Мінездеменің мазмұндық - құрылымдық жүйесі


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы
Қазақ, орыс және латын тілдері
Баяндама
Тақырыбы : Мінездеме
Орындаған : Жиенбаева Н. Ж.
Тобы : 502 «А» ҚДС
Қабылдаған : Сәлім Е. Қ.
Мінездеме - белгілі бір ұжымнан адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттайтын құжат. Қызметтік мінездеме - мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стильде жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді. Мінездеме қызметкерді басқа бір вакансияға я болмаса оқу орнына ұсыну мақсатында да жазылады. Мұнда ұсынылған адамның аталған вакансияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады. Аттестациялық мінездеме - белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеме корытындысында "атқарып отырған қызметіне лайық", "қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық" немесе "атқарып отырған қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады. Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін және т. б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап корсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзату ушін" т. б. Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мәтіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, өмірбаяндык мәліметтерді, қорытынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады. Кейде мінездеме жоғары жағында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте тұратын арнайы бланкілерге жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның және үйым жетекшісінің қолымен расталады. Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады. Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті) .
Мінездеменің мазмұндық - құрылымдық жүйесі:
1) тақырыбы;
2) мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
3) негізгі мәтін;
4) қорытынды;
5) мінездемені талап етуші ұйымның аты;
6) мінездеме берілген күні, айы, жылы;
7) мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;
8) қосымша (егер болса) .
Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.
Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді: фамилия, аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т. б. ) Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады. Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі. Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырып, басы артық қысқартуларсыз жазылады. Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мұнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін (қорытынды) сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе ұсынысты атап көрсетуге болады.
Мінездеме
Кентау қаласының «№ 1 жалпы білім беретін мектеп»мемлекеттік мекемесінің 9 «А» сынып оқушысы Сәрсенбай Ильяс Нұрланұлына.
2001 жылы 15 ақпанда туылған.
Сәрсенбай Ильяс Нұрланұлы 2007 жылдан бастап №30 орта мектепте оқиды. Оқу барысында өзін жақсы жағынан көрсете алды. Сабақты «4» пен «5»-ке оқиды. Математика пәнінен қалалық олимпиадаға, оқушылар арасында өтетін ғылыми конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өзінің терең білімін, ғылыми - зерттеу жұмысқа деген зор оқу қабілетін көрсете алды.
Асқаров А. Қ мектептің тәрбиелік іс- шараларына үнемі қатысады, сонымен қатар өз сыныбының старостасы. Жергілікті баспасөз басылымдарына шыққан мақалалары бар.
Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына, сабаққа ынталы, адамдармен тез тіл табыса білетін Сәрсенбай Ильяс Нұрланұлы мұғалімдер мен сыныптастарының арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген.
Мінездеме әскери комиссариаттан өту үшін берілді.
17. 12. 16ж
Мектеп директоры қолы : Н. П. Зайцева
Сынып жетекшісі қолы : С. Р. Қайырбаева.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік
университетінің Жаратылыстану
факультеті Математика
кафедрасының 4 курс студенті
Ганишева Севараға
Мінездеме
Ганишева Севара 2015 жылдың 19 қаңтарынан бастап №21 Кәсіптік колледжде педагогикалық іс-тәжірибеге келді. Осы күннен бастап колледждің математика пәні мұғалімі Жәнібекова Ардақтың сабақтарына қатысты. 2015 жылдың 28 қаңтар күні І курс студенттеріне «Тригонометриялық теңдеулер» тақырыбындағы алғашқы сабағын өтті. Сабақтың барысында оның білімділігі, шеберлігі және студенттерді өзіне бейімдей алу қабілетіне ие екендігі айқындалды.
Севара 2015 жылдың 12 наурыз күні ІІ курстар арасында «XХІ ғасыр көшбасшысы » атты математикалық сайыс өткізді. Бұл сайыста студенттер белсенді қатысып, өздерінің білімділігін көрсете алды. Осы сайысты тамашалауға қатысқан мұғалімдер сайыс жоғары дәрежеде өткендігін айтып, өткізген математикалық сайысына оң баға беріп, оның жұмыстарына сәттілік тіледі.
Севара 2015 жылдың 27 ақпанда ІІ курс студенттеріне «Күрделі функциялардың туындысы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабаққа оң баға беріп, Севараның педагогикалық жұмысына сәттілік тіледі.
Севара келешекте білімді, өз жұмысын жақсы атқаратын, жауапкершілікті сезінетін, шебер мұғалім болатынына сенімдіміз.
Мектеп директоры: А. Асанов
Директордың оқу-ісі
жөніндегі орынбасары: Б. Жәкипов
Жетекшісі: А. Жәнібекова
Мінездеме
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz