Эпидемиологиялық зерттеу әдісі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

КӘСІПТІК ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

ЭПИДЕМИОЛОГИЯ

051301 - «Жалпы медицина» мамандығы бойынша

Көлемі - 54 сағат.

Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі

Астана 2009

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Кәсіптік жоғары білім беру жүйесі

«БЕКІТЕМІН»

ҚР ДМ медициналық ғылымдар

және білім беру департаментінің

директоры Н. К. Хамзина

«» 2009ж

ЭПИДЕМИОЛОГИЯ

051301 - «Жалпы медицина» мамандығы бойынша

көлемі - 54 сағат.

Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі

Астана 2009

Алғы сөз

1. Әзірленді және енгізілді Қазақ Ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) .

  1. Алғашқы рет енгізілді.
  2. Типтік оқу бағдарламасы 051301- «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2006ж. Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес әзірленген.
  3. Типтік оқу бағдарлама медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар Орталығымен бекітіліп, басылымға ұсынылған.

«» 2009 ж.

I. Түсініктеме

Кіріспе.

Эпидемиология - жұқпалы және паразитарлы аурулардың адамзат арасында пайда болуын және таралуын зерттейтін медицинаның жеке бір саласы, сонымен бірге осы жұқпалы аурулардың алдын алу, олармен күресу және түбеегйлі жою шараларын қарастыратын ғылым.

Эпидемиологияның зерттеу объектісі болып эпидемиялық процесс, алдын алу және олардың таралуын үзу шаралары табылады.

Эпидемиология пәні екі бөлімнен тұрады: жалпы және жеке эпидемиология.

Эпидемиологиялық зерттеу әдісі адамзаттың жұқпалы ауруларының пайда болу және таралу механизмдерін зерттеуге, олардың алдын алуға және оларды жоюға мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығынан тұрады.

Ол бақылау, жазу, салыстыру, эксперимент жасау, статистикалық және логикалық талдаудан тұрады. Бірақ, соңғы жылдары бүкіл тәжірибелік медицина дәлелді медицинаның қағидаларына сүйенуіне байланысты, жалпы медициналық клиникалық пәндердің ішінде эпидемиологияның рөлі өсуде. Биостатистикалық әдістемелердің дәлелді медицина негіздеріне сүйене отырып, кез-келген этиологиялы аурулардың пайда болуын, ағымының ерекшелігін - клиникалық эпидемиология пәні зерттейді.

Пәннің мақсаты: Студенттерде клиникалық эпидемиология дәлелді медицинаның негізі ретінде жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың эпидемиологиялық диагностикалаудың негізін және жұқпалы аурулардың алдын алу қағидаларын қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

  • студенттерге эпидемиологияның жалпы заңдары мен категорияларын, жұқпалы аурулардың биологиялық-экологиялық сипаттамасын, олардың эпидемиологиясы туралы білім беру.
  • тұрғындар арасында жұқпалы (паразитарлық) аурулардың пайда болуы мен таралуы заңдылықтарымен таныстыру;
  • Қазақстан Республикасында пайдаланылатын және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсынуымен қазіргі кездегі жұқпалы аурулардың алдын алу және жою қағидаларын беру;
  • төтенше жағдайларда жедел көмек ұйымдастырудың сұрақтарымен таныстыру;
  • эпидемиологиялық зерттеулердің әдістерімен, эпидемиологиялық диагностикалаудың жүйесімен таныстыру;
  • клиникалық эпидемиологияның биостатистикамен байланысын, клиникалық эпидемиологияның негізгі қағидалары мен негіздерін беру;
  • клиникалық эпидемиологияның негізін дәлелді медицинаның негізі ретінде беру;

Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент:

Білуге тиісті:

  • ҚР халқының санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңын.
  • эпидемиологияның жалпы заңдары мен категорияларын, кең таралған жұқпалы аурулардың биологиялық-экологиялық сипаттамасын, олардың эпидемиологиясын.
  • тұрғындар арасында жұқпалы (паразитарлық) аурулардың пайда болуы мен таралу заңдылықтарын, себептері мен жағдайларын, жеке нозологиялық жұқпалы (паразитарлық) аурулардың эпидемиялық (эпизоотиялық) процесінің даму және көріну механизмдерін.
  • жұқпалы (паразиттік) аурулар оқиғасын стандартты анықтаудың әдістемелік қағидалары және жүргізілетін шаралар алгоритмдері.
  • алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүйесі.
  • Қазақстан Республикасында пайдаланылатын және ДДҰ-ң қазіргі кездегі жұқпалы аурулардың алдын алу қағидаларын;
  • соғыс және бейбітшілік кезінде эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастыру.
  • клиникалық эпидемиологияның негізгі ережелері және қағидалары, клиникалық эпидемиологияның биостстистикамен байланысы, дәлелді медицинаның негіздері.

Көрсете алуға тиісті:

  • Сырқаттанушылықты болжау және эпидемиологиялық жағдайларды бағалау негізінде мәселелі-мақсатты эпидемияға қарсы шаралар жүргізуді, сонымен қатар эпидемиялық ошақтарда жою бойынша жоспар құрастыру;
  • Жұқпалы аурулардың кең таралған нозологиялық түрлерінің алдын алу және эпидемияға қарсы керекті шараларды іске асыру.
  • Карантиндік жұқпалар кезіндегі керекті жедел эпидемияға қарсы шараларды жүргізуді.

Пәннің алғы реквизиттері мен кейінгі реквизиттері:

Пәннің алғы реквизитері: молекулярлық биология және медициналық генетика, микробиология.

Шектес пәндер: жалпы гигиена, биостатистика, жалпы иммунология, дәлелді медицина негіздері.

Пәннің кейінгі реквизитері: жұқпалы аурулар, фтизиатрия.

1. Пәннің мазмұны:*

ЖАЛПЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ

Эпидемиология пәні, міндеттері

Эпидемиялық процесс туралы түсінік. Эпидемиялық процестің факторлары. Эпидемиялық процестің даму жағдайлары мен себептерінің қатынасы. Эпидемиялық процестің қозғаушы күші- биологиялық-әлеуметтік және табиғи факторлардың қатынасы. Эпидемиялық процестің даму механизмдері. Эпидемиялық процестің даму механизмдерін зерттейтін теориялық негіздер: берілу механизмі теориясы, табиғи ошақтық теориясы, паразитарлық жүйенің өзін-өзі реттеу теориясы, эпидемиялық процестің әлеуметтік-экологиялық концепциясы, сәйкестік теориясы.

Эпидемиялық процестің көрінуі. Эпидемиялық процестің дамуының интенсивтілігін дәстүрлі анықтайды: спорадикалық сырқаттанушылық, эпидемия, пандемия. Эндемиялық және экзотикалық сырқаттанушылықтар туралы түсінік. Уақыт бойынша, аймақ бойынша, әртүрлі топтар арасында эпидемиялық процестің көрінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы. Жұқпалы аурулардың эпидемиялық белгісі немесе «қауіп-қатер факторлары» бойынша құрылымы. «Қауіп-қатер факторларының» критерийлері. Жұқпалы аурулардың таралуын бағалауда жас ерекшеліктері, әлеуметтік, кәсіптік, генетикалық және басқа белгілердің мәні. Әртүрлі халық топтары арасында сырқаттанушылықтың біркелкі емес таралуын анықтайтын себептері мен жағдайлары. «Жұқтыру қаупінің факторы» және «сырқаттану қаупінің факторлары» түсінігі.

Әртүрлі халық топтары арасында жұқпалы сырқаттанушылықтың таралу түрлері.

Жұқпалы аурулар ошағын эпидемиологиялық зерттеу. Эпидемиологиялық зерттеу мақсаты мен шараларды тағайындау үшін ауру жұқтыру жағдайын анықтау, сонымен қатар ошақта адамдардың жұқтыруын қауіпін анықтау. Медициналық құжаттарды қарау. Оқиғаның стандарттық анықтамасының негізгі әдістемелері, күдікті, мүмкін және дәлелденген оқиғаларды анықтау үшін критерийлер, инфекцияның пайда болу оқиғасы және алдын алу шаралары кезіндегі маманның іс-әрекет алгоритмі.

Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жіктелуі.

Экологиялық және филогенетикалық жақындығы бойынша жұқпалы ауруларының (паразитарлық) эпидемиологиялық жіктелуі.

Ішек инфекцияларының жалпы сипаттамасы (ауыз-нәжістік механизммен берілетін антропоноздар) . Берілу механизмдерінің кезеңдері. Қоздырғыштың біріншілік, аралық және ақырғы берілу факторлары. Аралық және ақырғы берілу факторларының ерекшеліктері бойынша берілу жолдары. Эпидемиялық процестің көрінуінің жалпы сипаттамасы. Эпидемиялық процестің механизміне әсер ететін әлеуметтік және табиғи факторлар. Ішек инфекцияларының мәселесін шешуде санитарлық-техникалық және гигиеналық сұрақтар.

Тыныс алу инфекцияларының жалпы сипаттамасы (аэрозолді механизммен берілетін антропоноздар) . Қоздырғыштардың берілу механизмдерінің кезеңдері. Аэрозолдардың әртүрлі фазасына қатысуы кезінде қоздырғыштардың берілуімен өтетін аурулардың эпидемиологиясының ерекшеліктері. Аэрозолдық антропоноздардың мәселелерін шешудегі иммунологиялық көзқарастар.

Қан инфекцияларының жалпы сипаттамасы (трансмиссивті және парентералді механизммен берілетін антропоноздар) . Адам мен тасымалдаушы организміндегі инфекция қорының ерекшелігі.

Сыртқы жабындылар инфекцияларының жалпы сипаттамасы (қоздырғыштың жанасу механизмімен берілетін антропоноздар) . Қоршаған орта объектілері арқылы, көбіне тұрмыстық қатынас арқылы Қоздырғыштары жанасу арқылы берілетін аурулардың жалпы сипаттамасы. Осы топтағы аурулардың алдын алуда санитариялық-эпидемиологиялық мекемелердің рөлі.

Зоонозды инфекциялардың жалпы сипаттамасы. Зоонозды инфекциялардың тұрғындар сырқаттанушылығында алатын орны. Зоонозды инфекцияларды жіктеудегі қазіргі көзқарас.

Жұқпалы аурулар кезінде алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар принциптері.

Эпидемиялық процестің үш тізбегіне бағытталған, жетекші тізбекті анықтау, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін кешенді көзқарас.

Қоздырғыштың резервуары болатын ие организміне бағытталған шаралар: антропоноздар кезіндегі клиникалық-диагностикалық, оқшаулау, емдеу және тәртіптік-шектеу шаралары, сонымен қатар зооноздар кезіндегі санитарлық-ветеринарлық және дератизациялық шаралар.

Қоздырғыштың берілу механизмін үзуге бағытталған шаралар: санитарлық-гигиеналық, дезинфекциялық және дезинсекциялық шаралар.

Тұрғындардың қабылдамаушылығын туғызуға бағытталған шаралар: жоспарлы және жедел иммунды басқару.

Клиникалық эпидемиология, биостатистиканың рөлі. Клиникалық эпидемиология дәлелді медицинаның негізі ретінде.

Клиникалық эпидемиологияның мақсаттары, міндеттері, негізгі қағидалары, негізгі ережелері. Клиникалық эпидемиологияның басты мақсаты. Дұрыс емес шешім қабылдамауын қамтамасыз ететін, клиникалық тексерудің әдістері және мәліметтер талдауы.

ХХI ғасыр - дәлелді медицина ғасыры. Медицинаның ғылыми негізделген қазіргі кездегі концепциясы. Биометриялық зерттеулер. Медициналық зерттеулер мәліметтерін диагностикалық және емдеу шараларын және процедураларын, алдын алу тиімділігін сипаттайтын, математикалық-статистикалық және түрлі туындылардың маңыздылығын бағалау.

ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ

Экстремальды жағдайда эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру. Әскери эпидемиологияның мақсаттары мен принциптері. Биологиялық және бактериологиялық қарулардың анықтамасы, түрлері, қолдану тәсілдері. Бактериологиялық қару қолданған кезіндегі. Эпидемиялық процесстің ерекшеліктері. Әскер арасында бактериологиялық әскерге қарсы қорғау жөнінде білімі. Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары. Жұғу ошағы. Бактериологиялық қару қолдануына қауіптілік төнген кезіндегі шаралар. Әскер арасындағы емдік эвакуациялық және эпидемияға қарсы шаралар мен қамтамасыздандыру. Медициналық эвакуацияның этаптары, оның ішіне кіретін бөлімшелері мен міндеттері. Медициналық этаптардағы эпидемияға қарсы қорғаныс шаралары: медициналық сорттауды ұйымдастыру, инфекцияланған адамдарды изоляцияландыру, санитарлық тазарту мен дезинфекция, киім-кешектің дезинсекациясы. Әскерлердің эпидемияға қарсы қамтамасыз етуіне бағытталған негізгі шаралар. Санитарлық эпидемиялық барлау: анықтамасы, мақсаты, міндеттері, объектелері, түрлері, ұйымдастыру және өткізу жолдары, алынған нәтижелерін безендіру. Әскерлердің және олар орналасқан ортаның санитарлық эпидемиологиялық жағдайын бағалау. Бактериологиялы барлау: анықтамасы, орындаушылары, объектілері, мақсаттары, әдістер мен тәсілдері. Бактериологиялық индикация. Бактериологиялық қару қолданған фактысын анықтайтын спецификалық емес индикация сыртқы ортаның объектілері мен аурулардың материалды зерттеуге алу. Спецификалық индикация (жылдамдатқан және кеңейтілген схемалар) .

Биотерроризм және биологиялық қауіпсіздік негіздері.

Ескерту:* - пәннің мазмұны 20%-ға дейін ЖОО өзгертілуі мүмкін.

3. Оқу және оқыту әдістері

  • Дәрістер:жалпы шолу, өзекті мәселелер
  • Тәжірибеліксабақтары: теориялық материалды оқытушымен талқылау; оқу әдебиетімен жұмыс істеу, тапсырмаларды орындау, (сұраққа жазбаша жауап, кесте толтыру, схемалар сызу және т. б. ) ; тестілеу; ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шешу.
  • Студенттердің өздігімен жұмыс жасауы:әдебиеттермен электрондық базалармен жұмыс жасау, компьютерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс, жағдайлық есептерді шешу, тест тапсырмаларын шығару, рефераттар дайындап қорғау.

4. Білімдерін бағалау

  • Ағымды бақылау:тест өткізу, ауызша және жазбаша сұрау, жағдайлық есептер шығару, тапсырмаларды орындау нәтижелерінің жазылуын тексеру және т. б.
  • Аралық бақылау:коллоквиум
  • Қорытынды бақылау:дифференциалдық сынақ, тестілеу және ауызша сұрау арқылы.

5. Жабдықтары және жабдықталуы:

Құралдары: компьютерлер, мультимедиалық аспаптар, графопроектор, бейне аппаратуралары, экран.

Жабдықталуы: компьютерлік бағдарламалар жиынтығы және мультимедиалық оқу құралдары, тестік тапсырмалар, кестелер, бейнефильмдер, слайдтар, жағдайлық есептер.

6. Пән бойынша сағат санын бөлу

Жалпы

сағат

саны

Аудиториялық
СӨЖ
дәрістер
Тәжірибелік сабақтар
Жалпысағатсаны: 54
Аудиториялық: 6
СӨЖ: 30
18

7. Жобалап алынған сабақтың жоспары*

7. 1 Жобалап алынған дәрістердің тақырыптық жоспары (таңдауы бойынша алынған тақырыптыр)

Дәрістер тақырыптары
№: 1
Дәрістер тақырыптары: Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиология пәні, міндеттері және мақсаттары.
№: 2
Дәрістер тақырыптары: Эпидемиялық процесс туралы ұғым
№: 3
Дәрістер тақырыптары: Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық жіктеу.
№: 4
Дәрістер тақырыптары: Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары
№: 5
Дәрістер тақырыптары: Клиникалық эпидемиологияның негізгі ережелері және қағидалары, клиникалық эпидемиологияның биостстистикамен байланысы.
№: 6
Дәрістер тақырыптары: Әскери эпидемиологияның теориялық және әдістемелік негіздері
№:
Дәрістер тақырыптары: Жалпы сағаты: 6

7. 2 Машықтану сабақтарының жобалап алынған тақырыптық

жоспары ***

Тәжірибелік тақырыптардың аталуы
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Эпидемиялық процесс туралы ұғым
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Эпидемиялық процестің көріну түрлері мен құрылымы. Эпидемиялық процеске әсер ететін факторлар.
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Жұқпалы аурулар ошағын эпидемиологиялық зерттеу түсінігі.
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жіктелуі
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Ішек инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы, олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары.
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Ауа-тамшылы инфекциялардың эпидемиологиялық сипаттамасы, олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары.
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Қан инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы және олардың алдын алу шаралары.
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Сыртқы жабындылар инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы және олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары.
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Дәрігер бөлімшесінде жұқпалы аурулар кезіндегі алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Дезинфекция, дезинсекция және дератизация қағидалары. Стерилизация, стерилизация алды өңдеу қағидалары.
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Ауруханаішілік инфекцияның эпидемиологиясы және алдын алу. Ауруханаішілік инфекция кезінде жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Аралық бақылау
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Әскери эпидемиологияның теориялық және әдістемелік негізі. Соғыс уақытында әскерлер арасында жүргізілетін эпидемияға қарсы шаралардың мазмұны және ұйымдастырылуы.
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Ықтимал қарсыластың бактериологиялық (биологиялық) қаруы және индикациясы. Медициналық эвакуация кезеңдерінде әскерлерді бактериологиялық қарудан қорғау негіздері
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Бактериологиялық барлау және бактериологиялық қару индикациясы. Соғыс кезіндегі санитариялық-эпидемиологиялық мекемелердің жұмысын ұйымдастыру.
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Клиникалық эпидемиологияның негізгі ережелері және қағидалары, клиникалық эпидемиологияның биостатистикамен және дәлелді медицинамен байланысы.
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Аралық бақылау
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Соңғы бақылау
№:
Тәжірибелік тақырыптардың аталуы: Сағаттар саны: 30

7. 3 Студенттердің өздігімен дайындалуына жобалап алынған тақырыптар. (СӨЖ)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эпидемиологияның даму тарихы
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Қоршаған ортаның халық денсаулығына әсері
Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялық ауруларды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
Қызамық инфекциясының жүктілікке әсер етуі
Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Ауыз су және оның сапасы
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Туберкулездің микробактериялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz