Білім беру жүйесіндегі өзгерістер



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
№ 11 СОӨЖ тақырыбы: Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі.
1)12-жылдық білім берудегі әлемдік тәжірибеге сипаттама жасаңыз.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
- қоғам дамуының қарқындылығы;
- постидустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі,;
- халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;
- қоғамның демократиялануы;
- экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
- адам капиталы мәнінің артуы.
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген моделдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер байқалып отыр.Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылдың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды. Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды.Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:
1. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы.
2. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.
3. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы.
4. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.
Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының жалпы орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді. Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты.Еуропа кеңесінің (1992 ж.) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда. Олардың ішінде дамыған елдерден: АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т.б. ТМД елдерінен 12 жылдық оқыту мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері таңдады. Қазақстаның 12 жылдық білім беруге көшуі білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді.
2)12-жылдық білім беру жүйесіне байланысты мәселелермен айналысып жүрген ізденушілерді іздеп тауып,көтеріп отырған мәселелері туралы ақпарат дайындаңыз.
Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым - қатынас құралдарының дамуына байланысты жаңа тұлғаны қалыптастыруды көздеген заман талабы. Жалпы 12 жылдық мектептің мақсаты жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу - әр ұстаздың міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Білім беруді жаңғырту - үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең - кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзетулер енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт - дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру - оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата - ананың сапалы түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс. 12 жылдық мектептің басты ерекшелігі: ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан - жақты дамуына; өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне; адамға табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін толық іске асыруына; әр елдің экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсене араласуына мүмкіндік беру.Елбасы Н. Ә. Назарбаев Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. 12 жылдық білім берудің басты мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, олардың білімді де, білікті, парасаты мол, саналы да сабырлы азамат боп жетілуі тәлім - тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалықты ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығармаған жөн. Десек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Ал, біздің, ұстаздардың келешектегі мақсатымыз - рухани жан дүниесі бай, жан - жақты жетіле дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.Мұғалімнің міндеті оқушының өзі түсініп, ізденіп оқуына, пәнді терең білуге бағыттау білімнің қажеттілігін түйсік арқылы саналы қабылдау. Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан - жақты білім беру мүмкін емес, себебі қазіргі білім саласындағы талаптарды орындауға дәстүрлі технологиялардың деңгейі жетпейді.

3)12-жылдық білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттарды оқып,талдау жасаңыз.
Қазақстан Республикасында Білім беруді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік реформалар және білім беру жүйесіндегі өзгерістер
Ыбырай бастаған баспа
Соңғы жылдардағы білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқару
Мұғалімнің инновациялық іс - әрекетін дамыту жолдары
Инновациялық педагогикалық технологиялар туралы
Экономикалық қатынас жүйесіндегі әлеуметтік инфрақұрылымның орны
Педагогикалық білім берудің үздіксіз жүйесін сипаттау
ҚР жоғарғы оқу орындарында қазіргі білім беру жүйесі
Жоғарғы оқу орны жүйесіндегі өзгерістер жағдайындағы кәсіби стресс
Пәндер