Оқушылармен кәсіптік бағдарлау әдістемесі және 12 жылдық жалпы орта білімнің құрылымдық-мазмұндық талдауы мен мектепке даярлық бағыттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

№ 11 семинар тақырыбы: Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі.

1) 12-жылдық орта білім беретін мектептің оқу-әдістемелік кешеніне талдау жасаңыз

12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылды:

- жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуімен;

- күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;

-оқытудың сабақтастығы;

- әрбір оқыту сатысының даралығы.

12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық, дене және физилогиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке оқытуға дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге асырылуы тиіс.

1-саты

Жалпы орта білім беру (1-4 сыныптар)

Оқуды бастау жасы - 6 жас

Оқыту ұзақтығы - 4 жыл.

1-сатыдағы негізгі бағдар - оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету. Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақтау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.

2-саты

Жалпы орта білім беру (5-10 сыныптар )

Оқыту ұзақтығы - 6 жыл

2-сатының негізгі бағдары- негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру. Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады. Бұл сатының ерекшелігі оқушының үшінші сатыдағы мектептегі бейіндік оқытуға саналы таңдау жасауға бағдар көрсететін бейіналды дайындықтың жүргізілуі болып есептеледі

3 - саты

Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)

Оқыту ұзақтығы - 2 жыл

Үшінші сатының бағдары жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау. Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс. Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады. Материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады:

- Бір бейінді мектеп - бір бейінді оқытуды іске асыру;

- Көп бейінді мектеп - бірнеше бейінді оқытуды ұйымдастыру;

- Жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялардағы, лицейлердегі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердегі бейінді оқыту сыныптары.

- Өңірлік ресурстық орталық - материалдық және кадрлық әлеуеті жеткілікті, басқа мектептер бейіндік оқытуға пайдалана алатын ресурсы бар білім беру ұйымы. Ресурстық орталықтар ЖОО, колледждер немесе білім беру орталықтары жанынан ұйымдастырылуы мүмкін.

2) Баланың мектепке даярлығын анықтайтын бағыттардың: танымдық қабілеті, дене күшінің дамуы, оқуға ынтасы, көңіл күйіне сипаттама беріңіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты, күтілетін нәтижелері және құрылымдық-мазмұндық моделі
Жалпы орта білімнің жоғарғы сатысындағы жаратылыстану пәндері: 12 жылдық мектепке көшу, бейіндендіру және оқу мазмұны мәселелері
Қазіргі білім беру тенденциялары және Қазақстандағы 12 жылдық жалпы орта білімнің құрылымы
Қазіргі білім берудің негізгі тенденциялары мен Қазақстандағы 12 жылдық жалпы орта білімнің құрылымы
12 жылдық жалпы орта білім жүйесінде информатика пәнін оқыту әдістемесі
12 жылдық жалпы орта білімге көшу жағдайындағы биология пәнін оқыту әдістемесі
Қазақстанда 12 жылдық жалпы орта білімге көшу: мақсаттары, бағыттары және жүзеге асыру мәселелері
Ыбырай Алтынсарин мұрасы және 12 жылдық жалпы орта білім жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларын кәсіптік бағыттаудың әдістемесі
12 жылдық жалпы орта білім жүйесіндегі информатиканың рөлі
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беруді жаңарту тұжырымдамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz