Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау туралы ақпарат


№ 5 СОӨЖ тақырыбы: : Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау
- Сыныптың тәрбие жұмысына талдау жасаңыз және оның тиімділігін бағалау өлшемдерін беріңіз.
Сыныпта 15 оқушы бар, 8 ұл және 7 қыз. Сыныптың тәрбие жұмысы мерекелік шараларға дайындалу, түрлі байқауларға қатысу және сынып сағаттарын өткізу барысында жүргізілді. Тәрбие жұмысының басты мақсаттары: әр баланың барынша дамыту, оның бірегейлігін сақтау және оның әлеуетті қабілеттерін ашу. Тәрбие жұмысының басты тапсырмалары: ұжымда жұмыс істеуге үйрету, өзін-өзі мектепте және қоғамдық жерлерде ұстауға үйрету болды. Сондай-ақ оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиена сақтауғы көп көңіл аударылды.
Тәрбие жұмысына оқушылардың ата-аналарыда белсенді қатысты. Олар өз балаларының тәрбие жұмысна көп көңіл бөледі.
Сонымен қатар сұхбат және түрлі тақырыптарға сынып сағаттары жүргізілді. Олар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, мектепте өзін-өзі ұстау ережелері, қоғамдық жерлерде өзін-өзі ұстау ережелері, өрттен сақтану шаралары, судағы және мұздағы қауіпсіздік шаралары. Оқушылар мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысты. Тәрбие жұмысының ары қарайғы жұмысы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға және белсенді оқушылармен қатар көлеңкеде қалып қоятын оқушыларды жұмысқа белсене араласуын қадағалауға бағытталады.
- « Тәрбие шаралары», «тәрбие жұмысының формалары» ұғымдарының ара-қатынасын ашып көрсетіңіз.
Семинарда айтып кеткендей, тәрбие ісі мен тәрбие шаралары бір-бірімен байланысты болып келеді. Тәрбие шарасын өткізу үшін алдымен, оған тәрбие ісі бойыша құралған жоспар керек. Сол арқылы тәрбие шаралары өтеді. Ал тәрбие жұмысының формалары дегеніміз-педагогтер мен оқушылардың белгілі бір қарым-қатынас құрылымы арқылы тәрбиелеу жұмысы мазмұнының көрінісі.
Формалардың жіктелуі мынадай белгілерді есепке алады:
Өткізілу мерзімі бойынша барлық формаларды былайша бөлуге болады: қысқа мерзімдік (ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылатын) ;
ұзақ мерзімдік (ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылатын) ; дәстүрлі (тұрақты түрде қайталанып тұратын) .
Даярлану мерзімі бойынша: дайындықсыз формалары (оқушылармен оларды алдын ала даярлыққа қоспастан өткізілетін) алдын ала жұмысы, оқушылардың даярлығы қарастырылатын.
Әрекет түрлері бойынша: оқу; спорттық-сауықтыру; еңбек; көркем; эстетикалық; экологиялық; танымдық және т. б.
Педагогтің әсер ету әдісі бойынша: тікелей; жанама.
Ұйымдастыру субъектісі бойынша: балаларды педагогтар, ата-аналар және басқа да ересектер ұйымдастырады; әрекет ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылады; балалар өздері ұйымдастырып, жүзеге асырады. Нәтижесі бойынша: нәтижесінде ақпараттар алмасу болады; нәтижесінде ортақ шешім қабылдау жүзеге асады; нәтижесінде қоғамдық маңызды өнім алынады.
Қатысушылар саны бойынша: жеке (тәрбиеші - тәрбиеленуші) ; топтық (тәрбиеші - балалар тобы) ; бұқаралық (тәрбиеші - бірнеше топтар) : Тәрбиелік әсер әдістемесі бойынша: сөз түрінде (жиналыстар, сұхбаттасулар, пікірталастар) ; практикалық (жорықтар, экскурсиялар) ; көрнекілік (тақырыптық стенділер көрмелері) .
- Азаматтық-патриоттық тәрбие бойынша тәрбие жұмысының жоспарын құрыңыз.
Сынып сағаты
Тақырыбы:Мен, Қазақстанның патриотымын!
Өткізетін сынып: 7 сынып
Өткізілетін күні:10 қазан 2017
Мақсаты:
1) Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
Міндеттер:
1) Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
2) Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу
3) Оқушылардың құқықтық сана сезімін қалыптастыру, заң алдындағы жауапкеншілігін арттыру, ұйымшылдық мен тәртіптіліктің тиімді жолдарын түсіндіру;
Сабақтың түрі: танымдық ойын сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірталас, ойын
Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, заңға байланысты газеттер, сызбалар
Барысы:
- Ұйымдастыру.
- Аспаны ашық еліміздің, Көркі сұлу жеріміздің, Біз-бақытты баламыз!Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз!
- Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан -сенің туған елің, туған жерің, дос -жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмірсүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күшбереді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар - әдемі қалалар.
Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер, атамекен - Биік тау, орман, тоғай көлімізді. Отан дейміз кең-байтақ астананы, Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы. Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ, Ол бірақ өз үйіңнен басталады. Отан- тарих, Отан - тіл, Жасаған елің, өз- халқың. Отан - өлең, Отан-жыр, Көтерген көкке ел даңқын. Отан - сенің ата-анаң, Отан - досың, бауырың, Отан - өлкең, астанаң, Отан - аудан, ауылың. Отан - осы достарым, Көңілге мұны түйе біл! «Отан» деп өс жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл!
Хор: «Отан»
Отан туралы сұрақтар:
1) Қазақстан Республикасының президенті кім?
2) Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?
3) Қай жылы конституция қабылданды?
4) Қай жылы елтаңба және ту қабылданды?
5) Әңұраның бірінші нұсқасы қай жылы шықты?
Көрініс: «Үш арыстың үлгілері»
Би: «Қамажай»
Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарыңашық, жарқынболсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
4) Жалпы білім беретін мектептерде оқушылармен үйірме жұмыстарын жүргізу әдістемесін көрсетіңіз.
Тақырыбы: Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі мәселелері. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері. Информатикалық үйірме, оны ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі.
Жоспары:
- Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі мәселелері.
- Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың түрлері.
- Информатикалық үйірме, оны ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі.
Мазмұны:
Жалпы білім беретін орта мектептерде информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың бірнеше түрлері бар. Олар информатикалық үйірме, информатикалық ойындар; информатикалық викториналар; информатикалық конкурстар; информатикалық олимпиадалар; информатикалық кештер; информатикалық экскурсия; информатикалық әдебиеттер оқу; информатикалық рефераттар мен шығармалар жазу; информатикалық қабырға газетін шығару; информатикалық фокустар, логикалық есептер, жұмбақтар, ребустар, кроссвордтар, чайнворд, кросснамберлер, компьютерлік ойындар, т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz