Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау
Эпидемиологияның зерттеу әдісі
1-кесте. Эпидемиологиялық әдістің құрылымы
№ Әдістемелік тәсілдер Зерттеу мақсаты
1 Эпидемиологиялық тексеру мен Жұқпалы аурулардың пайда болу
қадағалау: жағдайымен себебін анықтау,
а)инфекция ошағын тексеру; қауіп-қатердің алдыңғы себебін
б)аумақты (обьектіні) барлау мен анықтау (қатерлі аумақ, обьект);
сараптау; эпидемиологиялық диагноз қою; аурудың
в)микробиологиялық, серологиялық, этиологиясын дәлелдеу,
иммунологиялық, паразитологиялық, эпидемиологиялық процеске қатысатын
энтомологиялық, буынаяқтылардың түрі, кеміргіштер;
санитарлық-химиялық және басқа аумақта (обьектіде) жұқпалы
әдістер. аурулардың пайда болу мүмкіндігін
және эпидемиялық жағдайды асқындырмау
шараларын анықтау.
2 Аналитикалық: Қауіп-қатер факторларын болжап
а)оқиға-барлаутүрінде зерттеу; бағалау, қорытынды жасау және
б)когортты зерттеу (біркелкі топтыэпидемиологиялық диагноз қою;
зерттеу) қауіп-қатер факторға байланысты
індетке қарсы шаралардың бағытын
анықтау.
3 Статистикалық Сырқаттанушылық деңгейінің дұрыстық
дәрежесін сандық бағалау; індетке
қарсы және алдын алу шараларының
тиімділігін анықтау; эпидемиялық
процестің уақыт, кеңістік бойынша
дамуын бағалау, сонымен қатар
құбылыстың себептік-салдар
байланысының өзара қатыстылығын
бағалау.
4 Экспериментальдық Болжауды дәлелдеу; індетке қарсы
жұмысқа және алдын алу шараларына
қолданылған жабдықтар мен әдістердің
сандық тиімділігін бағалау.
5 Математикалық үлгілер Эпидемиялық процестің көрінісін
болжау
Эпидемия деген түсінік қоғамдағы инфекцияның таралуының бір көрінісі
ғана, ал эпидемиологиялық процеске келетін болсақ, ол әлдеқайда кең және
күрделі түсінік.
Оның түпкі мақсаты тірі организмдерде немесе қоршаған орта
обьектілерінде табиғи өмір сүретін және әртүрлі берілу механизмдерінің
көмегімен инфекция қоздырғыштарының организмдерге енуі арқылы болатын
ауруды жұқтыру заңдылықтарының көрінісін, соның салдарынан инфекциялық және
эпидемиялық процесстердің дамуын зерттеу болып табылады.
Эпидемиялық процесс туралы ілім
Эпидемиялық процесс туралы ілім қоғамдағы әртүрлі жұқпалы аурулар
эпидемиясының пайда болуын және таралуын эмпирикалық бақылау негізінде
бірте-бірте қалыптаса бастады. Сонымен жұқпалы аурулардың жаппай таралу
заңдылықтарын зерттеп, дәлелдеу үшін 3 топтан тұратын себептер талданып,
зерттелді. Ол топтарға жататындар:
1)қоздырғыштардың ерекшелігі (оның вируленттілігінің өзгеруі);
2)халықтың қабылдағыштығы (мысалы:ұзақ соғыс немесе аштық кезінде адам
төзімділігінің әлсіреуі);
3)қоздырғыштың берілу жағдайының өзгеруі (мысалы: субстраттық, яғни
сыртқы орта обьектілеріндегі қоздырғыштардың жиналған саны мен сапасы,
т.б.).
Эпидемиялық процестің құрамы
Эпидемиологиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаған
Л.В.Громашевский болып саналады (1941, 1949, 1965). Ол бірінші болып
эпидемиологияның негізгі заңдарын жете зерттеп құрастырды, инфекцияның
берілу мехнизмінің теориясын және эпидемиялық процестің қозғаушы күштерін
анықтады. Эпидемиялық процесс деген терминді де бірінші рет енгізген
Л.В.Громашевский болды, Эпидемия деген тар мағанада эпидемия деп, кең
мағынада эпидемиялық процесс деп екіге бөлді.
Әртүрлі жұқпалы аурулар эпидемияларының пайда болу себептерін талдау
кезінде Л.В.Громашевский (К.Сталлибрасс, 1936 сияқты) 3 жағдайға көңіл
аударды. Эпидемия пайда болу үшін бірінші ең қажет жағдай, инфекция
қоздырғыштарының көзі болуы қажет. Инфекция көзі болмаса, ешқандай эпидемия
да, тіпті жеке ауру да пайда болуы мүмкін емес.
Бірақ эпидемиялық процестің пайда болуы үшін, егер осы процеске сыртқы
орта қатыспаса, тек инфекция қоздырғыштарының көзінің болуы жеткіліксіз.
Осы себептен эпидемиялық процестің пайда болуы үшін міндетті түрде
екінші бір қажетті жағдай керек болады. Ол сыртқы ортадағы азды-көпті
өзіндік факторлар арқылы қоздырғыштың эстафетамен (үзілмей) берілу
мүмкіншілігінің болуы болып табылады. Бұл процесс эволюциялық дамуы кезінде
қоздырғыштың жұққан организмнен қабылдаушыға жылжу әдісі арқылы іске асады
(берілу механизмі).
Эпидемиялық процестің пайда болуы үшін үшінші міндетті шарт осы аурудың
қоздырғышын қабылдаушы халықтың болуы қажеттілігі.
Осы көрсетілген үш шарттың тек біреуі ғана болмай қалса, онда жұқпалы
ауру, яғни эпидемиологиялық процесс пайда болмайды. Л.В.Громашевскийдің осы
теориялық тұжырымдамасы эпидемиологияда толыққанды заңның негізін қалады.
Ол заңның тұжырымы былай: Эпидемиялық процестің пайда болуы және үзілмеуі
үшін міндетті үш элементінің өзара әрекеті қажет: инфекция қоздырғышының
көзі, берілу механизмі, осы ауруды қабылдағыш халық Осы элементтер болмаса
немесе олардың өзара әрекетін үзсе, онда эпидемиялық процесс тоқтайды.
Л.В.Громашевский эпидемиялық процестің үш құрамдас бөлігін оның тұрақты
(ішкі) тікелей қозғаушы күштері деп атады.
Эпидемиологиялық процесті әлеуметтік-биологиялық жағынан сипаттағанда
оның себебі мен даму жақтарын бірге талдаған жөн. Ол үшін бір-біріне
қатынасы бар бөлшектерін біртұтас зерттеген тиімді. Эпидемиялық процестің
үштігі (көзі, берілу механизмі, қабылдағыш) жұмыс істегенде әлеуметтік
және табиғи жағдайлар тікелей әсер етеді, олар эпидемиялық процестің
қозғаушы күші болады.
Л.В.Громашевский өзінің ілімін жасау барысында эпидемиологиялық
процестің осы жақтарына ерекше көңіл аударған. Ол мынандай сұрақтарға жауап
іздеген:
- қандай себептерге байланысты инфекция қоздырғышының көзі, берілу
факторлары немесе қабылдағыш халықтың белсенділігі үдейді, басқаша
айтқанда, жеке-жеке аурулар тізбегі (спорадикалық түрі) қандай себептердің
әсерінен жалпы эпидемияға айналды немесе бір деңгейде тұрады?
- неліктен эпидемиялық процестің болуы мүмкін, кей жағдайда тоқтайды?
Оның пірірінше себеп екі түрлі факторға байланысты:
1) табиғи поцестер;
2) әлеуметтік процестер
Эпидемиялық процестің үштігі тұрғысынан қарағанда осы факторлар ол
орташа немесе қосымша қозғаушы күш деп саналады.
Табиғи және элеуметтік факторлардың эпидемиялық процестегі маңызы
қаншалықты жоғары болғанымен, олар өз бетімен эпидемиялық процестің пайда
болуына немесе оның тұрақталуына, оның тікелей үш бөлігі түгел болмаса,
әсер ете алмайды. Осыған орай эпидемиялық процестің тікелей қозғаушы
күшінің маңызын және тұрақты болатынын Л.В.Громашевский ерекше атап өткен,
өйткені олар әр түрлі жағдайда осы жұқпалы аурудың табиғи-тарихи
(биологиялық) негізін көрсетеді, сондықтан да ерекше тұрақтылығымен көзге
түседі.
Эпидемиялық процестің даму механизмі
Қоздырғыштың берілу механизмі туралы ілім. Эпидемиология ғылымының өте
маңызды теориялық жетістігі ретінде Л.В.Громашевский ойлап тапқан
инфекцияның берілу механизмі туралы ілімді айтуға болады. Бұл ілімнің
негізгі түйіні мынада: паразит эволюциялық даму барысында қалыптасқан
механизмдері арқылы, өзіне тән берілу механизмдерінің көмегімен, жеке тән
организм иелерін ауыстырып отыру үшін, паразиттің биологиялық түрі ретінде
сақталды. Берілу механизмінің қоздырғыштың ие организміндегі басты
орнығуының сәйкестігі осы ілімнің негізі болып саналады.
Берілу механизмі-эволюциялық даму барысында қоздырғыштың иелерін
ауыстыру арқылы биологиялық түрін сақтауды қамтамасыз ететін механизм, яғни
қалыптасқа заңдылық негізінде қоздырғыштың инфекция көзінен қабылдаушы ие
организміне ену механизмі. Ол үш сатымен (фазамен) іске асады:
1)ауру адамнан шығу сатысы;
2)сыртқы ортаның биотикалық жәнеабиотикалық обьектілерінде уақытша бола
тұру сатысы;
3)қабылдағышорганизмге ену сатысы.
Берілу механизмінің екінші және үшінше сатысы белгілі бір (немесе
бірнеше) фактор арқылы іске асады.
Берілу факторлары- қоздырғыштың бір организмнен екіншісіне тасылуын
қамтамасыз ететін сыртқы орта обьектілері және буынаяқтылар. Қоздырғыштың
берілу механизмін бірінші сатыда іске қосуда қатысатын факторларды алғашқы
берілу факторлары деп атайды. Қоздырғышты организмге жеткізетін факторларды
соңғы факторлар деп атайды. Берілу факторлары міндетін атқартындарға
жататындар: ауа, тағамдар, су, топырақ, үй жабдықтары мен өндіріс құралдары
және буынаяқтылар. Қоздырғышты инфекция көзінен қабылдаушыға тасуға
қатысатын буынаяқтыларды қоздырғыштың тасымалдаушысы деп атайды.
Берілу жолдары деп нақты эпдемиялық жағдайда қоздырғышты бір
организмнен екіншісіне жеткізуді қамтамасыз ететін нақты сыртқы орта
элементтерін және тасымалдаушыларды (буынаяқтыларды) немесе олардың
үйлесімділігін (факторлар жиынтығын) айтады.
Берілу механизмінің бірінші сатысы-қоздырғыштың шығуы кейбір
физиологиялық реакциялар арқылы (үлкен және кіші дәрет, құсу, демалу,
сөйлеу, жөтелу, түшкіру), олардың патологиялық үдеуі арқылы (іш өту, құсу,
жөтелу, кілегей қабаттарындағы жара) жүзеге асады.
Екінші сатысы-қоздырғыштың сыртқы ортада уақытша болуы. Бұл көптеген
қоздырғыштарға тән қасиет. Берілу механизмінің осы фазасында қоздырғыштың
уақытша сақталуы ғана емес, оның келесі жаңа организмге жеткізілуі
қамтамасыз етіледі. Егер берілу факторы ретінде қансорғыш буынаяқтыларды
алатын болсақ, кейбір жағдайларда олардың организмінде қоздырғыштың
сақтылуымен қатар оның өніп-өсуі де байқалады (мысалы, энцефалиттерде-кене,
обада-бүрге, безгекте-маса т.б.). Мұндай жағдай көбінесе табиғи ошағы бар
ауруларға тән.
Үшінші сатысы – қоздырғыштың қабылдағыш организмге енуі. Бұл процесс
әртүрлі факторлардың қатысуымен, мысалы, қоздырғышпен ластанған ауаны жұту,
суды немесе тағамды ішу, ластанған құрал-жабдықтармен жанасу немесе
қансорғыш тасымалдаушылар арқылы жүзеге асады.
Эпидемиялық процестің көрінуі
Эпидемиялық процестің көріністерін сипаттайтын әртүрлі термендер мен
түсініктер бар. Олар осы процестің қалай берілуін, оның сандық жағынан
таралу ерекшеліктерін (аумақтық, маусымдық, циклділік, халық топтары,
жылдық, көп жылдық т.б.) сипаттау арқылы оның сыртқы реттелу механизмдерін
түсінуге көмектеседі.
Эпидемиялық процестің көрінуін сипаттайтын терминдерді мына схемадан
көруге болады
10-схема. Эпидемиялық процестің көрінісін сипаттайтын терминдер
Осы келтірілген дәстүрлі терминдердің қысқаша анықтамасын былай айтуға
болады: эндемиялық сырқаттанушылық деп табиғи және әлеуметтік жағдайға
байланысты осы жерде тұрақты қалыптасқан ауруларды айтады. Экзотикалық
сырқаттанушылық деп қоздырғышты басқа жерден әкелгенде, осы жерге тән емес
аурудың пайда болуын айтады.
Эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру жөні
Халықты эпидемиядан қорғау-бұл халық арасында эпидемиялық аурулардың
алдын алып, жоюына бағытталған организациялық, профилактикалық және
эпидемияға қарсы жүргізілетін шаралар жиынтығы.
Бұл жиынтыққа санитарлы-эпидемиялық жағдайға үздіксіз бақылау мен
профилактикалық шаралар жүргізу кіреді.
Эпидпроцесті басқару үшін: эпидемиологиялық бақылау және
эпидемиологиялық тергеу жүргізіледі.
Бақылау ұғымға-эпидемиологиялық маңызы бар мәліметтерді үздіксіз жинап,
этап бойынша уақытында хабарлап (шұғыл ескерту бойынша) және оған анализ
жүргізу кіреді, яғни бақылау-мәлімет жинау жұмысын атқарады.
Эпидемиологиялық тексеру-бұл профилактикалық және эпидемияға қарсы
шаралар жүйесі болып табылады.
Бұл жұмысты жергілікті санитарлы-эпидемиологиялық станциялар атқарады.
Бұл мекеменің негізгі мақсаттары: халықтың денсаулық жағдайын, оған
маңайындағы ортаның әсер етуін зерттеу және ауру сырқаулықты төмендететін
шараларды жүргізуіне бақылау жасау.
Халықтың денсаулығы келесі көрсеткіштермен бағаланады:
-демографиялық
- физикалық даму
- ауру-сырқаулықтың деңгейі
- өлім көрсеткіші
- мүгедектік көрсеткіші
Бұнымен қатар профилактикалық шаралар жүргізуін тексеретін келесі
көрсеткіштер талданады:
- лабораториялық зерттеулердің сапасы
- - егу жоспарлардың орындалуы
- - эпидемиологиялық маңызы бар мекемелердің санитарлық жағдайын
тексеру
- - халықты коммунальды қамтамасыз ету ж.б.
Профилактикалық шаралар кең ұғымда бұл халықтың жалпы денсаулығын және
физикалық жағдайын жоғарлататын шаралар тобы. Инфекциялық аурулар жөнінде –
бұл халық арасында инфекциялық аурулардың алдын алуына бағытталған шаралар
болып табылады.
Профилактикалық шаралар – эпидемиялық процестің бәр, яғни үш түйіндер
жөнінде жүргізілетін шаралар.
1.Инфекция көздеріне қарсы:
1)изоляцияландыру
2)болжамды көздерін белсене іздеп табу
Бұл үшін бұрын жалпы диспансеризация жүргізілетін; инфекциялық
ауруларға ұқсас ауруларда-лабораториялық зерттеу жүргізу; аурудың соңында
диспансерлі бақылау мен лабораториялық тергеу жасау; инфекциялық аурулардың
созылмалы формаларымен ауыратындарды және бактерия тасымалдаушыларды көз
аймақтан бақылаусыз жібермеу.
Бір топ мамандардың қауіпті эпидемиологиялық маңыздылығы болады-бұл
тамақ,су, балалар бағу жағдайларымен байланысы бар мамандар, оларды
декретивті топ деп атайды да үнемі бактериологиялық бақылау жасап отырады.
Зоонозды ауруға қарсы-санитарлы-ветеринарлы жұмыстар атқарылады,
профилактикалық дератизация, дезинсекция жүргізіліп отырады.
ІІ.Эпидемиялық процестің екінші тобына, яғни инфекция тарау жолдарына
бағытталған шаралар:
1)елді мекендерінің санитарлы жағдайына; маңайындағы эпидситуацияға,
табиғат ошақтарына, инфекция тасымалдаушы жан-жәндіктердің, мал хайуандарға
бақылау жүргзу.
2)халықты су және тағамдармен қамтамасыз ету жағдайын тексеру
3)халық арасындағы мәдениетті бағалау
4)профилактикалық дезинфекциямен дезинсекция жүргізу
ІІІ.Эпидемиялық процестің үшінші түйініне бағытталған шаралар:
1)халықтың жалпы денсаулығы мен физикалық жағдайын жақсарататын шаралар-
спецификалық емес профилактика
2)спецификалық профилактика. Бұл бірқатар инфекцияларға қарсы егу
жүргізу.
Жалпы бір топ инфекциялардың, мысалы қызылша, дифтерия, полиомиелит,
сіреспе, туберкулез, коклюш және басқа, алдын алуында иммунизация ең
маңызды шара. Дұрыс толық жүргізілген иммунизация әсерінен аталған
инфекцилардың жайылуы шектелінген. Ал шешек деген ауру – мүлде жойылған.
Вакцинация жасамаған жағдайда осы аурулардан дүние жүзінде 5 млн-ға
жуық балалар өлетін.
ВОЗ-дың басқаруымен 1974 жылдан беру бүкіл әлем шарында жаңа программа
іске салынған. РПИ-иммунизацияның кеңейген программасы деп аталады. Бұл
программа бойынша 1990 жылға дейін дүние жүзіндегі әр бала туберкулез,
полиомиелит, дифтерия, коклюш, сіреспе, қызылшаға қарсы егілуге мәжбүр
болған. Бірақта, көптеген мемлекеттерде, соның ішінде СНГ-да, социальды-
экономикалық қиындықтарға байланысты бұл жоспар толық орындалмаған.
Нәтижесінде, кейбір мерзімдерде кейбір аурулар бас көтерген оқиғалар
болған. Бізде: туберкулез, дифтерия, қызылша. Себебінен 1995 жылдан бері
біздің республикамызда жаңа егу календары бекітілген. Бұл календар бойынша
егуге жағымсыз жағдайлардың саны азайған, егу ертерек басталатын болған
және бірнеше вакцина біріктіріліп бір уақытқа келтірілген, өйткені
уақытында егуге баланы әкелу көп адамдардың сана сезіміне әлі күнге дейін
кірмеген.
Иммунизацияның нәтижелері келесі жағдайларға байланысты:
1)макроорганизмнің жағдайына (яғни иммунологиялық белсенділігіне-кейбір
бала иммунологиялық реакцияларды, кейбір бала керісінше, гиперергиялық
реакция береді).
2)антигеннің (яғни вакцинаның, анатоксиннің) сапасына.
Вакцинды препараттар сапасы дайындаған әдісіне, қосылған заттарына
сыртқы ортаның температурасына және басқаларына байланысты болады.
Сондықтан жаңағы ВОЗ-дың программасында-вакциналарды сақтау режимі толық
жазылып көрсетілген, дәрігердің мақсаты-оны бұзбай орындау. Қазақстанның
өзінде медицина жұмысшыларының салақтығынан бірнеше өкінішті оқиғалар
болғанын прессада естіген шығарсыздар: ВКО, Маңғыстау-туберкулезге қарсы
вакцинаның орнына туберкулин енгізу, ал вакцина сақтау тәртібін бұзған
жағдайлар есепсіз. Сондықтан вакцинацияның әсері жеткілікті болмай жатады.
ІШЕК АУРУЛАР ТОБЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Тарау механизмі-фекальды-оральды.
- ие организмде асқорыту жолында көбейіп, тіршілік етеді.
- сыртқы ортаға нәжіспен, құсықпен шығады
- жаңа организмге ауыз арқылы (су, тағаммен түседі)
Сыртқы ортаның инфекциялануы көптеген жағдайларға байланысты:
элеуметтік жағдай, санитарлы-гигиеналық шараларға (водопровод, канализация
бар немесе жоқ болуы, олардың қалпы, шыбынның көптігіне, халықтың санитарлы
мәденитетіне және басқа).
Ішек ауруларының ерекшеліктері:
1) маусымдық болуы;
2) лап етіп көпшілікке тарап кету, немесе сиректеу эпидемияға айналып
кетуі;
3) халықтың санитарлы мәдениетіне байланысты;
4) ішек аурулары ешуақытта жаппай тарамайды, сондықтан коллективті
иммунитет құралмайды да, ішек аурулар өз бетімен шектелінбейді.
Айтылған ерекшеліктерге байланысты ішек аурулардың тарауына қарсы
келесі жалпы шаралар өткізіледі:
1) ауырған адамдарды изоляцияландыру (көбінесе үйде); қоздырғыш
тасымалдаушыларды су және тамақ өндірістер, жұмыс орнына жібермеу
2) әлеуметтік және санитарлы гигиеналық шаралармен мәдениетті көтеру
-негізгі шаралар)
3) спецификалық профилактика кең қолданылмайды. Іш сүзек, холера
эпидемия кездерінде ғана.
Ішек аурулары 4 топқа бөлінеді:
І.Типті ішек аурулары-қоздырғыштары ішектен басқа ағзаларға тарамайды:
- холера
- дизентерия
- кейбір гельминтоздар (гименолипидоз, энтеробиоз)
2.Токсикоинфекциялар – қоздырғыштар алдан-ала тағамдар ішінде көбейіп,
кейбір кезде олардың ішінде токсиндерді бөледі:
- ботулизм
- сальмонеллез
- ас-токсикоинфекциялар (стафилококкты ж.б.)
3.Бұл да типті ішек аурулар, бірақта қоздырғыштары ішектен шығу
мүмкіншілігін тауып басқа ағзаларды зақымға ұшыратады. Сыртқы ортаға
шығармайды:
- амебиаз
- аскаридоз
- трихинеллез
4.Бұл ішек ауруларында, қоздырғыштар қанға тарап, сыртқы ортаға шығуына
қосымша жолдар болады (бөліп шығару ағзалары арқылы бүйрек, тері, өт
жолдары т.б.)
- іш сүзек
- вирусты гепатит
Тыныс алу жолдары арқылы тарайтын инфекциялар тобының сипаттамасы
Қоздырғыш тыныс алу жолдарының жоғарғы бөліктерінде орналасады (ауыз,
мұрын, көмейде)
- сыртқы ортаға жөтел, түшкіру, сөйлеу арқылы шығады;
- - сыртқы ортада (аэрозоль түрде сақталады)
Ерекшеліктері:
1)тарау жолы өте оңай, аз уақытта көп тарап, адамдарды көптеп
инфекцияландырады
2) халық арасында кең тарауда
3) кейбір инфекциялар жаппай тарап, иммунитет жоқ адамдарды 100%
зақымға ұшырату мүмкіншілігі болады
- қызылша
- жел шешек т.б.
4) сондықтан бұл инфекциялар эпидемия түрінде тарау бейімі жоғары
болады
5) бұл инфекциялардың тарауы халық арасындағы топты иммунитеттің
деңгейіне байланысты болады
6) көбінесе балалар арасында тарайтыны
7) маусымдық
8) мерзімдік
9) бұл инфекциялардың алдын алатын негізгі шаралары ішінде – бірінші
қатарда-иммунизация (қызылша, дифтерия т.б.)
Тыныс алу жолдарының инфекциялары да 4 топқа бөлінеді:
І.Типті инфекциялар (қоздырғыштар орналасқан жерінен ары тарамайды)
- риновирусты инфекция
ІІ. Қоздырғыштар енген жерінен қан арқылы басқа ағзаларға жетеді:
- менингококкты инфекция
- - менингоэнцефалит
ІІІ.Қоздырғыштар қан арқылы басқа ағзаларға жетіп, спецификалық қабыну
туғызып, сыртқы ортаға шығу жолын табады:
- шешек
- жел шешек
- лепра
ІУ.Қоздырғыштар ауыз-көмей қуыстарында орналасқан себептен сыртқы
ортаға тек қана ауамен емес, сілекеймен де шығады. Сондықтан тарау жолдары
кеңейіп инфекция тұрмыстық заттар және қатынас арқылы тарауға мүмкіншілік
туады:
- дифтерия
- скарлатина
Қан арқылы тарайтын инфекциялар:
-осы топ ауруларының қоздырғыштары қан тамырларында орнласады
- инфекция көбінесе қан сорғыш жәндіктер арқылы тарайды (бит, бүрге,
шыбын-шіркей, кенелер т.б.-инфекция таратушы факторлар болып табылады). Әр
қоздырғыштың өзіне тән таратушысы бар. Тарау жолы – трансмиссивті деп
аталады. Безгек-тұқымдас масалар, бөртпе сүзегі-бит, кенелік энцефалит –
кенелер, ұйқы ауру-цеце шыбыны.
Ерекшеліктері:
1) эндемиялық тарау, яғни осы инфекцияны сақтайтын және тарататын
жәндіктер тіршілік ететін географиялық аймақ (безгек, кенелік энцефалит)
2)табиғи ошақтар құру:
- осы инфекцияларды сақтап, тарататын мал-хайуандар тіршілік ететін
географиялық аймақ (оба, туляремия)
3) маусымдық-таратушылардың биологиялық белсенділігі жоғарлайтын кезең
(көктем-жаз айлары)
Осы инфекциялардың тарау мүмкіншілігі мен дәрежесі таратушыларға
байланысты: шыбын-шіркей тарататын аурулардың жайылуы кеңдеу болады
4) инфекцияның алдын-алу-таратушыларды жою – яғни, дератизация өткізу
болады
5) спецификалық профилактиканың тек қана қосымша маңыздылығы бар. Бұл
топта тек қана 3 инфекция антропоноздар (безгек, бөртпе және қайтымды
сүзектер), басқалары-антропоноздар.
2 топқа бөлінеді:
1.Типті қан инфекциялары – қоздырғыш қан айланысуынан шықпайды (безгек)
2.Қоздырғыш қаннан-лимфа түйіндеріне тарап сыртқы ортаға шығатын жол
табады (оба, туляремия).
Кейде бұл инфекцияларда қоздырғыш жарақаттанған тері немесе шырышты
қабаттар арқылы түсіп-лимфа түйіндеріне жетеді, одан қанға тарап-
трансмиссивті тарауға мүмкіншілік туғызады.
Тері және шырышты қабаттар арқылы тарайтын инфекциялар
Қоздырғыштар тері және шырышты қабаттар ішінде тіршілік етеді. Бұл топқа
сіреспе, тілме, сібір жарасы, ящур, құтыру ауруы, газды гангрена кіреді.
Тарау механизмі:
-инфекция сыртқы ортаға тері және шырышты қабаттардың бөліктерімен,
лимфа, қанмен шығады;
-басқа организмге терінің және шырышты қабаттардың болар-болмас
жарақаттары арқылы түседі.
Бұл топтың инфекциялардың тарауында сыртқы ортаның факторлары роль
ойнамайды-тікелей қатынас арқылы жұғады (жыныс қатынас арқылы)
- кей кезде мал хайуандар қапқан кезде жұғады (құтыру)
- - тарау факторлар ретінде тұрмыстық заттар, киімдер болуына тиісті.
Ерекшеліктері:
1) бұл топтың инфекцияларының тарауы-тұрмыстық жағдайға байланысты
болады
2) кейбір инфекциялардың тарауы травматизммен байланысты (сіреспе, газды
гангрена)
3) кейбір инфекциялардың тарауы таратушыларға байланысты (құтыру, ящур)
5 топқа бөлінеді:
1.Типті инфекция-қоздырғыш және патологиялық процесс терінің үстіңгі
қабаттарында орналасады (чесотка, трахома)
2.Жарақатты инфекциялар – терінің бүтіндігі бұзылған кезде (тілме,
сіреспе, газды гангрена)
3.Қоздырғыш жарақаттанған шырышты қабаттар арқылы, немесе өзі терінің
тегістігін бұзып қанға тарап, екіншіден теріні зақымдайды (сап, яшур)
4.Мал-хайуандардың тістеуінен тарайтын аурулар (құтыру)
5.Жыныс ағзалар арқылы тарайтын инфекциялар (сифилис, гонорея ж.т.б.).
Алдын алу: санитарлы мәдениет, тұрмыстық жағдайды жақсарту,
травматизммен күресу.
ВАКЦИНАЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Вакциналардың типтері:
Тірі вакциналар:
- вируленттігі әлсіреген немесе жоғалған микроорганизмдер туляремия,
сібір жарасы, оба, бөртпе сүзегі, қызылша, сары қызба, Қу-қызбасы,
кенелік энцефалит.
Инактивирленген вакциналар:
- физикалық (жоғары температура, уиотрафиолет, гамма-сәулелену) немесе
химиялық (фенол, фориасин, сифтиолат, спирт т.б.) тәсілдермен
инактирленген микроорганизмдер.
Қолданылады: коклюш, іш сүзегі, құтырма, лептоспироз, грипп, герпес.
Химиялық вакциналар:
-ультрадыбыс, уентрифугирлеу, градиенттік, суперцентрифцирлеу, химиялық
агенттер көмегімен, қосарланған заттардан толық босаған микроорганизмдер
антигендері.
Қолданылады: менингококкты індеттер, іш сүзегі, бруцеллез, тырысқақ,
бөртпе сүзегі, тұмау, оба.
Анотоксиндер:
- микроорганизмдердің залалсыздандырылған токсиндері.
Қолданады: дифтерия, сіреспе, газды гангрена, ботулизм, стофилококкты
инфекция.
Вакциналардың перспективті жаңа типтері:
- рибосомальды (дизентерия, сальмонеллезге қарсы)
- - ренноинженерлік (В гепатитіне қарсы)
- суббірліктік (тұмау, В гепатитіне қарсы)
- синтетикалық
- антиидиопатикалық
Вакциналардың І-буыны – корпускулярлы (тірі және өлі)
Тірі вакциналар-өздеріне тән орталарда миофильды кептіріліген және
суспензирленген, жұқпалы індетті аурулардың қоздырғыштарын
тұқымқуалаушылықты өзгертілген түрлерінен тұратын иммунофилақтикалық
препараттар болып табылады. Вакциналарды алу приципінің негізінде,
тұқымқуалаушылық қасиеттерінде бекітілген, олардың тұрақты вируленттігінің
әлсіреуі жатады, бірақ олардың антигенді және иммуногенді қасиеттері
сақталады, сондықтан олар арнайы иммунологиялық ығысуларды шақырта алады,
яғни егуден кейінгі иммунитеттің дамуына әкеледі.
Вируленттіліктің төмендеуінің әр түрлі тәсілдерін еске сақтау керек.
Бұл берілген аурудың қоздырғышына генетикалық туыс штаммаларды арнайы-
таңдап алу (осповацина( және төменде берілген жолдармен вируленттің жасанды
төмендеуі;
а. Микробтарға қолайсыз факторлармен физикалық, химиялық әсер ету
(төмендетілген температура-обаға қарсы, отпен әсер ету –БЦЖ)
б.берілген індетке енетін көзі болмайтын мүшелер мен тіндерга пассаж
жасау арқылы микробтарды, сезімтал организмге адаптациялау.
в.тауық эмбрионы немесе тіндер культурасы арқылы пассаж жасау (тұмау,
бөртпе сүзектік, қызылшаға қарсы).
г. мұражайлық культуралар таңдап алу (туляремиялық, сібір жаралық, СТИ)
д.генетикалық рекомбинация тәсілімен (тұмаулық)
Тірі әлсіретілген вакциналардың өлі вакцинацияларға қарағанда қолайлы
жағымды жақтары мынада: олардың көмегімен:
- .мықты және ұзақ иммунитет түзіледі.
- иммунитет түзілу үшін 1 реттік егу жеткілікті. Егілетін вакцинадан
басқа (осы жолы егулерді ұйымдастыруын жеңілдетеді)
- әр түрлі жолдармен егуді жүргізуге болады: тері үстіне, тері ішіне,
интранозаилды, ауыз арқылы
- технологиялық жағынан тиімді
Сонымен қатар тірі-вакциналарды қолданғанда келесі ережелерді міндетті
орындау керек:
а (суық тізбек ережелерін бұзбау керек (жоғарлаған температура, күн
сәулесінің әсері т.б.). Себебі бұзған жағдайда тірі бактериялар,
риккетсиялар, вирустердің өлуі байқалады, сол кезде вакцина өзінің
иммуногенді қасиеттерін жоғалтады:
б.егулерді жүргізгенде суымаған құрал-жабдықтарды, дезинфекциялық
ерітінділерді (иод тұнбасы) қолдануға болмайды, олар теріде көп сақталып
вакцинаны инактивтендіруі мүмкін:
в.вакцина қолданған кезде (вакцинацияға дейін 1-2 күн, ал кейін 7-10
күн антибиотиктер тағайындауға болмайды, кортикостероидтерді т.б. болмайды,
себебі олар вакциналардың иммунологиялық эффектін күрт төмендетеді.
Өлі вакциналар:
Індетті аурулардың ерекшеліктерін зерттегенде, өлі корпускулялы
вакциналар массалық иммунизацияға кең қолданылатынын еске сақтау керек.
Өлі вакциналарды дайындаудың принциптері мынада: микробтарды өлтіріп
олардың антигенді қасиеттерін сақтау. Ол үшін әр аурудың тән
қоздырғыштарының өндірістік деп аталатын штаммалары қолданылады.
Микроорганизмдердің инактивациясы қай тәсілмен жүргізілетіне байланысты бұл
вакциналар жылытылған (58-60С-1 сағат), спирттік, ацетондік, фенольдік,
формалиндік т.б. болады.
Өлі вакциналарды тері астына енгізеді. Тірі вакциналарға қарағанда олар
сыртқы орта факторларының әсеріне төзімділеу болады, иммуногендік жағнан
тірі вакциналар күштілеу болады. Мықты иммунитет түзілу үшін оларды 2-3 рет
егу керек. Себебі 1 рет ексе, организмнің толық иммунологиялық қайта
құрылуы болмайды. Одан басқа 2,3 рет еккенде иммунитет ұзақтығы жағынан 1
жылдам аспайды.
Химиялық вакциналар:
Бұл сұрақты зерттегенде, микробты денелерден химиялық жолмен белсенді
иммуногенді фракциялар алынатынын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz