Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар.


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар. Ата-аналар мен балалардың құқықтарымен міндеттерінің туындау негіздері . . .

1. 1. Ата-аналардың балалардың құқықтары мен міндеттері . . . 4

1. 2. Ата-аналарды құқықтарынан айыру және шектеу . . . 6

2. Баланың құқықтары . . .

2. 1. Баланың мүліктік емес құқықтары . . . 10

2. 2. Баланың мүліктік құқықтары . . . 15

2. 3. Баланың қорғалу құқығы . . . 19

2. 4. Балалардың құқық қорғау органдары . . . 22

Қорытынды . . . 32

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 35

Қосымша . . .

Кіріспе

«Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар» ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері, ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындығы болып табылады.

Алғашқы дәстүрлі және неғұрлым кең тараған тәсіл бір-бірімен некеде тұратын ата-аналардан туған балалардың тегін анықтау болып табылады.

Жалпы ата-аналармен балалардың құқықтары мен міндеттеріне келсек

Балалардың тууы олар ата-аналарының арасында әртүрлі құқықтар мен міндеттер туындауына алып келеді.

Бұл құқықтар мен міндеттер мынадай жағдайларда қолданылады

А) баланың атын, тегін, әкесінің атын және, сондай-ақ оның ұлты мен азаматттығын анықтау кезінде

Б) балаладың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде ата-аналардың олардың атынан өкілеттілік алуды жүзеге асырғанында

В) ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндетін жүзеге асырғанда

Жаңа Заң баланың, мәселен, мына сияқты құқықтарын реттейді баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын (52-бап), баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын (53-бап), баланың өз пікірін білдіру құқығын. 1

Құқықтық қатынастардың бірқатары баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алу құқығына ие болуына байланысты.

Ал баланың құқықтарына келесек,

Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы

1. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.

2. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы жоқ.

Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерн қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетіне құрметтелуіне құқығы бар.

Ата анасы болмаған жағдайда, оларды ата ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айрылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Заңның 13-тарауында белгіленген тәртіппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін балалар құқығын қорғау саласында глобалдыөзгерістерге жетті. 2002жылы 8 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының балалар құқығы туралы Заңы құқығының дамуына өте орасан зор әсерін тигізді. Бала құқығымен байланысты құқықтық актілер мен нормалар біртұтас жүйелік институтты құрады.

1. АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР. АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ТУЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1. Ата-аналардың балалардың құқықтары мен міндеттері

Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің туындау негізі.

Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастардың пайда болуының негізгі балалардың белгіленген заң тәртібімен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындығы болып табылады. «Неке және отбасы туралы» Заңда балалардың туу тегін куәландырудың бірнеше әдістері (түрлері) қарастырылған. Алғашқы дәстүрлі және (нәмесе) кең тараған тәсіл бір-бірімен некеде тұратын ата-аналардан туған балалардың тегін анықтау болып табылады.

«Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес2 бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бұл некеден туған бала азаматтық хал актілерін жазу органында әкесі мен шешесінің біреуі неке туралы куәлігін көрсетіп, өтініш беруі бойынша солардың атына жазылады деген сөз. Некені әйелден туған баласы әкесі сол әйелдің күйеуі болып табылады.

Баланы неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап, немесе бала анасының жұбайы қайтыс болғаннан кейінгі екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады. 3 Некесіз туылған баланың тегін куәландыруды реттейтін бұрынғы қолданылып жүрген заңдар іс жүзінде әкелікті белгілеуе қатысты мәселелерді ғана шешіп келген еді. Жаңа заң, сонымен бірге баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) белгілеу тәртібін де негіздеп берді.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 46-бабының 1-тармағына сәйкес баланың анасы жағынан тегін ( анасы болуын) ананың медициналық мекемеде туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда -медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азаматтық хал актілерін жазу органын белгілейді. Баланың анасы жағынан тегін белгілеу бала некеде тұрған адамдардан туылған жағдай да, немесе ол некесіз туылған жағдайда да қолданылады.

Бала туғанда ата-анасы некеде болмаса, немесе анасы баласының әкесі жұбайы (бұрынғы жұбайы) емес деп мәлімдесе, баланың әкесі жағынан тегін белгілеу мәселесінің шешілуі күрделірек болады.

Балалардың тууы олар ата-аналарының арасында әртүрлі құқықтар мен міндеттер туындауына алып келеді.

Бұл құқықтар мен міндеттер мынадай жағдайларда қолданылады

А) баланың атын, тегін, әкесінің атын және, сондай-ақ оның ұлты мен азаматттығын анықтау кезінде

Б) балаладың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде ата-аналардың олардың атынан өкілеттілік алуды жүзеге асырғанында

В) ата-аналар балаларын тәрбиелеу міндетін жүзеге асырғанда

Жаңа Заң баланың, мәселен, мына сияқты құқықтарын реттейді баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын4, баланың ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасау құқығын5, баланың өз пікірін білдіру құқығын6.

Құқықтық қатынастардың бірқатары баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алу құқығына ие болуына байланысты. 7 Балаға ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады. Баланың аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі. Некеге отырмаған шешеден туған баланың аты-жөні, егер ата-аналарының бірлескен арызы немесе әкелікті белгілеу жөніндегі сот шешімі болмаған жағдайда анасының көрметуі бойынша анықталады.

Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Егер ата-аналардың тегі ортақ болса, онда сол тек балаға да беріледі.

Ал, ата-анасысының тегі әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының тілегі бойынша балардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немеесе атасының атынан шығарылуы мүмкін. Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.

Егер ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты-жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды.

Баланың ұлты ата-анасының ұлтымен айқындалады. Егер ата-анасының ұлты әр тұрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін 8.

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүддесін қорғау олардың ата-анасының міндетіне жатады.

Ата-аналардың қай-қайсысы да балаларының атынан өкілеттілік алады. Балалардың мүддесін қорғау жөнінде ата-аналардың өкілдігімен9

анықталады.

1. 2. Ата-ананы құқықтарынан айыру және оларды шектеу

1. Егер ата-аналар (олардың біреуі) :

1) ата-ана міндеттерін орвндаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақан жалтаратын болса; 10

2) өз баласын перзетханадан бөлімшесінен не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;

3) өздеріңнің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;

4) балаларға қатігездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;

5) заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уыт құмарлықпен ауырады деген болып танылған болса, оалар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

2. Өз балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасқана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

Ата-ана құқығынан айыру тәрібі 11

1. Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі.

Ата-ана құқығынан айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің олардың орындағы адамдардың), кәмілетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмілетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің және басқаларының)

Арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.

2. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.

3. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан, (олрдың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.

4. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата-аналардың (ардың біреуінің) іс әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізу міндетті.

5. Егер сот ата-ан құқығынан айыру туралы соттың шешімі зыңды күшіне енген күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен қорғаншы және қамқоршы органға жолдауға міндетті.

Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары. 12

1. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан асыруға қаражат алу13 сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдем ақылар алу құқықтарына айырылуға әкеп соғады.

2. Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады.

3. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрі бірге тұруы турылы мәселе сот тәртібімен шешіледі.

4. Ата-анасы ( олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған ата-анасымен және де басқа да туыстарымен туыстық фактісіне, оның ішінде мұра алу құқығына негізделген тұрғын үй-дайға меншік құқығын немесе уй жайды пайдалану құқығы, сондай-ақ мүліктік құқықтарын сақтап қаладаы.

5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата-анасының екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі.

6. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарының өтініші бойынша қорғаншы және қамқоршы орган, егер бұл балаға зиянды ықпал етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады.

7. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы асырап алуға ата-ананы( олардың біреуін) ата-ана құқытарынан айыру туралы сот шешім шығарған күннен бастап кемінде алты ай өткенде жол беріледі.

Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру14

1. Егер ата-аналар, мінез-құлқын, тұрмыс-салтын және баланы тәрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, олардың ата-ана құқықтары қалпына келтіріуі мүмкін.

2. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.

3. Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың мүдделеріне қайшы келсе, сот баланың пікірін ескере отырып, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы ата-ананың талап-арызын қанағаттандарудан бас тартуға құқылы.

Он жасқа толған бала жөніндегі ат. Егер баланың ата-аналармен қалуы:

1) ата-аналарға байланысты емес мен-жайлар) психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың және с. с салдары( бойынша бала үшін қауіпті болса

2) олардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, алайда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Егер ата-аналар өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң лоарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға міндетті. Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қомқоршы орган осы мерзім аяқталғанға дейін ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы.

3. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау міндеті заңмен хүктелген органдрмен мекемелер, мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін жән басқа да мекемелер, сондай-ақ прокурор қоя алады.

4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.

5. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата-аналардан балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы.

Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары15

1. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналар баланы жеке өзі тәрбиелеу құқығын айырылады, ал 71-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқығына да айырылады.

2. Ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы асырау жөніндегі міндеттерден босатпайды.

3. Өзіне қатысты ата-аналарының ата-аналарының ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын үй-жайды пайдалану құқығыгн сақтап қалады, сондай-ақ ата-аналары және басқа да туысқандарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқығын, соның ішінде мұра алу құқығын сақтап қалады.

4. Ата-анасының екуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқоршылығына беріледі.

5. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналарға, егер олар балаға зиянды әсерін тигізбесе, баламен қатысуға рұқсат етілуі мүмкін. Ата-аналардың баламен қатысуына қорғаншы немесе қамқоршы органның не қорғаншысының баланың патронт тәрбиелеушілерінің немесе бала тұратын мекеме әкімшілігінің келісімімен жол беріледі.

73-бап Ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою

1. Егер ата-аналардың ата-ана құқықтары шектелген негіздер жойылса, сот ата-аналардың талап-аразы бойынша баланы ата-анасына қайтарып беру туралы және осы Заңның 72-бабында көзделген шектеулердің күшін жою ту ралы шешім шығарылады.

2. Егер ата-анасына баланы қайтарап беру оның мүдделеріне қайшы келетін болса, сот баланың пікірін ескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу16

1. Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланы ата-аналардан немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы.

Баланы дереу айырып алуды жергілікті атқарушы органның тиісті актісі негізінде қорғаншы және қамқоршы орган жүргізеді.

2. Баланы айырып алу кезінде қорғаншы және қамқоршы орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге және баланы айырып алу туралы жергілікті атқарушы органның актісі шыққаннан кейін жеті күн ішінде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе олрдың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға міндетті.

Баланы айырып алуға байланысты істер бойынша сот шешімдерін орындау17

1. Баланы ата-анасынан айырып алуға және оны басқа адамдарға беруге байланысты шешімді мәжбүрлеп орндау қорғаншы және қамқоршы органның және баланы алатын адамның (адамдардың) міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда ішкі істер органдары өкілінің қатысуымен жүргізілуге тиіс.

2. Баланы беру туралы сот шешімін оның мүдделеріне нұқсан келтірмей орындау мүмкін болмаған жағдайда бала соттың ұйғарымымен тәрбие, емдеу мекемесіне немесе басқа мекемеге уақытша орналастырылуы мүмкін.

2. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

2. 1. Баланың мүліктік емес құқықтары

Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы18

Балаға ата-анасының келісімі бойынша қойылады, аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі.

Әкесі атын өзгерткен жағдайда оныңм кәмелетке толмаған балалардың әкесінің аты-жөні өзгеред, ал кәмелетке толған балалардың әкесінің аты-жөні бұл туралы өздері арыз берген жағдайда өзгертіледі.

Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының тегі әр түрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі.

Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін.

4. Баланың атына және тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі.

5. Егер әкесі белгіленбесе, баланың аты анасынң көрсетуі ойынша қойылады, әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі - анасының тегі бойынша беріледі.

6. Егер ата-анасының екуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты-жөнін қорғаншы және қомқоршы орган қояды.

Баланың аты мен тегін өзгерту19

Ата-анасының екеуі де тегін өзгерткен жағдайда кәмелетке толмаған балалардың тегі өзгереді.

Бала он алты жасқа толғанға дейін ата-анасының бірлескен өтініші бойынша азаматық хал актілерін жазу органы баланың мүдделерін негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берілген текті басқа ата-ананың тегіне өзгертуге рұқсат беруге құқылы.

2. Неке тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда балалар өздеріне туған кезде берілген тектерін сақтап қалады.

3. Егер ата-анасы бөлек тұрса және бала бірге тұратын ата-анасының біреуі оған өзінің тегін бергісі келсе, азаматтық хал актілерін жазу органы бұл мәселені баланың мүдделеріне қарай және ата-ананың екіншісінің пікірін ескере отырып шешеді.

Ата-ананың тұратын жерін аеықтау мүмкін болмаған, ол ата-ана құқығынан айырылған, әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, сондай-ақ ата-ана баланы асырап-бағу мен тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз жалтарған ретте оның пікірін ескеру міндетті емес.

Егер бр-бірімен енкеде тұрмайтын адамдардан туған болса және әкесі заңды тәртіппен белгіленбесе, азаматтық хал актілерін жазу органы, баланың мүдделерін негізге ала отырып, оның тегін анасының осындай өтініш жасаған кездегі соның тегіне өзгертуге рұқсат етуге құқылы.

5. Он жасқа толған баланың атын және тегін оның келісімімен ғана өзгертуге болады.

Баланың ұлты. 20

1. Баланың ұлты ата-анасының ұлтымен айқындалады.

2. егер ата-анасының әртүрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке басының куәлігі немесе паспорт берілген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен айқындалады.

3. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін.

Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығы түсінігі
АТА-АНАЛАРДЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАРСЫ МІНДЕТТЕРІ
Құқық негіздері
Ата - аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар
Отбасы – неке заңдары
Алиметтік міндеттемелерді құқықтық реттеу
Отбасы — қоғамдық қатынастары
Отбасылық тәрбиенің балаға әсері
Ата - ана құқығынан айыру тәртібі
Неке - отбасы қатынастарының құқықтық табиғаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz