Ұрық алудың физиологиялық негізі



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ұрық алудың физиологиялық негізі

Орындаған:
Топ:
Тексерген:

2016 Семей

Жоспар:
I Кіріспе
1.1 Ұрық туралы түсінік
II Негізгі бөлім
2.1 Қолдан ұрықтандыру
2.2 Ұрық алудың физиологиялық негізі
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Ұрықтану -- кері жүрмейтін бір беткей процесс: Бір рет ұрықтанған жұмыртқа клеткасы қайтадан ұрықтанбайды. Сингамия (аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылып бірігуі) мен кариогамия ұрықтанудың негізгі мәнін білдіреді.
Жануарлардағы ұрықтану. Жануарларда болатын ұрықтану процесін бірнеше фазаға бөлуге болады. Жұмыртқа клекасының кез келген бір нүктесіне сперматозоидтың бекінуі немесе микропиле арқылы оған енуі -- бірінші фазаның басталуы. Сперматозоид басының жұмыртқа клеткамен түйісуі химиялық реакциялар тізбегінің бастамасы болып табылады. Бұл фазаны жұмыртқаның активтену фазасы деп атайды.
Жұмыртқа клеткасына бір сперматозоид (моноспермия), ал кейбір жануарларда бірнеше сперматозоидтар (полиспермия) енгеннен кейін ұрықтану процесінің екінші фазасы-басталады. Жұмыртқа клеткасының ішіне енген сперматозоид аналық ядромен қосылып бірігуге дайындалады, ол митоз бойынша жүреді: сперматозоид ядросы біртіндеп ісінеді де интерфаза кезіндегі ядроға ұқсайды. Мұндай ядро аталық пронуклеус деп аталады. Сперматозоид ядросымен қосылып бірігуге дайын болған (мейоздың барлық фазасынан өткен) жұмыртқа клеткасының ядросын аналық пронуклеус деп атайды.
Сперматозоидтың жұмыртқамен түйісу және оның ядросына енуі кезінде әр түрлі жануарларда жұмыртқа бөліне отырып жетілудің әр түрлі бөліну стадиясында болуы мүмкін. Мейоз аяқталғаннан кейін ғана, яғни аналық пронуклеус түзілгеннен кейін ғана кариогамия іске асады.
Ұрықтану актісінде гаплоидты екі пронуклеус бір ядро болып бірігеді де, зигота түзеді. Осы мезгіл жынысты көбею процесінін кульминациялық шегі болып табылады. Алдыңғы ұрпақтағы мейозда ажырап кеткен гомологиялық хромосомалар кариогамия нәтижесінде зиготаның бір ядросына қайтадан бірігеді. Жыныстық көбеюде хромосомалардың диплоидты жиынтығы осылай калпына келеді.
Малды қолдан ұрықтандыру - мал басын арттырудағы аса жауапты кезең. Оның нәтижесі тек қана ұрықты дұрыс жіберу мен оның сапалылығында ғана емес, сонымен қатар сол ұрықтандырудың өзі қандай жағдайда жүргізіліп отырғанына байланысты. Жануарларда тараған жұқпалы және паразитарлық аурулармен қатар, 50% кесел жұқпалы емес болып табылады. Жұқпалы емес аурулардың туындауына себеп болатын: малды қалыпты азықтандырмау, ас қорыту және тыныс алу жүйелерінің, хирургиялық және акушерлік- гинекологиялық аурулар. Осылардың салдарынан ауыр төлдеу, шудың түспей қалуы, жатыр субинволюциясымен қабынуы, аналық жыныс бездерінің қабынуы кездеседі. Аналық мал басының сүттілігі, жоспарлы төлдеуі, жыныс мүшелері мен басқа органдардың қалыпты болуы ұдайы өндірумен тығыз байланысты. Акушерлік-гинекологиялық аурулар көп жағдайларда сапасы төмен азықтарды қолданып, ұрықтандыру технологиясын сақтамағаннан, жыныс мүшелерінің қабынғанынан және жайылымды дұрыс пайдаланбауға тікелей байланысты. Осыған орай гормондық сипаттағы, дәрумендердің жетіспеушілігі, басқа да кері факторлардың әсерінен аналықтардың жыныс мүшелерінде бедеулік пайда болады. Сонымен қатар, қолдан ұрықтандыру малдардың жыныс органдары арқылы тарайтын жұқпалы аурулардан сақтандыратын әдістің бірден-бірі болып табылады. Қолдан ұрықтандыру әдісі ветеринария саласының ең үлкен жетістігі. Табиғи шағылыстыру әдісімен салыстырғанда, қолдан ұрықтандырудың ең басты артықшылығы асыл тұқымды, жоғары сапалы өнім беретін әр қошқардан бірнеше есе көп төл алуға болады. Соның нәтижесінде асыл тұқымды қошқарға талап жоғарлайды. Саулықтарды қашыратын қошқар саны азая түседі. Қошқардың табиғи тұрғыда бір қойдан қашырған ұрығымен қолдан ұрықтандыру әдісімен 20-25 саулықты қашыруға болады. Қолдан ұрықтандыру әдісін пайдалану барысында ұрықты сұйылтуға, оны сақтап және ұзақ уақыт жолға тасымалдауға болады. Қолдан ұрықтандырудың әдісінің артықшылығы оның тиімділігі тек қана мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізгенде және малды күту мен толық құнарлы азықпен азықтандырып, қолдан ұрықтандырушы маман болып, қолдан ұрықтандыру пункті қажетті материалмен толық жабдықталған жағдайда ғана өз нәтижесін береді.
Ұрықтандыру,қолдан күйлеген аналық малдың қынабына аталықтың ұрығын қолдан жіберу, яғни қолдан ұрықтандыру. Ұрықтандыру мал шаруашылығы саласындағы ірі жетістік болып табылады. Ұрықтандыру арқылы жоғары өнімді асыл тұқымды аталық ұрығымен бір кезеңде көптеген аналық малды ұрықтандырып, бір жылда оған тартқан мыңдаған төл алып, нәтижелі тұқымдық асылдаңдыру жұмысын жолға қоюға болады. Ұрықтандыруда аталық мал ұрығының сапасын алдын ала тексеріп, түрлі жыныс ауруларына жол бермеуге жол ашылады. Ұрықтандыруды жүргізу үшін қажетті құрал- жабдықтар мен ол істі жете менгерген білікті маманы болуы керек. Ол әр мал түлігінен ұрық алып, сақтап, бөліп, онымен күйлеген малды шебер ұрықтандырура білуі керек. Мал түліктерімен қоса құс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұрық жапырақшаларының мүшелермен жүйелердің түзілуі
Өсімдіктердің биотехнологиясы
Қазақстанда өсірілетін бидай сорттары
Қолдан ұрықтандыру
Астық тұқымдасының соматикалық ұлпасының дақылында морфогенез және регенерация мәселелері
Бидай сорттарын тұзда өсіру
Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарымен жылжуы
Қойды қолдан ұрықтандыру
Отбасын құруға дайындық немесе халық педагогикасының бірінші негізі
Буаздық физиологиясы
Пәндер