Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекеті жүйесі жайлы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

№ 6 СОӨЖ тақырыбы: Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекеті жүйесі

1. Сынып жетекшісіне қажетті кәсіби және тұлғалық сапаларының тізімін құрастырыңыз.

Педагогтың кәсіби жеке тұлғалық сапасы (педагогикалық бағыттылық, өнегелілік сапа, коммуникативтік, перцептивтік, дидақтикалық қабілеттілік, педагогикалық мәдениеттілік, техникалық шығармашылық) .

Кәсіби оқыту педагогының бойындағы кәсіби-жеке тұлғалық қасиеттер дегеніміз - бұл педагогтың кәсіби іс-әрекетінің қорытындысына әсер ететін, әлеуметтік- психологиялық білімнің жиынтығы болып табылатын жоғары құндылықтарды адамның мойындауы.

Оның негізгі орталық түсінігі ретінде кәсіби оқыту педагогының оқушыға деген қарым-қатынасы қолданылады, яғни ол барлық әлеуметтік рөлдердің ішінен бірінші орынға адамды қойып, балаға адам ретінде қарау, оның алға жылжуын ойлау сияқты қасиеттер ең бастысы болып табылады. Кешегі күнде балаға деген қарым-қатынас жеке тұлға ретінде емес, кішкентай өсіп келе жатқан адам, бірақ өзінің болашақ өміріне дайындалушы ретінде қарады. Яғни мұғалімдердің көпшілігінде «ол әзір адам» емес, бірақ болашақ адам деген көзқарас қалыптасты.

Ал бүгінгі күнде балаға деген көзқарас, қарым-қатынас өзгеріп, оларға адамгершілік қарым-қатынасында қарау басты орынға «адам-адам», ал екінші орынға «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы жарияланды. Ал оны әрі қарай дамыту болашақ педагогтардың қолында. Балаға деген адамгершілік қарым-қатынастың практика жүзінде орындалуы кәсіби оқыту педагогының кәсіби іс-әрекет процесі барысында жүзеге асады: педагогтың жұмысы маман ретінде, оның балаға деген қарым-қатынасын іске асыруы және педагогтың кәсіби шеберлік деңгейі де объективті түрде балаға деген қарым-қатынасымен анықталады.

Кәсіби оқыту педагогының еңбегіне деген қарым-қатынасы және оған жауапкершілікпен қараудың арқасында, педагогикалық деклорация практикалық субстанция жетістігіне жетеді. Атап айтқанда, кәсіби еңбегіне жауапкершілікпен қарау негізінде кәсіби тырысуы, кәсіби оқыту педагогы жұмысының нәтижелігі, іс-әрекет өнімділігінің сапасы арқылы жүзеге асады. Ал бұл педагогты әрқашанда өз әрекетін тәрбие мінездемесімен салыстыруға, оның салдарын талдауға және балалардың дамуы мен олардың бақыты үшін жұмыс жасауға мәжбүр етеді.

Алайда, маманның кәсіби еңбегіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру тікелей адамның өз-өзіне және таңдап алған мамандығына деген қарым-қатынасымен байланысты. Егер де ұйымдастырылған еңбек барысында жақсы қасиеттерге иеленген жеке тұлға еңбек субъектісі ретінде алға шықса, онда ол еңбек нәтижелігін және оның қорытындысының жоғары болуын талап етеді. Жеке тұлғаның құндылығы, яғни оның жақсы қасиеттерге ие болуы, педагогтың кәсіби шығармашылыққа жолын ашады, өз күшінде сенімділік тудырады, өзінің кәсіби біліктілігінің маңызын мойындауға және өмірінің негізгі саласы болған, балаларды тәрбиелеу жұмысына сыйластықпен қарауға мүмкіндік береді.

2. Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеттерін айқындаңыз.

-баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуы;

-баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатын тэрбиенің біріңғай ұстанымдарын қою табаланың жан-жақты үйлесімді даму үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

-баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асыру үшін;

-баланы түрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін;

-балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру үшін;

-сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл- күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т. с. с.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесіндегі басты қызметі
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Тәрбие процесін ұйымдастыру
Мектеп пен сыныптағы тәрбие жүйесі
Бастауыш мектептегі тәрбие процесі
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
Мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz