Ұялы телефонның шығу тарихы



Мазмұны

Кіріспе

1
Селекция ұғымы
4
2
Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру және мутациялық селекция
6
2.1
Жануарлар селекциясы және оның жетістіктері
10
2.2
Өсімдік селекциясы және оның жетістіктері
12
3
Өсімдіктердің түрлерін ұлттық патенттеу
15
4
Селекциялық жетістіктер
17

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі



Кіріспе

Фирмалық атауға барлық заңды тұлғаларға қойылатын талаптар қойылады - оның құрамында заңнамаға немесе қоғамдық моральға қайшы келетін атаулар (мысалы, қазақ тілінде немесе орыс тілінде дыбысталғанда дөрекі, ерсі болып естілетін шет тілдерінен алынған сөздер), жеке аттар (егер ол қатысушының атымен сәйкес келмесе немесе қатысушылар өз атын қолдануға сол тұлғалардан рұқсат алмаса) болмауы тиіс.
Коммерциялық ұйымның фирмалық атауы болуға тек құқылы емес, сонымен қатар міндетті. Елімізде фирмалық атауларды тіркейтін жеке процедура жоқ, ал бірқатар елдерде мұндай процедура бар (Финляндия, Италия, Греция және т.б.). Заңды тұлғаны тіркеу кезінде фирманың атауы автоматты түрде бірден тіркеледі. Бұл шын мәнісінде заңды тұлғаны тіркеу болып табылады, себебі атауы жоқ заңды тұлғаны тіркеу мүмкін емес.
Фирмалық атаулар ең алдымен тұтынушыларға, сонымен қатар мемлекетті органдарға қолайлы болу үшін енгізілген. Фирмалық атауларды қорғаудың нақты жүйесі болған жағдайда сапасыз тауарды шығарған және басқа құқық бұзушылық жасаған ұйымды анықтау және жауапқа тарту оңай болады. Сондықтан АК 1020 бабының 3 тармағы түрлі заңды тұлғалардың фирма атауларын қолдануға жол бермеу туралы ережені бекіткен. Алайда, бұл фирмаларының атаулары бірдей заңды тұлғалардың болуы мүмкін емес дегенді білдірмейді. Қазақстанда бұл объективті себептермен орын алады - тіркеу қызметін Әділет министрлігіне бергенге дейін мұнымен жергілікті билік органдары мен басқармалардың бөлімшелері айналысқан, ал республика көлемінде барлық тіркеулер туралы бірегей мәліметтер базасы болған жоқ. Бірақ қазіргі уақытта да мұндай база болғанымен, егер ұйымдар түрлі қызмет айналысса және олардың бизнестерінің салалары жанаспаса, онда атаулары бірдей заңды тұлғалардың болуы мүмкін. Ал басқаша, егер шаруашылық тауарларын шығарумен екі немесе үш атаулары бірдей фирмалар айналысса. Бұл заңды тұлғаларды теңестіруге де, тұтынушыларды шығарылатын тауарлар мен көрсететін қызметке қатысты адасушылыққа алып келуі мүмкін. Бұл жағдайда атауды қолдану құқығы фирма атауын бірінші тіркеуден өткізген фирмаға тиесілі болады. Осылайша, фирмалық атауға ерекше құқықтың басты мазмұны фирманың азаматтық айналымда өзі таңдаған фирмалық атаумен шығу мүмкіндігі.

1 Фирма атау туралы жалпы түсінік

Фирмалық атау бір коммерциялық ұйымды басқа коммерциялық ұйымнан ажырату үшін қолданылатын құрал болып табылады. Фирмалық атауға қойылатын талаптарға заңды тұлғалар атауы туралы жалпы талаптар жатады. Атап айтқанда, фирмалық атауды таңдауда онда ұйымдастыру-құқықтық түріне (кооператив, серіктестік, акционерлік қоғам және т.б.), жекеменшік түріне (жеке, мемлекеттік) нұсқау болу қажеттігін естен шығармау қажет. Оған қоса ресми бөлімде коммерциялық ұйымды басқалардан ажыратуға мүмкіндік беретін өзіндік ерекше және фантазиялық атау да қолданылуы мүмкін (Баян - Сұлу, Смак, Фудмастер және т.б.).
Мысалы, серіктестіктің фирмалык атауында ең болмаса, бір толық серіктің есімі енгізілуге тиіс. Біртұтас кәсіпорындардың және заңда көзделген жағдайларда басқа да коммерциялық ұйымдардың атауында заңды тұлға қызметінін сипаты нұсқалуға тиіс. Фирма атауына шындыққа сай келмейтін немесе шатастыруға бейім деректерді енгізуге тыйым салынады, ол жаңа, бұрыннан пайдаланылып жүрген атаудан өзгеше болуға тиіс. Фирма атауына құқық жеке бастың мүліктік құқығына жатады.
Фирма атауы - оның жарғысын бекіту барысында анықталатын заңды тұлғаның атауы. Белгілі бір фирма атауымен заңды тұлға заңды тұлғалардың Мемлекеттік тіркеліміне қосылады. Бұрын тіркелген заңды тұлғаның атауына соншалықты ұқсастығынан сәйкесінше заңды тұлғаларды теңестіруге, сонымен қатар олар шығаратын тауарлар немесе көрсететін қызметтерге байланысты жаңылысқа алып келетін болса, фирма атауы пайдаланыла алмайды.
1.Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз атауы болады.
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi. Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi. 2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi. Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi. Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi заңдарда белгiленедi.
Интеллектуалдық ментттіктің нақты аныңтамасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда берілмесе де Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 125-бабында көрсетілгендей: Осы кодексте белгіленген реттер мен тәртіп бойыніиа азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады.
Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуам түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
интеллектуалдық қызметтің туындылары;
ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;
фирмалық атаулар;
тауарлық белгілері және т. б.
Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп қарастыруға болады.
Жоғарыда көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығармашылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, Эйр Казахстан өуе компаниясы; Бахус АҚ-ы; Глотур фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.
Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты күңделікіі қолданылып жүрген затқа, мүлікке, ментттік құқығьш қолдануға болмайды. Оған интеллектуалдық меншіктің өзіндік табиғатының ерекшелігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан да қолданыста жүрген заңнамада интеллектуалдық меншік объектілерше айрықша құкықтар қолданылады.
Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.
Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.
Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.
6-бап. Авторлық құқық объектiсi. Жалпы ережелер
1. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
2. Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:
1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);
2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты);
3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);
4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты);
5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты);
6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.
3. Заңның осы бабының 1-тармағында аталған белгiлерi бар және дербес қолдануға болатын туынды бөлiгi (оның атауымен, кейiпкерлердiң атауларымен қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.
4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.
5. Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi меншiктену құқығымен байланысты емес.
Қандай да болсын материалдық объектiге меншiк құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген туындыға авторлық құқықтың берiлуiне әкеп соқпайды.
7-бап. Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын
туындылар
1. Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады:
1) әдеби туындылар;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарий туындылары;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;
6) дыбыс-бейнежазу туындылары;
7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;
10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;
11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.
28-бап. Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi
1. Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
2. Авторлық құқығын, оның есiмнiң құқығын және автордың беделiн қорғау құқығын қорғауға шек қойылмайды.
3. Алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.10. № 179-IV Заңымен.
4. Жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған туындыға авторлық құқы ол туынды заңды түрде жарияланған күннен кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Егер аталған мерзiм iшiнде жасырын немесе бүркеншiк атпен шығарылған туындының авторы өзiнiң шын есiмiн немесе оның кiм екенi ендiгi жерде күмән туғызбаса, осы баптың 1-тармағының ережесi қолданылады.
5. Тең авторлар жасаған туындыға авторлық құқық өмiр бойы және басқа тең авторлардан ұзақ өмiр сүрген ең соңғы автор қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
6. Автор қайтыс болғаннан кейiн отыз жыл iшiнде бiрiншi рет жарыққа шығарылған туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
7. Егер автор қуғын-сүргiнге ұшырап, қайтыс болғаннан кейiн ақталса, онда құқық қорғаудың осы бапта көзделген мерзiмi ақталған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап күшiне енедi.
8. Осы бапта көзделген мерзiм сол мерзiмнiң басталуы үшiн негiз болып табылатын заңды факт болған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептеле бастайды.
9. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындыға қорғау берiлген кезде, осы Заңның 5-бабының4-тармағына сай авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiн туындының шыққан елінде белгiленген мерзiмнен асыруға болмайды.
Осы бапта көзделген мерзiмдер мерзiмнiң өтуiнiң басталуына негiз болып табылатын заңдық факт осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiнгi жетпiс жылдан әрi емес мерзiмде орын алған барлық жағдайларда қолданылады.

2. Ұялы телефонның шығу тарихы

Әдетте біз телефонды тапқырлаған Александр Грэхем Белл деп жүргенімізбен, телефонның дүниеге келуіне төрт адамның таласы бар. Яғни олар: Итальяндық иммигрант Антонио Меуччи, Томас Эдисон, Грэхем Белл және Елисей Грей. Негізінде, телефонды бірінші болып тапқырлаған Грэхем Белл емес, Антонио Меуччи болған.

Негізінде, телефонды бірінші болып тапқырлаған Грэхем Белл емес, Антонио Меуччи болған. Антонио Меуччи әпенделеу, дегенмен аса көрнекті флоренсиялық өнертапқыш. 1850 жылы АҚШ-қа келді. 1860 жылы Меуччи алғаш рет өзінің жұмыс істейтін электрлік құрылғысының моделін көрсетеді, ол оны teletrofono деп атайды. 1871 жылы - Александр Грэхем Белл өзінің телефонын патенттеместен 5 жыл бұрын - жаңалық ашуға алдын ала өтінім (ол уақытша патент ретінде) береді. Дәл сол жылы Меуччи Стейтен-Айлендте паромдағы бойлердің жарылуынан қатты күйіп қалады. Ағылшын тілін нашар білетін және жұмыссыздық есебінен алатын жәрдемақыға күнелтіп жүрген Меуччи, 10 доллар таба алмай сол күйі 1874 жылы өзінің өтінішін қайталап бере алмады.
1876 жылы Беллдің патентін тіркеуден өткізген кезде, Меуччи оны сотқа береді. Себебі осыдан екі жыл бұрын италияндық ірі американдық Вестерн юнион телеграфтық компаниясының зертханасына эскиздер нұсқасы мен жұмыс істейтін модельдерді жіберген болатын. Ақылға қонбайтын кездейсоқтық бойынша, Белл дәл сол зертханада жұмыс істеген екен және Меуччи жіберген модельдер құпия түрде жоғалып кетеді.
Меуччи Александр Грэхем Беллге қарсы іс бойынша соттың шешімін ести алмай, 1889 жылы кедейліктен қайтыс болады. Нәтижесінде телефонды ойлап табу бойынша барлық атақ-даңқ Меуччиге емес, Беллге тиесілі болды. 2004 жылы тепе-теңдік ішінара қалпына келтірілді. АҚШ конгрессінің төменгі палатасы Антонио Меуччидің өміріне және жетістіктеріне лайықты баға беріп, телефонды ойлап табу ісіндегі еңбегін мойындау туралы заң қабылдады.
Ал, Елисей Грейдің телефон тапқырлау таласына келсек, ол телефонды тапқырлады деп жүрген Грэхем Беллмен бір күнде, яғни, 1876 жылы 14 ақпан күні, телефонды патенттеуге өтініш береді. Сол кездегі Американың патент заңы бойынша, Елисей Грейдің өтініші екі сағат кешіккені үшін, бірінші келіп түскен Грэхем Беллдің өтініші заңдастырылып, тарихта телефонды тапқырлаған Грэхем Белл болып қалады..
Ал, соңында, Томас Эдисонның қатысына келсек, мыңнан артық тапқырлықтарымен тапқырлық патшасы атанған ұлы тапқыр Эдисон да телефонның дамуына өз үлесін қосқан. Грэхем Беллдің телефон патентін ертерек тіркетіп алғаны болмаса, Томас Эдисон да сол кезде телефон туралы зерттеу жасап жатқан-ды. Алайда, телефонды бірінші тапқырлаған адам ретінде патенттей алмаса да, Эдисон телефонды одан әрі дамытып, қолданылымдығын жоғарлату жағында зор үлестер қосты. Беллдің бір қабырғадан екінші қабырғаға азер естілетін құралын бір қаладан екінші қалаға хабарласа алатындай етіп дамытты.
Оған қоса, біздің тақырыпқа арқау болған Алло (Hello) сөзінің де телефонда бірінші рет қолданушысы ретінде тарихта қалып отыр. Телефон дүниеге келген соң, адамдар көп түрлі сәлемдесу дағдыларын істетіп көрген. Ол кезде Не қалайсыз? , барсыз ба?, сөйлеуге дайынсыз ба? деген сияқты көптеген нұсқалар болған. Ал, телефонды тапқырлады деп жүрген Беллдің өзі Ахой, хой (Ahoy, hoy) деген сөзді қолдануды қуаттаған. Алайда, Беллдің бұл қолданымы кең қолданысқа йе бола алмады. Керісінше, телефон қолданушылар Томас Эдисонға еліктеген. Телефон тұтқасын алғаш көтергенде, Эдисон телефонның ар жағында кімнің бар-жоқтығын сұрамай, тек жай ғана Алло ( Hello) деген. Осыдан кейін, Томас Эдисонның бұл сөзді тапқырлауы туралы көптеген аңыздар тарап кетті. Ал, бұл қауесет-аңыздардың тарауы 1980 жылы Аллен Кенигсбергтің нақты айғақтама тапқанына дейін жалғасқан. Аллен Кенигсберг сол кезде Томас Эдисонның Питтсбургтағы телеграф компаниясының президенті T.B.A. Дэвидге жазған хатын тауып алған. 1877 жылы 15 тамызда жазылған ол хатта Томас Эдисонның алғаш рет Алло (Hello) сөзін қолданғаны туралы айғақтамалар болды.
Ал, Алло сөзін Александр Грэхем Беллдің сүйген қызының есімінің (Алессандро Лолита Освалдо-мыс.) қысқарғанынан шыққан екен деген уәждің қаншалықты салмағы бар екенін ойлаудың өзі күлклі іс, әрине. Оның үстіне, Грэхем Беллдің сүйген жарының есімі Алессандро Лолита Освалдо емес, қайта, Мейбл Хаббард Белл болған. Оған қоса, өкінішке қарай, Беллдің сүйген жары телефон қолдана алмайтын адам, себебі, оның жары құлағы естімейтін саңырау болған. Тағы бір шындық, Белл телефонды тапқырлаған соң, оның қолданып, қуаттаған сөзі Ахой (Ahoy) болды.
Қорытып айтқанда, Алло сөзі, біреулер қауесет еткендей, бір қыздың есімінің қысқартылғанынан шыққан емес, қайта, тарихи жазбаша айғақтамалары бар, Hello сөзінен шыққандығы бесенеден белгілі болып тұр.
Телефон көтергенде, өзге елдер өздерінше үйлестіріп, ыңғайына қарай бір сөз қолданады екен. Мысалы: итальяндар пронто, жапондар моси моси, қытайлар вэй, кәрістер ёбосэё, гректер паракало, арменияндар лсум эм, испандар diga, орыстар алло, ал ағылшындар мақалада айтып кеткендей Томас Эдисонның хелло-сын қолданады екен. Ал, біз ші? Неге біз әр нәрсеге еліктегіш, тез қабылдағыш келеміз? Телефон тұтқасын көтергенде Алло деген сөзді қолдану қанымызға әбден сіңіп кетті бұл күнде.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.
Құрылғының ауырлығына қарамастан, оларға деген сұраныс күннен-күнге өсіп отырған. Motorola компаниясының инженері әрі өнертапқышы Мартин Купер бұл құрылғының салмағы мен өлшемін төмендету идеясын алға тартып, адам баласының телефонды өзімен бірге алып жүру идеясын жүзеге асыра бастады. Қазіргі заманауи телефон прототипінің пайда болуы тек Купердің қажырлы еңбегінің арқасы емес. Motorola компаниясының басқа да инженерлері құрылғыны жетілдірумен айналысып, біраз тер төккен. Компанияның ұстанған бағыты мен өндірістің дұрыс жоспарлануы Motorola компаниясының бәсекелестерінен озып шығуына мүмкіндік берді. Купердің идеясын жүзеге асыру үшін 15 жыл мен 90 миллион доллар қаражат кетті. Сол күн тарихта қалары анық. 1973 жылдың 3 сәуірінде BeLL Laboratories компаниясы зерттеу бөлімінің бастығы Джоэл Энгелдың жұмыс кабинетіне біреу қоңырау шалды. Телефон тұтқасын көтерген Джоэл бәсекелесі Мартиннің дауысын естіді. Мартин Джоэлге былай деген екен:"Қайдан қоңырау шалып тұрғанымды білесің бе? Мен ұялы телефоннан хабарласып тұрмын". Кейін Купер бұл оқиға туралы былай депті: "Оның не деп жауап бергені есімде жоқ, бірақ тістерінің сықырлағанын естігендей болдым". Кейін Энгел мен BeLL Laboratories компаниясы да байланыс саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Әлемдегі алғашқы ұялы телефонның салмағы 1,15 келі болса, өлшемдері 22,5х12,5х3,75 см-ге тең еді. Жарықдиодты дисплей теріп жатқан телефон нөмірін көрсету функциясын атқарды. Аккумулятордың сыйымдылығы жарты сағат сөйлесуге жетсе, зарядтау процесі 10 сағатты талап ететін. 1983 жылға дейін осындай байланыс құралының 5 данасы шығарылса, кейін осы үлгінің жетілдірілген нұсқасы шықты. Жаңа салмағы 850 грамм болған телефон 3995 долларға бағаланған еді.

Бір жылдың ішінде осындай құралдардың 12 мың данасы сатылған. Motorola DynaTAC 8000X - алғашқы ұялы телефон Ұялы телефон -- радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

сотка1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, қоңырау деген мағынабереді.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.

3 Ұялы телефон шығарушы компаниялар
Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.
Ұялы телефонның зияны
1. Ұялы телефонның қосылып тұрғандағы сәулелендіру деңгейі есту, көру, мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді.
2.Ғалымдар зерттеп, қызықты қорытынды жасады; 10 жылдан астам уақыт ұялы телефонды үзбей пайладанған адамның миына зиянды заттарды енгізбейтін сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Болашақта адамды мидың қатерлі ісігіне шалдықтыруы мүмкін.
3. Шетелдік ғалымдар телефонды көп қолдану адамды Альцгеймер және Паркинсон ауруына шалдықтырады деп шешті.
4. Шетелдік ғалымдар Сәуленің әсері кейінгі ұрпаққа беріледі деген. 1 ай бойы түрлі телефон арқылы атжалмандарды сәулелендіру тәжірбиесін жасады. Екі аптадан соң олардың иммундық жүйесі өзгерді. Сәулеленген атжалмандар қанын басқа атжалман тышқандарға екті. Кейін өліп қалды.
5. Еуропаның электронды ғылыми зерттеу институты жүргізген көрсеткіші, телефон арқылы сәуле қабылдау гемоглобин талшықтары кеңейіп кетті.
6. Телефонға тым әуес адам бүйрегінде тас байлануына, жүрек қан тамырлары ауруына әкеледі. Дәлелдеу үшін, қан айналымын зерттеп, 60 сағат аралығында сәулелендіру жұмыстары жүргізілді.
7. Зерттеу кем дегенде он жыл бойы телефон қолданған адамдарда ми обырының жиілігі арттыратындығын көрсеткен.
8. Обыр тудыратын басты себепкер ұялы телефон алғашқы орын алады. Бөлініп шыққан зиянды сәулелер кішкентай баланың қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келеді. Ұзақ уақыт телефонды ұстатуға болмайды.
9.Ұялы телефон ер адамның ұрығына арақ пен темекіден екі есе көп зиян келтіреді деген ой жасады. Себебі ер адамның репродукциялық, яғни бала туғызу қызметіне зиянды.
10. Швеция ұялы телефонға аллергияның болу ресми мойындаған мемлекет. Егер бойыңызда осы аталған аурулар мен сырқаттар байқалса, швед өкіметінен өтемақы ретінде ақшалай талап ету құқыңыз бар.
11. Күнделікті тұрмыста көптеген адамдардың хат, электронды хабарлама, телефон қоңырауы келмесе, тағатсызданатынын байқаған. Әр жарты сағатта шырылдамаса, қарағыштап, қуатын тексеріп, алаңдап отыратынын зерттеген. Хат, қоңырау шалу, ғаламторда ұялы телефонмен ену, жолдаумен әуреге түсетін адамдардың қабілеті төмендейтінін зерттеді. Ғалымдар бұны Ақпарат Құмарлығы деп атады.
Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:
Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т.б.
Жай ұялы телефонда қоңырау шалуқабылдау, SMS, соңғы кездері фотобейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады.
Смартфон (ағылш. smart -- білімді, ақылыды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.
Ұялы телефонның артықшылығы
Әр адам және кез келген уақытында пайдалана алады. Яғни, әр түрлі жағдайда адаммен хабарласа алады. Екіншіден, ол өте кішігірім болып келгендіктен, күнделікті өмір де өзінізбен ұстай аласыз.
Ұялы телефонның кемшілігі
Ең бастысы адам денсаулығына зиян болып келеді де, көптеген аурулар пайда болады.Осымен қатар, сіз ұялы телофондарға тәуелдісі

3.1Motorola компаниясына жалпы сипаттама
Motorola Inc. (NYSE: MSI MMI, MSI) - телекоммуникация саласында және электронды жүйеде әлемдік көшбасшылардың бірі болған Америка компаниясы.
2010 жылы Fortune (АҚШ-тың 500 ірі компаниясы) тізімінде 110-орынды иеленген.
Штаб-пәтері Чикагоға жақын Иллионйс штатындағы Шаумбургте орналасқан. 2011 жылы компания дербес түрде екіге бөлінген, олар: Motorola Solutions және Motorola Mobility (процесс 2011 жылы 4 қаңтарда аяқталған). Motorola Inc. корпорациясының акционерлері бірінші және екінші компанияның акцияларын да алған. Motorola Inc. корпорациясының негізгі меншігі және белсендісі ретінде Motorola Solutions компаниясы танылған.
авторларнкаида
1928 жылы Motorola компаниясы ағайынды Пол және Джозеф Галвиндер негізін салған отбасылық Galvin Manufacturingкомпаниясы ретінде өз жұмысын бастаған. Жұмысқа бастапқыда небәрі 5 ғана адам қабылданған. Еңбекақы алғашқы аптада 63 долларды құраған болатын.
1947 жылы Galvin Manufacturing Corporation корпорациясы өз атауын әйгілі сауда маркасы болған Motorola деп өзгертті.
1956 жылы Motorola тек соған арналған хабарламаларды ғана ала алатын өзінің алғашқы пейджер-радиоқабылдағышын шығарған. Алғашқы пейджерлерді аурухана қызметкерлері мен менеджерлер қолданған. Кейіннен пейджерлер әрдайым байланыста болғысы келген адамдар арасында сұраныс тапқан.

Motorola - қазіргі мобилды байланыс жүйесінің негізін салушылардың бірі. Алғашқы ықшам әрі қолайлы ұялы телефон - Motorola DynaTAC 8000X 1983 жылы 6 наурызда шығарылған. Су жаңа телефонның салмағы 800-дей грамм, көлемі 33 х 4,4 х 8,9 см болған. 8 сағатқа жететін аккумуляторы бар телефон 3995 долларға бағаланған.

2000 жылдан бастап Motorola Inc. корпорациясы бірнеше қайта құрудан кейін шығындала бастайды. 2000 жылдың ортасында компанияның негізгі мәселелері мобилды телефон өндірісі бойынша бөлімшемен байланысты болды.
2004 жылы Motorola Semiconductor - дың жартылай өткізгіш құралдарын өндіру және құрастыру секторы дербес компанияға бөлінеді. Кейіннен Freescale Semiconductor деген атауға ие болған. 2006 жылы Freescale Semiconductor компаниясы Blackstone Group LPкомпаниясын басқарған концорциум тарапынан сатылып алынды. Соның арқасында технологиялық компанияның ірі жеке сатылымы болып, әлемдегі үздік келісімдердің ондығына кіреді.
2010 жылы шілдеде Nokia Siemens Networks Motorola Inc.корпорациясымен келісімге отырады.
2011 жылы корпорация Motorola Solutions және Motorola Mobility деген екі компанияға бөлінеді.
Атауы
Компания атауы өзінің алғашқы өнімі - автомобилды радиоқабылдағыш шығарған кезде пайда болған. Motorola: ағылш. motor - транспорттық жабдық, -ola жалғауы сол кездегі әйгілі үй қабылдағышы - Victrola сөзінің жалғауынан алған.патент
3.2 Nokia Corporation компаниясына жалпы сипаттама
Nokia Corporation -- коммуникация саласындағы ірі трансұлттық корпорация. Бас кеңсесі Финляндияның Эспооқаласында орналасқан (Ел астанасы Хельсинкиге серіктес қала). Компания өзінің телефондары мен смартфондары арқасында кең танымал. Компанияның 120 елде өкілдіктері бар және 130 000-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Компанияның сауда-саттық операциялары 150 елде жүреді, 2010 жылы жылдық табысы 42 млрд. АҚШ долларын құраса, таза пайдасы 2 млрд. АҚШ доллары болған. Компания 2011 жылдың бірінші жартысында барлық ұялы телефон нарығының 23 пайызын иеленген.
Nokia-ның негізін қалаған Оңтүстік Финляндия тұрғыны - Фредрик Идестам, алғаш жұмысын қағаз шығару өндірісімен бастаған ол әртүрлі өндірістік салаларда: қағаз, резеңке, химиялық заттар, электроника өндірумен айналысып, 1965 жылы телекоммуникация және бейнетехнологиялық бұйымдар шығаруды жолға қояды.
1980 жылдың соңында Еуропада ақпараттық технология, ірі провандер және телевизиондық жабдықтар өндіру бойынша 3-орынды иеленеді. Бренд әртүрлі нарықтық категориядағы тауарларды өндіретіндіктен, тұтынушылар арасында белгілі бір нақты сала бойынша танымал болмады.
1990 жылғы экономикалық құлдырау Nokia компаниясына үлкен ауыртпалықтар әкеліп, біршама күрделі мәселелер туындатып, зардабын тигізеді. 1992 жылы Йорма Олилла компанияға президент болып бекиді. Ол компанияның нарықтағы тауар түрінің біреуін ғана өндіріп, оны жетілдіруге баса назар аудару қажеттігін және компания жұмысының өнімділігін сонымен ғана арттыратындығын жете түсініп, ендігі іс барысын соған бейімдейді. Осылайша телекоммуникация нарығы жаңа қадаммен жұмысын бастайды.
Тәуекелі мол бұл шешім ұзамай-ақ нәтижесін көрсете бастайды. Компанияның ісі алға басып, шешімнің оң болғандығын көрсетіп, мультимедиялық өнімді өндіруде компанияны бүкіл әлемге әйгілі етті. Қазіргі таңда Nokia ұялы телефонымен әлемдік нарықтың үштен бір бөлігіне ие болып, Еуропа нарығының 50 пайызын иемденіп отыр.
Nokia мультимедиялық құрылғылар мен ұялы телефондарды жетілдіруді жолға қойған жетекші компания болып саналады. Қазіргі кезде де Nokia ұялы телефон шығарушы компаниялар - бәсекелестері арасында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген, өнімі бірқатар артықшылықтарға ие бірден бір компания.Бұл компанияның ұялы телефондар нарығында алда келе жатқандығын білдіреді.
Концентрация Компанияның тауар нарығында көп жылдар бойы қалыптасқан әртүрлі өнім шығаруды тоқтатып, бір ғана нарық категориясына көшуі, дұрыс шешім, оң қадам болды. Осының арқасында Nokia 2002 жылы ең алдыңғы халықаралық жүз көшбасшы компанияның бірі ретінде саналып, бренд, АҚШ-та глобальді марка болып танылды.
Nokia компаниясының жеке көрсеткіштері 2010 жылы компанияның ұялы телефондардың халықаралық нарығында 32%-дық көрсеткішке (бір жыл бұрын 34%) ие болғандығын көрсетеді. Ал Garther бағалауы бойынша көрсеткіш біршама төмендеген, 2010 жылы 28,9 % (бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны
Телефонның пайдасы мен зияны
Жай ұялы телефон смартфон
Телефонның шығу тарихы
Ұялы телефон
Ұялы телефондардың тарихы
Ұялы телефондардың алып келетін зардаптары
Мобильді телефонның даму тарихы
«Қазақ тілі бойынша онлайн тестілеудің мобильді қосымшасын құру»
Компьютермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік. ұялы телефон қауіпсіздігі
Пәндер