Оқушылардың ата-аналармен педагогикалық әрекеттестік технологиясы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

№ 12 семинар тақырыбы: Оқушылардың ата-аналармен педагогикалық әрекеттестік технологиясы

1) Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістеріне талдау жасаңыз.

Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата - аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде « Ата-аналарды тәрбиелеу » деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіре отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата - аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл - кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл - кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

Ата - аналар жиналысы

Ата - аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата - аналар комитеті мен ата - аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата - аналар жиналыстарында оқу - тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізі жолдары белгіленеді. Кейбір ата - аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата - аналарды сынып ұжымының оқу - тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата - аналар комитетінің іс - жоспарларымен таныстырады. Мектеп өмірінде тақырыптық ата - аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты - ата - аналарды психологиялық - педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.

Ата - аналар жиналысының хаттамасы

/Күні, айы, жылы. уақыты/

Кімдер қатысты

Тақырыбы

/Немесе/ Күн тәртібі:

1)

2)

3)

Жарыссөзге қатысқандар

Қабылданған шешім

…… . . .

…… . . .

Төраға /

Хатшы /

Ата - аналардың ашық күні

/Күні, айы, жылы. уақыты/

Кімдер болды

Кімдер арнайы шақырылды

2) Ата-аналар жиналысы ұйымдастырлуына қойылатын талаптарды айқындаңыз

- негізгі тақырыпты белгілеу, күн тәртібіндегі басты мәселені анықтау;

- уақыттың тиімділігін пайдалану;

- ата-аналарға шақырту жасау, сыпайы әрі мәдениетті жүргізуге дайындалу;

- ата-аналар келген кезде күтіп алу және олардың сырт киімдерін ілуге дейін дайындап қою;

- ақпараттық материалдарды дайындау;

- жиналыстың өту барысына қарай арнайы мамандар шақыру;

- ата-аналардың алдында өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсету үшін, өзіңіздің сырт киіміңізге мән беріңіз.

Ата-аналар жиналысын өткізуге арналған шағын жоспар:

Жиналыс белгіленген уақытта басталуы керек. Ата-аналарды кешікпеуге үйрету. Жиналыстың өту ұзақтығы - 1 не 1, 5 сағат.

- Сынып жетекшісінің сөйлеу уақыты - 5 мин.

- ата-аналарға арналған сауалнама жүргізу - 5-7 минут.

- тақырып бойынша сөйлеу, ұстаз немесе маман - 10-20 минут.

- негізгі тақырыпты талдау - 20 минут.

Ата-аналар жиналысын өткізуге арналған әдіс:

- үстелдерді жинап, орындықтарды шеңбер түрінде орналастыру. Бұл ата-аналардың бір-бірін көріп, танысып отыруына жақсы;

- ата-аналардың аты жазылған парақша дайындау. Оны бір-біріне беріп танысу бұрышын жасау;

- ата-аналарды міндетті түрде аты және тегімен атаңыз. «Арманның анасы» деу сыйластық емес;

- ең дұрысы жиналысты бір кесе шаймен бастаған дұрыс;

- ата-аналармен топтық және жеке дара ойындар ұйымдастыру;

- жиналыс болатын күнді есептеп барып қою. Сізге де ата-аналарға да ыңғайлы уақытқа табу керек;

- уақытпен жұмыс істеуді ұмытпаңыз;

- жиналысты керемет сөздермен және нәтижелі жағымен аяқтау міндетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың ата-аналармен педагогикалық әрекеттестік технологиясы жайлы
Балалар ұжымының жұмысын ұйымдастыру
Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалану даярлығының әдістемесі
Сынып жетекшісінің бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарымен жұмыс жүйесі мен әдістері
Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны
Ата - аналардың педагогикалық қатынастарымен талаптарды үйлестіру
Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы
Әлеуметтік педагогтың әртүрлі санаттағы балалармен жұмысы
Тәрбие процесін ұйымдастырушылардың педагогикалық статустары мен функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz