Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекеті жүйесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

№ 6 семинар тақырыбы: Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекеті жүйесі

1. Сынып жетекшісінің құқықтары мен міндеттерін айықындаңыз.

Сынып жетекшісінің құқықтары:

-баланың психикалық және жалпы денсаулығы туралы ақпарат алу;

-әрбір оқушының үлгеріміне бақылау жасау;

-берілген сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің сондай-ақ психологтардың, әлеуметтік педагогтардың жұмысын үйлестіру және бір жаққа бағыттау;

-«кіші педагогикалық кеңестер», педагогикалық консилиумдар, тақырыптық және т. б іс-шаралар өткізу арқылы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;

-сынып ұжымымен кеңесе отырып әкімшіліктің, мектеп кеңесінің қарауына ұсыныстар ұсыну;

- ата-аналармен байланыс жасау, әкімшіліктің келісімімен оқыту мен тәрбиелеуге қатысты мәселелерді шеше отырып, кәмелеттік жасқа жетпегендер істері бойынша арнайы мектептің өзара әрекеттестігі кеңесіне бару;

-мектептің педагогикалық ұжымынан көмек алу;

-балалармен жұмыс істеудің жеке ретін анықтау;

-сынып жетекшісінің дидактикалық егер ол пән мұғалімі болса, өз пәні бойынша авторлық бадарлама жасауға және тәрбие беру бағытындағы мәселелер бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды алып жүруге құқы бар.

Сынып жетекшісінің міндеттері

1. Сыныптағы оқушылардың талап тілектері мен мүдделерін жеке олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.

3. Сыныптағы мән мұгалімдері мен мектеп әкімшілігін жәнс оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, окушыларға қоятын педагогикалық талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.

4. Тәрбие үрдісінде мектептің, жанұя мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, жанұядағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оку насихат жұміыстарын жүргізу.

6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектепттен тыс әр алуан тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды компонентерінің бірі ретінде қарастыру т. б.

2. Сынып жетекшісінің іс-әрекетінің негізгі бағыттарын анықтаңыз.

1. Оқушының жеке дамуын бақылау, оның еркін дамып, қабулеттерінің ашылуына оптималды жағдай жасау:

2. Оқушының ынтасын, қабілетін, зерттеу, (кәсіби) бағдар беру:

3. Оқушылардың қоғамдық-құнды қатынастарға жетелейтін әрекеттерінің барлық түрлерін (жеке дара, топтық, ұжымдық) ұйымдастыру.

4. Оқушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.

5. Әр оқушыны әлеуметендіруге мүмкіндік беретін сынып ұжымын тәрбиесін орта ретінде қалыптастыру.

6. Барлық тәрбиелік күштердің өзара ынмақтастығы мен байланыстарын ұйымдастыру.

7. Сыныпта оқу тәрбиесі процесін ұйымдастыру.

8. Сынып оқушыларының сыныптың және жалпы мектеп жымының тәрбиесін іс-шараларына тарту және басқа ұжымдармен байланыс орнату.

9. Оқушыларды, олардың тұрмыс жағдайларын зерттеу.

10. Оқушылардың дамуындағы жеке мінез-құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету, күрделі жағдайларда басшыларды құлақтандыру.

11. Өмірде кездесетін күрделі проблемаларды шешуде оқушыларға көмек көрсету.

12. Оқушылардың әлеуметтік және занды құқықтарын қорғау.

13. Тәрбие жұмысының нәтижелігін көрсететін іс-қағаздар жүргізу оқушылардың жеке құжаттары сынып журналы, оқушылардың күнделігі) .

14. Мектептің тәрбие жұмысына ұстаздарды, ата-аналарды, білім, өнер саласындағы мамандарды тарту.

15. Үнемі тәрбие теориясына, практикасына, педагогика және психология мәселелеріне байланысты өзінің мамандығын жетілдіру.

16. Өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен жылы қарым-қатынас орната алуы керек.

17. Тәрбиелік мақсаттарды көре білуі және оны қоя білуі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің қызметтері
Мұғалімнің, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жүйесіндегі өзіндік ұстанымдары
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Сыныптағы тәрбие жүйесі
Мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты қызметі
Тәрбие процесін ұйымдастыру
Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата - аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz