Дербес компьютердің құрауыштары


  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Қазіргі кездегі дербес компьютерлер
  2. Дербес компьютердің құрауыштары.
  3. Бағдарламалық жабдық индустриясын анықтау.
  1. Қорытынды

Кіріспе

Компьютер(ағылшынша: computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі - есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі - басқару болып табылады.

Негізгі принциптері:Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі - дербес компьютер жақсы таныс. Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады. Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т. б.

1. Қазіргі кездегі дербес компьютерлер

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер. Стационарлық компьютерлер үстел басында отырып жұмыс істеуге арналған. Тасымалы компьютерлерге қолкомпьютерлер, қалта компьютерлері және планшетті ДК жатады.

Үстел компьютерлерін әдетте үстел үстіне орналастырады, олардың атауы да осыдан. Әдетте бұлар барлық ДК ішіндегі ең үлкен компьютерлер. Үстел компьютерінің әр құраласы әдетте ауыстыруға болатын жеке модуль түрінде жасалады. Әдетте үстел компьютеріне қосымша перифериялық құрылғыларды жалғауға болады.

Тасымалы компьютерлер

Лаптоптар

Бұл салмағы небары бірнеше килограмм болатын шағын тасымалы компьютерлер. Қазіргі заманғы тасымалы компьютерлердің көлемі шағын болуына байланысты көбінесе ноутбуктар («ДК-блокноттар») деп аталады. Ноутбуктың қалыңдығы әдетте 10 см-ден аспайды. Тасымалы компьютерлер мен ноутбук шығаратын ең әйгілі компаниялар IBM, Apple, Compaq, Dell, Toshiba жәнеHewlett-Packard болып табылады. Тасымалы ДК-лер сұйық кристалды бейнебетпен жабдықталады және батареялармен жұмыс істей алады, бұл пайдаланушы үшін шапшаңдықты қамтамасыз етеді. Мұндай компьютерде жабдықтың барлық негізгі құраластары бір модульге біріктірілген. Тасымалы ДК құрылымына алмалы дискілерге арналған дискіенгізгі, ықшам дискілерге арналған дискіенгізгі, DVD-дискілерге арналған дискіенгізгі кіруі мүмкін; бұл дискіенгізгілер компьютердің салмағы мейлінше аз болу үшін сондай-ақ перифериялық құрылғылар ретінде жалғануы мүмкін.

Қалта компьютерлері

Бұл қалтаға немесе сөмкеге сыйып кететін шағын тасымалы компьютерлер. Мұндай компьютерлердің қуаты әдетте үстелдік немесе тасымалы компьютерлерге қарағанда азырақ болады, бірақ олар белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін өте ыңғайлы. Қалта компьютерлері, мысалы күнтізбені немесе мекен-жайлық кітапты қолдануды қажет ететін күнделікті жұмыста пайдалы. Олардың көмегімен ескерімдер мен ағымдағы істер тізімдерін жасауға, алдағы басқосуларды жоспарлауға болады. Қалта компьютерлерін электрондық пошта және күнтізбе бағдарламаларымен қадамдастыруға болады. Олармен жұмыс істеу үшін әдетте электрондық қаламұш пайдаланылады.

Планшетті компьютерлер

Бұл тасымалы компьютердің бір түрі болып табылады. Пайдаланушы арнайы қаламұштың көмегімен осындай компьютердің бейнебетінде ескерімдер жазып, сурет сала алады. Енгізілген деректерді өңдеуге және одан кейін электрондық пошта арқылы басқа пайдаланушыларға жіберуге болады.

2. Дербес компьютердің құрауыштары.

Төменде қазіргі дербес компьютерлердің құрамына кіретін негізгі құрауыштар аталған.

  • жүйелік тақша
  • процессор
  • жад
  • қатқыл диск
  • CD-ROM, CD-R немесе DVD-ROM жинақтауыштар
  • бейнеадаптер
  • монитор (дисплей)

Жүйелік тақша - жүйенің ядросы. Дербес компьютердің басты бөлшегі - қалғандарының

барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады.

Процессор - компьютердің қозғалтқышы. Бұл жүйедегі ең маңызды микросхема, өйткені дәл осы микросхема программалық жасауының командаларын орындайды.

Жедел жад - процессор өңдеу кезінде пайдаланатынбарлық бағдарламалар мен деректер жазылатын негізгі жад. Компьютерді ажыратқанда жедел жадтағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда - барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін жедел жадқа қайта жүктейді.

Қатқыл диск - жүйедегі ең басты ақпарат тасушы. Онда қазіргі кезде жедел жадта жоқ бағдарламалар мен деректер сақталады. Қатқыл диск бір емес, сырты магнитпен қоршалған айналмалы бірнеше дискілерден тұрады. Компьютерді өшіргенде қатқыл дискідегі ақпарат ешқайда жоғалмайды.

CD-ROM жинақтауыштары - компакт-дискідегі мәліметтерді оқу үшін қолданылады. Компакт-дискілерде барлық мәлімет иілгіш дискілердегідей магнитті емес, оптикалық принциппен сақталады. Дискідегі барлық мәлімет лазерлік сәуленің көмегімен оқылады. CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі - оқу жылдамдығы. Қазіргі заманғы CD-ROMдискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х - 52х.

Бейнеадаптер (видеокарта) - мониторда көрінетін ақпарат бейнесін басқару қызметін атқарады. Процессордан немесе оперативті жадтан мониторға келіп түсетін ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын ішкі құрылғы. Аналық тақша қосқыштарының біріне орнатылады.

Монитор (дисплей) - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды. Дисплей - компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады.

Жүйелік блогы құрылысы:

  1. қоректендіру блогі
  2. видеокарта
  1. порттар
  2. процессор
  3. Дискеталарға арналған дискжетек
  4. винчестер
  5. оперативті жад
  6. аналық плата т. б

3. Бағдарламалық жабдық индустриясын анықтау

Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) -компьютерде ақпаратты автоматтандырып өндеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы. Мақсаты мен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай кез келген бағдарлама екі топтың біріне: БҚ-ның жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) тобының біріне жатады. Жүйелік БҚ компьютердің міндет атқаруы мен оған қызмет көрсетуін, сондай-ақ, жаңа бағдарламалар жасау процесінде автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Жүйелік БҚ-ға:

• операциялық жүйелер мен олардың пайдалану интерфейсі;

• бағдарламалау жүйесі;

• техникалық қызмет көрсету бағдарламалары жатады.

Операциялық жүйе (ОЖ) - бағдарламалардың ұйымдық жинтығы, олардың мақсаты - компьютер жұмысын басқару. ОЖ- нің бұл бөлігі ақпаратты енгізудің, сақтаудың, өндеу мен құжаттаудың кейбір әмбебап құралдары ретінде компьютердің қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Бағдарламалау жүйесі- БҚ-ның бір бөлігі, оны пайдалана отырып бағдарламалар жасалады. Бағдарламалау жүйелерінің мақсаты- бағдарламалау тілдерінде жазылған бағдарламалардың бастапқы мәтіндерін жасау процесін оңайлату, сондай- ақ, оларды компьютер атқаратын бағдарламаға түрлендіру. Бағдарламалау жүйесіне бағдарламалаудың әр түрлі тілдеріндегі таратқыштар (компиляторлар немесе имтерпретаторлар) жатады. Техникалық және сервистік (ұйымдасқан) қызмет көрсету бағдарламалары компьютердің, дискілердің және басқаларының жұмыс қабілетін бақылаудың, анықтау мен қалпына келтірудің бағдарламалық құралдары болып саналады. Қолданбалы БҚ пайдалану міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді. Мұндағы шешуші ұғым қолданбалы бағдарламалардың дестесі (пакеті) болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ құрылымы
Есептеуіш техниканың даму тарихы туралы
Микропроцессор. Дербес компьютер
Дербес компьютер
Корпуста аналық тақшаны баптау
Компьютер құрылысы
Компьютердің программалық жабдықтамалары операциялық жүйе тарихы, қызметі және түрлері
Сервистік программалар және желілік операциялық жүйе
Мехатроника және роботтытехника
Компьютердің ішкі және сыртқы құрылғылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz