Қазіргі мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдаудың әдіс-тәсілдері, қағидалары және жүзеге асыру шарттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 1 бет
Таңдаулыға:   

№ 3 СОӨЖ тақырыбы:Қазіргі мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдау.

1) Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдеріне талдау жасаңыз

Баланың көмек пен қолдау көрсетуге келісім

Бала өзі көмек сұрайды, немесе көмек көрсетуіне қарсылық білдірмейді. Тек қана баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, сондай-ақ қоғамға жат қылықтар кезінде қолдау (араласу) баланың келісімін күтпейді. Өз проблемасын шешуде басымдық бала жағында болады

Педагог тек қана проблеманың мәнін түсінуіне көмектесу арқылы оның шешім қабылдауына жағдай жасайды, оның шешімін табуда өз көмегін ұсынады немесе оқушының өзіндік әрекетіне жанама әсерін тигізеді.

Бірлесушілік, ынтымақтастық, жәрдем көрсету

Бұл шарт педагогикалық қолдаудың кедергіні бірлесе жеңу, проблеманы түбегейлі шешуде көмек көрсетушілік мазмұнын әрі технологиялық мәнін көрсетеді.

Құпиялылық принципінің сақталуы

Бұл балалармен сенімді қарым-қатынас жасау үшін, әсіресе диагностикалық әдістеме, бетпе-бет әңгімелесу және кеңес беру жағдайында өте маңызды. Тек ересек адамға толық сенген жағдайда ғана бала оның көмегіне сүйенеді және ішкі белсенді жұмысқа түрткі болуы мүмкін.

Қайырымдылық және бағалаусыздық

Оқушымен арақатынасында эмоциялық реңк болуы қолдауды жүзеге асыруда табыс кепілі болуы да, сәтсіздік кепілі де болуы мүмкін. Педагог баланың көзқарасымен қараса, ол оның іс-әрекетін басқалардың іс-әрекетімен салыстырып қарамай, осы оқушыны ғана естіп, оны ғана түсініп, оның қиындықтары мен проблемаларының себептерін іздестіруі мүмкін. Ал педагог оқушының іс-әрекеті мен қылығына баға бере бастаса, ол оқушыға қабылдай алмаушылық, сынау болып көрініп, ол тұйықтала түсуі мүмкін.

Өмірінің барлық кеңістігінде оқушының құқықтары мен мүдделерін қорғау

Тәрбиеші-педагог сот қорғаушысы сияқты қандай жағдайда да баланы жақтайды. Тіпті оқушы жалпыға ортақ норманы бұзғанда да тәрбиеші бала үлкендерден де көп қателесуі мүмкін екендігін ескеріп, «жазаны жеңілдету» жолдарын іздестіреді. Қолдауды жүзеге асырушы педагог - бұл оқушы мүдделерін қорғау

2) Оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық қолдауды жүзеге асырудың шарттары мен қағидаларын анықтаңыз

Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.

Денгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;

Дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;

Оқушының ынтасын қабілетін арттыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдау
Қазіргі мектептегі тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдау: мәні, формалары және тиімді жағдайлары
Мектептің педагогикалық үдерісіндегі бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектептің информатика курсында желілік педагогиканы жүзеге асыру мүмкіндіктері
Информатика мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлықтарын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері мен педагогикалық шарттары
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын қолданудың шарттары мен педагогикалық жүйесі
Балбөбек бағдарламасының мазмұны, қағидалары және мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асыру тәсілдері
Жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық оқыту әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Мектептің оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау: құрылымы, мазмұны және қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz