Суррогат ана.Баланы асырап алу


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Факультет: Жалпы Медицина
Дисциплина: Құқық негіздері
Тақырыбы: «Суррогат ана. Баланы асырап алу»
Орындаған: Чигантаева А. Р
Тексерген: Мусашева Д. К
Тобы: 110А
Күні: 2. 03. 17
Ақтөбе 2017
Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1. Суррогат ана туралы
2. Суррогат ана болудың заңнамалары
Қорытынды:
Бала асырап алу
Кіріспе
Қосымша репродукциялық технологиялар (ҚРТ) - Ұрықтану мен эмбриондардың ертеден дамуының жеке немесе барлық сатылары ағзадан тыс жүзеге асырылатын белсіздікті емдеу әдісі.
Суррогат ана - баланы ұрықтандыру мен тууында үш адам қатысатын қосымша репродуктциялық технология. 1) генетикалық әке - өзінің шәуетін ұрықтандыру үшін берген және бала туғаннан кейін әкелік міндетті өзіне алуға келіскен тұлға; 2) генетикалық ана - өзінің аналық жасушасын ұрықтандыру үшін берген және бала туғаннан кейін аналық міндетті өзіне алуға келіскен тұлға; 3) суррогат ана - бала туатын жастағы, ақылы немесе ақысыз негізде генетикалық ата-аналардан бала көтеруге және тууға келіскен және осы баланың анасы рөліне таласпайтын әйел.
Суррогат ана қызметтері заңмен тыйым салынған әлемнің Франция, Германия, Австрия, Норвегия, Швеция тәріздес елдерімен салыстырғанда, суррогат ана Қазақстанда заңнамалық деңгейде рұқсат етілген.
Қазақстанда суррогат ана өзінің бастауын 1998 жылдан бастайды, ол кезде «Неке және отбасы туралы» заң қабылданды, ол қосымша репродукциялық технологиялардың әдісін пайдалану құқығын берді. 1999 жылы Адам репродукциясы орталығында суррогат ананың бірінші бағдарламасын жүргізді. 2004 жылы «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Заң шықты. 2009 жылы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс шықты. Бұл құжаттарда суррогат ананың құқықтық негізі баяндалды.
2012-жылғы 7-ақпанда «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілді. 1998-жылғы 17-желтоқсандағы бұрын қолданыста болған «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшін жойған болып танылды. Сонымен, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінде 9-бөлім «Суррогат ана және қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолдану» бөлімі бар.
Кодекстің 54-бабы суррогат ана шартын қарастырады, ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын сақтау арқылы жазбаша түрде жасалады және міндетті нотариалдық куәландыруға жатады. Суррогат ана шартымен бірге ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) сәйкес қызмет көрсететін, қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйыммен шарт жасайды.
Кодекстің 56-бабы суррогат анаға қойылатын талаптарды бекітеді.
Біріншіден, суррогат ана болуды қалайтын әйел жиырмадан отыз бес жас аралығында болуы, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған қанағаттанарлық дене, психикалық және репродукциялық денсаулыққа ие болуы тиіс, сонымен қатар өзінің дені сау баласы болуы тиіс.
Екіншіден, егер суррогат ана тіркелген некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған жағдайда, суррогат ана шартын жасағанда ерінің жазбаша келісімін беруі тиіс, ол нотариалдық тәртіпте расталуы тиіс.
Үшіншіден, қосымша репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйым олардың қолданылуы туралы балалы болуды қалайтын тұлғалар немесе донорлық банк үшін қолданылған биоматериалдар туралы толық және жан-жақты ақпарат бар қорытынды шығаруға міндетті.
Қорытындының бір данасы суррогат ананын нотариалдық расталған шартына тіркеледі және келісім жасалған орында сақталады.
Кодекстің 59-бабына сәйкес, суррогат ана шарты негізінде қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туылған баланың ата-анасы болып ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) танылады. Басқа сөзбен айтқанда, баланың генетикалық анасы туылғаннан кейін бірден сәбидің анасы болып ресми жазылады және сол сәттен бастап суррогат ананың бұл балаға ешқандай қатысы болмайды.
Генетикалық ата-аналар суррогат ананың медициналық бақылау, қосымша репродукциялық әдістер мен технологиялардан өтуімен байланысты материалдық шығындарды өтеуге; жүктілік кезеңінде, босану және босанған кейін елу күн ішінде, ал жүктілік және босанумен байланысты асқынулар болған жағдайда - босанғаннан кейін жетпіс күн бойы медициналық қызметтерді төлеуге міндетті. Суррогат ана үнемі дәрігерге қаралып, оның нұсқаулықтары мен тағайындауларын қатаң орындауы тиіс; «тапсырыс берушілерге» жүктілік ағымы туралы үнемі ақпараттандыруы тиіс, ал ең бастысы - суррогат ана бағдарламасы бойынша оның туған баласын «тапсырыс берушілерге» беруі тиіс.
Негізгі бөлім
Суррогат ана мен сәйкес медициналық процедураларды іріктеу бойынша Қазақстанда ЭКО орталықтар мен мамандандырылған суррогат ана орталықтары жүргізеді (Суррогат ана агенттігі, «Болашақ» суррогат ана орталығы) .
Бала асырап алу және қамқоршылық - ерекше жауапкершілік пен маңызды шешуді талап ететін қарым-қатынастың екі түрі. Баланы асырап алу немесе қамқоршылық туралы маңызды шешімді қабылдай отырып, тек моральдық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар моральдық және материалдық, сонымен қатар заңдық тұрғыдан дайын болу қажет. Қазақстандағы қамқоршылық немесе асырап алуға рұқсат алудың кезеңдері және негізгі талаптарын біз аталмыш мақалада қарастырамыз. Алдымен ата-ана мен асыранды баланың қарым-қатынасын сипаттайтын түсініктерді талдайық. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес заңдық қарым-қатынастардың түрлері мыналар болуы мүмкін: асырап алу, қамқоршылық, қорғаншылық немесе патронаттық тәрбие. Әрқайсысына толығырақ тоқталайық.
Бала асырап алу - сот шешімінің негізінде баланы отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны, нәтижесінде шығу тегі бойынша туысқандық міндеттерге және құқықтарға теңестірілетін жеке мүліктік және мүліктік емес міндеттер туындайды.
Патронат - жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамқорлық пен қорғаншылық бойынша қызметтерді жүзеге асыратын орган және баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек білдірген адамның арасында жасалатын шарт бойынша отбасына патронаттық тәрбиеге бер. іледі.
Қамқоршылық - 14 жасқа толмаған балалардың және сотпен қабілеті жоқ деп танылған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Қорғаншылық - 14 және 18 жастағы баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктер немесе нашақорлық заттарды шамадан тыс қолдану салдарынан әрекет қабілеттілігі сотпен шектелген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.
Осылайша, қалыптасқан жағдайға байланысты егер сіз баланы отбасына қабылдап, ол үшін өз туған балаңызға қарағандай толық жауапкершілікті алғыңыз келсе, болашақта оған мүлік құқығын беруге дайын болсаңыз, бала асырап алуға тоқталғаныңыз жөн.
Егер сіз туыстық және мүліктік құқықтарды берместен тәрбиелеген жөн деп санасаңыз, бұл жағдайда патронатты таңдау қажет. Бұл жағдайдағы баламен қарым-қатынас қамқорлық және қорғаншылық органымен шартпен реттеледі, ал патронат ақысыз негізде және белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.
Қамқоршылық пен қорғаншылық жалпы көбіне мүліктік құқықтарды анықтайды, алайда бұл қамқоршы немесе қорғаншы қамқорлыққа алынатын тұлғаның қамын ойламау керек дегенді білдірмейді. Асырап алудан қамқорлық пен қорғаншылықтың басты ерекшелігі әрекет қабілеттілігі және жасын шектеудің аспектілері болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл көмек өзінің жасы мен денсаулығына байланысты өздігінен өмір сүре алмайтын, өз құқықтарын қорғай алмайтын және мүлікті басқара алмайтындарға көмек.
Кодекстің 84-бабына сәйкес асырап алуға ата-анасының бірі немесе екеуі де:
- қайтыс болған;
- баладан бас тартқан;
- ата-ана құқығынан айырылған және қайта берілмеген;
- баланы асырап алуға келісім берген;
- сот тәртібінде әрекетке қабілетсіз, із-түзсіз жоғалған немесе қайтыс болған деп жарияланған;
- беймәлім балалар жатады.
Тууы тиісті дәрежеде тіркелген кәмелетке толмаған балаларды ғана асырап алуға болады. Сондай-ақ бала асырап алуды баланың толыққанды физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін ескерумен олардың мүддесінде ғана жүзеге асыруға болатынын есте сақтау қажет. Бұл ретте баланың жасы, толығу дәрежесі және асырап алуға келісімі ескеріледі.
Егер баладан ата-анасы бас тартса, туысқандары өзінің азаматтығы және тұрғылықты жеріне қарамастан асырап ала алады.
Қорытынды:
Суррогат ана болудың шарты ҚР азаматтық заңының талаптарын сақтаумен жазбаша нысанда жасалады. Және міндетте түрде нотариаттық куәландыруға жатады. Суррогат ана болудын шарты - некедегі бала қалайтын ерлі-зайыптылар бала тууға өз келісімін берген әйелмен нотариатты түрде күәландырылу қажет. Шартта ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) құқықтары мен міндеттері алдын ала қарастырылады. Сондай-ақ, тапсырыс берушілер мен суррогат ананың мәліметтері, суррогат ананы асырауға матералдық шығындарды өтеу тәртібі мен талаптары, талаптарын орындау кезіндегі тараптардың құқығы, міндеттері, жауаптылығы, өтемақы мөлшері, тәртібі және өзге талаптар көзделеді. Суррогат ана болу шартымен қатар, тапсырыс берушілер медициналық мекемемен де шарт жасасуы қажет. Суррогат ана болуды қалайтын әйел жиырма жастан отыз беске дейінгі, физикалық, психологиялық және репродуктивті денсаулығы қанағаттанаралық болуы тиіс. Суррогат ана некеде тұруы мүмкін, сондықтан жұбайының нотариаттық тәртіппен куәландырылған жазбаша келісімі болу қажет. Суррогат ана болу шартын жасасу кезiнде тапсырыс бергендер суррогат ананың жүктілік, босану кезеңінде және босанған кезден бастап елу алты күн бойы медициналық тексеру шығындарын, жүктілік және босануында туындаған асқынулар жағдайында босанғаннан кейін жетпіс күн бойы шығындарын төлеуге міндетті. Суррогат ана тапсырыс берушілерге өзінің физикалық, психологиялық және репродуктивті денсаулығы туралы қортыныды ұсынуы, дәрігерде тұрақты бақылануы және оның ұсыныстары мен тағайындамаларын қатал орындауы, онымен шарт жасасқан тұлғаларды шартта келісілген жүктілік ағымы туралы мерзімінде хабардар етуі, шарт жасасқан тұлғаларға туылған баланы беруі керек. Бала туылғаннан кейін сәбидің ата-анасы тапсырыс берушілер болып танылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz