Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

№ 7 семинар тақырыбы: Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері.

1) Педагогикалық энциклопедиялар мен сөздіктерден «ұжым» ұғымының анықтамасына талдау жасаңыз.

Ұжым(collectives -лат. «жинақтық») қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ құндылықты бағалау және бірігіп жасайтын қызметтер мен қарым-қатынас негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады. Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым - ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы. Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және әлеуметтік қауымның қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға қосылуы оның мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне негізделеді.

2) Ғалымдардың еңбектеріндегі ұжым теориясының дамуына тарихи шолу жасаңыз.

Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу - Макаренконың жүйесінде ең негізгі орталық идея, оның бүкіл педагогикалық қызметі мен барлық педагогикалық қағидаларының өзекті мәселесі болып табылады. «Біздің тәрбиенің міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу болып табылады”, -деп жазды А. С. Макаренко өзінің “Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары” атты мақаласында. Макаренконың айтуынша, ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы. Макаренконың түсіндіруінше, әрбір жеке тұлғаға әсер ету үшін ұжымға әсер ете отырып, оның әрбір мүшесі болып табылатын жеке тұлғаға әсер етуге болады. Бұл қағиданы “параллельді әсер ету қағидалары” деп атады. Бұл қағида ұжымның талаптары іске асады. “Параллельді әсер ету қағидасы”, бірақ дара әсер ету қағидасын қолдануды, педагогтың жекеленген тәрбиеленушіге тікелей, жанама әсер етуді жоққа шығармайды. Ұжымның негізгі заңдарының бірі “ұжымның қозғалыс заңы” деп атады Макаренко. Егер ұжым алдына қойған мақсатты орындаса, бірақ ол болашаққа жаңа мақсаттар қоймайтын болса, онда ұжым мүшелерін жігерлендіретін ұмтылыс болмайды, қол жеткен табыстарға тоқмейілсу басталады, ондай ұжымның болашағы болмайды. Ондай жағдайда ұжымның дамуы тоқталады. Ұжым әруақытта да қызу өмір сүруі, белгілі мақсатқа ұмтылып отыруы қажет.
Осыған сәйкес Макаренко алғаш рет “Болашақ жолдар жүйесі” қағидасы педагогикаға ұсынып, жан-жақты талдады. “Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты-шулы қозғаушысы, ертеңгі қуаныш”, -деп жазды Макаренко.
Балалар ұжымының дамуы, Макаренко бойынша, әруақытта да жүріп отыруға тиісті, дамуды педагогикалық ұжым бағыттап отырады, ал оның алға қозғалысының өте тиімді жолдарын шығармашылықпен іздестіреді.
Ұжымның өмір сүруінің ең негізгі заңын Макаренко ұжымның қозғалысы, өсуі және дамуы деп атады. Оның пікірінше, онсыз біздің қоғамның өміршең бөлігі ретінде ұжымды елестету мүмкін емес. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммунадағы өзінің педагогикалық тәжірибесінде осы ережені қатаң сақтады, колонистер мен коммунарлардың ұмтылысын және ешуақытта тоқтап қалуға болмайтынын, әруақытта алға жүріп отыру ептілігін орынды тәрбиелеу, алға мақсат қоя білу қабілеттілігі және сол орындай білу. Макаренко балалар ұжымы өмірінде берік ұйымдасқан активке ерекше мән берді, оны педагогтың ең жақын тірегі деп қарады. Ол колония тәрбиеленушілердің ішінен актив ядросының бөлінуіне қуанды, оның толығуына қуанды, оны тәрбиелеу туралы қамқорлық жасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың жеке басын қалыптастырудағы ұжымның рөлі..
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері туралы
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұжымның рөлі
Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
Оқушылар ұжымның қалыптастыру және оның балалар тұлғасына ықпалы
Мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіруде оқушылар ұжымын диагностикалау
Ұжымның даму кезеңдері
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару мазмұны мен оны ұйымдастыру
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz