Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыс жүйесінің психологиялық-педагогикалық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

№ 8 СОӨЖ тақырыбы: Сынып жетекшісінің қиын балалармен жүргізетін жұмыстарының жүйесі.

  1. «Қиын балаларға» қатысты педгогикалық қолдаудың ерекшеліктерін айқындаңыз
  • баланың мінез-құлқының бұзылуы (агрессиялылық, жанжалқойлық, алаңдаушылық, әсерленгіштік немесе оған қарама-қарсы ахуал - тұйықталушылық) ;
  • тәрбиеленуші кешегіден немесе ертеңгісінен мүлде басқа мінез көрсетеді;
  • оқушы жайлы оның сыныптастарының немесе пән мұғалімдерінің мазасыздық білдіруі;
  • ата-аналарының мектеп әкімшілігіне, психологқа, әлеуметтік педагогке немесе басқа мұғалімдерге сөйлесуі;
  • баланың өзі тікелей немесе жанама түрде байланыс жасағысы келетінін білдіруі.
  1. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстар жүйесінің психологиялық-педагогикалық негіздері(конспект)

Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда. Мінез-құлықтағы қиындық - бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және әлеуметтік педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық ерекшелік. Мұндай жасөспірімдер өсе келе ауыр қылмыстық істер жасауға бет бұрадыСөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, әлеуметтік педагог, заңгер, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.

Бiрiншiсi - тән кемтарлығы және жан жарақаты бар балалар.

Екiншiсi - отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы керi факторлардың, әлеуметтiк жағдайдың әсерi болған және өтпелi кезеңнiң күрделiлiгiнен мiнезi дұрыс қалыптаспай қалған балалар. Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П. П. Бельский (1917ж., 1924ж. ) болды, ол өз мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырды. П. П. Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Осы қиын балалар мәселесі бойынша, жоғарыда аталған ғалымдарымыздың ішінде А. С. Макаренконың қиын балалар мен жасөспірімдерге арналған еңбектері отандық педагогикалық алтын қорына енді.

Қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағадайымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П. П. Блонский (1986ж) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты - қиын балалардың өмірін нақтылау. П. П. Блонский қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға әлеуметтік педагогтің қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылауды жөн көрді. Бұл балаларға былайша мінездеме берді: «Объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы - мынадай, ол әлеуметтік педагогтің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы - мынадай, онымен әлеуметтік педагогқа жұмыс істеу өте қиын, әлеуметтік педагогтен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы». . «Қиындықпен тәриелену» мәселесі Г. А. Фортунатовтың (1935 ж) еңбектерінде зерттеген. Өзінің зерттеулерінде «қиын бала» ұғымына былайша түсінік беріп, оларға үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады. «Қиын балаларға» ол психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Г. А. Фортунатов қиын балаларға тек анықтама беріп қана қоймай, ондай балалардың пайда болуының себептеріне түсіндіреді және осындай себептің екі тобын табады. Бірінші топқа ол ескінің әсерін, ал екіншіге оларды қиналатын ішкі дау-жанжалдарды жатқызады. Дау-жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез-бітістер: қозушылық, ұстамдылық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік тағы басқа пайда болады. Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда. Мінез-құлықтағы қиындық - бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және әлеуметтік педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық ерекшелік. Мұндай жасөспірімдер өсе келе ауыр қылмыстық істер жасауға бет бұрады. Егер талдау жасап, жасөспірімдер қылмысын тізе берсек, тізім созыла береді. Ал балалардың сол қылмысқа бару себебін іздеп, қиын балалар қалай шығатынын зерттесек, біріншіден, баланың қарны тойып тамақтануы, үйде жанжал шыққан күннің ертесінде мектепке бару, бармау мәселелері тұрады. Осы және тағы басқа мәселелерді реттеу, шешу жолдары тиісті адамдар тарапынан ұсынылған. Бала - біздің болашағымыз, елді өсіретін де, өшіретін де, осы келешек ұрпақ. Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымын зерттеу және бақылау 1920-30 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт қолданысталған ғылым ұмтылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмысындағы психолого-педагогикалық негіздер
Сынып жетекшісінің қиын оқушылармен жұмысының психолого-педагогикалық негіздері
Қиын балалармен психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әдістері: анықтау, себептері және оңалту
Қиын балалармен педагогикалық жұмыс: теориялық негіздер мен әдістемелер
Сынып жетекшісінің қиын оқушылармен жұмыс жүйесі: мінез-құлық себептері, жіктелуі және педагогикалық іс-әрекеттер
Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесінің теориялық және практикалық негіздері
Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесіндегі жұмыс жүйесінің теориялық-әдістемелік негіздері және қазіргі мектептегі негізгі міндеттері
Дарынды балалармен жеке жұмыс: педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері мен дамыту әдістемесі
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарына қойылатын психологиялық талаптар: теориялық және әдістемелік негіздері
Оқу-тәрбие жүйесінде тәртібі қиын оқушылармен педагогикалық-психологиялық жұмыс мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz