Сынып жетекшісінің қиын оқушылармен жұмыс жүйесі: мінез-құлық себептері, жіктелуі және педагогикалық іс-әрекеттер


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

№ 8 семинар тақырыбы: Сынып жетекшісінің қиын балалармен жүргізетін жұмыстарының жүйесі.

1) Қиын оқушылардың қызығушылықтарын қалыптастырудың жолдары.

  • Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау;
  • Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерлерін, бақылау жұмыстарын, шығармаларын т. б. ) ;
  • Оқушыдан не қызықтыратынын және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу;
  • Достары жөнінде әңгіме жүргізу;
  • Оқушы жөнінде достарымен, ата-анасымен әңгіме жүргізу;
  • Мінез-құлқы қиын оқушыларды анықтау үшін және де оқушыларды мінез құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін анықтау үшін мындай әдістерді қолдану;

2) Қиын балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалім іс-әрекетінің мазмұны.

Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады. Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды. Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П. П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы -мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы - мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П. П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П. П. Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырды. В. В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы - бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г. А. Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға » үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Қазіргі кезде психологияда қиын бала түсінігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.
Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген :
1. Әлеуметтік формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы тән балалар.
2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің қиын оқушылармен жұмысының психолого-педагогикалық негіздері
Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыс жүйесінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмысындағы психолого-педагогикалық негіздер
Қиын балаларды мектепте тәрбиелеу: пайда болу себептері, мінез-құлық ерекшеліктері және педагогикалық тәсілдер
Жеткіншектердегі қиын мінез-құлық: психолого-әлеуметтік себептері мен әлеуметтік-педагогикалық алдын алу
Сынып жетекшілерінің қиын оқушылармен жұмысы: себептері, әдістемесі және мектеп-отбасы ықпалы
Оқу-тәрбие жүйесінде тәртібі қиын оқушылармен педагогикалық-психологиялық жұмыс мәселелері
Жеткіншек жастағы қиын мінез-құлық: психологиясы, себептері және әлеуметтік-педагогикалық алдын алу мен түзету
Қиын мінез-құлық: балалар мен жасөспірімдердегі себептері, теориялық-әдістемелік негіздері және әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу жолдары
Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесіндегі рөлі, міндеттері және жұмыс жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz