Әкімшілік жауапкершілік түсінігі және белгілері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік

Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Кафедра : Қазақстан тарих, кұқық және эканомика негіздері.

Дисциплина: Құқық негіздері

Мамандығы: Жалпы медицинаа

Курс: 1

Тақырыбы: Әкімшілік жауапкершілік түсінігі және белгілері

Орындаған: Маратов Еркублан

Группа: 109Б

Тексерген: Думова Айгуль

Актобе 2017

Жоспары :

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік

2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері

3. Әкімшілік құқықтың объектісіне әкімшілік зандармен қорғалатын, белгілі бір іс-қимыл қауіп төндіретін қоғамдық қатынастар жатады.

4. Әкімшілік жауаптылық.

5. Негізгі және қосымша әкімшілік жазалау шаралары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік

Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе занды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі ә кімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

Әкімшілік құкық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік әкімшілік құқыктық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар саласы болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілерінің бірі «әрекет» және «әрекетсіздік» қосылып «іс-қимыл» деген құқықтық ұғымды құрайды. Іс-қимыл құқыққа сәйкес және терісқылық болып екіге бөлінеді.

Әкімшілік әрекет - міндеттер мен заң талаптарын орындамау, бұзумен тікелей байланысты, құқық бұзушының мінез-құлығының белсенді түрпішіні.

Міндетгер мен занды талаптарды орындамаумен тікелей байланысты құқық бұзушының мінез-құлығының бәсең түрпішіні әкімшілік әрекетсіздік деп аталады. Мысалы, сауда кәсіпорны бастығы, дер кезінде сатылатын тауарларды оларға берілетін сертификатпен қамтамасыз жасамағандықтан, сатып алушылар тауарлардың шығу тегіне байланысты ақпараттарды уақытында біле алмады.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туыңдауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкімшілік құкық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) зияңды салдарының туыңдау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа не тиісті назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері: 1) қоғамдық қауіптілігі- қоғамға, мемлекетке, адамдардың мүдделеріне зиян келтіретін әрекет, өзінің әлеуметтік маңыздылығы жағынан коғамға қарсы болып табылады. Бұндай қоғамға қауіпті әрекеттің жауаптылығы әкімшілік зандармен анықталады;

2) әкімшілік кұқықтың және басқа да еңбек, жер, қаржы құкықтарының нор-маларын бұзатын іс-қимылдың құқыққа қайшы келетіндігі; 3) кінәлілігі - егер де құқық бұзған тұлға кінәлі деп табылса, яғни ол құқық бұзушылықты қасақана не абайсызда жасаған болса, заң тұлға жасаған іс-қимылды құқыққа, қайшы деп санайды; 4) іс-қимылдың жауаптылығы - заңмен жауаптылық белгіленген іс-қимыл әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

Кез келген әкімшілік құқық бұзушылық іс-қимылды кұқыққа жат, теріс қылық және оны жасаған субъектіні әкімшілік жауапқа тарту үшін, оның өзіндік құрамы болу керек. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы дегеніміз әкімшілік зандармен бекітілген, әрекеттің не әрекетсіздіктің құқыққа қайшы, кінәлі және әкімшілік жауапқа тартуға болатындығын, не болмайтындығын анықтауға көмектесетін белгілер. Әкімшілік құқық бұзу-шылықтың құрамына оның объектісі, объективті жағы, субъектісі, субъективті жағы жатады.

Әкімшілік құқықтың объектісіне әкімшілік зандармен қорғалатын, белгілі бір іс-қимыл қауіп төндіретін қоғамдық қатынастар жатады.

Объективті жағы әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-қимылдың (әрекеттің, әрекетсіздіктің) өзін көрсетеді. Көп жағдайда құқық бұзушылықтың объективті жағына тәсілдерінің, сипаттарының белгілерін (құқық бұзушылықтың (бірнеше мәрте жасалуы, құқық бұзушылықтың қайталануы), құқық бұзушылықтың орны (қоғамдық орын, әуеде, шекарада) және құқық бұзушылықтың уақыты түнде, күңдіз, жарық, бұлыңғыр, тұман), құқық бұзушылықтың зиянының салдары (келтірілген зиянның мөлшері), құқық бұзушылық барысында қалданылған кұралдың түрлері (көлік құралдары, ішімдік сусындары, есірткі заттар, атылатын қарулар, жарылғыш заттар) жатқызылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағына оның б ірнеше мәрте жасалуы кіреді. Біртекті әрекеттің не әрекетсіздіктің бір реттен артық жасалуы әкімшілік құқык бұзушылықтың бірнеше мәрте жасалуы деп аталады. Егер біртекті әрекет не әрекетсіздік болмаса, онда әкімшілік құқық бұзушылықтың бірнеше мәрте жасалуы, оның объективтік жағына жатқызылмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың қайталанылуы дегеніміз бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалауға ұшыратылған, ол бойынша Әкімшілік кодексте көзделген мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауын айтамыз.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісіне әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке және занды тұлғалар жатады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы дегеніміз ө зі жасаған әрекетке не әрекетсіздікке деген тұлғаның психикалық қатынасы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субьективті жақтарының белгілеріне кінә, себеп, мақсат жатады. Солардың ішіндегі ең негізгі белгісі кінә, ал себеп пен мақсат қосымша белгілері.

Кінә тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын және оның қоғамдық қауіптілігін түсіне, ұғына алды ма (кінәнің зияткерлік жағы) және оны жасауға ниеті болды ма (кінәнің еріктілік жағы) деген екі жақты құбылыстардан тұратын тұлғаның жасалған құқық бұзушылық және оның нәтижесіне деген ішкі, психикалық қатынасы. Зияткерлік және еріктілік жақтарыньң арасалмағына байланысты кінәнің қасақана және аба-сыздық сияқты екі түрпішіні болады. Егер адам өз іс-әрекетінін (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп табылады. Қасақаналық тікелей және жанама болып екі түрпішінге бөлінеді. Әкімшілік құқық бұзушы тұлға жасалатын әрекеттің (әрекетсіздіктің) құқыққа қайшы келетіндігін ұғына отырып және сол әрекеттің зиянды салдарларын алдын ала біле тұра олардың болуын қалаған ниеті болса бұл тікелей қасақаналық болып табылады. Жанама қасақаналық деп тұлға өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) теріс қылық екендігін және оның зиянды салдарын алдын ала біле тұра сол зиянды салдарлардың болуына саналы түрде жол беруін айтамыз.

Абайсыздықтың екі түрпішіні бар: менмендік және немқұрадыйлық. Абайсызда болатын менмендік түлға әкімшілік әрекеттің рекетсіздіктің) зиянды салдарларының болатындығын алдын ала біле тұра жеңілтектікпен олар жойылады деп сенуі. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға кауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе не болмаса өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдык қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық немқурайдылықпен жасалған деп танылады.

Әкімшілік жауаптылық. Әкімшілік жауаптылық дегеніміз құқық бұзушыға белгілі бір айырулар, зиян, айып, мұқтаждық, еркінен айыру сияқты құқықтық шығынға ұшырататын әкімшілік құқық бұзушылыққа деген мемлекеттің қатынасы, жауабы. Әкімшілік кодекстің Ерекше бөлімінде кезделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Әкімшілік жауаптылыққа ақыл-есі дұрыс, 16 жасқа толған жеке адам және занды тұлғалар тартылады.

Әкімшілік кодексте көзделген құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есі кем жағдайда болған, яғни өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) нақты сипаты мен қауіптілігін түсіне алмаған немесе созылмалы психикалық сырқатының, уақытша психикасы бұзылуының, ақыл-есі кемдігінің немесе психиканың өзге де сырқатты жай-күйінің салдарынан ақыл-есі кем жағдайда болған жеке адам әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы бірнеше әкімшілік жазалар қолданылады. Әкімшілік жаза дегеніміз Әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған субъектіге мемлекетгік арнайы лауазымды адамдар мен органдар (соттар) тағайындайтын мемлекеттің мәжбүрлік шарасы.

Әкімшілік жазалар қүқық бұзушылардың атына, ар-намысына нұқсан келтіру, тән ауыртпалығын шектіру емес, зандылықты сақтау, құқыктық тәртіпті сыйлау, әлеуметтік әділеттілікті калпына келтіру, құқық бұзушыны тәрбиелеу және басқа адамдардың құқық бұзушылығына жол бермеу және алдын алу мақсатында қолданылады.

Әкімшілік жазалардың турлеріне: 1. Әкімшілік құкық бұзушылық жасағаны үшін жеке адамға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін: 1) ескерту жасау; 2) әкімшілік айыппұл салу; 3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, әкімшілік кұқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу; 5) арнаулы құқықтан айыру; 6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әре-кеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру; 7) жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу; 8) өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау; 9) әкімшілік қамауға алу; 10) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру жатады.

Негізгі және қосымша әкімшілік жазалау шаралары. Ескерту, әкімшілік айыппұл салу және әкімшілік қамауға алу тек негізгі әкімшілік жазалар ретінде ғана қолданылуы мүмкін. Азаматка немесе занды тұлғаға берілген арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан (арнайы рұксаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, жеке кәсіпкердің немесе занды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды әкімшілік жолмен кетіру негізгіде, сол сияқты қосымша да әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою, тәркілеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау тек қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.

Ескерту әкімшілік жаза қолдануға уәкілетті органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беруінен және жеке немесе занды түлғаны құқыққа қарсы мінез-құлықка жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.

Әкімшілік айыппул - әкімшілік құқық бұзушылық үшін Әкімшілік кодекстің Ерекше бөлімнің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген зандарға сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза.

Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен, лауазымды адамға салынатын айыппұл - бес айлық есептік көрсеткіштен, ал занды тұлғаға салынатын айыппұл - жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды. Жеке адамға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен, лауазымды адамға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен, занды тұлғаға - екі мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды. Зандарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алынады.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою, оны мәжбүрлеп алып қоюдан және алынған затты өткізу жөніндегі шығыстарды шегеріп, түскен соманы бұрынғы меншік иесіне бере отырып, ол затты өткізуден тұрады. Өтемін төлеп алып қоюды судья қолданады.

Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрілерін және аңшылықтың басқка да қаруларын өтемін төлеп алып қоюды аң аулау өмір сүруінің негізгі занды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды. Егер қасақана құқық бұзушылық жасалса, қолданылған карудың өтемін төлеп оны мемлекет алып қоюы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушьлық жасау құралдары немесе оның тікелей объектілері болған заттарды тәркілеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтерді), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу, оларды зандарда белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп тегін аударудан тұрады. Тәртіп бұзушының меншігі болып табылатын зат қана тәркіленуі мүмкін. Тәркілеуді судья тағайындайды.

Нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыру осы құқықты пайдалану тәртібінің өрескел немесе үнемі бұзылғаны үшін қолданылады. Мысалы аңшылықпен айналысу құқығынан айыру. Арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады. Арнаулы құқықтан айыру мерзімі бір айдан кем болмауға және екі жылдан аспауға тиіс. Көлік құралын масаң күйде жүргізу, масаң күйді куәландырудан белгіленген тәртіппен өтуден жалтару, соңдай-ақ аталған адамдардың белгіленген ережелерді бұза отырып, өздері қатысушысы болған жол-көлік оқиғалары болған жерден кетіп қалу жағдайларын қоспағанда, көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруды, бұл құралдарды мүгедектігіне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.

Аң аулау қаруларын және балық аулау құралдарын сақтаумен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртібін үнемі бұзушылықты қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмір сүруінің негізгі занды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

Жеке кәсіпкерлерді немесе занды тұлғаларды белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыруды судья аталған адамдардың қызметті жүзеге асыруы не лицензияда, арнаулы рұқсатта, біліктілік аттестатында (куәлікте) көзделген белгілі бір іс-әрекеттерді жасауы кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылығы үшін қолдануы мүмкін. Белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) уақытша айыру алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді.

Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетгі органның (лауазымды адамның) өтініші бойынша тек сот тәртібімен ғана жүргізіледі. Жеке кәсіпкердің немесе занды тұлғаның қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап қою өтініші Қазақстан Рес-публикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жіберіледі. Өтінішті сот он күн мерзімде қарайды. Жеке кәсіпкердің немесе занды тұлғаның қызметін тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жазалау шарасы бұзушылықты жою үшін сот белгілеген мерзімде қажетті іс-әрекеттер (іс-шаралар) жүргізу арқылы оны жоюға болатын жағдайларда қолданылады.

Жеке кәсіпкердің немесе занды тұлғаның қызметін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, сот шешімінсіз ерекше жағдайларда, талап қою өтінішін сотқа белгіленген мерзімде міндетті түрде табыс ету арқылы үш күннен аспайтын мерзімге жол беріледі. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру актісі сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.

Қоғамдык бірлестіктің қызметі өздерінің жарғысына (ережесіне) немесе зандарға қайшы келетін жағдайларда сот олардың қызметін тоқтата тұруы немесе оған тыйым салуы (тоқтатуы) мүмкін.

Өз бетімен салып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды, Әкімшілік кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда, судья тағайындайды.

Әкімшілік қамауға алу - он бес тәулікке дейінгі, жеке адамға қарсы құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ сыбайлас жемкорлықпен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны және (немесе) төтенше жағдай режимі талаптарын бұзғаны үшін отыз тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамауға алуды судья қолданады. Әкімшілік қамауға алу тек әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлері үшін айрықша жағдайларда ғана белгіленеді. Жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйел-дерге, он сегіз жасқа толмаған адамдарға, I және II топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкімшілік қамауға алуды қолдануға болмайды. Әкімшілік ұстау мерзімі әкімшілік қамауға алу мерзіміне қосылады.

Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты әкімшілік жазалау шарасы ретінде қолданылады. Әкімшілік жолмен кетіруді судья тағайындайды.

Әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға әкімшілік жаза қолданумен қатар осы адамның жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында әкімшілік-құқықтық ықпал етудің мынадай шаралары қолданылуы мүмкін: 1) жол жүрісі ережелерін білуін тексеру; 2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

Жол жүрісі ережелерін білуді тексеру. Әкімшілік кодекстің 461-469, 476-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі ережелерін білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберілуі мүмкін. Ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінің (бөлімдерінің, басқармаларының, департаменттерінің) бастықтары мен олардың орынбасарлары жүргізушіні жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Егер созылмалы маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және өз еркімен емделуден жалтарған адам басқа азаматтардың құқықтарын не қоғамдық тәртіпті бұзатын әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда, сот әкімшілік жазамен қатар оған денсаулык сақтау органдарының мамандандырылған мекемесінде мәжбүрлеп емдеу жазасын тағайындауы мүмкін. Мәжбүрлеп емдеу мерзімі маман наркологтардың ұсыныстары ескеріле отырып белгіленеді, бірақ ол екі жылдан аспауға тиіс. Мәжбүрлеп емдеуді тоқтатуды сол адам емделіп жатқан емдеу мекемесі жүргізеді.

Әкімшілік жауапкершілік - бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған) . Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:

1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады;

2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;

3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі - әкімшілік құқық бұзушылық;

4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;

5) әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;

6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;

7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады.

Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған тұлғалар тартылады.

Кәмелетке толмағандардың әкімшілік - құқықтық жауапкершілікке тартылуы. 16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға кәмелетке толмағандардың істері бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәртіптік жауапкершілік және материалдық жауапкершілік
Басқару әдістемелері мен нысандары
Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік
Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
Әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі мен түрлері
Құқық бұзушылықтың обьектісі
Құқық бұзушылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz