Қазақстанның атқару билік органдарының жүйесі


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Кафедра: Қазақстан тарихы, құқық және экономика негіздері

Тақырыбы: Қазақстанның атқару билік органдарының жүйесі

Орындаған: Ағаниязова Ұ. А

Тобы: 108 «А»

Тексерген: Байтакова А. М.

Ақтөбе 2017 жыл

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:

А) Атқарушы билік органдарының қызметі

Б) Жергілікті атқарушы органдар

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Атқарушы билік органдары жоғары , орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады. Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады. Барлық министрліктердің жалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б. министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

Агенттік - Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады.

Ведомство - өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.

Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны - министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар - әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар - жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді.

ҚР-сы Конституциясының ҮІІІ-бөлімінің (85, 87-б-дың) нормалары бойынша тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және аткарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқарүды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның атқарушы органдарының бірынғай жүйесіне кіреді, тиісті аумактың мүддесі мен даму қажеттілігін үштастыра отырып, аткарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.

Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:

1) аумақты дамыту жоспарларын, эканомикалық және әлеуметтік
бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқа-
рылуын қамтамасыз ету;

2) коммуналдык меншікті басқару;

3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;

4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай заңдармен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктердіжүзеге асыру.

Жергілікті аткарушы органдардың қүзыреті, үйымдастырылуы және олардың кызмет тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 ж. 23-каңтардағы заңмен және басқа заңдармен, Презвденттің және Үкіметтің нормативтік кесімдерімен белгіленеді.

Аталған заң бойынша облыстың (республикалык маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстык маңызы бар қаланың) . әкімі баскаратын, өз кұзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік баскаруды жүзеге асыратын алқалы аткарушы орган жергілікті атқарушы орган (әкімдік) болып табылады. Әкімдікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан тиісті аумақтың әкімі құрады. Әкімдіктің дербес кұрамы тиісті аумақтың мослихат сессиясының шешімімен келісіледі. Облыстық бюджеттен каржыландырылатын аткарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшылары да жоғары түрған тиісті органдар басшыларымен келісім бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдіктін мүшелері болуы мүмкін.

Жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін жергілікті бюджет; коммуналдық зацды түлғаларға бекітілген мүлік; заңдарга сойкес комімуналдық меншіктегі озге де мүлік құрайды. Әкімдіктердің құзыретіне жататын мәселелердің тізбесі жоғарыдағы заңның 27және 31-б-да бекітілген. Әкімдіктер мен әкімдердің міндеттері мен өкілеттіктсрі «ҚР-ның кейбір заң актілеріне жергілікті мемлекеттік баскару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 ж. 11-мамырдағы; «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мсмлекеттік баскару деңгсйлері арасында өкілетгіктердің ара-жігін ажырату жоне бюджсттік қатынастар мәселелері бойынша өзгсрістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 ж. 20-желтоқсандағы; «ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР-ның заңына өзгерістер меп толықтыру снгізу туралы» 2004ж. 21 -желтоқсандагы заңдармен нақтыланып, кеңейте түсілгсн.

Олар бойынша облыс (республикалық маңызы барқаланың, астананың) әкімдігі заңдарга сәйкес, мысалы, өз аумағын дамытудың жоспарларын, эканомикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, бюджетті, сондай-ақ оның атқарылуы туралы есепті әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне ұсынып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; коммуналдық меншікті басқарады; азаматтар мен ұйымдардың Конституцияның, заңдардың және басқа құқықтық актілердің нормаларын орындауына жәрдемдеседі; косіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды; сонымен бірге заңдарда оның аграрлық сектордың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, құрылыс, жер, су, электр, байланыс, жол, экология, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақ-сарту жөніндегі нақтылы міндеттері мен өкілеттіктері белгіленген. Бұлардың сыртында өкімдік қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады; мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар құрады, заңдармен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Аудандық (облыстық маңызы барқалалық) әкімдіктердің құзыретіне де жоғарыда айтылғандарға ұқсас мәселелер жатады. Сонымен бірге осы әкімшілік аумақтың ерекшелігіне байланысты әкімдіктің айрықша өкілеттіктері бар. Мысалы, әскери тіркелу мен әскери қызметке шақыру іс-шараларын ұйымдыстыруды қамтамасыз етеді; мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды жүзеге асырады; заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді; зандарда белгіленген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды; әділет органдары жоқ жерлерде зандарда белгіленген тәртіппен нотариаттық міндеттер атқаруды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады және т. б. жүзеге асырады.

Заңның 31 -б-да республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктерге жүктелген өкілеттіктерді қалалық әкімдіктер жүзеғе асырады.

Әкімдік тиісті аумақтық облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың алдында өзіне жүктелген міндеттсрді іске асыру үішін жауап береді.

Әкімдіктің отырыстарын әзірлесу мен өткізу, сондай-ақ олардың шешім кабылдау тәртібі әкімдіктің регламентінде белгіленеді. Ол КР-сы Үкіметінің 2001 ж. 24-сәуірдегі қаулысымен бскітілген «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімділіктің Үлғі регламенттеріне» сәйкес жасалады.

Әкімдік ҚР-сы Конституциясы, заңдары, Президенті мен Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік актілер негізінде және оларды орындау мақсатында қаулылар шығарады. Әкімдіктің қаулысына әкім кол қояды.

Әкім - ҚР-ныц Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлексттік саясаттың жүргізілуін, Республиканың орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР-ның заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтық әлеуметтік - экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.

Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін Премьер-министрдің ұсынуы бойынша ҚР-ның Президент кызметке тағайындайды. Оны қызметінен Президент босатады. Аталған аумақ әкімінің өкілеттігі ҚР-ның жаңадан сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкім Президент тиісті әкімді тағайындағанға дейін өз міндетін атқаруды жалғастыра береді.

Аудан (облыстық маңызы бар қала), Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері ҚР-сы Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады. Президент белгілеген тәртіпте олар қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады.

ҚР-сы Президентінің 2001 ж. 23-маусымдағы «Ауылдық (селолық) округтердің, ауылдар (селолар), кенттер әкімдерін сайлау туралы» жарлығы шықты. Осы жарлықпсн бекітілген аталган әкімшілік - аумақтық бірліктерде әкімдер сайлауын өткізу Ережелсріне сәйкес 2001 ж. 20-қазанда тәжірибе ретінде 28 ауылдық округтсрде ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді. Тиісті ауылдық (селолық) округтің, ауылдың (селоның), кенттің әкімі 2 жыл мерзімге сайланады. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркесу туралы шешімінің негізінде аудан (қала) әкімі тиісті аумақтың әкімін бір тәулік ішінде тағайындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Құқық қорғау органдары
Мемлекетті басқару органдарының жіктелуі
Сот немесе құқық қорғау органдары
Қазақстан Республикасындағы мемлекет басқару негізі
Өзін - өзі басқарудағы реформалар және оны жетілдіру жолдары
Мемлекеттік аппарат
Жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына жан-жақты талдау жасау
Атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесі
Мемлекет механизмінің түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz