Полимерлік битумдық композиция


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Жоғарғы технологиялар және тұрақты даму институты
Қолданбалы химия кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қасымханов Айбек Бекенұлы
Тақырыбы:Полимерлік битумдық композиция
5В012000 - Кәсіптік білім беру
Алматы 2014
Дипломдық жұмысты дайындау
ГРАФИГІ
Дипломдық жұмысқа кеңес берушілер мен қалып бақылаушының
қолдары
(жұмысқа қарасты тараулардың нұсқауымен)
Бетесова Ф. К.
т. ғ. к., аға оқытушы
Биржанова Р. М.
аға оқытушы
Құрманалиева Д. Т.
аға оқытушы
Жобаның жетекшісі: Абдикаримов М. Н
(қолы)
Жобаны орындауға тапсырма алған студент:Қасымханов А. Б
(қолы)
Күні «» 2014ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университеті
Жоғарғы технологиялар және тұрақты даму институты
Қолданбалы химия кафедрасы
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
Кафедра меңгерушісі
Х. ғ. к. профессор
Г. Т. Балакаева
(қолы)
«___» 2014ж.
Дипломдық жұмысқа
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Тақырыбы: «Полимерлік битумдық композиция»
5В012000 - Кәсіптік білім беру мамандығы бойынша
Орындаған А. Б. Қасымханов
Пікір беруші Жетекшісі
х. ғ. д., профессор х. ғ. д.
А. К. Оспанова М. Н. Абдикаримов
(қолы) (қолы)
«___» 2014ж. «___»_ _ 2014ж.
Алматы 2014
АНДАТПА
Дипломдық жұмыс бес тараудан тұрады:
- әдеби шолу;
- зерттеу обьектілерімен әдістері;
- тәжірибелік бөлім;
- экономикалық бөлім;
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлім;
Осы дипломдық жұмыста Батыс Қазақстанның Мұнайлы-Мола кен орнының мұнайы қарастырылған.
Тәжірибелік тарауда өндеу объекттері, битумды өндіру тәсілі жайлы мәліметтер және өндірудің жобалық және тәжірибелік көрсеткіштері келтірілген.
Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы тарауында қоғамның қауыпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғаудың негізгі мақсаты мен міндеті туралы айтылған.
Қоршаған ортаны қорғау және экология тарауында қоршаған ортаға мұнайдан битумды алудың әсері, тиісті сақтану шаралары мен қоршаған ортаны қорғау жайлы мәліметтер келтірілген.
Экономикалық тарауында мұнайбитумның техникалық-экономикалық есебі көрсетілген және де осы жобаның тиімділігі есептелінген.
АННОТАЦИЯ
Дипломная работа состоит из пяти разделов:
-литобзор;
-методы и обьекты иследовани;
-экспериментальная часть;
-экономический отдел;
-охрана труда и техническая безопасность отдел;
В этой дипломной работе изучены нефтебитуминозные породы Западного Казахстана месторождения Мунайлы-Мола.
В экспериментальной части обсуждены объекты исследования, методы выделения битума и изучение информация и полученные результаты.
В разделе охраны труда и техники безопасности обсуждены методы обеспечения безопасности труда и основные цели и обязательства.
В разделе защиты окружающей среды и экологии показано влияние выделеного битума из НБП на окружащую среду, меры предосторожности и информация о защите.
В экономическом разделе приведены технико-экономические расчеты и рассчитано себестоимось работы.
SUMMARY
Diploma thesis consists of five sections :
- litobzor ;
- methods and objects isledovaniyu ;
- eksperimentny - department;
- еconomic department ;
- оccupational safety and technical security division ;
In this research paper treated oil western Kazakhstan birthplace Munaily - Мola .
On the eksperimentny department shows the objects proyzvodstvo method info proyzvodstvo bitumen and display information of experimental pokozatel .
Under occupational health and safety software TELL bezopasnsti society and the main objectives and obyazatelstva OSH .
Under The environment protection and ecology shows influence allocation of bitumen from oil to okruzhaschiyu environment, precautions, and information on the protection of the environment.
In the economic section shows the technical and economic calculations and cost of the project is targeted .
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1 Мұнайбитумды қазбалар-көмірсутек шикізатының альтернативті көздері.
11
1. 2 Қазақстанның мұнайбитумды қазбалары және оларды қолданудың келешегі.
1. 3 Мұнайбитумды қазбадан табиғи битумдарды бөліп алудың әдістері.
1. 4 Табиғи битумдардың ресурстары және олардың сипаттамасы.
1. 4. 1 Табиғи битумдар және олардың негізгі қасиеттері.
1. 4. 2 Табиғи битумдарды пайдалану(утилизациялау)
2. 1 Зерттеу обьектілері
2. 2 Зерттеу әдістері
3. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3. 1. 1 Мұнайбитумды қазба құрамындағы органикалық бөлігін еріткіш көмегімен экстракциялау.
3. 1. 2 Су-сілтілік экстракция.
36
36
3. 3 Мұнайбитумды қазбаны термиялық айдау әдісімен зерттеу.
3. 4 Композициялық материалдарды ИҚ-спектроскопиялық зерттеу.
5. ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
5. 1 Қоғамның қауыпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғаудың негізгі мақсаты мен міндеті.
59
АНЫҚТАМАЛАР, ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
63
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Берілген жұмыс мұнайбитумды қазбалардан ауыр мұнайларды бөліп алу және бөліп алынған битум мен мұнайбитумды қазбаларды өндіріс қалдықтарымен модификациялау мәселесіне арналды. Жұмыстың бірінші бөлімінде көмірсутектер шикізатының альтернативті көзі ретінде мұнайбитумды қазбалардың Қазақстанда таралуы және оларды қолданудың келешегіне назар аударылды. Мұнайбитумды қазбалардан табиғи битумдарды бөліп алудың өндірістік әдістері қарастырылды. Табиғи битумдар ресурстарының қорларына сипаттама берілді. Битумдардың сапалық құрамы мен физика-химиялық, химиялық және физика-механикалық қасиеттері сипатталды. Табиғи битумдарды өнеркәсіптік пайдаға асырудың тиімді жолдары көрсетілді. Екінші бөлімінде жұмыста қолданыған зерттеу объектілері сипатталды. Мұнайбитумды қазбалардан ауыр мұнайларды бөліп алудың зертхана жағдайындағы әдістеріне орын берілді. Мұнайбитумды қазбадан бөліп алынған битум мен оның негізінде алынған композициялық материалдарға ИҚ- спектроскапиялық зерттеу жүргізілгені атап өтілді. Жұмыстың үшінші бөлімінде тәжірбиелік жұмыстарға орын берілді. Мұнайбитумды қазба құрамынан ауыр мұнайды бөліп алудың экстракциялық әдістеріне, МБҚ минералдық бөлігінің фракциялық құрамын зерттеуге, жынысты термиялық айдау әдісімен зерттеуге талдау жүргізілді. Мұнайбитум мен табиғи МБҚ негізінде композициялық материалдарды модификациялауға, алынған композиттердің қасиеттерін сипаттауға орын берілді. Жұмыстың қорытынды бөлімінде магистрлік зерттеудің нәтижелері бойынша нақты қорытындылар жасалды.
Жұмыстың өзектілігі. Бүкіл әлемде отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуге ерекше көңіл бөлінген. Осыған орай мұнай және мұнай өнімдері тәрізді жоғары сапалы ресурстарды үнемдеу өзекті мәселелердің бірі. Берілген дипломдық жұмыста көмірсутектер шикізатының альтернативті көзі ретінде мұнайбитумды қазбаларды қолданудың келешегі зор мүмкіндіктері қарастырылды. Мұнайбитумды және органикалық бөлігі бөлінбеген табиғи қазбаны өндіріс қалдықтарымен модификациялау арқылы түрлі композициялық материалдар алудың жолдары сипатталды. Сонымен қатар экологиялық мәселелерді шешудің тиімді жолдары ұсынылды.
Жұмыстың мақсаты мұнайбитумды жыныстарды және өндіріс қалдықтарын пайдалана отырып түрлі композициялық материалдар алу. Осыған орай мынадай міндеттер шешімін тапты:
- мұнайбитумды қазбалардың құрамынан ауыр мұнайларды бөліп алу;
- мұнайбитумды қазбаларыдың фракциялық құрамын зерттеу;
- қазба құрамынан бөліп алынған минералдық бөлігіне ол үшін мұнайбитумды қазбаны термиялық айдау әдісімен зерттеу седиментациялық талдау әдісімен зерттеу жүргізу;
- мұнайбитумды қазбалардан бөліп алынған битумды өндіріс қалдықтарымен модификициялау және композициялық материалдар алу; олардың қасиеттерін сипаттау;
- табиғи мұнайбитумды қазбаны өндіріс қалдықтарымен модифицерлеу және алынған композиттерге сипаттама беру.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Мұнайбитумды қазбалардан бөліп алынған битум мен табиғи қазбаның негізінде және өндіріс қалдықтарын қолдана отырып жаңа композициялық материалдар алынды. Алынған материалдардың қасиеттеріне сипаттама берілді.
Жұмыстың практикалық құндылығы. Мұнайбитумды қазбалардан ауыр мұнайлар бөліп алынды. Алынған битум мен табиғи мұнайбитум қазба негізінде композициялық материалдар алынды. Олардың қасиеттері зерттелді. Алынған композиттердің өнеркәсіпте қолданылу мүмкіндіктері көрсетілді.
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1 Мұнайбитумды қазбалар - көмірсутек шикізатының альтернативті көздері.
Барлық әлемде қазіргі таңда химиялық және отын-энергетикалық ресурстарды, әсіресе мұнай және мұнай өнімдері тәрізді жоғарғы сапалы ресурстарды үнемдеуге көп көңіл бөлініп отыр. Оның себептері көп, дегенмен олардың ішіндегі ең бастысы - салыстырмалы түрде алғанда, әсіресе тас көмір, жанғыш сланецтер, мұнайбитумды қазбалар тәрізді пайдалы қазбалармен салыстырғанда мұнайдың әлемдік ресурсы көп емес.
Кейбір елдер бұл жағдайға алаңдаулы, сондықтан көмірсутектер көзі шикізатының әдеттен тыс және альтернативтік көздерін іздестіріп, игеруді қолға алды, ең алдымен табиғи битумдар мен жоғары тұтқыр мұнайлар, жанғыш сланецтер мен көмір араласып келген мұнайбитумды қазбаларды игеруді қолға алды. Бұл пайдалы қазбалардың ресурстары әдеттегі мұнай қорларын біршама арттырады, ал олардың кен орнының жеңіл өндірілетін тереңдікте орналасуы, тіпті беткі қабаттарда жатуы оларды іздеу, барлау және игеру жұмыстарын жеңілдетеді.
Көмірсутек шикізатының қосымша мол көзі ретінде әсіресе табиғи битумдар мен жоғары тұтқыр мұнайлардың келешегі зор. Олар әлемдегі көптеген елдер үшін белгілі. Мұнайбитумды қазбалардың қоры біздің республикамызда өте жоғары.
1987 жылы Хьюстонда (АҚШ) өткен ХII дүниежүзілік мұнай конгресінде ауыр мұнайлар мен табиғи битумның өндірілетін ресурстары, ТМД елдерін қоспағанда, 56, 2 млрд м 3 және 70 млрд т. деп бағаланды. Оның ішінде 78% битум - Канаданың үлесіне келеді. Сонымен қатар, конгресте ауыр жоғары тұтқыр мұнайлардың дебиті төмен, тасымалы мен өңделуі күрделі әрі қымбат екендігі де айтылды. Жоғары тұтқыр мұнайлар мен табиғи битумдар кенін игеру барған сайын тиімсіз бола түсуде. Соған қарамастан, битумдар мен жоғары тұтқыр мұнайларды өндіру масштабы әзірге аз болса да, көптеген елдерде (АҚШ, Канада, Венесуэла және т. б) табиғи битумдар мен жоғары тұтқыр мұнайлардың түзілу жағдайлары мен орналасуының геологиялық заңдылықтарын зерттеу масштабы арта түсуде. Оларды өндірудің, тасымалдаудың және өңдеудің тәсілдері жетілдірілуде, битумды қолдану мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі бірге қарастырылып, шешімін табуда. Битум мен ауыр мұнайлар кен орнын тиімді пайдаланудың ұқсас техникалық және экономикалық өзекті мәселелерін ТМД елдерінде де қарастырылуда. Дегенмен, көмірсутектер көзінің бұл қуатты әдеттен тыс көзі кең қолданыс таппай отырғанын айтып өтуге тиіспіз. Табиғи битумдар мен жоғары тұтқыр мұнайларды өндірудің өнеркәсіптік игеру күрделі ғылыми-техникалық мәселе болып табылады. Олардың кенін игерудің қиындығы тәжірибенің жетімсіздігінен, жоғары тұтқыр мұнайлар мен табиғи битумдардың кен орнын өңдеу, барлау жасау технологиясы мен техникасының жетімсіздігімен жетілдірілмеуінен туындап отыр.
Ауыр мұнайлар мен табиғи битумдар кәдімгі мұнайлардан сапалық құрамымен, негізгі гетероатомды және көмірсутекті компоненттер құрамымен ажыратыла отырып жаңа технологиялар мен өндіру жолдарын талап етеді. Мұнай кен орындарын пайдалану мәселелерін қарастырған Бүкілресейлік кеңестің нұсқауларында (Альметьевск, 5-8 қыркүйек) битум қорларын әр түрлі геолого-геофизикалық жағдайларда игерудің жаңа тиімді технологиялары мен техникалық құралдарын жасау бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік, конструкциялық және зерттеу жұмыстарын жалғастырудың қажеттілігі атап көрсетілген.
Табиғи битумдар мен жоғары тұтқырлы мұнайлардың Қазақстандағы өнеркәсіптік шоғырланған жері Каспий маңы шұңқырының оңтүстік және оңтүстік шығыс бөліктері мен Маңғыстауда (Бозащы мен Түпқараған аралдарын қоса есептегенде) .
Батыс Қазақстанда битуды шикізатты іздеу-барлау жұмыстарының тарихы тереңде жатыр. Олар түрлі субьективті және обьективті себептерге байланысты бірде тоқтатылып, бірде қайта қолға алынып жалғасын тауып отырды. Дегенмен соңғы кездері Республикамызда басшы органдарының отын-энергетикалық, химиялық және жол-құрылыс саласын дамытуға деген қызығушылығына байланысты бұл жұмыстар кеңейтіліп қарқынды дами бастады.
Іс-тәжірибе көрсеткендей, жоғары тұтқыр мұнайлар мен табиғи режимді қолдану тиімсіз. Оларды өндіруде тек термиялық әдістер ғана тиімді нәтиже бермек .
Кенді шығарудың термиялық тәсілі қыздыру кезінде мұнайдың немесе битумның тұтқырлығын төмендетуге негізделген, ал бұл олардың кен қабатында қозғалғыштығын арттырады. Кен қабатына жоғары температуралы жұмысшы реагенттерді (бу, ыстық су, булы газ бен мұнайдың қабатта жану өнімдері) қысып, тығыздау процесінде мұнайды ығыстырып шығарудың барлық белгілі механизмдері көрініс береді.
1. 2 Қазақстанның мұнайбитумды қазбалары және оларды қолданудың келешегі.
Табиғи битумдар кенінің орналасу (жату) жағдайына қарай негізгі төрт типін ажыратады: қабатталған, линза тәрізді, жолақ тәрізді және беткі қабаттық кен, дегенмен белгілі бір аймақта кеннің аталған кейбір түрлері ғана дамиды. Қазақстанда битумның жинақталуы негізінен екі жолмен жүзеге асқан.
Бірінші - күмбез тәрізді жайылмай шоғырлана жинақталу қозғалысының нәтижесінде пайда болатын құмтастардың түзілуі . (кирообразование) . Бұндай қозғалыстар нәтижесінде бұрын түзілген кен қабаттарында саңлау, қуыстар пайда болып, мұнай тіктен-тік көтеріліп, беткі қабатқа шығып, борпылдақ тұнбаларды сіңіріп, оларды біртіндеп құмтастарға айналдырады. Құмтасты төмпешіктердің біразы ХХ ғасырдың басында-ақ белгілі болған (Мұнайлы, Беке, Талдысай), қалғандары жаңадан түзілген құмтастар болып табылады (Қарашұңғыл, Әлімбай, Шұбарқұдық және т. б) Қазақстанда битумның мұндай түрінің өнеркәсіптік мәні жоқ, ал Сахалинде, Канадада және басқа да кейбір аймақтарда битум түзілудің бұл типі негізгі болып саналады.
Екінші жолы - Мұнайдың қабаттарда біртіндеп азып, нашарлауы, кері кетуі. Алдымен мұнай жеңіл фракцияларынан айрылады және қозғалғыштығын жояды, содан кейін мұнайбитумды жыныстың беткі қабатқа шығып, кен қабатында саңлаулардың пайда болуы нәтижесінде (бұл жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарымен байланысты) асфальтиттер мен кериттерге айналады. Каспий маңы шұңқырындағы ( Иманқара, Мортық, Қарамұрат, Қопа, Дөңгелексор, Алашақазған және т. б), Маңғышлақ (Төбежік, Белтұран т. б) тұз үсті қабаттарында табылған табиғи битумдар мен өнеркәсіптік кендердің үлкен бөлігі осы схема бойынша түзілген.
Ауыр мұнайлар мен битумдардың кені қандай жолмен түзілсе де, сірә, олардың бәрі кәдімгі мұнайлардың ұзақ уақыт әрі терең химиялық өзгерістерге түсуі нәтижесінде азып, нашарлауынан пайда болған аналогтары болса керек.
Табиғи битумдар қорының алдын-ала болжанған бағамының қаншалықты шындыққа жанасатыны Батыс Қазақстан мысалынан анық байқалады: Бұдан 25 жыл бұрын онда табиғи битумның 50 көріністері мен кен орны 125-тен 325 млн. т. дейін қоры бар деп болжанып, оның дәлелденгені 14, 7 млн. тоннаны құрайды.
Дегенмен 1980 жылы битумды жыныстарды халық шаруашылығында қолданудың келешегін бағалау мақсатымен басталған кешенді зерттеулер Каспий маңының Қазақстандық бөлігі мен Солтүстік Кавказ-Маңғышлақ мұнайгазбитумды -провинциясында 100-ге жуық табиғи битумдар кені мен көріністерінің бар екенін көрсетті, олардың тек сегізі ғана зерттелген. Осыған орай болжанып отырған қорлардың көлемң де артты, авторлардың пікірінше жалпы алғанда 800 млн. т. асады: Маңғышлақта 500-ден аса және Каспий маңы шұңқырында 250 млн. т. жоғары оның үстіне бұл мөлшерлер ақырғы емес, ол белгілі кен орындарында 150-200 м тереңдікке дейін бұрғылау нәтижесінде бұдан да жоғары деңгейге өсуі мүмкін, оның үстіне жаңа кен орындары табылуы да мүмкін.
Қазақстандағы мұнайбитумды жыныстың қорының өсу мүмкіндігі туралы мәселені қарастырғанда кәдімгі мұнай мен битумдардың генетикалық және физико-химиялық жақындығын атап көрсеткен дұрыс. Олардың ұқсастығын осы уақытқа дейін кәдімгі мұнай, ауыр, өте ауыр (жоғары тұтқырлы мұнайлар мен битумдар туралы ұғымдардың бірыңғай жіктелуі жасалмаған. Нафтидтер жағдайын бағалаудың негізгі екі түрлі әдісі бар.
Біріншісі АҚШ, Канада, Венесуэла, Франция, Германияның мемлекеттік және жеке меншік компаниялары мен БҰҰ-на қарасты Институт мамандарының көзқарасын білдіреді. Олардың түсінігі бойынша CFP (Total) француз фирмасының мамандары ауыр мұнайлар Каракаста (Венесуэла) өз жіктеуін жасап ұсынды. Ол мұнайдың 10 Па тұтқырлығы кезінде өзінің тұтқырлығын жойып жартылай қатты өнім-битумға айналу қасиетіне негізделген. Ауыр және кәдімгі мұнайлардың арасындағы шек бұл жағдайда шартты түрде ғана қойылады, өйткені фирма мұнай қабаттардан кәдімгі әдістермен шығару кезінде туындайтын қиындықтар мен соған байланысты мұнай бағасының көтерілу шегін қояды. Мұнайды жеңіл, кәдімгі және ауыр мұнайларға бөлуге деген француздық сызбанұсқадағы ыңғайдың дәлелі бұған да аз. Сондықтан іс жүзіндегі мақсатпен авторлар барлық мұнайларды үш типке бөлуді ұсынды; ал ауыр мұнайларды қосымша тағы да үш класқа бөледі.
Бұл жіктеу бойынша Қазақстанның барлық табиғи битумдары ауыр мұнайлардың 2-ші және 3-ші кластарына жатады. Сонымен қатар ауыр мұнайлардың 1-ші және 4-ші кластарында:
- Каспий маңы шұңқырының барлық мұнайлы кен орындарының тұз үсті және жартылай тұз үсті кешендері ауыр мұнайлардың жекеленген қабаттары, көкжиектері мен кендері жатады. (Құмшекті, Биікжал, Арансай, Бозоба және басқалары) .
- Каспий маңы шұңқырында көптеп кездесетін жоғары тұтқыр мұнайлардың көріністері мен кен орындары (Қара арна, Тереңөзек, Көкжиде, Құмсай, Мортықасты, Кеңқияқтың жоғарғы жақтағы кендері және т. б; Бозащы түбегінде (Қаражанбас, Солтүстік Бозащы, Жалғызтөбе) бар. Бұл мұнайлардың қасиеттері қоры бойынша кенді игеруге тиімді, (мысалы, Құмай), игеруі бойынша оларды шахталық әдіспен өндіруге болады. Ауыр мұнайлардың бұл түрлері жақын қабатта орналасқан, табиғи битумдардың шикізат ретінде аналогтары болып табылады және олардың шикізаттық қорын есептегенде есепке алынуы тиіс. Осының бәрін есептей отыра Қазақстандағы қарастырылып отырған пайдалы қазбалардың (қоры) ресурсы 1 млрд. тоннадан артады.
Біздің елімізде, бірыңғай көзқарастың болмауына қарамастан, эпинафтидтердің физикалық қасиеттері емес, битумтүзілудің генетикалық бағытын(жолын), сондай-ақ битумның өзінің құрамы мен физико-химиялық қасиеттерін ашып көрсететін жіктеу мойындалған. Бұл жіктеу бойынша эпинафтидтердің негізгі генетикалық бағыты - гипергендік, ал бұл қатардың анағұрлым кең тараған өкілдері - жоғары тұтқыр мұнайлар, малталар, асфальттар, асфальтиттер. Нафтидтердің өзіне тән диагностикалық белгілері олардың құрамындағы май фракциясы болып табылады: құрамында 65%-дан жоғары май фракциясы бар битумдар мұнайларға, 40-тан 65%-ға дейінгілері- мальталарға, 25-тен 40%-ға дейінгілері- асфальттарға жатады. Май фракциясының мөлшері бұдан төмен хлороформда еритін битум асфальтитке жатқызылып диагностикаланады.
Бұл градацияға сәйкес мұнайгаз- және битумды провинцияларда ауыр мұнайлар, ауыр мұнайлардың қалдықтары және битум жиналған жерлердің ұсақ және өнеркәсіптік кендері ауыр (жоғары тұтқыр) мұнайлар, мальталар, асфальттар және сирек асфальтиттер болып бөлінеді. Битумдардың класын анықтау үшін бұл жіктеу анағұрлым қолайлы, дегенмен эпинафтидтердің толыққанды диагностикасы мен генотипін анықтау үшін, авторлардың пікірінше, оны қазіргі гоелогия-геохимиялық және физико-химиялық зерттеулермен, бірінші кезекте молекулалық спектроскопиямен байланыстыра қарау керек.
Табиғи битумдардың химия-генетикалық табиғатын және гипергенді деградациялану деңгейін анықтау мақсатымен Қазақстандық ғалымдар да мұнайбитумды қазбалардың құрамын және минералдық, органикалық бөліктерінің қасиеттерін зерттеудің кешенді әдістерін жасауға тырысты. Маңғышлақ жер көлемі мен Каспий маңы шұңқырындағы битумдік шикізаттың геохимиялық бағасы жасалды және кен орындарынан анағұрлым өнімді қабаттарындағы битумға біртекті қанықпаған (1-2-ден 80%-ға дейін) коллекторлар анықталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz