Ағымды санитарлық қадағалау


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Ағымды санитарлық қадағалау - жұмысшылардың денсаулығын қорғау және жоғары іскерлік деңгейін сақтау мақсатымен, бақылауға жататын объектілердегі жұмысшылардың гигиеналық еңбек жағдайына және денсаулығына жан-жақты зерттеулерді жүргізу жатады. Бұл міндеттер кәсіпорынды санитарлық сипаттау, жалпы және кәсіптік сырқаттанушылықты зерттеу, кәсіптік сырқаттардың және кәсіптік уланулардың болған оқиғаларын тексеру, өндірістік мертігу жағдайларын талдау жолдарымен жетіледі.

Ағымдағы (күнделікті) санитарлық қадағалау ға қондырғылар мен ғимараттарды пайдалануға бергеннен кейінгі тұрақты түрдегі бақылау жатады, сондай-ақ қоршаған орта нысандарының (атмосфера, су, топырақ), елді мекен, жұмыс, тұрмыс, дем алу және басқа да жағдайларды үнемі бақылау болып табылады. Оның негізгі мақсаты - сақтық санитарлық қадағалауда алдын-ала бекітілген жобаға, техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру болып табылады.

Санитарлық қадағалау елді мекенді, ғимараттарды салуды, су құбырын, канализацияны және басқа да объектілерді жоспарлау жобасы бойынша қорытынды жазумен аяқталатын болса, ал күнделікті қадағалау олардың санитарлық жағдайын тексеруден тұрады.

Санитарлық қадағалаудың құқылық негізіне санитарлық заңдылық жатады, оған кіретіндер: мемлекеттік стандарттар (МЕСТ), санитарлық ережелермен нормалар, әдістемелік нұсқаулар, құрылыс нормалары мен ережелері, техникалық жағдайлар, ДСМ бұйрықтары мен қаулылары, салалық стандарттармен және т. б.

Санитарлық қадағалауды ұйымдастыратын негізгі мекемеге санитарлық-эпидемиологиялық станса (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық СЭС) жатады.

Санитарлық қадағалау жоспарлы түрде немесе жоспардан тыс өтуі мүмкін.

Жоспарлы санитарлық қадағалау жыл бойына құрастырылған және жергілікті басшылармен бекітілген жоспар бойынша бақылау шараларынан тұрады. Бір бақылаудың өту мерзімі 1айдан аспауы қажет.

Жоспардан тыс санитарлық қадағалау: авария, технологиялық процестердің өзгеруі, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына туындайтын қауіп қатерлер, қоршаған ортаның ластануы, санитарлық ережелер мен нормалардың бұзылуына байланысты тұрғындардан, заңды тұлғалардан және жеке кәсіпкерлерден шағым түскен кезде жүргізіледі.

Санитарлық қадағалаудың объектілері:

  • өндірістік бөлмелер және технологиялық процестер;
  • жеке қорғаныс құралдары;
  • санитарлы-тұрмыстық бөлмелер;
  • сумен жабдықтау және канализация;
  • жылыту және вентиляция;
  • өндірістік жарық;
  • жеткізілетін шикізат;
  • өнім;
  • өнім мен шикізатты сақтау жағдайлары;
  • тасымалдау;
  • өндірістік қалдықтарын, қолданбаған өнімдерді жою реттілігі;
  • өндірістік алаңы, санитарлық зоналардың топырағы мен ауасы;
  • еңбек және демалыс тәртібін ұйымдастыру;
  • тамақтануды ұйымдастыру;
  • медициналық байқаулар ұйымдастыру;
  • қызметкерлер мен жұмысшыларды аттестаттау;
КіріспеТамақ кәсіпорындарындарында жүргізілетін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуіне қажетті тамақ объектілері мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағалау формасы болып табылады. Ол бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуында өнімді өндіру, сақтау, тасмалдау, тарату және қайта өңдеу барысында жүргізіледі.Тамақ объектілеріне тамақ өндіріс кәсіпорындарының, сауда, қоғамдық тамақтақтандыру, азық-түлік өнімдерін ұзақ уақытқа сақтауға арналған объектілер жатады.Тамақ объектілерін ағымды санитарлық қадағалау тарауына тамактық азық-түліктерді өндіру, сақтау, тасымалдау және тарату барысында белгіленген санитарлық-гигиеналық талаптардын орындалуын бақылау шаралары, тамақ объектілерінің санитарлық режимін бақылау, қызметкерлердің өндірістік және жеке гигиена ережелерін сақтауын, медициналық қараудан уакытында өтуін бақылау кіреді. Ағымды санитарлық қадағалау эпидемиологиялық және токсикологиялық тұрғыдан қауіпсіз, жайлы сапалы азық-түліктердің өндірілуіне кепілдік береді.Ағымды санитарлық қадағалауды тиімді атқару үшін санитарлық дәрігер мынадай жағдайларды білуі тиіс:Азық-түліктердің жоғары сапалығын, олардың токсикологиялық және санитарлық эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін реттейтін негізгі зандылық құжаттар;Мемлекеттік санитарлық қадағалау ережелерін, тағам гигиенасы саласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен мекемелерінің, лауазымды тұлғалардың міндеттері мен құкықтарын;Ведомствалық, ветеринарлық-санитарлық қызмет, стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы мекемелерімен қарым-қатынас ережелері және міндеттерін.Тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, сауда - қойма желісі кәсіпорындарын тексеру әдістері мен әдістемесін.Мемлекеттік қадағалау мен бақылау ағымды ретінде азаматтардың іс әрекетін, соның ішінде жеке басты кәсіпкерлердің және тамақ өнімдерін дайындау мен айналымы бойынша, сауда және қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет ететің, қажеттілік туындаған кезде өзіне алатын: халықтын тамақтану сапасы мен жағдайын бағалау, соның ішінде ұйымдастырылған тамақтануды бағалау; тамақтық азық-түліктердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасының заңды сақтамауыМемлекеттік қадағалау мен бақылау ағымды түрде жүргізіледі, яғни азаматтардың іс-әрекетін, соның ішінде жеке кәсіпкерлер мен тағам өнімдерін дайындайтын заңды тұлғалар және қоғамдық тамақтану мен сату қызметін көрсетушілер ал қажеттілік туындағанда: тұрғындар тамақтануының сапасы мен жағдайын, сонымен қатар ұйымдастырылған тамақтануды бағалау, азық-түліктердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз саласында Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу жағдайын алдын алу мен тергеу; алиментарлы-тәуелді аурулардың даму себебтерімен пайда болу жағдайларын және таралуын талдау, оларды алдын-алу мен жоюға бағытталған шараларды өткізуАғымды санитарлық қадағалау МСЭҚ тағам бөліміндегі санитарлық дәрігердің іс-әрекеті атқарылатын шаралар көлемі мен оның маңыздылығы жағынан жетекші орын алады. Санитарлық дәрігер үшін ағымды санитарлық қадағалаудың мәні туралы сұрақтар өте маңызды, сонымен қатар санитарлық дәрігерді дайындау кезінде ағымды санитарлық қадағалау сұрақтары ең басты орын алу керек.Ағымды санитарлық қадағалауды жүргізу ретінде әртүрлі жұмыс әдістері мен формалары колданылады. Мысалы, ағымды санитарлық қадағалау барысында әртүрлі күштегі объектілер топтарын мақсатты тексерулер өзінің колайлы екендігін көрсетеді. Бұл тексерулер жоспарлы немесе жоспардан тыс түрде жүргізіледі. Мұндай тексерулер белгілі бір мақсатта, бағытта жүргізіледі. Мысалы, қоғамдық тамактану кәсіпорнының көктемгі жазғы маусымға дайындығын; тез бұзылатын азық-түліктердің өндірілуі, сақталу және таралу жағдайларын; емдік-профилактикалық мекемелерінде тамақты С-витаминдеу жағдайын; сүт фермасында сүтті алғашқы өңдеуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын; қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қызметкерлерінің технологиялық процесс және жеке бас гигиена ережелерінің орындалуын және т. б. анықтау мақсатта жүргізіледі. Бір мезгілде мақсатты тексерулер нәтижесінде алынған мәліметтер тамақ объектілері басшыларына негізделген, нақты талаптар қоюға мүмкіндік береді. Бұдан басқа мақсатты тексерулер барысында объектілердің жалпы сипаттамасы жайлы мәліметтерді де анықтай отырып, санитарлық дәрігер, қалалық аудан деңгейіндегі басқарушы мекемелердің шешуі үшін олардың алдына мәселелер коя алады.Ағымды санитарлық қадағалау тәжірибесінде мынадай жұмыс формасы да өзін ақтап келеді: ол жоспар тапсырма құру, яғни санитарлық сауықтыру шаралары бойынша талаптар қойып, олардың орындалуын бақылап отырады. Жоспар-тапсырмалар кәсіпорындар басшыларына ағымды жылдың үшінші тоқсанында жолданады және онда келесі жылы орындалатын шаралар кешені көрсетеді.Жоспар-тапсырмаларға мынадай шаралар кіреді: өндірістік бөлме-жайларды кеңейту және қайта жоспарлау; түбегейлі (капиталды) жөндеу; салқындатқыш қондырғыларды жөндеу немесе жаңадан қою; санитарлық техникалык қондырғыларды жөндеу және жабдыктау; өндіріске газ, электр жүйесін жүргізу; су кұбыры желісін қайта кұру; технологиялық жабдықтардың, желдету, салқындатқыш қондырғылардын шуын басу бойынша шаралар; түрмыстық бөлме жайларды жөндеу, жабдықтау; әйелдер үшін гигиена бөлмесін жабдықтау; температурасы құбылмалы бөлмелерді жылыту; территорияны, кірер жолдарды жайлыландыру бойынша және тағы басқа шаралар;Ағымды санитарлық қадағалау нәтижелері объектідегі санитарлық журналға жазылады немесе ұсыныстар түрінде арнайы, санитарлык дәрігер толтырған тексеру актісінде көрсетіледі. Актіні толтыру формасы ресми бекітілмеген, сондыктан еркін түрде жазылады. Бірақ актіде мазмұндаудың белгілі бір ретін ұсынуға болады. Актіге мынадай мәліметтер енеді: толтырылған күні, орны, кім толтырды және кімнің қатысуымен; кандай максатта тексерілді (ағымды тексеру, арнайы тапсырма бойынша, шағым немесе арыз бойынша және т. б. ) ; санитарлық маңызды кемшіліктер және қандай нормативті құжаттарға сәйкес еместігі; нақты, қысқа түрінде, орындалу уақыты көрсетілген ұсыныстар (ұсыныстар МСЭҚБ атынан ерекше жеке хат немесе алғы хат (предписание) түрінде берілуі мүмкін) ; тексеруді жүргізген, акт толтырған және тексеруге қатыскан адамдардың колы, сонымен қатар объектінің санитарлық жағдайына жауапты немесе объекті басшысының өкілеттігімен тексеруге қатысуға міндетті және актінің бір көшірмесі тапсырылатын лауазымды тұлғанын қолы. Актіде көрсетілген мәліметтер мен ұсыныстарға әкімшілік өкілдері келіспеген жағдайда ерекше ойы көрсетіліп, олардын қолы қойылады.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынсанитарлық-гигиеналық тексеруҚоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары санитарлық-эпидемиологиялық айқындамасынан ең қатаң назар сала қарауды талап ететін тамақ кәсіпорынның объектісі болып табылады, өйткені онда қабылданған технологиялық процесс қызметкерлермен, құралдармен, жабдықтармен тығыз қатынаста, өндіріс шикізатының көп сатылы өндеуін қарастырады. Бұл жағдайларда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында жоғары сапалы өнімдерді өндіруі барлық қызметкерлерімен қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормалардың талптарын қатаң түрде сақтауына байланысты болады.Әртүрлі типті қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына қойылатын талаптардың айырмашылығына қарамастан, олардың ұйымдастырылуында көп ортақ нәрселер бар. Олармен шығарылатын өнімдер (тағамдар, кулинарлық өнімдер, жартылай фабрикаттар) тез бұзылатын тағамдар болғандықтан тез таратылу керек (таратылу мерзімі - дайындалғаннан кейін 2-3 сағат) . Сақтау мерзімдерінің ұзартуы өнім сапасының нашарлауына, оның қабылдауға жарамсыздылығына әкеледі.Халықты жоғары сапалы дайын тағаммен, жартылай фабрикаттармен және кулинарлық өнімдерімен қамтамасыз етуінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында тамақтық азық-түліктерді тарату үшін оңтайлы жағдайларды жасауды өте маңызды. Ол үшін тағам бойынша дәрігер-гигиенист қолданылатын нормативтік актілерімен қолданып, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында жүргізілетің ағымды санитарлық қадағалаудың негізгі бағыттарын білу керек.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының санитарлық-гигиеналық тексеруін өткізгенде санитарлық дәрігер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 ж. 25 шілдедегі N 569 бұйрығымен бекітілген № 4. 01. 069. 03"Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын қолдану керек.Асхананы санитарлық-гигиеналық тексеру схемасыАсхананың аталуы және мекен-жайы, тамақтанушылар контингенті асхана типіҒимарат типі және асхананың орналасқан орны (арнайы салынған, икемделген, типтік, асхана немесе түрғын үйде орналасқан)Асхананын өткізу қуаты (шығарылатын тағамдардың саны және отыратын орындарының жоба бойынша және жағдайдағы саны)Шығарылатын өнімдердің ассортименті (жоба бойынша және нақтылы) . Шығарылатын тағамдар мен өнімдердің өндірістік техникалық мүмкіншіліктері мен санитарлық жағдайына сәйкестігі. Тамақтанушыларға қызмет көрсетудегі ерекшеліктері. Асхана штат, оның толықтылығы.Асхана территориясының санитарлық сипаттамасы (көгалдандыру, асхана ауласында таралардың орналасуы, әжетханалар мен қоқыс жинағыштардың орналасуы, құрылымы, санитарлық жағдайы, тазалау режимі және қоқыс жинағыштардың асханадан алыстығы) .Асхананың жоспарлануы, өндірістік процестің ағымдылығы, кіру жолдары, персонал мен келушілерге бөлек жолдардың болуы. Қабылданатын шикізатты қабылдау орндарының болуы (ені, жабдықталуы) .Санитарлық-техникалық құрылымдар: асхананың электр энергиясымен, су құбырымен қамтамасыз етілуі (жалпы орталықтандырылған жүйе, жергілікті жүйе, су алатын орны, онын сапасы, ыстық сумен қамтамасыз етілуі: ыстық судың үнемі болуы, берілетің судың температурасы) ; канализация (жергілікті немесе жалпы қалалық жүйе), желдету жүйесінің түрі (шығарысты, кірісті немесе кісірті-шығарысты, оның тиімділігі) . Суықты пайдалану.Пісіру цехы-ауданы, қабырғаларының, төбенің, әденнің жағдайы мен әрленуі. Санитарлық-гигиеналық құрылымдармен жабдықталуы. Ac үйдің жабдықталуы. Жабдықтардың санитарлық жағдайы (кемшіліктері, бұрыстығы, жабдықталмауы, жабдықтардың журналынын болуы, жабдықтарды қолдануға рұксат еткен санитарлық қадағалаудың рұксат қағазының болуы) . Псіріу қазандарына, табаларға (электр плиталарға) ыстық судың қосылуы. Жабдықтардың қандай материалдан дайындалғанын жеке көрсету қажет.Пісіру цехында бөлшектеу үстелдерінің болуы, олардың ыңғайлы орналасуы. Үстелдердің беттері қандай материалдардан жасалынған (егер құрыш қаылтырмен жабылса, онда ара-жігінің жапсарласуын тексеру қажет) . Үстелдерді таңбалау, оларды қолданудың дұрыстылығы. Цехтағы бөлшектеу тақтайшаларының саны, олардың санитарлық жағдайы, сақталу орындарының жабдықталуы, табалауы, қолдану дұрыстығы( кемшіліктерді көрсету қажет, жарықшықтары бар тақтайшалар қолданылады ма, олардың ені, дайындалған ағаштың түрі. Шикі жөне пісірілген тамақтар үшін бөлек тақтайшалар колданыла ма олар бөлек сактала ма? Ілініп түр ма, әлде сөрелерде сактала ма? Ac үйде бөлшектеу тақтайшаларының жеткіліктігі, олардың табалауына сәйкес, қолданылуы.Ас-үй мүліктері мен жабдықтардың санитарлық тазалау режимі (санитарлық жууды кім жүргізеді, ол калай қолданылады) . Қазындықты, табақтарды, электрлі қазандықтарды, бөлшектеу тақтайшаларын, пышақты және үстелдерді, ет турағыштар мен басқа да жабдықтарды санитарлық жуып-тазалау режимдерін жеке жазып, көрсету керек.1. Тақырыбы:Қазақстан Республикасында мемлекеттік санитарлық қадағалау. Ескертеплі және ағымды санитарлық қадағалау. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрылымы мен функциялары. 2. Мақсаты:студенттерге Қазақстан Республикасында тұрғындардың денсаулығын қорғауда санитарлық қадағалаудың маңызын, ескертеплі және ағымды санитарлық қадағалаудың кезеңдерін, ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрылымы мен функциялары түсіндіру. 3. Дәріс тезистері:Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармасы арнайы заңдылықтармен, гигиеналық нормалар мен ережелермен, жинақтарымен, адамдардың әртүрлі регламенттік шаруашылық міндеттері: жоба, құрылыс, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, сонымен қатар құжаттарды пайдаланады. «Денсаулық сақтау заңдылықтарының негіздері» олар заңға сүйенген негіз болып табылады. Гигиеналық нормативтерге (ШРЕМ, ШРЕД, ШБҚД/ОБУВ) санитарлық нормалар мен ережелер (СанПиН) мемлекеттік стандарттар құрылыс нормалары мен ережелері (СНиП) және басқа да нормативтік құжаттар (ВСН т. б. ) . коммуналды гигиенада мемлекеттік санитарлық қадағалау арнайы санитарлық - гигиеналық іс-шаралар жүргізу, қоршаған ортаның ластануын алдын-алу (су айдындарын, топырақ, атмосфералық ауа) ауру - сырқауларды төмендету сауықтыру мекемелерін ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. Тексеру орган және санитарлық -эпидемиологиялық қызметтік мекемесінде ағымды және ескертпелі санитарлық қадағалауды және сауықтыру іс-шараларымен санитарлық-гигиеналық және санитарлық -эпидемиологияның қызметкерлері қадағалайды. Қаланың және ауданның, облыстың, республиканың басты мемлекеттік санитарлық дәрігерлеріне және оның орынбасарына құқық беріледі:а) министрліктерге, ведомстваларға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға, лауазымды адамдарға және талаптың жеке азаматтарына санитарлық эпидемиологияға қарсы іс-шараның және оның орындалу мерзімінің нұсқауымен сипатталады.б) іс-шарада жасалынып жатқан көптеген мәдени-тұрмыс ғимаратының қолданыстағы нысанның қанаушылығын, ұшақтардың мезгілсіз қозғалыста болуы оның адам ағзасына әсерін тоқтату, осыларды талқылау.в) Құрылысқа бекітілуі жобаның бұзушылығын тоқтату. Санитарлық-гигиеналық тәртіп және ереже.г) химиялық заттарды қолдануды тоқтату, әдістердің оның зияндылығыныңадамның денсаулығына ықпалы.д) қажетті уақиғаларға ғылыми - эпидемиологиялық профилдің, гигиеналық экспертизаның өтілуін, оның бір-біріне тәуелсіздігін қадағалау.ж) кедергісіз объектілерді тәуліктік қадағалау, қызметтік куәлікті беру, санитарлық бұзушылықты алдын-ала жою.з) әр азаматтардың мағлұматтары, құжаттары сол нысан күйінің растаушысы ретінде қажет.е) бұйымның ойығын жасау лабораториялық анализ және гигиеналық экспертизаға материал сонымен қатар азық-түліктен сынама алу.к) ағымдық санитарлық қадағалаудың жұмысын қоғамдық санитарлық инспекторлар атқарады. Лауазымды адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мемлекеттік қадағалау міндеті:Сауықтыру іс-шараларында қаралған кейбір сөйлемдерді енгізу, сонымен қатар іс-шаралар шын мәнінде деректермен және ресми нормативті құжаттардың сай кеуін қадағалау.хабарлау, мекеменің және ұйымдардыңсанитарлық-гигиеналық ережелерімен тәртіптері, тәртіп жазаларына салуы туралы сұрақтар қою. Қадағалаудың 2 негізгі түрлерін мемлекет санитарлық бақылауда қолданады алдын-ала жазбаша түрде және әкімшілік айыппұл, ол үшін лауазымды тұлға түрде орнату, құқық бұзушылыққа жауаптылығы, аспапты лабораторияның объективті түрде растайтын бұзушылықтар туралы актіні дұрыс толтыру, лауазымды тұлғалардың айыптылығын мақұлдай ресми нормативтік құжаттарға сілтемені сөзсіз мақұлдау. Тек осыдан кейін мемлекеттік дәрігерлер айыппұлды шығарады. Санитарлық дәрігер кейде бас мемлекеттік дәрігер қылмыстық кодексқа жалпы тұлғаларының таралуы туралы прокуратура мен сұрақты құруға құқылы болады. Кодекстің тиісті қылмыстық сілтемелер бұл . . . 1976 жылыы бұрынғы кеңес одағы барлық аумақтарында коммуналды гигиенаның бөлімі бойынша санитарлық - эпидемиологиялық станцияның жұмысы туралы инструкция жұмыс істеді. Негізгі оның жағдайлары жұмыс істеді және оның қай мемлекеттік санитарлық бақылауға сәйкес ҚР-ң аумағында қазір жатады.Ауылшаруашылық басқа елді-мекендер, қала типтес ауыл, қалакурорты соның ішінде қалалар, қала маңындағы аймақтармен тұтасқан.Ашық су айдындары және су асты су қорлары, су қақпасы және оныңсанитарлық аумағы, гидротехникалық ғимараттар, ғимаратты канализацияны және суқұбырын тазалау.Шудың көзі болып объект, діріл электро магниттік сәулелену, атмосфералық ауаның ластануы, суаттар, топырақ сонымен қатар атмосфераға зиянды лақтыруларын ұстау бойынша тазарту, құрылысы, суаттар, топырақты және санитарлық қорғау аймағы.Жұмысшылардың техникасы, жатақханасы, студенттерге қонақүйлер. Малшаруашылық және құс шаруашылық кешендер және фермаТөсекорындарын тазалаудан өткізу, киімнің жеке қосымшалары, шаштараздар, жеке бас гигиенасы, душ павильоны, банялар, моншалар, киімдерді кір жуатын үйге тапсыру, сауықтыру мекемелері.Емдеу - профилактикалық мекемелер мен ұйымдар; соматикалықаурухана, емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, консультация, дәріханалар, курорттар, санаториялар, демалыс үйлері, қарт үйлері.Дене шынықтыру - спорт объекті - стадиондар, спорт залы, жабықжәне ашық бассейндері, мұз айдындары, қоғамдық жағажайлар.Көрермендер мәдениеті және көркейту мекемелері- кинотеатрлар, театр, мәдениет сарайы, концерт залы, кітапхана, көрмелер.Әмбебап, тұтыну тауарлары дүкені, кітапхана дүкені, өндірістік тауарбазасы.Жаңа синтелектикалық материалдың үлгілері, тұрмыстық химияөнімдері, үй тұрмысына қажетті заттары, тауар айналымына жіберу.Автовокзалдар, жолаушылар, кемежайлары, теміржол және әуежайлар. Қойма, тұрғындардағы қайталама шикізаттың тармақтарыЗираттар, қоқыстарды тазалау мекемелері, өндіріс қалдықтары, полигондар, қоқыс тастайтын жер, өңдеу және тұрмыстық қоқыстың өртеуіне алған зауыттар.Санитарлық-эпидемиологиялық станция келесі қызметтердің орындалуына байланысты.денсаулық сақтау жергілікті органдарының шешімдері, сонымен біргекоммуналдық гигиеналық сұрағының, бұйрықтардың жобаларын;жылдық жоспар санитарлық сауықтыру шаралардың алдын-алу жәнесанитарлық эпидемияға қарсы ұйымдарының перспективалық жобаларын құрайды;бақылаушы объектердің санитарлық жағдайын ары қарай жақсартуыбойынша ғимарат және өткізілген шаралардың тиімділігін талдайды.тұрғынның тұру шартын құрайтын зиянды факторлар тағы ластануы, шу, дірілдеудің көздері, электромагниттік сәулеленуді айқындайды;әлеуметтік-гигиеналық факторларды, демографиялық жағдайдыүйретеді, сонымен қатар қоршаған ортаның өмір сүруінің зияндылығын;коммуналды гигиенаға қатысты сұрақтарды жергілікті органдарғакіргізеді;жаңа ұйымдастыру формаларын тәжірибеге игеріп енгізеді, тиімдіәдістер профилактиканың құралы, коммуналды гигиена бөлімі бойынша жұмыстың әдістері.лабораториялық зерттеулер жүргізіледі және әмбебап өлшемдербақылаушы объектілерге кейбір өндірістік орындардағы ластануды лабораторияға бақылауға алады және оны бақылайды.тұрғындар арасындағы ғылыми еңбекшілерінің насихаттауында қатысадықоғамдық инспекторды дайындайды және оның жұмысын бақылайды. еңбекшілердің хаттарын, арыздарын қабылдайды, олардың жұмысынжүзеге асырады.Санитарлық-эпидемиология республика станциясы, облыстар және қалалар, районға қатысты, коммуналды гигиенаға қатысты бөлімдерді ұйымдық-әдістемелік жұмысты аудандық СЭС жүзеге асырады :әдістемелік жобаларды іс-шаралар өткізу арқылы, көптеген қызметтікжәнебасқа да құжаттарды, жұмысқа қатысты сұрақтарды, бұйрыққа қатысты нұсқауларды денсаулық сақтау министрліктер дайындайды.құқық заңдылықтарды орындауға қол астындағы станциялардың жұмысқа бақылауы мен сонымен бірге коммуналдық гигиеналық бұйрықтары және денсаулық сақтауды министрліктің нұсқауларының шешімдері орындайды.ұйымның қадағаланатын СЭС-ң көмегінің және бақылауды жүзеге асыруды көрсету.Коммуналды гигиена бойынша жалпылау және алдыңғы нормаларжәне жұмыстың әдістерінің таратуының зерттеулері.Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық мамандандыру және жоғарылатуға арналған және олардың көмекшілерін тағайындау көптеген конференциялар ұйымдастыру. Санитарлық станциядағы жұмысшыларға курстық іс шаралар ұйымдастыру тиісті әкімшілік аумақтарда қадағаланатын объектерге ішінара мемлекеттік санитариялық бақылауды өткізу.Сан-эпид станция өзінің жұмысы бойынша гигиена арнайы бөлімдерді қолданады:а) Тексерілетін объекттің санитарлық сипаттамасының әдісі.б) лабораториялық және әмбебеап әдістемелер жасау.в) Материалды өңдеудегі статистикалық әдістемесі.Объектілерді тексеру, жаппай комплект түрде жүргізеді, яғни эпидемиолог санитарлық дәрігер басқа әрбір тұлғалық объектісін қадағалайды. Тексеру қорытындысы акт бойынша жүргізіледі. Ол акт тексеру объектісінен сәйкес болу шарт
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталар құрамы
Табиғаттағы заттардың айналымындағы микроорганизмдердің маңызы
Еңбек гигиенасында кәсіби ауруларды алдан алуды зерттеу әдістері
Еңбек гигиенасы курсынан дәрістер кешені
Балалар мекемесінің гигиеналық талаптары. Қазіргі кезеңдегі балалардың мектепке дейінгі мекемелерін салудың гигиеналық аспектілері
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Кітапшалау-түптеу цехында орындалатын технологиялық процестер
Кәсіпорын түрлері
Тісті беріліс бөлшектерін жөндеу
Учаскелердегі ветеринариялық қызметті ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz