерінде», Е. Сидоркин, Ш. Кенжебаевтың графикалық шығармалары, С. Мәмбеев, Қ. Телжанов, М. Кенбаев, М. Лизогуб және басқа суретшілердің кескіндемелік жұмыстары Қазақстан Республикасының кең даласында болып жатқан өзгерістерді паш етті.
Қазақстан суретшілері осы кезге дейін белгілі бір жетістіктерге жетті, бірақ олар әлі біріге қойған жоқ, шығармашылық өмір өз бетімен өтіп жатты.
Бейнелеу өнерінің дамуында негізгі қозғалыс 1937 жылдың 28 сәуірінде әдеби - көркем ұйымының қайта құрылуы туралы шешімінен кейін басталады.
Кейбір суретшілердің ұлттық пішін іздеу жолдарындағы кері түсініктерімен, формалды тенденцияларымен кәдімгідей күрес жүгізу басталады.
Одақ төңірегіне барлық шығармашылық топ бірікті - олар суретші Н. Куртильников, Ә. Ысмайылов, Ә. Сәрсенбаев, А. Ненашев, Қ. Қожықов, И. Савельев, Н. Тимофеев, соңынан З. Назыров, Ә. Қастеев, Құлахмет Қожықов және т. б. болатын.
1. 2 Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнері
.
Кескіндеме өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойынша суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырады, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме жасап дами берді.
Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейілінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіннің бәрін бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалылығы, осының бәрі кескіндемеге өз міндеттерін шешу үшін берілген.
Батырлардың сауыттарының жылтырын, жібек маталардың асқан әдемілерін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан кескіншілер қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгі қайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаһарлы да асқақ аспанды, мөлдір - сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанған көк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы кескіндеме өнері көрсетіп бере алады.
Ал ең ғажабы бұл емес! Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл да нәзік қимылмен, келіп керілген кенеп бетіне қылқаламмен бояу жағады - міне одан өзімізге тірі адам көз тастайды! Суретші оның жүзіндегі көзге шалына қоймайтын ой нышандары мен құштарлықтары таң ғажайып қырағылықпен кенеп бетіне түсірген және бір мезгілде сендерге оның жан - дүниесін ашып берген.
Кескіндеменің ұлылығы менімше мынада - ол сансыз жүректерді бір мәнді ойды, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етеді. Ол шапшаң, бірден әсер етеді, оның тілі халықаралық тіл. Оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі кейін шегінеді.
Аса көрнекті Кеңес кескіншілерінің бірі - А. Пластов кескіндеме туралы осылай шабыттана айтады.
Кескіндеме - бұл майлы бояулармен жасалған және пакет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейілінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі сулы бояулармен, темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған кескіндеме болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын кескіндеме бар.
Мұның бәрі станоктік, яғни станок та (мольбертте ) жасалатын кескіндеме. Монументтік кескіндеме де болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардың қабырғаларынан көреміз. Мұлдай кескіндеме арнайы техникада әк суына араластырылган бояулар және жаңа сылақ бетіне жиі жасалады. Мүлдем бояусыз - ақ жасалатын өзінше ерекшелігі бар монументтік кескіндеме де бар. Бейне түрлі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (мозайка) . Сондай - ақ «жарықтанатын» кескіндеме - шыныдан жасалған картинадан өтіп түрлі - түсті жарық түсіретін кескіндеме де болады (витраж) .
Кескіндеме шығармаларын орындаудың алуан түрлі техникаларын қарастыруға көшпестен бұрын түс танудың кейбір меселелерімен танысайық.
Кескіндеменің түсі. Гравюраға арналған өткен тарауда біз түс, бояулар туралы біршама сөз еттік. Бірақ онда түс әлі де тапшы, оның ролі шектеулі де шартты болатын. Кескіндемеге түс бәрін
айқындайды, мұнда ол жетекші орынға ие болады және барлық күш-қуатымен өркен жаяды.
Түс - кескіндеменің жаны. Шынында да реалистік кескіндеменің көркемдік қүралдарының негізінен суретпен және жарықпен көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Бірақ кескіндемедегі «түс» деп нені түсеміз. Бәлкім, бізге тәжірибеден белгілі заттардың боялғандығы болар. Бақсақ, олай емес, басқаша, неғұрлым күрделі нәрсе екен. Кескіндеме - біздің қайсы бір заттар туралы білімдеріміз жөніндегі протоколдық есеп емес, осы білімдерге сәйкес суретті боямалау емес, түстік жағдайды оны нақты жағдайларда біз қабылдағанымыздай етіп, көркем бере білу.
Біз шөптің жасыл, гүлдің қызыл, ал қардың ақ екенін тәжірибеден білеміз. Біз картинада оларды осындай бояулармен бояй аламыз ба? Бұл сұраққа «ия» деп те, «жоқ» деп те жауап беруге болар еді. Жасыл шөпті кескіндеменің шығармаларды іс жүзінде сұрғылт немесе көк дерлік, немесе тіпті қызыл дерлік ( мысалы, батып бара жатқан күн сәулесінде) болып шығуы мүмкін. Егер картинада қарды бір ғана ақ бояумен боясақ, қар сияқты әсер қалдырмай, жай ақ дақ болып шығады. Мұның болатын себебі, ақ қарда мыңдаған - қызғылт, алтын түстес, көгілдір және күлгін реңктер болады. Мысалы:
В. Суриковтың «Бояр әйел Морозова» атты картинасында қардың суреті қалай салынғанына назар аударып, мұқият қарап көріңдер.
Егер заттардың «дәл өзіндей» түстерді көшірмесек, табиғаттың түстік сан құбылмалылығын қалай нанымды беруге болады. Бәрін де картинада дұрыс табылған түстердің өзара қатынастары шешеді. Заттың түсімен сәйкес келетін бояуды таңдап алуға ұмтылу тіпті де керек емес. Суретшіге қолына қылқалам ұстап затқа жақын келіп, таңдап алынған түсті, ол дәлме - дәл сәйкес келуі үшін затпен салыстырып жатудың қажеті жоқ. Картинада, басқа түстердің қоршауында заттың өзіне сәйкес келетін, дұрыс та дәлме - дәл түс ретінде нанымды қабылданатындай түсті тауып, іріктеп алу қажет.
Сөйтіп суретші заттардың түсін емес, олардың түстік өзара байланысын зерттейді. Ол қайсыбір заттардың бізге белгілі табиғи түсіне онша сәйкес келмейтін, біршама басқаша сияқты болып көрінетін бояуларды пайдалануы мүмкін. Бірақ ол осы бояулардың картинаның ішіндегі барлық түстік дақтар заттың өзіндегідей бір -бірімен ара қатынаста болатындай етіп алады.
Нақ осы түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік кескіндеменің негізіне жатады.
Біздің түстерді қабылдауымызға, әдемі «сабақтас» түстің пайда болуына жарық, қашықтық (ауа қабаты) және түстік орта, яғни түрліше боялған заттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мәселен, өте күшті жарық жағдайында, мысалыға, жазғы ашық тал түсте, жарық түскен жерлерде түстер өзінің қанықтылығын жоғалтады, ағарып түссізденеді. Бұлтты күндері немесе көлеңкеде, керісінше, түстер өзінің қанықтылығына ие болады да біздің көзіміз түстік алмасулармен реңктерді әлдеқайда көбірек қабылдайды. Кейде жаңа айналыса бастаған кескіндемешілер мұны түсінбейді де керісінше жасайды, күшті жарықта тұрғанда ең ашық бояулармен салады, ал көлеңкелердегіні күңгірттеу үшін суық түсті бояуды пайдаланады.
«Кескіндеменің бүкіл құпиясы», - дейді Б. Иогансон, көлеңкелер мен жартылай көлеңкелерде.
Жарықтан басқа, түстерді қабылдауға қашықтық ауа қабаты әсер етеді. Бұл жөнінде ауа перспективасы туралы тарауда айтылады. Заттардың бір қабылдайтын түстері шағылысқан сәулелермен заттар бір - біріне жіберетін рефлекстерімен де анықталады. Бәрін де тесіп өтіп, қоршап алғандай болатын күшті де әлсіз, үлкен де кіші рефлекстердің осынау айқұш - ұйқыш айқасқан ағымдары ерекше түстік ортаны, әлдебір жалпы түсінік қатарды жасайды. Картинаның барлық бояулық үйлестірімдері бірыңғай, тұтас, жарасымды реттілікке және өмірлік шынайылыққа ұмтылған кезде, оның мұндай жалпы түстік кейпі кескіндемеде колорит деп атайды. Профессионал кескіндеменің басты белгілерінің бірі жалпы және суық реңктердің бірлігімен күресі. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңкеленген бөліктері жарықтанумен ғана емес, сонымен бірге жылы немесе суық түстік реңктерімен де міндетті түрде ерекшеленеді - егер жарық жылы болса, керісінше, онда көлеңке жылы реңкте болады. Бірақ осы жалпы түстік дақтарда оларға қарама - қарсы реңктер кейде қылаң береді. Әрбір жағылған бояу көрші бояуға ұқсамайтын, оған контрасты болуы тиіс.
- Қазақстан суретшілері шығармаларының жанрлары
... жалғасы2. 1 Бейнелеу өнерінен әңгіме сабақтарын жүргізу әдістемесі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz