Әлеуметтанудың құрылымы мен атқаратын қызметі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Әлеуметтану-саясаттану

1. Әлеуметтанудың құрылымы мен атқаратын қызметі

Әлеуметтанудың қоғамның құбылыстары мен процестерін зерттеу деңгейлері әртүрлі болғандықтан, құрылымы да күрделі болып келеді.

Социология ғылымының құрылымы жалпы қоғам дамуын, ондағы әлеуметтік институттар мен қауымдастықтардың ықпалдасуын, жеке индивидтердің өзара қарым-қатынастарын зерттеуге байланысты мынандай бөліктерден тұрады:

а) макросоциология - социумның өмір сүруі мен даму заңдылықтарын анықтауға негізделген;

ә) орта деңгейдегі социология - арнайы әлеуметтік теориялармен бірге салалық социологияларды (әлеуметтік топтар, қала, ауыл, білім, саясат, құқық, насихат, отбасы, мәдениет, еңбек социологиясы т. б. ) қамтитын, әлеуметтік жүйенің жекелеген бөліктерінің әрекеттері мен өзара ықпалдасу заңдылықтарын, орта дәрежедегі қауымдастықтарды зерттеуге бағытталған;

б) микросоциология - әлеуметтік құбылыстар мен процестерді жеке адамдардың іс-әрекеті, өзара ықпалдастығы, тәртібі, мінез-құлқы тұрғысынан зерттеуге негізделеді.

Социология ғылым ретінде теориялық және эмпириялық зерттеу әдістерінің органикалық бірлігіне, өзара әсеріне негізделеді. Теориялық және эмпириялық зерттеу әдістерінің арақатынасы проблемасының ғылыми танымда функционалдық және генетикалық жақтары бар.

- функционалдық - ғылымның теориялық аппараты мен эмпириялық негіз арасындағы арақатынасқа қатысты;

- генетикалық - теориялық аппараттың, оның ішінде ғылыми теорияның қалыптасуына, эмпириялық кезеңнен теориялық кезеңге өтуге байланысты.

Әлеуметтік теорияларды бағытына қарай іргелі және қолданбалы деп екіге бөлуге болады.

- іргелі теориялар - ғылыми проблемаларды шешуге, әлеуметтік ілімнің, социологияның тұжырымдамалық аппаратының қалыптасуына, әлеуметтік зерттеу әдістерін айқындауға бағытталған.

- қолданбалы теориялар - қоғамның алға қойған практикалық мақсаттарына қол жеткізу құралдарын іздеуге көмектеседі.

Социологияның негізгі қызметтеріне гносеологиялық, болжамдық, праксеологиялық, идеологиялық міндеттер жатады.

Гносеологиялық қызмет ғылымның танымдық құралдары жүйесінде жүзеге асады. Бұнда тұтас қоғам, оның жекелеген бөліктерінің өмір сүру, даму заңдарын ашатын жалпы және арнаулы теориялар қолданылады.

Таным құралдарына эмпириялық деректер жинаудың жолдары мен тәсілдері, мәліметтерді өңдеу, логикалық және математикалық фактілерді сипаттау және түсіндіру, яғни жаңа әлеуметтік білімдерді қалыптастыру жатады.

Болжамдық қызмет әлеуметтік жүйенің болашақтағы мүмкін боларлық келбетін сипаттау, қоғамның немесе оның жеке буындарының әлеуметтік дамуын ғылыми тұрғыдан болжау арқылы жүзеге асады.

Праксеологиялық қызмет әртүрлі басқару құрамдарына қатысты социологтар ұсынатын практикалық ұсыныстар ретінде қолданбалы социологиямен тығыз байланыста жүзеге асады. Бұл ұсыныстар басқару шешімдерін қабылдауға негіз болып, социология қоғамдық өмірге белсене араласа түседі.

Идеологиялық қызмет қоғамдағы әртүрлі топтардың әлеуметтік мүдделерін білдіре отырып, ғылыми зерттеулердегі әлеуметтік себептердің зерттеу авторларының саяси бағыттарының принциптеріне байланыстылығын, саяси идеяларды теориялық жағынан негіздеуді қарастырады.

Социологияның қызметін теориялық және қолданбалы деп бөлуге болады. Теориялық (іргелі) социология басқа да ғылымдармен бірге әлеуметтік зерттеулердің методологиялық негізі болатын көзқарастық қызмет атқарады. Теориялық социология осы ғылымның пәнін зерттеуге қажетті ұғымдар мен түсініктер аппатарын жасайды, әлеуметтік заңдар мен заңдылықтарды ашып зерттейді, әлеуметтік дамудың теориясы мен тұжырымдамасын негіздейді.

Қолданбалы социология теорияға сүйене отырып, түрлі тарихи жағдайлардағы әлеуметтік заңдардың өмір сүру формалары мен әрекет ету механизмдерін іс жүзінде тікелей зерттейді.

Сонымен, қазіргі заманғы социология - бір-бірімен тығыз байланысты және бәрі қосылып біртұтас ғылым құрайтын теориялар мен білім түрлерінің көп деңгейлі жиынтығы.

Қоғамдық сана мен индивидтердің іс-әрекеттерін, олардың экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қарым-қатынастар жағдайындағы өзгеру тенденцияларын талдау қазіргі заманғы социология ғылымының негізгі зерттеу міндеттерінің бірі болып саналады.

2 «Мәңгілік ел»- ұлттық идеясы

Елбасының биылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауының тарихи маңызы ерекше. „Мəңгілік ел“ идеясы қазақ халқының қаншама ғасырлар, аңсап келе жатқан, арманына апаратын, мақсатына жеткізетін, бірден-бір мəңгіліктің жолы. Елбасы өз Жолдауында „Мəңгілік ел“ болып қалу үшін бүгінгі заманға сай не істеу керектігін нақтылап айқындады. „Мəңгілік ел“ - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-əлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, əлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет атану еді… Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - „Мəңгілік ел“ идеясы» деп Елбасымыз бұл идеяның аса қажеттіліктен туындағанын ерекше атап өтті. «Мəңгілік ел» идеясының негізгі мақсаты - елімізді қарышты дамыған мемлекетке айналдыруда ұлттық мүддені, рухани дүниені жаңғыртуды жəне өзіміздің қазақ ұлтының мерейін асыруға, қалыптасқан тарихи үрдістерін жаңғыртуға арналған құжат деп білуге болады. Президенттің жалпы ұлттық идеясы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мəңгілік ел» - елімізді өз мақсатына талай дəуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы бастама. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлтымыз бар, деді Елбасымыз. Ел басшысы өз сөзін ары қарай жалғастыра келе: «Біз бəріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бəріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тəуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мəңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері жəне жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» боламыз. Тəуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өттік. Бүгін Қазақстанды бүкіл əлем танып отыр. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде əлемдік бəсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз - бəсекеге төтеп беру. Əлемдік бəсекеге төтеп берудің басты шарты - күшті рух пен білім. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына да үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту əдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту-деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс жəне, ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Жаһандану заманы, баршаға мəлім, елдер мен ұлттарға аса қатал талап қоюда. Ең бастысы - ұлттық тіл ұлттық сананың, ұлттық намыстың жоғарылығына, оның қажеттілік-деңгейіне байланысты екенін жадымыздан шығармауымыз қажет. Қазіргі таңда өзін ешкімнен артық та, кем-де емес дəрежеде сезіну халқымызға жетпей отыр. Ал мəселеге тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында.
тарихи дамуының нәтижесі, ғалымдардың зерделеген ізденістерінің жемісі.

3. Қайта өрлеу мен жаңа дәуірдегі әлеуметтік теориялар

Әлемдік өркениет тарихындағы қайта өрлеу кезеңінің идеялық өзегі - адам құндылығын, оның бостандық пен бақытқа ұмтылу құқықтарын мойындайтын көзқарастар жүйесі, яғни гуманизм болды.

Гуманизмнің алғашқы өкілдерінің бірі - Италия ойшылы ДантеАлигьери (1265-1321) . Ол «Құдіретті комедия» және «Халық сөзі туралы» деген шығармаларында жаңа гуманистік көзқарастың негізін қалады. Онда Данте құдай мен жаратылысты бір-біріне қайшы келмейтін, бір-бірін толықтырып тұратын тең құқылы екі шындық деп уағыздады.

Гуманизмнің атасы атанған Франческо Петрарка (1304-1374) ежелгі дәуір мәдениетін зерттеп, адам мәселесін қоғамдық ойдағы негізгі мәселеге айналдырды. Ол антропоцентризмді теоцентризмнен арылу үшін қолданды.

Адам туралы жаңа көзқарас бірсыпыра әлеуметтік-саяси мәселелерді дұрыс шешуге ықпал етті. Италия ойшылы Никколо Макиавелли (1469-1527) «Тита Ливияның алғашқы он күндігі туралы ойлар», «Елбасы», «Флоренция тарихы» сияқты трактаттарында адамның белсенділік идеясын дамытты.

Жан Боден (1530-1596) «Мемлекет туралы алты кітап» атты трактатында мемлекет отбасы негізінде пайда болып, жеке меншікті нығайтуға қызмет етеді деп жазды.

Томас Мор (1478-1535) «Утопия аралығындағы мемлекеттік құрылыстың тамаша үлгісі туралы шын мәніндегі асыл әрі пайдалы, әрі жұбаныш кітапшасы» атты шығармасында, Томазо Кампанелла (1568-1639) «Күн қаласы» атты еңбегінде мемлекеттің әлеуметтік-саяси құрылымы проблемалары, меншік мәселесіне хақында толғанды.

Материализмнің алғашқы өкілдерінің бірі Томас Гоббс (1588-1679) қоғам туралы натуралистік тұжырымдаманың дамуына өзіндік үлесін қосты. «Левиафан немесе материя, шіркеулік және зайырлық мемлекеттің түрі мен билігі» атты еңбегінде адам мен мемлекет табиғаты туралы баяндай келе, мемлекеттік билік қоғамды жаңа сапалық күйге ауыстырады деп көрсетті.

Әлеуметтік саяси ілімдердің дамуындағы келесі қадамды Джон Локк (1632-1704) жасады. Ол «Табиғат заңдары туралы зерттеу», «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» атты еңбектерінде буржуазия мен дворяндықтың арасындағы өзінше бір келісімпаздық ретінде ағылшын либерализмі идеясын қолдады.

XVIII ғасырдың жартысындағы әлеуметтік-философиялық ой-пікірдің өкілдерінің бірі Шарл Лук Монтескье (1689-1755) «Заңдардың рухы туралы» деген еңбегінде адам табиғаты мен әлеуметтік-саяси құбылыстар туралы жаңа идея көрсетті.

5. Әлеуметану ғылымының нысаны мен пәні

Әлеуметтану- қоғамның тұтас әлеуметтік жүйе ретінде даму және қалыптасу заңдылықтарын, қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді, адамдардың әлеуметтік әрекеттері мен қарым-қатынастарын оқытатын ғылым.

Әлеуметтанудың зерттеу нысаны - қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтары, индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы.

Әлеуметтанудың зерттеу пәніне әлеуметтік өмірдің бір бөлшегі жатады. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу - зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.

Әлеуметтік зерттеулердің пәні эмпириялық шындықтың елеулі қасиеттері мен өзара байланыстарын теориялық анықтамалар мен ұғымдар түрінде түсіндіреді.

Яғни, әлеуметтанудың зерттеу пәні қоғамның тұтас әлеуметтік организм ретінде дамуының негізі болып табылады.

Әлеуметтану - тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.

Әлеуметтану қоғамдағы жеке адам, әлеуметтік топтар, жіктер мен қауымдастықтар, институттар мен процестер тіршілігі мен қызметінің барлық проблемаларын түгел қамтиды.

Қазіргі заманғы әлеуметтану ғылымының зерттеу нысаны мен пәні бұл ғылымның ұзақ.

36. Әлеуметтанудың гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі алатын орны

Социология жеке дара емес, басқа әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста дамып отырады. Ол әлеуметтік философия, тарих, саясаттану, экономика, психология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты.

Енді осы ғылымдардың өзара байланысы мен ерекшеліктерін жеке дара қарастырайық.

Социология да, әлеуметтік философия да қоғамды тұтастай, жүйе-жүйесімен, оған енетін бірліктердің жай қосындысы бола бермейтін интегральды құрылым ретінде қарастырады.

Әлеуметтік философия қоғамды әлемдік жаратылымның ерекше бір бөлігі ретінде кең ауқымда қарастырып, оны ортақ ұғымдардың, заңдардың, категориялардың көмегі арқылы сипаттайды. Әлеуметтік философия қоғам дамуын табиғатта, қоғамда, адамның ойлауында өмір сүретін жалпы философиялық заңдардың осы процестегі өзінше көрінісін таба отырып талдайды.

Ал социология қоғамның жалпы философиялық заңдардың, категориялардың, ұғымдардың ауқымына сия бермейтін өзіндік ерекше әлеуметтік байланыстары мен әсері, қырлары, жақтары мен ерекшеліктерін зерттейді.

Енді социология мен тарихтың айырмашылықтарын қарастырайық.

Тарих қоғамның өткенін зерттеп, оның даму жолдарын нақтылы жүйемен түсіндіруге мән береді, ал социологияда қоғамның ағымдағы құрылымы мен өмір сүруіне көңіл аударылады.

Социология саясаттанумен де тығыз байланысты.

Социология қоғамды оның әлеуметтік құрылымы, адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұлттар мен халықтардың әлеуметтік мәртебесі, олардың өзара әсері тұрғысынан қарастырады.

Саясаттану болса, қоғамға азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талдау тұрғысынан келіп, саяси жүйенің құрылымы мен саяси билік қатынастарын зерттейді, саяси институттардың орнын, рөлі мен қызметін айқындайды.

Экономика ғылымының социологиядан айырмашылығына келетін болсақ, экономика қоғамды тұтас жүйе ретінде емес, оның бір ғана экономикалық саласын, материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін тұтас күйінде зерттейді.

Социология қоғамның тұтас жүйе ретінде қалыптасып, даму заңдылықтарын зерттейді.

Социология психологиямен де тығыз байланысты.

Психология индивидтің ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын, психикасын қарастырса, социология индивидтің іс-әрекетін, әлеуметтік тәртібін, қоғамдағы орнын, мәртебесін, қарым-қатынасын қарастырады.

Сондай-ақ социология құқықтану, мәдениеттану, демография т. б. ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазіргі заманда қоғамдық өмірдің реформалануына, әлеуметтік фактор мен әлеуметтік ортаның рөлінің өсуіне, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуына байланысты социология ғылымының рөлі мен мәні, қоғамды дамытудағы ықпалы барған сайын арта түсуде.

11. Алғашқы әлеуметтік ойдың қалыптасуы(ежелгі және орта)

Әлеуметтану ғылымының даму тарихын үшке бөліп қарастыруға болады: 1) Ежелгі дәуірдегі социологиялық көзқарастар 2) Орта ғасыр мен жаңа дәуiр социологиясы 3) Қазіргi заманғы социология

Ежелгі дәуірдегi социологиялық көзқарастар грек философтары Платон (б. з. б 428/427- 348/347) мен Аристотель (б. з. б. 384-322) есiмдерiмен байланысты. Бұл ойшылдар әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлердi, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды корытып, қоғамды одан әрi жетiлдiруге бағытталған практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар түздi.

Платонның «Мемлекетi» жалпы социология саласындағы алғашқы еңбек больп саналады. Оның негiзгi тұжырымы әлеуметтiк проблемаларды сыни талдаулардан өткiзiп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасаумен аяқталатын ғылымның көмегімен жетiлген мемлекеттi негiздеп құруға болады дегенге саяды.

«Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп бiлген Платон зиялылардан адамгершiлiк тазалықты талап етеді. «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел». Платонның ойынша, мемлекеттiң ойдағыдай өмiр сүруiн қоғамның негiзгi үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етедi. «Тек осындай мемлекетте ғана бай адам алтынға емес, қайырымдылық пен парасатқа билiк жасайды».

Сөйтіп, Платонның әлеуметтік тұжырымдамасында мемлекеттік құрылысты түсіндірудің кілтін адамның болмысынан, ал мемлекеттің сипатын саяси қайраткерлердің типтік белгілерінен іздеу керек деп саналып келді.

Мемлекеттегі қоғам мен қайраткер идеялары Аристотель шығармаларында одан әрі дамытылды.

Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілкке жету болып табылады.

Бұл орайда әділеттікке белгілі бір заңдар мен билік құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі. Билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот жүйесіне бөлу әділеттілік орнатуға септігін тигізеді.

Оның көзқарасы бойынша, мемлекеттік құрылым дегеніміздің өзі мемлекеттік басқару тәртібі. Ал мемлекеттік құрылым үш жақсы үш жаман болып 2 түрге бөлінеді. Біріншісіне монархиялық билік (жеке дара билік), ақсүйектер билігі (қоғамның ауқатты топтарының жоғары бөлігінің билігі) және полития (көпшіліктің парасатты билігі) жатады, ал екіншісіне тиранды (бір адамның заңсыз билігі), олигархияны (қоғамның ауқатты топтарының төмен бөлігінің билігі) және демократияны (халықтың билігі) жатады.

Сонымен мемлекет, Аристотельдің айтуынша, адамдарға үстемдік етіп тұратын тұтастық.

Орта ғасырлардаАврелий Августин (354-430) мен Фома Аквинскийдің (1225-1274) еңбектері ерекше мәнге ие болды. Августин құдайға сүйіспеншілік идеясын өз тұжырымдарының өзегі етіп алып, саясат пен қоғамдық прогреске теологиялық тұрғыдан түсінік берген.

Ал Ф. Аквинский болса, адамды саяси тұлға ретінде қарастырады. Ол сол заманғы мемлекеттік биліктің шіркеуге тікелей тәуелді екендігіне қарамастан, шіркеу ғана емес, мемлекет те жаратқанның туындысы деп дәлелдеді.

7. XIX ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. Ресей әлеуметтануының дамуы

ХХ ғасырдың басында Ресейдегі социологияның дамуы өрлеу үстінде болды. 1917 жылғы революцияға дейін мұндай айтарлықтай жоғары интеллектуалдық әлеует қалыптасты. Ол мыналардан танылды:

а) академиялық социологияның теориялық зерттеулері басым маркстік емес дәстүрінен - Н. И. Кареев, П. А. Сорокин, К. М. Тахтарев және басқалар;

б) саяси күресте социологияны радикалдандыру басым марксистік дәстүрмен - А. А. Богданов, В. И. Ленин, Е. А. Энгель және басқалар. [21, 72-б. ] .

Ресейде ХХ ғасырдың басында басталған социологияның институттану процесі 1922 жылы Лениннің "Күресуші материализмнің маңызы туралы" (“О значении воинствующего материализма”) мақаласы жарық көргеннен кейін тоқтап қалады, онда оқыту процесіне коммунистік бақылау туралы мәселе қойылады. 1918-1920 жылдары құрылған социология кафедралары қудалауға ұшырады. Нәтижесінде П. А. Сорокин, Г. Д. Гурвич және т. б. сияқты қоғамтанушы көрнекті ғалымдар елден көшіп кетті, бұл социологияның ғылым ретінде дамуын мемлекеттік жүйенің қадағалауында өмір сүру және ғылыми дәстүрлерін үзу қатерін төндірді. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы социология белгілі бір дәрежеде жемісті болды. Саяси өкіметтің жаңа түрі орнағаннан кейін өтпелі кезеңдегі революциялық түрленулер нәтижесінде тапсыз социалистік қоғам (буржуазиясыз тарих) - коммунизмнің қарсаңын құру үшін қажеттің бәрі деп есептелді. Бұл тұрғыдан да кеңестік социология пинерлік сипатқа ие болды: оның объекті қоғамдық меншік негізінде құрылатын қоғам болды [21, 73-б. ] .

Әлеуметтік жұмыстар мен социологиялық зерттеулерді қатаң ұстау, ал кейіннен тыйым салу сталиндік саясат тарапынан практика жүзінде ғана емес, теориялық жағынан да жүрді. "Бүкілодақтық коммунистік партияның (большевиктердің) тарихының" қысқаша курсына (1938) арнап И. В. Сталиннің жазған "Диалектикалық және тарихи материализм туралы" бөлімінде әлеуметтік білімнің тұтас бір саласы- тарихи материализм - философиялық білімнің аясына "қайтарылды". Н. Н. Бухариннің тарихи материализм теориясына сәйкес қоғамдық ғылымдар арасында қоғамдық өмірдің жеке саласын емес, барлық күрделілігімен бірге жалпы қоғамдық өмірді қарастыратын екі аса маңызды ғылым бар. Ондай ғылым, бірінші жағынан, тарих болып табылады, екінші жағынан - социология… Тарих қандай да бір орындағы қандай да бір уақыттағы қоғамдық өмір ағыны қалай өтетінін баяндайды… Социология жалпы мәселелер қояды: қоғам деген не? Оның дамуы немесе күйреуі неден болады? Қоғамдық құбылыстардың әртүрлі қатарлары (шаруашылық, құқық, ғылым және т. б. ) бір-біріне қандай қатынаста болады? Олардың дамуы немен түсіндіріледі? Қоғамның тарихи нысандары қандай? Олардың алмауы немен түсіндіріледі? және т. с. с. Социология қоғамдық ғылымдар ішіндегі анағұрлым жалпысы (абстрактілісі) … тарих социологиялық қорытындылар мен жалпылаулар үшін материал береді… Социология өз кезегінде … тарих үшін зерттеу тәсілдерін немесе әдісін көрсетеді"

12. Қазақстандағы әлеуметтанушылық ойлар(Қазақ ағартушыларының әлеуметтік теориялары)

Қазақстанның социологиялық ойы қалыптасуының іргелі негіздері болып табылатындар мына факторлар. Бірінші қатта өз дәуірінің дарабоз ойшылдары ретіндегі Абай мен Шәкәрімнің мұралары. Олардың дүниетанымында шығыс философиясының, адам мен қоғамды тану теориясының үздік дәстүрлері көрініс тапқан. Олар қазақ қоғамының дамуына рухани және ізгілік бастауларын, жалпы адамзат құндылықтарына үндеу салған. Олардың ілімінің, көзқарастарының маңызы және шығармашылық мұрасы қоғамдық сананың орнықты принциптері сипатына ие, олар қазақстандық қоғам дамуының қазіргі кезеңінде ерекше өзекті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғам өміріндегі әлеуметтің ролі
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Әлеуметтану ғылымының объектісі, оның пәні және әдістері
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі
Әлеуметтану туралы түсінік оның ғылыми маңызы
Әлеуметтану ғылым ретінде
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Әлеуметтанудың категориялары
Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық жүйесінде. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz