Медициналық мәжбүрлеу шаралары



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Медициналық мәжбүрлеу шаралары дегеніміз не?
Өмірде есі ауысқан аурумен ауыратын адамдардың қылмыс жасайтын жағдайлары көптеп кездесіп жатады.Мысалы,1996 жылдың басында Қазақстан Республикасындағы 17 миллион тұрғынға 300 мың психикалық ауруы бар науқас деп танылған адам сәйкес келген екен.Қылмыстық заңнамала бұл ескерілген.
Мұндай адамдарға қылмыстық жаза қолдану мүмкін емес екенін ескере отырып,заң медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдануды белгілейді.Медициналық мәжбүрлеу шаралары-бұл есі дұрыс емес жағдайда қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған немесе есі дұрыс кезінде қылмыс жасап,кейін есі ауысқан ауруға шалдыққан адамдарға соттың тағайындауымен қолданылатын мәжбүрлеу әдістері.Осындай жағдайдағы адамдарға созылмалы алкоголизм,нашақорлық,уытқұмарлық ауруларымен ауыратын адамдар тең келеді.
Заңнамаға сәйкес,сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын мынадай адамдарға:
а)есі дұрыс емес жағдайда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі баптарда көзделген әрекеттерді жасаған;
б)қылмыс жасағаннан кейін психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкін емес болып бұзылған;
в)қылмыс жасаған және есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін;
г)қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан,уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамға тағайындау мүмкін.
Аталған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігінен не өзіне басқа адамдарға қауіп төндіруге байланысты жағдайларда ғана тағайындалады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындаудың тәртібі ҚР Қылмыстық жазаны атқару кодексімен және денсаулық сақтау туралы заңдарға сәйкес белгіленеді.
Сот жоғарыда аталған және өзінің психикалық жағдайы бойынша қауіп келтірмейтін адамдарды емдеу немесе ҚР денсаулық сақтау заңдарында көзделген тәртіппен психиатриялық - неврологиялық мекемелерге жіберу туралы мәселені шешу үшін денсаулық сақтау органдарына қажетті материалдар жібере алады.
Қылмыстық заңнамада медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары анықталады.Ол Қылмыстық кодекстің 89-бабында белгіленген:
Қылмыстық кодекстің 88-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдарды емдеу немесе олардың психикалық жағдайын жақсарту , сондай-ақ олардың Қылмыстықкодекстің ерекше бөліміндегі баптарда көзделген жаңа әрекеттерді жасауын болғызбау медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаттары болып табылады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мынадай түрлерін белгілейді:
а)емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу;
б)жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
в)мамандандандырылған үлгідегі пссихиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
г)интенцивті қадағаланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
Есі дұрыс күйінде жасалған қылмыс үшін сотталған,бірақ алкоголизммен,нашақорлықтан емдеуді не психикасының есі дұрыстығын жоққа шығармайтындай бұзылуынан емдеуді қажет ететін адамдарға сот жазамен бірге емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін.
Егер адам өзінің психикалық жай-күйі бойынша психиатриялық стационарға орналастырып емдеуді қажет етпесе,емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу тағайындалуы мүмкін.
Егер адамның психикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудің,күтудің,ұстаудың және қадағалаудың шарттарын талап ететін болса, психиатриялық стационарда осындай мәжбүрлеп емдеу тағайындалуы мүмкін.
Жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзінің психикалық жай-күйі мен жасаған қоғамға қауіпті әрекетінің сипаты бойынша стационарлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық мәжбүрлеу шараларының түрлері
Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері бойынша өзекті мәселелер
Қоғамның құқық өмірі саласында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мүмкіндіктеріне кешенді талдау
Медициналық сипаттағы мәжбүолеу шаралары
Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары түсінігі
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары туралы
Есі дұрыс, психикасы бұзылғын тұлғаның қылмыс жасауын
Пәндер