Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті


№ 10 семинар тақырыбы: Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті
1. Мектеп оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» атты тәрбие сағатының іс-шарасын жасаңыз.
2. Педагогтық валеология-әр түрлі әлеуметтік-демографикалық топтарда салауатты өмір салты дағдыларын, адамның құндылық-қажеттілік әрекет өрісін дұрыс қалыптастыруға бағытталған ғылыми сала анықтамасының мәнін ашып беріңіздер.
Валеология - екі шет елдері тілінен алынған. Латын сөзі «Vаlе» («Сау болу», «аман болу» қазақша деніңіз сау болсын деген мағына береді.
А. С. Пушкин өзінің достарына жазған хатының соңына әрқашан «Vаlе» деген сөзді қосып отырған. «Деніңіз сау болсын» деген сөз. Грекше «Lоgos»- «ілім», «ғылым» деген мағына береді. Бір сөзбен айтқанда валеология денсаулық туралы ғылым. Валеология терминін 1987 жылы орыс ғалымы - медицина ғылымдарының докторы, профессор-фармакогаосист И. И. Брехман ғылымға енгізген болатын. Адам денсаулығының төмендеуі, көптеген отандық және шет ел ғалым-медиктерінің жазған еңбектерінде келтіріледі. Денсаулық туралы қазіргі заман адамдарының ұғымдары онша көп емес екендігі және олар денсаулығына көп мән бермейтіні байқалады. Баршаға белгілі - адамдардың денсаулығымен шұғылданатын, тек медицина ғылымдары ғана. Бірақ медицина ғылымы ауруларды емдеу проблемаларымен шұғылданады да аурулардың пайда болуымен айланыспайды. Ауру адамдардың физиологиясы мен тек физиология ғылым-дары шұғылданады. Ұлы физиолог И. П. Павлов өзінің еңбегінде былай деп жазған еді. «… Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін организмнің (ағзаның Ж. Ж. ) негізгі принципі - «денсаулық» деп аталатын сыртқы және ішкі бірдік (тұрақтылық) қалыптың айқын анықтамасы жоқ…» Иә, медицияа ғылымы қаншама көне болғанымен, денсаулық туралы анықтама бере алмайды. Кейінгі кезде әсіресе XX ғасырда. Әр түрлі себептер өсерінен медицина емдік, госпитальдық, емханалық, соңғы он жылдықтар бойына ықшам мамандан-дырылған анықтама бере бастады. Шын мәнінде медицина ғылымы қазіргі заманда денсаулық туралы емес, ауруларды ғылыми тұрғыдан емдеу әдістерін дамытып келе жатқан ғылым екені белгілі. Сондықтан да осы уақытга медицинаны аурулар ғылымы деп атай бастады. Мұндай сипаттама үлкен медициналық энциклопедиядан өзінің тиісті орынын алған. Бұл ғылыми жинақта денсаулық туралы толық түрде анықтама берген. «Медицина» - көне заманнан бері қарай адам ауруларын емдеп аурулардың алдын алуды мақсат еткен ғылыми жүйе деп жазған. Бұл жазылған қағидаға зер салып қарасаңыз «денсаулық» деген ешқандай сөз келтірілмеген. Адамзат баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен және ішкі физиологиялық үрдісгермен байланысты болатыны анықталып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының (ДДСҮ), (Всемирная организация здравоохранения (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз - ағзаларда аурулардың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В. П. Казначеевтің (1989) жеке тұлға денсаулығы туралы анықтамары бұдан да толығырақ баяндалады. Оның анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне байланысты дені сау ұрпақ жалғастыру қабілеттігінің сақталуы мен дамуы. И. И. Брехманның (1987) анықтамасы бойынша, дснсаулық адамның ерекшелігіне сәйксс өзгермелі ортада тұрақтығы, сонымен бірге сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттілігі.
Сынып сағаты
Тақырыбы:Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл
Өткізетін сынып:6 сынып
Өткізілетін күні: 21 қараша 2017
Мақсаты:
1) Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу
Міндеттер:
- Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету
- Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға
- Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: танымдық ойын сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірталас, ойын
Сабақтың көрнекілігі: қажетті әдебиеттер, буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері, ұлағатты сөздер.
Сабақ барысы:
Жоспар
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Ой қозғау. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
ІІІ. Салауатты әдеттер бөлімшелеріне саяхат.
Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі
Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі
Зиянды әдеттер бөлімшесі
Пайдалы кеңестер бөлімшесі
- Қорытындылау.
І. Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл». Қош келдіңіздер! Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам - табиғаттың ең бағалы туындысы» Т. Корлейль деген екен.
Енді балалар маған мынадай сұраққа жауап беріңіздерші: салауатты өмір дегенді қалай түсенесіңдер?
Осыған байланысты біз бүгін сыныбымызды 4 топқа бөліп отырмыз. Әр топ өздеріне тапсырған тапсырмалар бойынша дайындық жүргізіп, бүгінгі сабағымызда сол тапсырмаларды ортаға салып басқа топтармен білімдерімен алмасып, «Салауатты әдеттер бөлімшелеріне» саяхатқа шыққалы отырмыз. Онда жаңа да қызықты оқиғалардың куәсі боламыз. Әр бөлімшелердің біз білуге міндетті заңдары мен ережелері бар. Сонымен саяхатымызды бастайық.
Біз келген бірінші бөлімше «Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі» деп аталады. Оларды барлығы да маңызды. Егер сен олардың барлығын жаттап, есте сақтайтын болсаң, ешқашан да ауырмайсың, әрі сүйкімді, әрі мықты боласың.
Жеке бас тазалығының ережелері.
- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
- Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;
- Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;
- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;
- Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;
- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;
- Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау - бұл әркімнің - ақ қолынан келетін іс;
- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;
- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;
- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;
- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;
- Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;
- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;
- Кітап - дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;
- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;
- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.
Тері тазалығы.
Адам денсаулығының кепілінің бірі - тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.
Шаш және тырнақ күтімі.
Адам терісінің ең өсімтал бөлігі - шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады.
Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.
Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.
Ал енді дұрыс тамақтану ережелеріне келер болсақ.
Табиғи дәрумендер
Денсаулығымыздың ең жақын көмекшілері - дәрумендер. Олар біз танысатын «бөлімшеде» жеміс-жидек, көкөністерде өте көп мөлшерде болады.
А дәрумені. Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде: шабдалы, итмұрын, қара қарақат, қарбыз, бұрыш, қырыққабат, ақжелкен, сәбіз, көк жуа т. с. с.
В дәрумені . Ағзадаға зат алмасуды реттейді, қанның түйіршіктерінің қалыптасуына, асқазан -ішек қызметін қалыптастырады және т. б. В тобы дәрумендерімен қаныққандар: жармалар, астық тұқымдастар, атбас бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар.
С дәрумені. Немесе аскорбин қышқылы, қан түйіршіктерінің қалыптасу процесіне қатысады, зақымданған тері мен шырыштың бөлінуін қалпына келтіреді, иммунды жүйенің белсенділігін арттырады.
Д дәрумені. Сүйектер мен тістердің қатаюын, ағзадағы кальции мен фосфордың алмасуын реттейді.
Е дәрумені. Барлық зат алмасу процесіне қатысады. Өсімдік майларының құрамында: күнбағыс, жүгері, соя. Сонымен қатар жұмыртқа сары уызы, бауыр, атбас бұршағы, қарақұмық сұлы дәруменіне өте бай.
К дәрумені. Қанның ұю процесіне қатысады. К дәруменінің негізгі көздері: итмұрын, орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, мыңжапырақ.
Темір. Эритроциттер клеткаларын қалыптастыруға қатысады. Бауырдың, атбас бұршақтың, көкөністердің, шабдалының, қойбүлдіргеннің құрамында болады.
Кальции Сүйектердің және тістердің, нерв жүйесінің, жүрек және бұлшықеттердің қалыптасуына қажет. Сүт тағамдарының, көкөністердің, жеміс-жидектердің құрамында болады.
Оқушының тамақтану кестесі.
Оқушының сабаққа барар алдында еттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің потенциалын көтереді. Сағат 11-де (3 сабақтан кейін) тәтті бауырсақ пен шай немесе кофеден тұратын екінші ертеңгілік ас ішу керек.
Түскі ас міндетті түрде ыстық сорпа (кез келген), ет немесе балықтан жасалған қою тамақ, шырындар мен жеміс-жидектерден тұруы керек.
Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын сүттен немесе көкөністен жасалған тамақ болуы керек.
Өсіп келе жатқан сендердің ағзаларыңа жүйелі тамақтанбау, диета сақтап, ашығудың қажеті жоқ. Ертең ерте мектепке асығып, тамақ ішпей кету ағзаны әлсіретеді. Теледидар алдында кітап оқып отырып, жүріп келе жатып құрғақ тамақтар жеуге болмайды.
Мыналардан бойыңызды тасада ұстаған жөн:
- Артық салмақ қосатын шамадан тыс калориялы тағамдардан;
- Біркелкі тамақтанудан;
- Қант пен тәттілерді шектен тыс пайдаланудан;
- Мал өнімдері мен шұжық майларын мөлшерден тыс қолданудан;
- Қуырылған, ысталған, тұздалған тағамдардан;
- Күніне 6 грамға дейін тұзды азайтқан дұрыс;
- Дайындалған тағамды бірнеше рет ысытудың қажеті жоқ. Өйткені, оның құрамындағы адам организміне пайдалы заттардың орнын тағамды бұзатын зиянды өнімдер алмастыруы мүмкін;
Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі
Спорт (франсуз тілінен алынған) - белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.
Тарихы
Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады. Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдар көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, және Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн. Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құрылыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды. Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері - күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т. б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталғанОлимпиада ойындары өтіп тұрған.
Адамның тірек-қимыл жүйесінің тазалығы.
- Шынығу жаттығуларымен жүйелі айналысу керек;
- Есіңде болсын, шынығу жаттығуларымен шамадан тыс айналысқан да қауіпті;
- Әртүрлі еңбек қозғалыстарынан кейін, ағзаңды ширататын жаттығулар жасаған дұрыс;
- Дене бітіміңді дұрыс қалыптастыру керек;
- Ауыр заттарды көтеру зиян;
- Орындықта дұрыс отыру керек;
- Жеткіншектерге биік өкше, тар аяқ киім киген өте зиян.
Тыныс алу жолдары тазалығының негізгі ережелері.
- Бір қалыпты және терең тыныс алу керек;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz