Әкімшілік жауапкершілік ұғымына түсініктеме



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттің өзіндік жұмысы



Дисциплина: Құқық негіздері
Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық-гуманитарлық пәндер мен психология және педагогика
Мамандық: Жалпы медицина
Тобы: 109 Б
Тақырыбы: Әкімшілік жауапкершілік түсінігі және белгілері


Орындаған: Баймурзаева М. К.
Тексерген: Думова А. А.

Ақтөбе 2017
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Әкімшілік жауапкершілік ұғымына түсініктеме
2) Әкімшілік жауапкершілік айқын белгілері
3) Әкімшілік жауапкершілік түрлеріне шолу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Әкімшілік жауапкершілік -- азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі" қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын -- сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын -- сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.

Негізгі бөлім
Адам өмірінің құндылығын, оның құқықтары мен бостандықтарының ерекшелігін саралау, зерттеу мәселелері адамзат тарихының ажырамас бөлігі. Бұл сұрақтар әр түрлі ғылым салаларының зерттеу объектісі, сонымен қатар жай адамдарды толғандыратын мәселе. XX ғасырдың басты оқиғасы 2-ші дүниежүзілік соғысынан кейін барша әлем адамның құқықтары мен бостандықтары туралы мәселеге аса зор көңіл бөле бастады. Әсірісе, бір партиялы авторитарлы билік құлдырағаннан кейін, әлем елдері демократиялану процесіне бет бұрды.
Бұл процестен Қазақстан да қалып қойған жоқ. Тіпті, бұл әрекеттердің қарқыны өте тез деп айтуға болады. Тәуелсіздік алғаннан кейін, елімізде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер болып жатыр. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жарияланып, Қазақстан Республикасының басты байлығы болып адам және азамат танылды. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітіліп, адам мен азаматтардың конституциялық беделін орнатты.
Осындай ерекше беделге адам мен азаматтардың әкімшілік статусын да жатқызуға болады. Бұл түсінікке тұлғаның атқарушы билік субъектілерімен қатысты орнын айтуға болады. Яғни, тұлға мен атқарушы билік субъектісінің мемлекетті басқару аясындағы қарым- қатынасы. Осы қарым- қатынас барысында әкімшілік құқық екі түрлі сұраққа тіреледі. Біріншіден, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жетілдіру, ал екіншіден тұлғалардың мүдделеріне араласуды жетілдіру.
Әкімшілік құқық ғылымының басты және айырықша мақсаты - мемлекетті басқару аясын қатаң регламенттау және оның қызметін үйлестіру.
Әкімшілік-кұкықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немесе оның лауазым иесі болып табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық қатынастар осы азаматтар арасында емес, құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында туындайды; әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің бастамасы бойынша туындауы мүмкін және бұл жағдайда екінші тараптың келісімі міндетті шарт болып табылмайды. Олар екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне қарамай-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушы тараптарға олардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен, яғни соған өкілеттік берілген атқарушы билік органдары және олардың лауазым иелері арқылы шешіледі. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару қызметінің барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік режімін орнату және оларды қамтамасыз ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар болмайды. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір жағы міндетті түрде мемлекеттік басқару органы болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Соның өзінде әкімшілік-құкыктық нормалар көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын қатынастарды реттеп отырады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалар:
ескерту жасау;
әкімшілік айыппұл салу;
әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;
әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.;
жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
әкімшілік қамауға алу;
шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:
1) қоғамдық қауіптілігі -- қоғамға, мемлекетке, адамдардың мүдделеріне зиян келтіретін әрекет, өзінің әлеуметтік маңыздылығы жағынан қоғамға қарсы болып табылады. Бұндай қоғамға қауіпті әрекеттің жауаптылығы әкімшілік зандармен анықталады;
2) әкімшілік кұқықтың және басқа да еңбек, жер, қаржы құкықтарының нор-маларын бұзатын іс-қимылдың құқыққа қайшы келетіндігі;
3) кінәлілігі -- егер де құқық бұзған тұлға кінәлі деп табылса, яғни ол құқық бұзушылықты қасақана не абайсызда жасаған болса, заң тұлға жасаған іс-қимылды құқыққа, қайшы деп санайды;
4) іс-қимылдың жауаптылығы -- заңмен жауаптылық белгіленген іс-қимыл әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
5) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады;
6) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;
7) әкімшілік жауапкершіліктің негізі -- әкімшілік құқық бұзушылық;
8) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;
9) әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;
10) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;
11) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады.
Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған тұлғалар тартылады.
Кез келген әкімшілік құқық бұзушылық іс-қимылды кұқыққа жат, теріс қылық және оны жасаған субъектіні әкімшілік жауапқа тарту үшін, оның өзіндік құрамы болу керек. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы дегеніміз әкімшілік зандармен бекітілген, әрекеттің не әрекетсіздіктің құқыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс - кінәлі қоғамдық қауіпті қылмыстық әрекет
Құқық бұзушылық түрлері
Жеке адамдарға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алудағы құқық қорғау органдарының рөлі
Құқықбұзушылықтың түсінігі, белгілері мен түрлері
АЗАПТАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Сыбайлас жемқорлықтың тарихи негіздері
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы
Сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның түрлері мен формалары
Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылығының мәселелері
Пәндер