Оқушылардың ата-аналармен педагогикалық әрекеттестік технологиясы жайлы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

№ 12 СОӨЖ тақырыбы: Оқушылардың ата-аналармен педагогикалық әрекеттестік технологиясы

1) Мектеп пен отбасының байланысын қандай бағыттар арқылы іске асыруға болады?

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы-ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы т. б. талқыланады. Оларды одан әрі жетілдірудің жолдары қарастырылады. Байланыс формаларының бірі-педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй-жағдайымен, күнделікті өмірмен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарға ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір формасы-педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға білім беру. Қазір ата-аналар және қалың бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді. Н. К. Крупская өзінің еңбектерінде ата-аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын. Ата-аналардың тәрбие үрдісінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру- мектеп алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға көмектеседі, балалардың демалысын, олардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізудің ұжымдық жұмыстарына атсалысады. Мектептің, отбасының бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сәйкес балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге, халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау. Міне, осы тұрғыдан тәрбие бүкіл жұртшылықтың ісі болып отыр. Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуде және оқытуда мектеп шешуші роль атқарады. Оның маман тәрбиеші кадрлары бар және ол өзінің жұмысын ең алдыңғы қатарлы педагогикалық теория негізінде жүргізеді. Мемлекет балалар тәрбиелеуде отбасына мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиені мазмұны мен ұйымдастыруларына әсер етіп отырады. Мектеп мемлекеттік мекеме есебінде отбасын соңынан ертіп, балаларды, жасөспірім мен жастарды дұрыс тәрбиелеуге, жәрдемдесуге ата-аналар арасында идеологиялық насихатты белсене жүргізуге міндетті. Отбасы өз тарапынан оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда мектепке көмектеседі. Мектептің отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен сынып жетекшілері арқылы жүзеге асырылады. Бастауыш сыныптарда мұғалімдер ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен үнемі байланыста болады. Жоғары сыныптарда да әр мұғалім белгілі мөлшерде ата-анамен байланысты, бірақ олармен үзбей байланыста болатын тек сынып жетекшілері ғана.

2) Мектеп пен отбасының тәрбиелік әрекеттестігін қамтамасыз ету жолдары

Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді (көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға) . Кей мектептерде құрамына жергілікті әкімшілік өкілдері, кәсіпорын, фирма, мәдени-ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кіретін қамқорлық кеңестері қызмет етеді. Қамқорлық кеңестер мектепке жөндеу және жабдықтау жұмыстарында, компьютерлеуде, тілек-қалаулары бойынша клубтарды ұйымдастыруға, кәсіби бағыттарында, еңбекке орналасуда, мектеп бітірушілердің одан әрі білімін жалғастыруда демеушілік көмек көрсетеді. Мұғалім балалармен дұрыс қарым-қатынаста болу үшін олар туралы мынандай деректерді білуі қажет: Оқушының аты-жөні, мекен-жайы, жанұясы, сыртқы келбеті, сөйлеу ерекшеліктері, оқуға, еңбекке бейіні, адамдармен қарым- қатынасы, ақыл мен дарындылық қасиеті.

1-кезең: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны және әдістемесімен таныстырады. Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады. Өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен, ата-аналар комитетінің жоспарлы атқаратын жұмыстарын, кезекті мәселелерді бірігіп талқылайды.

2-кезең: Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады:

  • тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
  • қызығушылық негізінде ата-аналарға сауалнамалар мен анкеталық сұрақтар беру;
  • сыныптық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеулер жүргізу;
  • психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың ата-аналармен педагогикалық әрекеттестік технологиясы
Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Сынып жетекшісінің бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарымен жұмыс жүйесі мен әдістері
Балалар ұжымының жұмысын ұйымдастыру
Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы
Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны
Жанұя қоғамының ең маңызды тобы, бірлестігі
Оқушылардың танымдық белсенділігін сабақтан тыс уақытта дамыту жолдары
Сыныптағы тәрбие жүйесі және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері
Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz