Мал шаруашылығының жылқы өсіретін салас
Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән : Өнімді жылқы шаруашылығы
Тақырыбы : Жылқының сүт өнімділігі
Орындаған: Тексерген :
Тобы:
Қолы:_____________ Қолы:_____________
Өткізген күні :
___________________ Бағасы:____________
Күні:______________
2017
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1.1 Бие атаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-11
II Негізгі бөлім
2.1 Жылқының сүт өнімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .12-15
2.2 Жылқы сүтінің химиялық құрамы және қасиеттері ... ... ...16-19
2.3 Қымыз дайындау технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19-22
2.4 Қымыз сапасына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ..22-28
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жылқы шаруашылығы -- мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке - тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына - күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан жетілдіе түсті. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпал
н тигізеді. Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқвға деген талап-тілек артып отыр.
Еліміздің ерте кезден ақ Жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық
із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Сонымен қатар жылқыны кез келген шаруашылықтың күнделікті қажетін өтеу үшін салт мінуге, жүк тасуға т.б. жұмыстарды аткаруға пайдаланады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды. Соңғы кезде жылқы саны Қазақстанда қайтадан көбеюде.
Бие атаулары
Буаз бие. Айғырдан шығып кеткені.
Құлынды бие. Құлыны бар бие.
Тайлы бие (қысыр бие). Айғырдан шықпай қалған, немесе айғырдан шығып, іш тастап кеткен бие, былтырғы туған құлыны арқылы сауылатын, қысыр бие.
Месбие. Жуан қарынды, денесі үлкен, күшті, сүтті кәп беретін бие. Мұндай биелердің тоқаштығы білінбей, бір қалыпты түрады.
Сауулы (құлыны жоқ) бие. Құлынын қасқыр жеп, немесе құлыны өліп, басқа биенің қүұлынына телінбей, өлген құлынның терісі арқылы немесе құлынсыз сауылатын бие. Мұндай бие, сауатын мезгілінде өзі келеді, кейде сауатын кісіге үйренуі бойынша шелегін қақса немесе құрауласа келеді.
Тел бие. Құлыны өліп, басқа биенің құлынына телінген бие.
Сақа бие. Бес-алты құлындаған бие.
Сақа қулық бие. Бес-алты жасқа дейін жүріп, кейіннен айғырдан шығып, ең алғашқы құлындағаны.
Үлкен қулық бие. Міністен ерғашты болып, күш-көліктен басылып, үйірге қосылмай жүріп, кейіннен айғырдан шығып, құлындаған ірі бие.
Кіші қулық бие. Тайында айғырдан шығып, құнажынында құлындағаны.
Қасабалы бие. Құлындап жүрген биелердің жеті-сегіз жастағысы.
Шарланған бие. Құлыны өліп, не құлынын қасқыр жеп, басқа биенің құлынына телінбей, мүлдем суалып кетіп, семірген биені осылай атайды.
Асау бие. Құлынды биенің сауылып үйретілмегені.
Бошалауық (жершіл) бие. Қысқы мекенінен жайлауына барып құлындайтын, немесе туып- өскен жеріне кетіп құлындайтын биені бошалауық бие деп айтады.
Құнды бие. Тұқымы суыққа төзімді, мініске берік, құлыны жақсы туатын, сүті мол бие.
Құтымсыз (құнсыз) бие. Сүті аз, суыққа төзімсіз, құлыны нашар болып туатын бие.
Құт бие. Үнемі ұрғашы құлын құлындап, құлыны өлмей өскен сүтті бие.
Құртық бие. Құлынды биелердің ішіндегі ең кішісі, сүт өнімділігі жоқ, құлыны әлсіз туатын, тұқымы нашар бие.
Дене бітімі ерекшеліктеріне қарай аталуы
Айна көз бие. Бұл тек дене ерекшеліктеріне қарай теңеп айтылған атау. Мұның біріншісі -- жазық қабақты, жылтыр көзді деген мәнде. Мұндай мал көп жұрсе, екі көзінен жас сорасы ағады. Ал, екіншісі -- қабақты, асыл көзді деген мағынада. Мұндай биенің, не жылқының сонша көп жүрсе де көзіне жас сорасы ақпайды.
Қара желін бие. Бүл атау биеге ғана қолданылады. Оның қара етті немесе ет желінді екенін білдіреді.
Күпшек санды бие. Бұл атау биенің не жылқының артқы сандарының күпшек тәрізді жуан, жұмыр екендігіне қарай теңей айтылып қолданылады.
Қамыс құлақ, қайшы құлақ немесе сиыр құлақ бие. Бұлар тек сол жылқының құлақтарының бітіміне қарай теңеп айтылған атаулар.
Ноқталы бие. Құлынды бие деген мағынада айтылады. Бұл атау биенің құлыны бар деген мағынаны білдіреді.
Қосақты бие. Бұдан мынандай екі мағына туады. Біріншіден, биенің күзге қарай жабағысы қосақталып, сауылатындығын білдірсе, екіншіден, біреуден алынған, үйірі басқа биенің, яғни жылқының ез үйіріне қашып кетпеуі үшін мойнына қосақталып жіберілетінін түсіндіреді.
Ер арқа бие. Бұл биенің биік шоқтықты, кең сауырлы болып келгенін көрсетеді.
Құлындауына қарай аталуы
Қулық бие. Бұл атау дөнежін не бестісінде бірінші рет құлындаған биеге қолданылады.
Айғырдан шыққан бие. Күйтінің келуіне қарай биенің айғырмен шағылысып кеткенін білдіреді.
Ерте бие. Бұл -- биенің мезгілінен бұрын айғырдан шығып кететінін және ерте құлындайтынын көрсетеді.
Кенже бие. Биенің айғырдан кеш шығуына байланысты басқа биелерден кейін құлындайды деген мағынаны білдіреді.
Арамза бие. Биенің мерзімінен бұрын шағылысып кетіп, қыс ішінде құлындайтынын білдіреді.
Күй-жайына қарай аталуы
Ту бие немесе құр бие. Құлын тастап кеткен, не құлыны өліп қалған немесе мүлде құлындамаған, әрі мініс көрмеген биені атайды. Мұндай бие өте семіз келеді.
Тасырқаған және тосырқаған бие (жылқы). Алдыңғы атауда биенің (жылқының) табаны жұқарып, тозған жайын білдірсе, соңғысында өз үйірін не басқа үйірді бетенсуі, жатсынуы мағнасында қолданады.
Дөнен бие. Биенің қысқа шыдамсыз, қысы-жазы бойына ет алып оңалмаған, сүті аз, 7 -- 8 жастағыларын білдіреді.
Ашаң бие. Биенің (жылқының) дұрыс қоңданып, ет алмағанын көрсетеді.
Босаң (босалаң) бие. Тез арада арықтайды деген мағынада. Бұл атау биенің (жылқының) тұқымы жаман, мініс бермейтін, өте тез арықтағышын білдіреді.
Жасық бие. Мұның мағынасы тұқымы жаман, сүті өнімсіз үнемі бойына ет алмайтын, суыққа тезімсіз дегенді білдіреді.
Жасына қарай атаулы
Тоқтаған бие (жасамыс бие). Бұл атауда екі түрлі мағына бар. Біріншісі биенің айғырдан шығып кеткенін көрсетсе, екіншісі биенің орта жастан асқандығын көрсетеді.
Құлын. Биенің жас төлі. Өте сүлу келеді. Сондықтан тілімізде құлын мүше деген сөз қалыптасқан. Жаңа туған құлынды құлан мүшелі құлын, арғымақ денелі құлын, қаз мойын құлын деп те атаймыз.
Жабағы. Жас құлынды алты айға толған соң, күзде жабағы деп атайды. Мұның бұлай аталуы құлын кезіндегі түгі күзге қарай есіп, тығызда- нып, жабысу (ұйысу) салдарынан жабағыланады.
Тай бие. Бір жасында құлындаған бие. Қыс ішінде туған ұрғашы құлын мен телі құлындардың сауылмай жіберілген ірілері (күйлі, семіздері) айғырдан шығып, бір жасында құлындайтындары болады.
Буаз құнажын байтал. Айғырдан бір жасында шығып, екі жасында құлындайтыны.
Буаз дөнежін бие. Айғырдан екі жасында шығып, үш жасында құлындайтын бие.
Бесті бие. Айғырдан төрт жасында шығып, бес жасында құлындаған бие.
Қәртамыс бие. Құлынды биенің он бірден он төрт жас аралығындағысы.
Кәрі бие. Құлынды биенің он бестен он жеті жас аралығындағысы.
Лақса бие. Құлындап жүрген биенің он сегіз, он тоғыз, жиырма жасқа келгені.
Жасаған бие. Жиырма жастан асқан құлынды биені айтады. Мұның асыл тұқымдылары тіс бедерін жоймайды, 40 жасқа дейін жасайды.
Сары қарын бие. Биенің қарны сары деген мағынаны білдірмейді, оның сегіз-тоғыз жастағы екендігін білдіреді.
Құнажын байтал. Екі жастан асқаны.
Дөнежін шығар. Үш жастағы байтал.
Дөнежін байтал. Үш жастан асқаны.
Сауылуына қарай аталуы
Сауын. Әрбір төлді малдың сауылуы.
Сауым. Бие желінінің сүтке толып, құлынын емізетін және сауылатын кезінің болғанын көрсетеді. Әрі биенің сауылу уақытын білдіреді.
Қенже (артқы, соңғы) сауым. Кейінгі, ең соңғы сауым мағынасында. Кейінгі сауым -- биені ағытар кезіндегі соңғы сауымы деген ұғымды да білдіреді.
Қожыраған бие. Бұрынғысына қарағанда сүтті өте аз беретін бие. Сауылатын биенің сүті азайғанын, суалған (сүті қайтқан) кезіндегі қалпын білдіреді.
Бас сауым. Күні бойы сауылатын биенің ең алғашқы (бірінші) сауылған мезгілі, уақыты, кезі.
Қосақ. Күзге қарай ірі құлындарды енесінің мойынына қосақтап жіберу.
Иіту. Құлынды емізу (салу) арқылы бие желінінен сүт шығару.
Ақ кеуіл (көңіл). Құлынды емізбейақ иіп тұратын бие.
Желіні дерткен. Дер кезінде сауылмағандықтан бие желінін сүттің кернегені.
Жебей сауу. Биенің бас сауымынан соң, жарты сағаттай уақыт өткеннен кейін оны қайта сауады, яғни жебей сөзі қайталап, қайтармалап, екінші рет деген мағынада айтылады.
Боз емшек. Күзге қарай, биенің емшегі сүтке тырсия толған кезіндегі бірінші сауылуы.
Емшек және бітісіне қарай аталуы
Шипі емшек бие. Биенің кішкене емшектісі.
Тар үрпілі бие. Биенің емшек ұшының сүт келетін үрні кішкене деген ұғымда.
Үрпі ағару (үрпін ағарту). Биенің желін сабасын толтырып, емшек сүтінің ағаруын айтады, ол биенің кешікпей құлындайтынын көрсетеді. Үрпіндегі сүттің ағаруы -- соның белгісі.
Кең үріпті бие. Бұлар бие емшегінің ұшындағы сүт шығатын үрпі кең, үлкен деген ұғымды береді.
Тік емшек бие. Бұл атау бие емшегінің түзу, тіп-тік екендігін білдіреді.
Сыңар емшек бие. Биенің екі емшегінің біреуінен сүт шығып екіншісінен сүт шықпайтын болса, не құлынын сүтпен бір емшегі жарытса, екіншісі жарытпаса, оны сыңар емшекті бие дейді.
Бүйен емшек бие. Емшегі ұзын болмай, түп жағы жуандау болып келген бие.
Быртық емшек бие. Емшектерін тұтамдап ұстауға келмейтін бие.
Талтақ емшек бие. Емшегі екі жағына қарай қисая біткен бие.
Тостаған желін бие. Желін бітісі тостағанның аумағындай боп келгені.
Қара желін бие. Желін безі қатты боп келген, сүті аз бие.
Желін. Бұл биенің емшек түбіндегі сүт жиналатын май безі, сүт шығатын жері деген ұғымды білдіреді.
Желін саба. Бұл бие желінінің сыртқы терісі, сыртқы қабы деген мағынаны білдіреді. Осыдан барып желін сабасын салыпты деген сөз тіркесі пайда болған. Мағынасы: биенің желіні білініп, желіндей бастаған, кешікпей құлындайды деген ұғымда айтылады.
Түйін салу. Биенің жаңа желіндей бастағаны.
Сүтінің аз-көптігіне қарай аталуы
Мама бие. Өте сүтті биені айтады. Оның сүтін құлыны еміп, тауыса алмайды. Құлыны еміп болғаннан кейін, кеп уақыт өтпей исініп тұрады.
Сүті қайтқан бие. Бұл сөз тіркесі биенің кәріліктен, күтімсіздіктен, аурулықтан беретін сүт өнімдерінің кеміп азайғандығын білдіреді.
Суалған бие. Желін сабасында сүт қалмағаны.
Мәнерсіз бие. Биенің сүт шығымы өте аз деген мағынаны білдіреді.
Ақтандыр бие. Биені сауғанда емшегінен бір тамшы да сүт шықпайтыны.
Исіншек бие. Сауар алдында құлынына жанасып, исініп сүтін ағызып жіберетін бие.
Мінезіне қарай аталуы
Бедіреуік бие. Сауғанда тез иімей тұрып алатын бие. Жалпы бұл атаудың төмендегідей екі мағынасы бар. Біріншіден, тез иімейді деген мағы- на білдірсе, екіншіден, табандап тұрып қалу, ежірейіп қарау сияқты мағыналарды білдіреді.
Тарпаң бие (жылқы). Биенің асау, үркек, жалт ету, тулағыш, тепкіш, тарпығыш, тістеуік мінезді келетіндері. Бұл биенің (жылқының) қолға үйретілмеуінен болатын ерекшелік.
Жебір бие. Қөзіне көрінген нәрсені талғамай, шайнап жеп қоюын айтады.
Безер бие. Айналасына жақындаған жылқыны теуіп, тістеп, маңына адамды не малды жуытпайтын бие.
Жанасқыш бие. Саумастан бұрын желіде үнемі құлынына жанаса келіп, емізіп қоятын бие.
Жал-құйрық бітісіне қарай аталуы
Майда жалды бие. Бұл биенің (жылқының) жалы қалың, қатты болмай, жұқа әрі қылшығының жіңішке нәзік, күлтеленіп келетінін көрсетеді. Кейде мұндай жалды биені әсерлеп жібек жалды (күлте жалды) деп те атайды.
Кереге жалды бие. Теңеу ретінде айтылатын атау. Бұлар биенің (жылқының) жалы кереге тәрізді біркелкі күдірейіп тұруын білдіреді.
Тоқпақ жалдыбие. Бұл атау көбінесе айғырға қолданылады. Бие жалының қалың боп, ұйысып бітуіне қарай айтылады. Торы-айғыр тоқпақ жалды далада тұр деп айтылатын қара өлең жолы да тектентекке шықпаған.
Шұбалаң құйрықты бие. Биенің (жылқының) құйрығының әрі қалың, әрі ұзын болып келетіндігін білдіреді. Кейде осындай белгісіне қарап, ұзын құйрықты деп те атайды.
Сояу құйрықты бие. Мұндай атау биенің (жылқының) құйрық қылшықтарының түсіп қалғанын білдіреді.
Келте құйрықты бие. Құйрығының шұбалаң емес, қысқа, келте болып келгенін айтады.
Сымпыс құйрықты немесе қылыш құйрықты бие. Биенің (жылқының) құйрық қылшығының селдір, сұйқылтым, жүқа болып келуін айтады.
Қысырақтардың (бойдақ биелер) атаулары
Қысырақтар (бойдақтар). Құлындамаған әр жастағы биелерді, құнажын және дөнежін байталдарды, ұрғашы тайларды беліп, бірыңғай үйірге жіберілгендерін осылай атайды.
Бордақы бие. Қөп жылқымен бірге жіберілмей, қолға алып қалып, жемге, шөпке емін-еркін, бос қойылып күтіліп, семіртілген биені айтады.
Қысыр бие. Айғырдан шықпай қалған бие, немесе айғырдан шығып, құлын тастап кеткен бие.
Тоқ бие. Семіз бие, немесе қоңданып, оты қанып, тойынған бие.
Тұнған бие. Өте семіріп кеткен қысыр бие.
Бедеу бие. Өмірі кұлындамай жүрген бие.
Тұмса қулық. Үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие.
Қызыл май. Семіздей мініліп барып, суытылмай жіберілген, ыссылысуықты болып, жүні іріп, тойынбай, жарай қатып, жадауланып жүрген бие.
Бүгежік. Жүрісінің өнімі жоқ, жүрсе кібіртіктеп жүре алмайтын жер қорқақ бие.
Қөбең бие. Қыстан арық шығып, немесе көбірек мініліп, титығына жеткесін жайылысқа жіберілген биенің бойына ет бітіп, қоңданып, тойына бастаған кезі.
Ақ жілік бие. Енесі сауылмай, құлын күнінен өзі емін-еркін еміп өскен бие.
Қара кемік бие. Енесі сауылып, құлын күнінен бастап жүдеу бас болып өскен бие.
Қағылжың бие. Көбірек мініліп, тойынбай жүрген бие.
Қолтума бие. Үйірге қосылмай жасынан бір адамның (шаруаның) қолында бағылып өскен бие.
Толған бие. Қызылы молайып, бойына ет алып, қоңданып, семіздігі артқан бие.
Шыңылтыр бие. Өмірі ет алып, тойынбайтын, не бойына шыр бітпейтін бие.
Шатыс бие. Жай тұқымнан шыққан биенің жақсы айғырға шағылысуынан туып-өскен, асыл- данған биені айтады.
Нәкүс (құтамсыз) бие. Шыққан тегі нашар, беретін өнімі аз, мың қамшыласаң да аяғын бір баспайтын, қара етті, шабан бие.
Сұңғақты (ірі) бие. Тек-тұқымы жақсы, бойшаң, кесек денелі бие.
Қазанат бие. Бойшаң, денесі ірі, әлді сирақты, тұяқтары жұмыр, құйма тұяқты бие. Мұндай қазанат биелер сүтті келіп, мініске мықты болады.
Қарабайыр бие. Үлкен қарын, қара етті, сыртты, жуан сирақты, жайпақ тұяқты болып, көп мініс бермейтін жүрісі шабан бие.
Арғымақ бие. Дене бітісі сұлу, кәрікті, майда жалды, құйрығы орта қалыңдықта болып, сирақтары ұзын, жіңішке асыл (шыны) сүйекті, қаз мойынды, қамыс құлақты, шоқтықты келген бие.
Жалбыр бие. Түгі ұзын қылшықты, жал-құйрығы қалың боп, жерге төгіліп тұратын бие.
Бүкіш бие. Бел омыртқасы дөңес боп біткен, алдынан арт жағы биік келген бие.
Ұрғашы тай. Жылқының бір жастағы ұрғашысы.
Ұрғашы тел тай. Құлын кезінен бастап екі енені бірдей еміп өскен, бір жастағы жылқы.
Ұрғашы кенже тай. Бір жасқа әлі толмаған, былтырғы май айының аяғында туған құлын.
Тобышақ бие. Қазанат пен қарабайырдың шағылысуынан пайда болған бие.
Жүрдек бие. Мінгенде қамшы салдырмай, ауыздығымен алысып, алып ұшып отыратын бие.
Құйма тұяқ бие. Жүргенде табаны көп тасырламайтын, тұяғы өте мықты келген бие.
Қазан (қаз)табан бие. Жалпақ тұяқты, жүргенде табаны тасырлағыш бие.
Өткір көзді бие. Қалың қабақты, ыстық пен суыққа шыдамды, көзінен жас шықпайтын асыл көзді бие.
Бөкен санды бие. Саны бөкеннің санындай тығыз және ойынды етті келген бие.
Серке санды. Артқы саны етсіз келген бие.
Шәлкес мінезді бие. Бастықтырылып, әбден үйретілмеген үркек, жалт бергіш, аяқ астынан тулап ала женелетін бие.
Құлындайтын бие жайында айтылатын атаулар
Толғақ. Құлындайтын биенін от оттап, су ішпей, жатып-тұруынан, жүре тоқтап, құлындағанша беймазаланып жүруі.
Тұмба. Буаз биенің құлындар алдындағы артынан білінетін құлын тынысы.
Қағанақ. Құлындайтын биенің құлын тынысынан кейін келетін жұқа сірі қабықтағы түссіз мөлдір сұйық зат.
Шарана. Жаңа туған жас құлын денесінің сыртындағы ақ сары шылым.
Ақтон. Жаңа туған жас құлын денесінің сыртындағы ақ сары шылымның ақшыл жұқа қабы.
Шу. Жаңа туған құлынның соңынан кешікпей түсетін биенің ішіндегі құлынның жолдасы.
2. Жылқының сүт өнімділігі
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ . Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. "Жылқы - малдың патшасы, түйе - малдың қасқасы" деген мақал сол кезде туған болатын. Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде де бұл түліктер адамның жан серігі, айырылмас досы болған.
Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл. Жылқыны бағып-қағуда артық шығын шықпайды, еті де сүті де өте арзанға түседі. Жылқы етінің арзандығы өз алдына, қазақ халқы үшін ол аса қадірлі тағам. Ғылыми орындардың арнаулы зерттеулері бойынша, жылқының қара етінің қоректік қасиеті орта есеппен сапалы сиыр етімен тең, бірақ жылқы етінде сиырдың етінен бөлек 24-25 % көп болады. Сондықтан ол қорытуға жеңіл, сіңімі тез. Жасы толған семіз жылқы 10-12 қойдың етін береді. Қазіргі кезде жылқы етінен жасалған қазы-қарта, жал-жаяны білмейтін адам сирек, қай жерде де бұл тағамдар үлкен сұраныста болып отырғаны аян.
Жылқының бір қасиеті - сүтінде. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады.
Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде " С" витамині мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Сондықтан да туберкулезді қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен. Оны ұйымдастырушы В. Толстиков деген дәрігер: "қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады" - деп жазған екен.
Халық арман еткен сол қымыз қазір де елдің қалаулы тағамы болып, көптің сүйсініп ішетін сусыны болып келеді. Бие басынан күніне орта есеппен 10-12 литр сүт сауылады; кейбір биелер 15-17 литрге дейін сүт береді. Биелерді 7-8 ай саууға болады, сонда бие басынан 1500-2000 литрге дейін сүт алынады. "Сауын саусаң бие сау, боз қырау түспей суалмас" деген мақал тегін айтылмаған. Жылқының жайылымы мен суаты сапалы болып, күтімі келіссе, бие сауудың биеге де, құлынға да зияны болмайды.
Қымызды, сондай-ақ бұзаулар мен құлындар диспепсия ауруына шалдыққанда, құлындардың, балапандар мен тауықтардың ащы ішегінде қабыну белгілері байқалғанда, бұзаулар мен құлындар қан бөлетін гастроэнтеритті ауруға шалдыққанда, ірі қара малдың асқазаны әлсірегенде, торайлардың іш ауруларына, балапандарға А және В витаминдері жетіспегенде, сол сияқты іріңдегенде, күйгенде, сиырлар, биелер мен қойларда кездесетін іріңді вагинит және эндометрит ауруларына, сиырлар мен биелердің іріңді желінсау ауруына және т.б. қолдануға болады.
Қымыз туралы әңгіме болғанда биология ғылымдарының докторы, профессор З. С. Сейітовбылай дейді: бұл сусын көптеген халықтарға ерте кезден-ақ белгілі. Оның түп тамыры - сонау скифтерге дейін барады. Біздің
эрамызға дейінгі Ⅴ ғасырда грек тарихшысы Геродот скифтердің бие сүтінен сусын ашытатынын айта келіп, олардың сүт консервілеу құпиясын мұқият сақтайтынын, ол құпияны ешкімге айтпайтынын жазады.
Француз саяхатшысы Вильгельм Рубринаста 1253 жылы қазіргі Татарстан территориясымен саяхат шегіп, қымыз ішкен. Қымызды ашыту жолдарын, дәмін, адам организміне, оның ішінде несіп бөлуге әсер ететінін божайлап тұрып жазған. Қымыз жайлы ⅩⅧ-ⅪⅩ ғасырлардың өлі арасында көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігін бақылаған С.Т. Ақсақов та, тіпті орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин де жақсы лебіз білідірген.
С.Т. Ақсақовтың жазбаларына қарағанда ең алғаш қымыздың дәлірек қасиетін біліп, онымен емдеген Уфа қаласының дәрігерлері, дәлірек айтқанда доктор Авенариус екен. Қымыздың емдік қасиеттері жөнінде ⅪⅩ ғасырдың Ⅰ жартысында орыстың медициналық журналдарында Н. Шванковскийдің, П. Скворцовтың, В. Дальдың бірнеше мақалалары басылған.
Ұлы орыс жазушылары Л.Н. Толстой Самара даласында, ал А.П. Чехов Андреевск санаторийінде қымызбен емделген. ⅪⅩ ғасырдың ортасында ғалым-дәрігерлер С.П. Боткин, Г.А. Захарин, Н.В. Склифосовский және басқалары қымызбен емдеу мәселесін қызу қолдаған. Біздің елімізде қымызбен емдейтін алғашқы санаторий 1858 жылы Самара (қазіргі Құйбышев) қаласынан 6 км жерден ашылған. Бұл санаторийді ұйымдастырушы Н.В. Постников оны 55 жыл бойы басқарған.
Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды. Бурабай емханасы үшін қымызды дәстүрлі әдіс бойынша сабаға ашытқан.Сол 1910 жылыТорғайда темір жол қызметкерлерін емдейтін Берсүгір емханасы жұмыс істеген.
Бұл күндері ұйытқан және ашытқан сүттің қоректілік құндылығының артатындығы әбден белгілі болды. Осы жағынан алғанда қымыз бүкіл ашытылған басқа сүт өнімдерінен едәуір асып түседі. Қымызда адам организміне қажетті элементтердің барлығыда табылады. Сонымен қатар бие сүтінің құрамында витаминдер мол болады.
Қымыз жүйке ауруларына бірден-бір ем. өйткені оның құрамында В витаминімен бірге В2, В12 витаминдері бар. Ал туберкулезбен ауыратын адамдардың организмінде витамин алмасуының бұылатындығы да дәлелденген жайт. Олардың қымызбен емделгенде сауығып кететіндігі де сондықтан.
Қымыз организмге жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорту органдарының , жүрек-қан
тамырлары аппаратының, жүйке системасы мен басқа органдардың қызметін
жақсартады.
Қымыздың әсері бүкіл организмді өзгертеді. Физиологиялық және биохимиялық процесстер күшейіп, зат алмасу қалпына келеді.
Қымыздың құрамында сүт қышқылы бар. Соған орай тағамның құрамындағы белоктардың, майлардың, әр түрлі қанттардың жақсы қорытылуына ықпал жасайды. Ал құрамындағы көмір қышқылы аздығына қарамастан ас қорыту бездеріне әсер етіп, қарын сөлінің бөлініп шығуын тездетеді. Қымыз ішкенде тәбеттің ашылатыны сондықтан.
Бие сүтінің химиялық құрамы өте күрделі. Сүтқоректі жануарлардың әрбір түрлі белгілі бір құрамдағы сүтті жинақтап, бөліп шығарады, бұл әр малдың тек өзіне тән қасиеті. Бие құлындағаннан кейін алғашқы 2-3 күндей сүт бездері уыз бөліп шығарады, оның құрамы жөнінен жәй сүттен едәуір айырмашылығы бар. Уыздың құрамында белок пен витаминдер 2-3 еседей
көп, ол май мен сүт қанты 1,5 еседей кем.
Бие сүтінің сапалылығы белгілі бір дәрежеде сүтті жылқы тұқымдары
өсірілетін географиялық аймаққа, ондағы жайылым жағдайына және т.б. байланысты.
Сүттегі ең бағалы зат - белок. Бие сүтінде ол 1,8 - 2,2 % болады. Сүтте белоктың үш түрі - казеин, альбумин және глобулин болады. Сиыр сүтіндегі белоктардың ең көбі казеин. Ол барлық белоктық заттардың 80% алады, ал қалған 20% альбумин мен глобулиннің үлесіне тиеді. Бие сүтінде 40% еритін белоктар (альбумин, глобумин және бос амин қышқылдары) бар. Сондықтан сиыр сүтін казеинді сүтке жатқызады, ал бие сүтін альбуминді деп аталады. Бие сүтінің казеині 3-4 жеке белоктарға жіктеледі, оларды казеиннің альфа, бета, гамма және кейде каппа-фракциялары деп атайды.
Бие сүтінің жалпы белогындағы амин қышқылдарының мөлшері жөніндегі айырмашылықтар үшінші және он үшінші тәуліктегі және құлындағаннан кейін үшінші күні сауылған сүтте анық байқалады. Бұған көз жеткізу үшін ауыстыруға болмайтын амин қышқылдары қалай өзгеретіндігін бақылау керек. Үшінші тәулікте сауылған сүттің жалпы белогында: лизин - 9,3%, ал 13 тәуліктегіде - 6,7%, осыған сәйкес гистидин - 2,9%, глютамин қышқылы - 1,8, треонин - 12,0, триозин - 8,0%, валин - 5%, метионин - 4,3%, аргинин - 6,2% және 6,1 болады.
Бие сүтінде шамамен 1,3 - 2,0% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден 2 еседен астам кем. Жүргізілген зерттеулерде, сиыр сүтіндегі май түйіршіктеріне қарағанда, бие сүтіндегі май түйіршіктері кішілеу келетіндегі анықталған. Сол себепті бие сүтінің майы организмге тез гидролизденеді және жақсы сіңеді. Бие сүтінің майының бір өте тамаша қасиеті бар
П.Ю. Берлиннің деректерінде туберкулез бактериясының сары майда өсіп-көбейетіндігі, ал бие сүтінің майы керісінше, оның өсуін тежейтіндігі айтылады. Бие сүтіндегі көмірсулар негізінен лактозаның дисахариді немесе
сүт қанты түрінде кездеседі. Сүт қанты екі моносахаридтен - глюкоза мен
голактозадан тұрады. Бие сүтінде 6,7% лактоза бар. Сонымен қатар қанттан басқа, қалпына келмейтін көмірсулар бар.
Сүттің тағамдылық құндылығы онда белоктардың, майдың және
көмірсулардың ғана емес, сондай-ақ адам үшін маңызы бар витаминдердің де болуына байланысты. Бие сүтінде адамның денсаулығына керекті барлық витаминдер бар. Әсіресе ол А және С витаминдеріне бай. Сонымен қатар В тобындағы витаминдер, Д, Е, F витаминдері болады. В тобына жататын барлық витаминдер организмнің қалыпты тіршілік етуі үшін қажет. Мәселен, адам тағамында В1 витамині жоқ болса, онда ол бери-бери ауруына шалдығады. Бұл ауруға шалдыққан адамның қозғалғыш және сергек сезім нервтері зақымданады, парпличке айналады. В12 витамині жеткіліксіз болса, жілік майында қан құрау бұзылып, қан аздық пайда болады.
Қымыз ашытқанда кейбір витаминдердің мөлшері өзгереді: биотин, тиамин, В12 витаминінің мөлшері кемиді; рибофлавин, фоли қышқылы сол
күйінде қалады; пантотен қышқылы артады.
Қымызда мынандай минералдық заттар бар: кальций тотығы - 48%, магний
тотығы - 3,4%, фосфордың бес тотығы - 21,3%, хлор - 7,5%.
Қан құрауда маңызды роль атқаратын кобальт пен мыс сияқты элементтер сиыр сүтінен гөрі бие сүтінде едәуір көп: кобальт онда 1,5 есе, ал мыс 3,2 есе артық.. Бір литр қымызда 1,60 мг мыс болады. Құрамындағы микроэлементтерінің мөлшері жөнінен бие сүті ана сүтіне жуықтау, бұл жөнінде Донецк медицина институтының ғылыми қызметкері Е.П.Гребникованың және басқаларының деректері дәлел бола алады.
Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз:
Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға - ем, сауға - қуат, дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдай сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, -деп жырлаған екен. Бұның өзі қымыздың қасиеті мен бірге оның түрлерінің көп екенін аңғартады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған.
Солардың негізгі түрлері мыналар:
Уыз қымыз - бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз;
Сары қымыз - жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;
Түнемел қымыз - мол қордың үстіне сүт қышқылыарнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Құнан қымыз - үш тәулік бойы ашытылады;
Бал қымыз - бал, қант секілдітәтті қосып жуасытқан қымыз;
Дөнен қымыз - төрт тәулік ашытылады;
Бесті қымыз - бес тәулік ашытқан қымыз;
Асау қымыз - бесті қымыздан да күшті қымыз;
Жуас қымыз - баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;
Қорабалы қымыз - мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше
күн жинаған қымыз;
Сірге жияр қымыз - күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн
жиналады.
2.1 Сүттің химиялық құрамы және қасиеттері
Сүт қоректі жануарлардың әрбір түрі тек өзіне ғана тән, белгілі бір құрамы бар сүт түзеді және оны шығарады. Әр малдың сүтінің химиялық құрамы өте күрделі болып келеді, бірқалыпта тұрмайды, керісінше малдың физиологиялық жай - күйіне, жем беру, бағып-күту жағдайына, тегіне, жасына, т.б.байланысты өзгеріп отырады. Бие сүтінің химиялық құрамы пайыз есебімен алғанда мынадай болып келеді: сүттегі қант-6,7; жалпы ақуыз-2,0; казеин-50,7; альбумин және глобулин-49,3; минералды тұздар-0,3;құрғақ заттар-11,0%.
Бие сүті өзінің химиялық құрамы жағынан басқа малдың сүтіне қарағанда өзгеше болады. Ол, әсіресе лактозаға бай. Оның құрамында 120-ға жуық әр түрлі химиялық заттар болады, 20 түрлі май қышқылы, витаминдердің 23 түрі, 30 түрлі минералды заттар, 7 фермент, 4 түрлі сүт қанты, 3 түрлі гормондар, липоидтер, лимон қышқылы, т.б. бар.
Биелерді өріске жайған жағдайда В витаминінің мөлшері шамамен 2 есе артады. Сүттің химиялық құрамы мал жеген шөптің түрлеріне қарай да өзгеріп отырады. Бие сүтінің майында өзге малдың сүтінде кездеспейтін октадекадиен және басқа да қышқылдар болады. Бие сүтінде фосфор, калий және кальций, магний тотығы мол кездеседі. Сиыр сүтіне қарағанда бие сүтінде лактоза 1,5 есе, С витамині 10 есе көп болады. Бие сүті сондай-ақ В, А, Е тобындағы витаминдерге бай.
Сүттің физикалық қасиеттері. Сүт - судан және оның құрамындағы еріген қатты заттардан тұратын биологиялық сұйық. Бие сүтінің физикалық қасиеттеріне органолептикалық көрсеткіштері, тығыздығы, тұтқырлығы, қаймақтануы жатады. Бұл көрсеткіштердің бәрі де сүттің қоспасына кіретін күрделі химиялық құрамдарымен байланыста болады. Сүттің химиялық құрамы да өзгереді, өйткені олар бір-бірімен өзара байланысты әрі тәуелді болады.
Сүттің сапалы көрсеткіштері. Жаңадан сауылған құрамы тұрақты (бірқалыпты) болып келетін, түсі, иісі, консистенциясы және дәмі бұзылмаған, бактериядан таза, қоспасыз болып келетін және құрамының кейбір жеке құрамдастарын қолдан енгізіп немесе алып тастауға болатын сүт жоғары сапалы немесе табиғи таза деп саналады. Бие сүтінің түсі ақ болады. Кешкі және қосымша сауын кезінде оның түсі болар-болмас көгілдірленіп тұрады. Сүттің бұзылуын оның түсінің әр түрлі болып өзгеруіне қарап білуге болады. Қалайы ыдыстағы сүтке су қосылғанда ол көкшіл түске, ал желіннің қан тамырларының жарылуынан сүтке қан араласқан кезде оның түсі қызғылт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz