Әкімшілік құқық -құқықтық нормалардың күрделі жүйесі


МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Факультет: Жалпы медицина
Кафедра: Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мен психиология және педагогика
Дисциплина: Құқық негіздері
Курс: I
Группа: 109 «А»
Тақырып: Әкімшілік жауапкершілік түсінігі және белгілері
Орындаған: Ташу И. Қ. Тексерген: Думова А.
Ақтөбе 2017 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Әкімшілік құқық қатынастары
2. 2. Әкімшілік жауапкершілік
2. 3. Әкімшілік құқық бұзушылық
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әкімшілік құқық -құқықтық нормалардың күрделі жүйесі - Жалпы және Ерекше бөліктерге жіктеледі. Жалпы бөлігіне - әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын, басқарудың түрлері мен әдістерін, әкімшілік мәжбүрлеуді, заңдылықты қамтамасыз ететін тәсілдерді реттейтін құқықтық нормалар кіреді. Мемлекеттік органдар нормативтік актілерді басып шығара отырып, құқықтық нормаларға енген мінез-құлық ережелеріне зандық күш береді. Әкімшілік құқықтың көздері мыналар:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституциялық нормалар атқарушы билік органдарының қалыптасу негіздері мен қызметін, құзыреттерін, олардың мемлекеттік басқа органдармен және өзара қарым-қатынастары негіздерін айқындайды;
2001 жылы 30 каңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;
Қазақстан Республикасының заңдары;
Президент актілері (жарлықтар, заңдық күші бар жарлықтар, өкімдер) ;
Адамдардың қызметі, олардың мінез-құлқы, сонымен қатар белгілі бір мүлкі әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Әкімшілік құқықтың пәні - ҚАНДАЙ қоғамдық қатынастар реттеледі деген сұрақты қарастырады. Ал әкімшілік құқықтың әдістері - қоғамдық қатынастарды ҚАЛАЙ реттеу қажеттілігін айқындайды.
Негізгі бөлім
Әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл мемлекеттік басқару аясында калыптасатын және әкімшілік-құқық нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу - құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады. Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына карай өкімшілік-құқықтық қатынастар тік (тетелей) және көлбеу болып белінеді. Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты болса (мысалы, облыстың әкімі мен аудан әкімі), онда олардың арасында тік (төтелей) қатынастар туындайды. Көлбеу құқықтық қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан бір-біріне бағынышты болмайды (мысалы, атқару билігі органы мен азамат) .
Әкімшілік-кұкықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немесе оның лауазым иесі болып табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық қатынастар осы азаматтар арасында емес, құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында туындайды; әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің бастамасы бойынша туындауы мүмкін және бұл жағдайда екінші тараптың келісімі міндетті шарт болып табылмайды. Олар екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне қарамай-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушы тараптарға олардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен, яғни соған өкілеттік берілген атқарушы билік органдары және олардың лауазым иелері арқылы шешіледі. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару қызметінің барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік режімін орнату және оларды қамтамасыз ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар болмайды. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір жағы міндетті түрде мемлекеттік басқару органы болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Соның өзінде өкімшілік-құкыктьщ нормалар көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын қатынастарды реттеп отырады.
Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас
элементі екендігі ежелден белгілі. Мемлекеттік әкімшілік - құқықтық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру жәнеде азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік, мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде оның тиімділігін және мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың алдындағы жауапкершілігін арттыруда әкімшілік құқық маңызды құрал ретінде рөл
атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасының заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік - құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен
Қазақстан Республикасында құқықтық қатынастарға барлық қатынасушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады. Қазіргі кезеңдері әкімшілік құқықтың негізгі проблемаларының бірі - өкілеттік орталық органдары мен жергілікті органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-қимыл жасаудың
жаңа қатынастарының құру проблемасы болып отыр. Бұл проблеманың маңыздылығы және оны шешудің түбегейлі нақтылы жолдары Қазақстан РесПубликасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына «Қазақстан - 2030» жолдауында тұжырымдалып, ерекше атап қойылған.
Қазіргі кезде ең бір қауіпті құбылыс - бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларына барған сайын дендеп ене бастаған сыбайлас жемқорлық. Ол қоғамның барлық салаларына, мемлекеттің Конституциялық негіз
деріне қатер төндіреді. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі
нің, «Ұлттық қауіпсіздік туралы», сыбайлас жемқорлық
қа қарсы күрес туралы заңдардың ерекше маңызы бар.
Қазақстан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының жер шырмауында шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдардың міндеті Қазақстан азаматтарының бар жиынтық себептері әкімшілік жауапқа тартылуға тиiс. Пәрменді заңдар мен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының әкімшілік юрисдикциядан иммунитетке пайдалану Қазақстан шетел азаматтарының, жер туралы мінсіз әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, оның Сұрақ дипломатиялық әдісіне рұқсат етіледі.
Барлық жағдайларда, бұл немесе кез келген басқа нысанын уәкiлеттi органдар мен лауазымды атау беру, еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiн сақтап емес, кім әкімшілік жауапкершілікке босату тойлайды. Әкімшілік құқық бұзғаны үшін баж салығын жұмсарту Өмір мән-жайлар, келісесіз:
кінәлі 1) шынайы өкініш;
2) заң бұзушылықтар кінәлі зиянды нәтижелерін алдын алу, зақымдану немесе жою үшін еріктілер өтемақы зиян келтiрген;
3) өз томдық және отандық мән-жайлар шатасуы немесе сәйкестік күшті түрінің ықпалымен заң бұзушылықтарды жасауы;
4) заң кәмелетке толмаған бұзушылық жасағаны;
5) жүкті ханымы заң немесе 1 жыл жасында бала бар ханымы бұзушылықтарды комиссия.
Қазақстан Республикасының заңнамасы әкімшілік құқық бұзғаны үшін баж жұмсарту, шот басқа да шарттарын алынады мүмкіндік бар. орган (лауазымды адам), әкімшілік іс беретін, жауаптылықты жеңiлдететiн және заңда көрсетілген емес шарттарды қабылдауға мүмкіндігі бар.
Әкімшілік жауапкершілік дегеніміз - құқық бұзушыға оның әкімшілік құқық, бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік органның және лауазымды тұлғаның оған жазалау шараларын қолдануы сипатына ие болған заңды жауапкершіліктің бір түрі. Әкімшілік жауапкершілік 16 жастан басталады. Әкімшілік жауапкершіліктің негізі болып - әкімшілік құқық бұзушылықтың (әкімшілік терісқылықтық) жасалуы жатады. Құқық бұзушылық жасаған тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Бұл негіздер әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көрсетілген. Кәмелеттік жасқа толмау жеңілдететін жағдай болып ескеріледі.
Әкімшілік жауапкершілік - азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын - сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын - сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т. б.
Әкімшілік құқық бұзушылық - мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды.
Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz