Мал өсіру әдістері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Мал өсіру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Қазақстанның мал шаруашылығында жиі қолданылатын будандастырудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Негізгі бөлім
0.2. Сіңіре (өзгерте) будандастыру ... ..12
0.3. Сіңіре будандастырудың мақсаты...16
0.4. Сіңіре будандастырудың түрлері ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 22
Кіріспе
Жалпы, халқымыздың өмір бақиғы тіршілік көзі болған мал шаруашылығы Қазақстандағы ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып есептелінеді. Ауыл шаруашылығының бұл саласының бірден-бір ерекшелігі жыл бойы өнім өндіруге бағытталғандығы. Мал шаруашылығы халықтың жылдың төрт мезгілінде етпен, сүтпен және маймен, ал өндірісті - жүнмен, мал терісімен, т.б. қамтамасыз етеді. Сала екі бағытта өркендейді; оның біріншісі жылдам өркендеу - сүт пен етті ірі қара мал, шошқа және құс шаруашылығы, екіншісі жайбарақат өркендеудегі-жайылым мал шаруашылығы - оған қой, түйе, жылқы және ешкі шаруашылықтары. Сондықтанда, мал шаруашылығын өркендету жолдарын таңдағанда мал өнімдерін өндірудің бағытын ең алдымен есепке алған жөн.
Болашақ адамзат тағдырына әсер ететін әлемдік проблемалар қатарына жануарлардың гендік қорын сақтау мәселесі де жататын болады. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстанда ауыл шаруашылығы малдарын сақтау, қорғау және пайдалану мемлекеттік қамқорлыққа алынып, осы бағытта жүйелі түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда республика аудандары мен елді мекендерінде қолдан ұрықтандыру пунктері ашылуда
Сонымен қатар малдың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттеріне күшті әсер ететін адам баласының ежелден қолданып келген тәсілі яғни будандастыру тәсілін кеңінен қолдану арқылы малдың нәсілдік қасиеттерін түбегейлі өзгерту. Жаңа комбинативтік (қисынды құрастырылған) өзгергіштікті туғызып, нәсілдік қасиетті биологиялық тұрғыдан байыта отырып , малдың дене бітімінің мықтылығын арттыру және гетерозис құбылысының пайда болуына қолайлы жағдай туғызады. Будандастыру мал өсіруде өте кең тараған тәсіл.
Будандастыру алға қойған мақсат пен жететін нәтижесіне қарай бес түрге бөлінеді: сіңіре будандастыру, қан араластыра бу - дандастыру, зауыттық (тұқым түзуші) будандастыру, өнеркәсіптік будандастыру, кезек будандастыру сияқты түрлері кездеседі. Соның ішінде сіңіре будандастыру тәсілі жайынды толығырақтоқтала кетсек.
Сіңіре будандастыру деп кең мағынада бір тұқымдық топтың, негізгі өнімдік белгі, қасиеттерін екінші тұқымдық топтың қасиеттерімен ауыстыруды, яғни өнімі төмен жергілікті тұқымды өнім сапасы мен саны жоғары тұқыммен будандастыру арқылы түбегейлі өзгертуді айтады. Ол үшін жергілікті тұқымның және әр келесі ұрпақтың аналықтарын бірнеше ұрпақ бойы тек жақсартқыш тұқымның аталығымен шағылыстырады. Осы ретте жергілікті тұқымды жақсартылатын, өнімі мол тұқымды жақсартқыш тұқым деп атайды. Сонымен, сіңіре будандастырудың нәтижесінде жергілікті тұқым түбегейлі өзгеріп, жақсартқыш тұқымға ұқсас мол өнімді мал тобы құрылады. Оның бірте-бірте тіпті жаңа тұқымға айналуы да мүмкін екен .
Мал өсіру әдістері
Мал өсіру әдістері таңдап алған малдың тұқымдық және түрлік тегін ескере отырып жүргізген жұп таңдау жүйесінің нақты іске асыру жолдарын айтады.
Әр тұқымды оның өзіне тән өзгешелігіне сәйкес пайдалану дұрыс болады. Ол үшін мал өсірудің ғылым мен тәжірибе тапқан түрлі-түрлі жолдары бар. Оның қайсысын қолдану жоғарыда айтылған жағдайларға тығыз байланысты. Қазір ғылымның қол жеткізген деңгейінде барша елдер мойындған мал өсіру әдістерінің үш түрі бар. Олар:
1. таза тқым өсіру
2. будандастыру
3. түраралық будандастыру
Таза тұқым өсіру әдісі ұрпақтан-ұрпаққа бір тұқымның малын өзара шағылыстыруды айтады. Таза тұқым өсіру қазіргі уақытта да, келешекте де мал шаруашылығында жетекші роль атқарады. Себебі тек таза тұқым өсіру әдісі арқылы ғана белгілі бір мал тұқымын сақтап және оны одан әрі жетілдіруге болады.
Бір тұқымның малында өнімнің бағыты мен мөлшері жалпы биологиялық және нәсілдік қасиеттері жағынан бір бағытта жүргізген сұрыптау, жұп таңдау жұмыстары және тегінің, өскен орталарының бірлігіне байланысты көптеген ұқсастық болады. Осыған байланысты оларды шағылыстырып отырғанда, бұл ұқсастық ұрпақтан ұрпаққа тарайды және күшейе береді, олардың өздеріне тән биологялық және шаруашылыққа тиімді қасиеттерін ұрпағына беру қабілеттілігі арта түседі. Мұның бәрінің негізінде - мал тұқымын таза өсірген уақытта, малдың тұқымқуалаушылық қасиеттерінің гомозиготалық дәрежесінің көбеюі жатыр. Таза тұқым өсіру әдісінің бұл ерекшеліктері асыл тұқымды мал бағытталған шаруашылықтарының негізгі міндетіне сай келеді. Ол міндет өз тұқымына тән, өз бойындағы қасиеттерін ұрпағына тұрақты бере алатын мал өсіру, оларды тұқым ретінде басқа шаруашылыққа сату.
Таза тұқым өсру әдісі сапалы, мол өнімді малы бар өндірістік шаруашылықтарда да қолданылады. Мұндай шаруашылық асылдандыру жұмысын жолға қою арқылы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылыққы айналады.
Қорытып айтқанда, таза тұқым өсіру әдісі белгілі бір мал тұқымын сақтап, оны одан әрі жетілдіру үшін және таза тұқымды мал санын көбейту үшін қолданылады.
Таза тұқымды мал санын өсіру әдісінің табысты болуы мынадай басты шарттарға байланысты
1. өнімі шаруашылықтың бағытына, биологиялық қасиеттері жергілікті жердің жағдайына, ауа райына сәйкес келетін мал тұқымын таңдай білу
2. өнімділік және тұқымдық қасиеттері жағынан өсіру де алға қойған мақсатқа сай келетін, малдың ең жақсыларын жүйелі түрде сұрыптап өсіру
3. іріктеліп алынған малдың бір-біріне неғұрлым лайықты аталық және аналық жұптар құрастыру, яғни жұп таңдау
4. мал тұқымының биологиялық ерекшеліктері мен өнімділік қасиеттерінің толық дамуына қолайлы мал азықтандыру, бағып-күту жағдайын жасау.
Таза тұқымды өсіру әдісі арқылы алынған малды таза қанды деп атайды. Малдың таза қандылығы әдетте оның келешекте мол өнім беруімен оның төзімділігі жатады. Таза тұқым өсірудің жоғары дәрежелі, күрделі түрі мал тұқымы ішінде өзіндік ерекшеліктері бар топтар - аталық ізбен ұялар құру және оларды мал тұқымын жақсарту бағытында тиімді пайдалану. Мал тұқымын жақсартудың шегі жоқ.
Будандастыру -- тұқым қуалаушылық (нәсілдік) қасиеттерінде өзгешелігі бар екі организмді шағылыстыру арқылы будан алу. Б. з. б. 2-мыңжылдықта белгілі болған, 18 ғасырдан бастап ғылыми жолға қойылды. Будандастыру өсімдіктер мен жануарлар селекциясында жиі қолданылады.
Будандастыру -- жануарлардың тұқым қуалайтын белгілерін тез өзгертудің барынша тиімді әдісі ғана емес, сонымен бірге, жаңа мол өнімді тұқымдар шығарудың да тиімді әдісі.
Будандыстырудың табысқа жетуі бастапқы тұқымдарды дұрыс тандай білуге, будандастырудың мақсаттары мен түріне; ұрпағының қасиеттеріне қарай тексерілген жақсы аталықтарды жұптастыруға; будан мал үшін жақсы азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларын жасауға байланысты.
Будандастыру мал шаруашылығында еретеден-ақ қолданылып келеді. Халықтың Шығыстан Батыс Европаға қоныс аударуы, славяндардың ата-тектерінің Шығыс халықтарымен сауда байланыстарын орнатуы жануарлардың, ең алдымен жылқының әр түрлі тұқымдарын сұрапыл түрде будандастыруға түрткі болды. Орта ғасырлардың өзінде-ақ Батыс Еуропаға шығыс жылқылары кеңінен ене бастаған, сөйтіп олар жегілетін және салт мінетін жылқылардың бастамасы болған. Бұдан сәл ертерек Испанияда будандастыру жергілікті қылшық жүнді қойларды жақсарту үшін қолданылды, оларды мериностармен жұптастырған.
Будандастыру ХVІІІ ғасырдың аяғында және XIX ғасырда капитализм дами бастаған кезеңде кеңінен қолданылды. Англияда адамдардың бір ұрпағы ішінде будандастырудың көмегімен ірі қараның, шошқаның, қойдың, жылқының 60-қа жуық тұқымы шығарылды. Жануарлардың жаңа тұқымдарын шығару әдісі ретінде будандастыру, сондай-ақ, Ресейде, Швейцарияда, Францияда және басқа да елдерде қолданылды. Стихиялы түрде өмірге келгендіктен, мал өсірудің бұл әдісінің бастапқыда ғылыми негізі болмады. Кейінірек будандастырудың мәні және мал өнімділігін жетілдірудегі оның маңызы туралы әр түрлі теориялар пайда бола бастады. Юстинус тұқымдардың константтығы теориясын ұсынды. Ол жануарлар тұқымына табиғат тұқым қуалаушылықтың мызғымас күшін берген деп есептеді және ол жануар тұқымының құндылығын екі жолмен анықтады: шығу тегінің тазалығы және жаратылуының ұзақтығы, яғни тұқымның шығу тегі неғұрлым таза болса және ол неғұрлым ертерек жаратылған болса, ол соғұрлым құнды болмақ. Алайда мұндай таза константты, шығу тегі таза жануарлар болмайды, оның үстіне олардың мал шаруашылығына керегі де жоқ. Сонсон мен Ноден будандастыру ретсіз өзгергіштікті туғызады деп көрсетті. Ол замандағы көптеген селекциөнерлер тұқымды жақсарту немесе жаңа тұқым шығару үшін будандастыру әдісін қолданудан қауіптенді. Ч. Дарвиннің айтуынша, олар шығу тегі әр түрлі тұқымдардың бағалы қасиеттерін бойына сіңірген жаңа тұқымдарды шығару мүмкін емес деген жабайы сенімде болып, таза қан және тұқымның константтығы теориясынан ажырай алмады.
Бұдан кейінгі тұқым шығару жұмыстары мұндай қауіптерді серпіп тастап, мал өсірудің аса бағалы әдісі ретінде будандас-тырудың ғылыми негіздерін жасады. Орыс зоотехниясының классиктері П.Н. Кулешов, М.Ф. Иванов, Е.Ф. Лискун, Д.А. Кисловский және басқалары будандастырудың ғылыми биологиялық негіздерін талдауға зор үлес қосты. П.Н. Кулешовтың дәл айтқанындай, будандастыру дегеніміз ескі түбірлерге жаңа өскіндерді телу және бұл телуден ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін едәуір пайдалы тұқымдар алу деген сөз.
Будандастырудың әр түрлі жолдарын пайдалану арқылы мына төмендегі зоотехниялық мәселелерді шешуге болады:
1. Өнімі төмен жергілікті мал тұқымын түбегейлі өзгерту;
2. Өсіріп отырған мал тұқымының кейбір кемшіліктерін тез арада жақсарту;
3. Жаңа мал тұқымын шығару;
4. Гетерозис құбылысын барынша пайдалану.
Будандастырудың екі жолы (қарапайым және күрделі) бар. Қарапайым Будандастыру -- екі түрді бір-бірімен шағылыстыру. Мысалы, жылқы мен есекті Будандастыру арқылы қашыр алу, бір өркешті түйемен қос өркешті түйені будандастыру арқылы нар алу.
Күрделі Будандастыру сатылы және қайыра (беккросс) болып екіге бөлінеді. Сатылы Будандастыру селекциялық процестерде бірнеше ата тектік формалардың қасиеттері мен белгілерін біртіндеп, буданды ұрпаққа жинақтау. Жоғарыда аталған Будандастыру жолдарымен көптеген мал, құс тұқымдары және өсімдік сорттары шығарылды.
Қазақстанның мал шаруашылығында жиі қолданылатын будандастырудың түрлері:
Будандастыру - гендік қордың, малдың нәсілдік қасиеттерін байытудың үлкен құралы, басты жолы. Малды будандастыру әдісімен өсіргенде шағылыстыратын мал әр түрлі тұқымдарға, немесе таза тұқым мен буданға, немесе екі түрлі будандарға жататын болады. Будандастырудан алынған ұрпақта аталықтың да, аналықтың да нәсілдік (гендік) қасиеттері бар, оның үстіне екі нәсілдіктің қосылуынан бұрын жоқ нәсілдік гендер пайда болып, жаңа қасиеттермен көрсеткіштер туады.
Сонымен бірге, будандастыруды ойлап табу, оның әдістерін жасап шығару, өндіріске кеңінен таратудың өзі мал тұқымдарын шығару, оларды өз ретінде топқа бөлу нәтижесінде болып отырғанын ескеру қажет. Осыдан будандастыру әдісінің өзі таза тұқым өсіру әдісін қолдану, оны түрлендіріп жетілдірудің арқасында болып отырғанын мойындау керек. Сонан кейін тұқымдар мен топтардың әрқайсысының ерекшелігін біріктіре пайдалану үшін будандастыру әдісі ойлап табылды. Бұл екі әдіс біріне-бірі қарама-қарсы емес, керісінше бірімен бірі тығыз байланысты және бірін-бірі толықтыра, байыта түседі. Әр түрлі мал тұқымы болмаса будандастыру да болмас еді, будандастырмай жаңа таза тұқым шығару да мүмкін емес. Мал шаруашылығындағы даму, алға басу осы екі әдістің де жоспарлы түрде, білегендікпен пайдалану арқасында болып отыр. Екі әдістің қолданылуын схемаға салып көрсек мынадай болар еді: Дифференциация - консолидация - будандастыру - дифференциация және т.с.с. Бұл ықшамсызбаны түсіндіргенде мынаны айту керек. Бір популяцияның ішінен топқа, тұқымға бөліп, нәсіліне, қасиетіне, өнім көрсеткіштеріне қарай ерекшелендіргенде дифференциация құбылысы жүреді. Сол ерекшеліктерін тұрақтандырып, кемеліне жеткізу кезеңінде - консолидация құбылысы жүреді. Сол тұрақты топты, тұқымды жаңа тұқым алу үшін пайдаланғанда - будандастыру процесі басталады. Содан кейін қайтадан дифференциация құбылысы жүргізіледі. Осылайша өмірде селекциялық жұмыс жалғаса береді.
Сайып келгенде будандастырудың қолдану аясы өте кең. Ол жаңа тұқым шығару үшін, бар тұқымды жаңа жерге аударып, жерсіндіріп өсіру үшін, қолда бар тұқымның кейбір қасиеттерін жақсартып, жетілдіру үшін өндірісте кеңінен қолданылады. Мал шаруашылығында қолданылып жүрген будандастырудың барлық түрлерін мына төмендегі бес топқа бөлуге болады:
Бұл жіктеу будандастырудың алдына қойылған мақсатқа байланысты негізделеді және мақсатқа жету үшін будандастыру жүйесі бірнеше жыл қатарына жүргізіледі.
Сіңіре (өзгерте) будандастыру.
Сіңіре будандастыру - әр түрлі мал тұқымын будандастырудың бір түрі. Сіңіре будандастыруды қолданғанда өнімі мен мал тұқымының аналығын және одан туған буданды бірнеше ұрпақ бойы өнімі жоғары мал тұқымының аталығымен жалғастырады. Нәтижесінде өнімі жоғары мал тұқымына ұқсас әрі жергілікті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz