NTFS файлдық жүйесі: құрылымы, функциялары және негізгі ерекшеліктері


Файлдық жүйе

Файлдық жүйе - спецификациялар жиыны және оларға сәйкес бағдарламалық қамтамасыздандыру, ол файлдық ақпараттардың жылжуы, модификациясы, оқу, жазуды ұйымдастырға, құру мен жоюға жауап береді, сонымен қатар файлға қатынауды басқарады. ФЖ дискідегі немесе ақпараттың басқа тасымалдағышындағы деректердің ұйымдастырылу әдісін анықтайды. Мысалы: ФС ҒАТ: ДК -дің өте көп операциялық жүйесінде (ПҚ) бар. Барлық қазіргі ОЖ сәйкес файлдарды басқару жүйесінен (ФБЖ) тұрады. ФБЖ ОЖ негізгі ішкі жүйесі болып табылады. ФБЖ арқылы орталықтандырылған дискілік аумақты және деректерді басқару жүзеге асырылады. ФБЖ арқылы қолданушыға келесі мүмкіндік беріледі:

  1. Өз бағдарламаңызда атауы бар деректер жиынымен немесе арнайы басқарушы құралдармен қолданушы интерфейсінің функциясын (оның деректерімен) жүзеге асыратын, құру, өшіру, атын өзгерту және тағы да басқа операциялар
  2. Дискілік емес шалғай құрылғылармен, файлдармен жұмыс.
  3. Файлдар арасындағы, құрылғылар арасындағы, файлдар мен құрылғылар арасындағы және керісінше ақпарат алмасу.
  4. ФБЖ(Application Program Interface) бағдарламалық модульдерге қатынау көмегімен файлдармен жұмыс . API функциясының бөлігі файлдармен жұмысқа бағытталған.
  5. Санкцияланбаған қатынаудан файлды қорғау.

NTFS (New Technology File System) файлдық жүйесі.

Бұл файлдық жүйе басқа файлдық жүйелермен салыстырғанда бірқатар өзгертулер мен жетілдірулерден тұрады. Файлдар бума мен каталогтарда сақталады. NTFS үлкен көлемді дискілермен жұмыс істеу тиімділігі арттырылған. Файлдық жүйе сенімділігін арттыруға арналған механизм енгізілген, қатынауларды шектеуге арналған құралдары бар.

NTFS негізгі ерекшеліктері келесілер:

  • Деректерді қалпына келтіру қабілеті. Дискі бұзылғанда және жүйе қабыл алмаған кезде файлдық жүйе қалпына келтіреді. Бұл файлдық операцияларды журналдауды жүзеге асыру кезінде механикалық транзакцияны қолдану құралының жетістігі.
  • Қауіпсіздік. Файлдық жүйе қауіпсіздіктің объектілік модулін қолдайды және жеке объектілер ретінде барлық томдарды, каталогтарды қарастырады. NTFS қауіпсіздікті файлдар деңгейінде қамтамасыз етеді, бұл дегеніміз, файлға қатынау құқығы қолданушының жазбалар есебіне(учетной записи) және олар жататын топтарға тәуелді.
  • кеңейтілген функционалдық. NTFS мүмкін кеңейтулер есебімен жобаланған. Оларда басқа операциялық жүйелер эмуляциясы, деректер ағынын параллелді өңдеу және қолданушымен анықталған файлдық атрибутты құру сияқты мүмкіндіктер жүзеге асырылған.
  • POSIX (Portable Operating System for computing environments) қолдау. Есептеу ортасында машина-тәуелсіз халықаралық стандарт. Мұнда негізінен көңіл операциялық жүйемен қолданбалы бағдарламалардың өзараәрекетіне бөлінеді. Жазылған қолданбалы бағдарлама бір операциялық жүйеден басқаға оңай тасымалданатын бағдарлама құруға мүмкіндік береді.
  • Үлкен дискілер мен файлдарды тиімді қолдау. NTFS томының максимальді өлшемі264байт = 1 Экзобайт = 16000 млр. Гб құрайды. Файлдың максимальді көлемі232кластер =264байт құрайды. Кластер өлшемі 512 байт дан 64 Кбайт дейін өзгере алады. NTFS файлдың ұзын атауын, Unicode символдар жиынын қолдайды. Түпкі және ішкі каталогтардағы файлдар санына шектеу жоқ.

NTFS деректерді қалпына келтіру процедурасының мәні регистрациямен қортындыланады. Әрбір операция файлдық жүйе өзгерісі, яғни дискілік аумақты үлестіру бойынша операция транзакция сияқты өңделеді.

NTFS файлдық жүйе томының құрылымы.

NTFS файлдық жүйесі келесі дискілік сақтау бірліктерін қолданылады: сектор, кластер (секторлардағы кластердің өлшемі 2 дәрежелі болып табылады), том.

Том - дискі көлемін үлестріруге арналған файлдық жүйені қолданатын және бірнеше кластерлер мөлшерінен тұратын дискінің логикалық бөлімі. Том бүкіл дискіні, оның бөлігін немесе бірнеше дисктердің (RAID’s) көлемін алуы мүмкін.

Кластердің мөлшері 512 байттан 64 Кбайтқа дейін болады. Стандартты болып 2 Кбайтты немесе 4 Кбайтты кластертер табылады. Барлық NTFS дискілік көлемдер екі тең емес бөліктен тұрады.

Біріншісі дискінің 12% - дискінің жүктеуіш секторы (мөлшері 16 физикалық секторларға дейін) .

MFT (Master Fail Table) - негізгі жүйенің арнайы файлы. Мәліметтердің құрылымы қалған барлық файлдардың орналасу жерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерге қандайда бір жазу мүмкін емес. Арықарай жүйелік файлдарға арналған көлемі 1 Мбайт облысы алады. MFT дискінің қалған барлық файлдардың, соның ішінде өзін де орталықтандырылған каталогын құрайды. MFT 1 Кбайтты өлшемді шектелген(фиксированный) жазбаларға бөлінген және әрбір жазба қандай да бір файлға сәйкес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Файлдық жүйелер: NTFS құрылымы, атрибуттары және басқару командалары
NTFS файлдық жүйесінің құрылымы мен мәліметтерді ұйымдастыру әдістері
Windows 2000 файлдық жүйелері: FAT және NTFS құрылымы, өнімділігі мен сенімділігі
NTFS файлдық жүйесінің физикалық құрылымы, MFT метафайлдары, каталогтар және қысу механизмдері
Windows NT жүйесінің құрылымы мен файлдық жүйесі: қорғалған ішкі жүйелер, атқарушы жүйе және NTFS
Windows XP операциялық жүйесі: сипаттамасы, орнату әдістері және файлдық жүйелер (FAT16, FAT32, NTFS)
Ақпараттық жүйелер мен файлдық жүйелер: құрылымы, функциялары және қолданылуы
Файлдық жүйелер және операциялық жүйедегі қызметі: FAT пен NTFS-тың салыстырмалы талдауы
Windows 2000: тарихы, архитектурасы және FAT пен NTFS файлдық жүйелерінің салыстырмалы талдауы
Windows 2000: тарихы, FAT/VFAT және NTFS файлдық жүйелері мен жүйелік архитектураның салыстырмалы талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz