Жануарлардың эмбрионалдық кезеңдегі жеке дамуы
Мазмұны
Кіріспе
3
1
Әдебиетке шолу
1.1
Жануарлардың эмбрионалдық кезеңдегі жеке дамуы
5
2
Негізгі бөлім
2.1
Жануарлардың постэмбрионалдық кезеңдегі жеке дамуын басқару
11
2.2
Мүйізді ірі қараның төлін сүт,ет және қос бағытты өсіру
12
2.3
Тоқтыларды өсіру
18
2.4
Шошқа төлін өсіру
21
2.5
Жануарладың өсіп-жетілуіне әсер етуші жағдайлар
23
Қорытынды
26
Пайдаланылған әдебиеттер
27
Кіріспе
Жануарларды бағыттап өсіру дегеніміз - жануарлардың жеке дамуына әсер етуші әр түрлі факторлардың мақсатты жүйесі. Мұндай факторлар жүйесі мал тіршілігінің белгілі бір кезеңдерінде генотипте қаланған қажетті белгілер мен касиеттерді қалыптастыру мақсатында қолданылады.
Бұл жүйенің мынадай элементтері бар:
1) жануарды өсіру мақсатын, оның жаңа өнеркәсіптік технологияға жарамдылығын анықтау;
2) ықпал ету факторларын (азықтандыру, эндокриндік препараттар, жарық, температура, мутагендік факторлар, ұлпалар қалыптастыру, зиготалар трансплантациясы және басқа биотехнологиялық әдістер) таңдау;
3) таңдап алынған ықпал ету факторларын қолдану мерзімдерін анықтау;
4) ықпал ету факторларын мөлшерлеу, күші мен ықпал ету ұзақтығы әр түрлі факторлардың өсіп-дамудың белгілі бір кезендерінде организмнің тұқым куалайтын қасиеттеріне қалай әсер ететінін білу;
5) жынысының, дене бітімінің типін, тұқым куалаушылық ерекшеліктерін ескере отырып, төлді бағып күту, жануарларды бағыттап өсіру.
Жануарлардың өнімділігіне әсер ететін факторлардың көпшілігі адамның бақылауында болғандықтан, оны адам өзіне қажетті бағытта өзгерте алады. Жас, әлі толық қалыптасып болмаған организмдер бағытгап өсіруге, күтіп- бағуға едәуір икемді, ортаның әсерінен өзгергіш болады. Бұл - жануарларды бағыттап өсірудің маңызды биологиялық алғы шарттарының бірі. Организмнің жеке дамуы процесінде өзгергіштіктің комбинативтік, мутациялық, онтогенездік және модификациялық деп аталатын төрт формасы байқалады. Мұның алғашқы үшеуі тұқым қуалайды да, ұрпақтан-ұрпақка беріледі. Модификациялық өзгергіштік тұқым куаламайтындықтан, ұрпақтан-ұрпаққа өтпейді, оның ауқымы генотипке және жануардың онтогенездегі даму жағдайларына байланысты. Организм өзінің тұқым қуалайтын мүмкіндіктерін ешқашан да толығымен жүзеге асыра алмайтынын есте сақгау керек. Өзінің дамуы үшін кажетті жағдайларға тап болған нысандар ғана онтогенезде дамиды, белгілі бір дәрежеде жетіледі.
Төл өсіру - малдан алынған ұрпақты аман сақтап, жетілдіру. Төл өсіру мал өсіру технологиясының маңызды үрдісі. Төл өсіруді алынған төлді алынатын өнімге (жұмысқа) бағыттап өсіріп-жетілдірудің (тәрбиелеудің) азықтандыру және бағып-күту ерекшеліктері арқылы іске асырады. Төл өсіру кезеңіне байланысты азықтандыру деңгейі мен құрылымын, бағып-күту тәртібін, баптау мен шынықтыруын өзгерту арқылы төл тегіне (тұқымына) тән қасиеттерінің жан-жақгы жетілуін қамтамасыз етеді. Ол үшін мал организмінің дамуына сыртқы қоршаған орта жағдайларының (ашық, жарық, жылылық, т.б.) әсерін жетік білу қажет.
Сиырдың жынысы мен жасына байланысты жас төлін - бұзау, алты айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын) - баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) - тайынша, бір жастағы ұрғашысын - қашар, бір жас пен екі жас аралығындағы ұрғашысын - құнажын, екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұрғашысын) - дөнежін, еркегін - бұқа, піштірілген еркегін - өгіз деп атайды.
Мақсаты:
1) Төлдердің эмбрионалдық кезеңдегі жеке дамуын зерттеу
2) Постэмбрионалдық кезеңдегі дамуын зерттеу
3) Әр түлік малының төлдерінің даму ерекшеліктерін зерттеп білу
4) Төлдердің дамуына генотипінің, фенотипінің, азықтадыру мен сыртқы орта жағдайларының тигізетін әсерін зерттеу
1 Әдебиетке шолу
1.1 Жануарлардың эмбрионалдық кезеңдегі жеке дамуы
Көптеген ғалымдар бағыттап өсіру барысында ауыл шаруашылығы жануарларында пайда болған фенотиптік касиеттерді модификациялық қасиеттер деп атайды. Организмнің модификациялық өзгергіштігінің амплитудасын реакция нормасы деп есептейді. Реакция нормасы дегенде организмнің тұқым қуалайтын мүмкіндіктерін белгілі бір сыртқы орта жағдайларында көрсете алуын түсінген жөн.
И.И.Шмальгаузен ортаның қайталанып отыратын жағдайларында өзгерістер туғызатын тұқым қуаламайтын өзгерістер сұрыптау арқылы теңестіріледі деп көрсетті. Модификациялық өзгергіштіктің сипаты мен ұзақтығы әр түрлі және кейде бірқатар ұрпақты қамтиды. Сиырлардың сүт өнімділігіне ықпал ететін негізгі факторлар төмендегі схемада келтірілген.
Жануарлардың шаруашылыққа пайдалы барлық күрделі белгілерінің бағытты дамуы, сондай-ақ организмнің сыртқы орта факторларының әсеріне реакция нормасы олардың генотипіне байланысты. Осыған орай ата-енелік жұптарды мақсатқа сай іріктеп алу жолымен қажетті генотиптерді қалыптастыру ерекше маңызды. Жұп құруда жануарлардың жеке және тұ- қымдық, тұқым қуалайтын қасиеттерін, олардың жасын, дене бітімі ерекшеліктерін, тірілей массасын, өнімділігін, денсаулығын ескереді. Соңғы жылдары иммуногенетика мен цитогенетиканың дамуына байланысты қан топтары мен иммундық үйлесімділігі, кариотиптері бойынша аталықтар мен аналықтардың өзара сәйкестігіне барған сайын зор көңіл бөлінуде.
Қажетті ұрпак, алу үшін аналық организмнің ерекшеліктерін пайдалану. Тірілей массасы ауыр болатын ұрпақ алу үшін шағылыстыруға ірі аналықтарды таңдап алады, өйткені аналық организмнің дене аумағы негізінен төлдің тірілей массасының қалай болатынын көрсете алады. Тікелей ұрпаққа аналық организмнің әсерін білдіретін құбылыстар жиынтығы аналық эффекті деп аталады. Оны анықтау үшін реципрокты (кері) шағылыстыруды қолданады.
Аналық тұқым куалаушылықты бірқатар факторлардың жиынтығы арқылы анықтайды. Мұндай факторларға мыналар жатады: ұрық ядросы (геномы) хромосомаларындағы гендер кешенінің аналық бөлігі, цитоплазманың (плазмонның) тұқым куалайтын информациясы - тордың хромосомадан тыс тұқым қуалайтын элементтері - ооциттің ферменттік жүйелері, іштегі төл мен аналықтың арасындағы зат алмасуы, ұрпағын ана сүтімен қоректендіру және т.с.с. Бұл факторлар организмнің кдлыптасуына зор ықпал ете отырып, тәрбиешінің (ментордың) ролін атқарады. Буаз аналықтар үшін жақсы күтіп-бағу жөне азықтандыру жағдайларын түзу қажет. Ірі қара эмбрионында алғашқы 3 айда ішкі мүшелері, жұмсақ ұлпалары, эндокриндік жүйесі жедел дамиды. 4 - 5 айлық кезеңінде бұлардың өсу жылдамдығы кеміп, оның есесіне сүйектері тезірек өсе бастайды. Бұл кезеңде аналықты жеткілікті азықтандырмау оның ұрпағының мүшелері мен ұлпаларының жетілмей қалуына, ал жақсы азықтандыру, керісінше, олардың жақсы өсуіне себепші болады.
Шайрдың айғыры мен понидің биесін шағылыстырудан алынған құлынға қарағанда, понидің айғыры мен шайрдың биесін шағылыстырудан алынған құлын әлдеқайда ірі болған. Х. Ф. Кушнердің бентамка әтештерін нью- гемпшир ірі түқымының тауықтарымен будандастырған тәжірибелерінде массасы жөнінен кері шағылыстыру I (бентамка тауықтары х нью - гемпшир әтештері) арқылы алынған балапандарға қарағанда одан әлдеқайда салмакты балапандар алынған.
Х. П. Дональдтың мәліметтеріне қарағанда, айршир тұқымының сиырларын джерсей бұқаларымен жұптастырғанда алынған I ұрпақтың будан бұзауларының салмағы 34,3 кг, ал кері шағылыстырғанда - не бары 26,7 кг болған. К.Б.Свечин қара - ала малды абердин - ангус малымен будандастыру арқылы енесінің өзінен туған өгізшелердің тірілей массасынан гөрі 18 айлық ұрғашы тайыншаларының тірілей массасына көп ықпал ететінін анықтады. Жаңа туған торайлардың массасы да мегежіндердің үлкен - кішілігіне байланысты болады. Джуберттің хабарлауынша, туған кездегі және енесінен айырған шақтағы торайлардың массасы былайша өзгерген:
М. Ф. Иванов қой тұқымдарын будандастырудың негізінде жаңа туған қозылардың үлкен - кішілігі енесі организмінің шамасына тікелей байланысты деген қорытындыға келді. Г.А.Стакан биязы жүнді қойларда тері қатпарларының тұқым қуалауына аналық организмнің басым ықпалы болатынын анықтады.
Келтірілген мысалдар аталық және аналық тұқымды тандаудың жануарлар ұрпақтарында шаруашылыққа пайдалы көптеген құнды белгілерді (тірілей масса, еттілік, жүнділік жөне т.б.) мақсатқа сай бағыттаудың маңызды факторы екенін көрсетеді.
Онтогенезді басқару барысында генетикалық факторларды пайдалану. Соңғы жылдары онтогенезді басқару барысында басқарудың генетикалық әдістері кеңінен енгізілуде. Физика мен химия саласындағы жетістіктер жануарлардың дамуын жеделдету және олардың өнімділігін арттыру бағытында рентген сәулелері мен өте белсенді химиялық қосылыстарды пайдалану үшін алғы шарттар түзді. Табиғаттағыға қарағанда жиілігі жоғары тұқым қуалайтын өзгерістер алуға мүмкіндік беретін супермутагендерді - үлкен қосылыстар класын (алкил- сульфаттар, этиленимин және т.с.с.) қолданудың зор маңызы бар. Бұл заттар тордың ядросы мен цитоплазмасында сәулелену секілді патологиялық өзгерістер туғызбайды. Пайдалы мутациялардың жиілігі жоғары болады.
Мутациялық селекция тәжірибесінде супермутагендерді пайдалану өсімдіктердің, микроорганизмдердің, жануарлардың пайдалы формаларын алу үшін кең болашақ ашуда. И. А. Раппопорт және басқалар супермутагендердің жәрдемімен тырбық бидайдың, арпаның, микроорганизмдердің жаңа жоғары түсімді формаларын, сондай-ақ жүнінің реңі өзгерген қояндар шығарды. Тордың ферменттер жүйесіне әсер еткен супермутагенннің болмашы мөлшері зат алмасуын артгырып, оның өсіп - дамуына септігін тигізеді. Мұнда организм дамуының генетикалық нормалары барынша толық ашылады. Олардың ықпалымен сорт немесе тұқым жасарғандай болады. Мұндай қолайлы әсер ету генетикалық тұрғыдан қалыптасуы мүмкін, бұл жағдайда гетерозис эффектін алу үшін зор маңызы бар аталық іздер шығаруда пайдалануға болатын селекциялық материал жасалады.
Әр түрлі супермутагендердің жәрдемімен қара күзен (норка) мен түлкінің ұясындағы күшіктердің санын көбейтуге, ал тауықтарда эмбрионның дамып, балапан шығуы мен сақталуын, олардың өсуін тездетуге мүмкіндік туды.
Нитрозодиметилмочевина және диметилсульфат секілді биологиялық белсенді заттарды бір рет енгізу бір ұрпақтың бойында ұзақ мерзім сақталатын көп жақты пайдалы әсері бар қасиеттерді қалыптастыратынын Г. Н. Шангин - Березовскийдің, С. А. Молоскиннің жөне А. П. Тамсонның зерттеулері көрсетті. Бұлайша өндеудің нәтижесінде шығатын балапандардың саны 5 - 10 %, тауықтың жұмыртқалағыштығы - әрбір мекиенге жылына 4 - 8 жұмыртқаға артқан.
В. Я. Адамов, Ю. А. Перчихин, А. Ә. Төрехановтар кәдімгі сары түлкілер мен ақ түлкілерге жүргізген тәжірибелері арқылы супермутагендердің болмашы мөлшерін бір рет енгізудің нәтижесінде әр аналық түлкі 1,5 - 2 күшікті артық туатынын, жыныс бездерінің қызметі жанданатынын көрсетті.
Супермутагендерді дамудың биологиялық қозғаушысы ретінде кеңінен пайдаланудан бұрыш олардың жануар организміне әсері мұқият тексерілуі қажеттілігін атап көрсету керек.
Біздің елімізде, сондай-ақ шетелдерде онтогенезді басқарудың биотехнологиялық әдістері ойдағыдай жасалуда. Мұнда әңгіме бағалы қасиеттердің дамуын қамтамасыз ететін керекті гендерді бір организмнен екіншісіне жеткізу жолымен жаңа организмдер құруға мүмкіндік беретін гендік инженерия әдістері жөнінде болып отыр.
Қазіргі ғылымға гендерді қолдану және олардың негізінде I реципиенттің гендік организміндегі гендердің қалануын қамтамасыз ететін плазмидтерді құрастыру өдістері белгілі. Қазірдің өзінде жоғары сатыдағы организмдердің өсу гормоны - соматотропин, инсулин, лекоциттік интерферон, миозин секілді көптеген гендер клондалған.
Гендік инженерия әдістерімен қатар қазіргі кезде селекциялық процесті тездетіп, оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін торлық және хромосомалық инженерияның әдістері ғылыми-тәжірибелік зор маңызға ие болып отыр. Торлық инженерияға ұрықтар мен эмбриондар транспланта- циясы, генетикалық көшірмелер алу мақсатында оларды микрохирургиялық бөлу, бір жұмыртқадан жаралатын егіздер мен төртемдерді (ірі қарада, қойда, шошқада), химераларды алып, оларды жетілдіріп, 3 - 4 күн ішінде ұрықтандыру жолымен рекордшы сиырлардың ооцитер қорын толығымен пайдалану сияқты әдістер жатады.
Морула сатысында жас эмбриондарды монозиготалы егіздер алу үшін микрохирургиялық жолмен бөлуді түңғыш рет 1981 жылы АҚШ-та
Форт - Коллинз университетінде (Калифорния штаты) жүргізген. Мұндай зерттеулер қазіргі кезде Ресейде де (ВИЖ) жүргізілуде. Эмбриондардың жартысын жатырдың екі ұшына да қондыру әдісін жасау сиырлар туғанда егіздер алуды арттыруға мүмкіндік береді. Эмбриондарға микрохирургиялық араласу бағыттарының бірі химералар, яғни екі немесе бірнеше 5 - 6 күндік эмбриондардың клеткалық массасынан тұратын жөне біртұтас болып біріккен ұрықты көшіріп қондырудың нәтижесінде туған төл алу болып табылады. Соматикалық клеткалардың ядроларын энуклеинделген жұмыртқа клеткаларға көшіріп қондыру жолымен жануарларды клондау әдістері жасалуда, ал бұл генетикалық бағалы жануарлар санын көбейтуге мүмкіндік береді. Эмбриондарды трансплантациялау - генетикалық тұрғыдан алған аса бағалы жануарларды, ең алдымен генетикалық потенциалы жоғары рекордшы сиырлардан шыққан жақсартушы тұқымдардың мол өнімді бұқаларын жедел өсіру әдісі. Бұл әдістің артықшылығы мынада, трансплантант - бұзау атасы мен донор енесінің генетикалық қасиеттерін ғана тұқым қуалай қабылдайды, ал реципиент - төлдердің тұқым қуалаушылық қасиеттеріне ықпал етпейді. Эмриондарды көшіріп қондыру және оларды ұзақ мерзім сақтау әдістері үздіксіз жетілдірілуде. 1973 жылдан бастап эмбриондарды ұзақ мерзім тоңазытып сақгау әдісі кеңінен қолданыла бастады. Эмбриондарды тоңазытып сақтау - болашақта селекциялық жұмыстар үшін генетикалық материалды сақтаудың бағалы әдісі. Ол сақтау барысында гендерді жоғалтпастан таза тұқымды жануарлар алуға, сондай - ақ тірі материалды жер шарының әр түрлі аймақгарына оңай тасымалдап жеткізуге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары АҚШ-тың, Канаданың, Германияның, Францияның, Ұлыбританияның жануарларды қолдан ұрықтандыру станциялары жылына 70 - 75 % дейін, кемінде 8000 - 10000 кг сүт беретін аса мол өнімді сиырлардың эмбриоңдарын трансплантациялаудың жәрдемімен алынған бұқалармен толығуда. Көптеген елдерде эмбриондарды көшіріп қондыру жөніндегі арнайы фермалар құрылуда. Мұндай жұмыстар біздің елімізде де жүргізіліп келеді.
Аса бағалы жануарлардың генотиптерін көшіріп алғандай қайталау - өте күрделі мәселе. Эмбриондарды көшіріп қондырудың әр түрлі хирургиялық және жай әдістердің жәрдемімен жүзеге асырылатыны белгілі. Ұрықтарды трансплантациялаудың жай әдісі мынадай кезеңдерден тұрады: фолликулалық гормонның жәрдемімен донор - сиырларда жұмыртқа клеткасының суперовуляциясын тұғызу, реципиенттерге жұмыртқа клеткасын енгізу. Донор-сиырларды олар бұзаулағаннан кемінде 60 күн өткен соң іріктеп алады. Олардың құлақ терісінің астына синхромат препаратын енгізеді. 9 күн өткен соң препаратты шығарып алып, бұлшық етке 3 мл простагландин енгізеді. Мұндай жануарлардың екінші тәулікте-ақ күйлегені байқалады. Күйлегеннен 10 күн өткен соң донорды фолликула гормонын және простогландин енгізу арқылы суперовуляцияға дайындайды. Эструс болған жағдайда донорларды
5 - күні бірінші рет, 6 - күні екінші рет қолдан ұрықтандырады. Донорды ұрықтандырғаннан кейінгі 7 - күні эмбриондарды шаяды. Ол үшін телескоптық пластмасса зондын және канюласы бар металл катетер пайдаланады. Шаюдың жабық жүйесі ортамен байланысты болдырмайды. Эмбриондарды нақты бластографиямен салыстыру арқылы олардың сапасына баға беріледі.
Реципиенттерді физиологиялық күйін, тірілей массасын, жасын (18 ай), қалыпты жыныс циклін, денсаулығын ескере отырып, іріктеп алады.
Реципиент-тайыншаларға В синхроматын имплантанциялайды. 10 күн өткен соң оны шығарып, бұлшық етке 500МЕ СЖКенгізеді. Күйлеген тайыншаларды тыныштық рефлексі бойынша анықтайды. Донорлар мен реципиенттер бір мезгілде күйлеген болуы тиіс. Эмбриондарды реципиент- терге жатыр мойны арқылы арнайы катетермен енгізеді.
Трансплантацияның аса маңызды прблемаларына мыналар жатады: сауын маусымында кемінде 8000 мың кг сүт беретін, мол өнімді, генетикалық тұрғыдан алғанда бағалы донор - сиырларды іріктеп алу, олардан көп ұрық алу, көшіріп қондыру кезінде эмбриондардың сақталуын арттыру, ооциттердің организмнен тыс жағдайда жетілуінің жаңа ғылыми әдістерін жасау, әрбір эмбрион үшін реципиенттерді тандау.
Браккет ұрықтанған ооциттерден 1982 жылы тұңғыш рет бұзау алған. Оның тәжірибелерінде ооциттер сиырдың аналық безінде жетілген, ал ұрықтану организмнен тыс жағдайда жүргізілген. 1983 жылы Ресейде (Эрнст, Голубев) ұрықтанған ооциттен ғана емес, сонымен бірге, организмнен тыс жағдайдажетілген ооциттен де бұзау алынды. Бұл экспериментте өте ерте даму кезеңдеріндегі эмбриондарды (2-4 клеткалы) реципиенттің жұмыртқа жолына көшіріп қондырды, ал бұл эмбриондарды көшіріп қондыру методикасын күрделілендіре түсті. Донор - сиырлардан дамудың едәуір кейінгі сатыларында эмбриондар алу үшін Л. К. Эрнст пен М. И. Прокофьев (1985) аралық реципиенттер (қоян) пайдаланды. Жалған буаз қоянның жұмыртқа жолына 3 - 5 аптага ооциттерді көшіріп қондырып, онда морула сатысына дейін жетілдірді де, содан соң іште ұрықтандырды.
Іште ұрықтандырылған эмбриондарға қарағанда ооцитгерді қоянның жұмыртқа жолында ұрықтандыру нәтижесінде алынған эмбриондар 5 - 7 есе артық сақталған. Аралық реципиент арқылы эмбриондар көшіріп қондырудың мұндай эксперименттерін Ф. М. Мұхамедғалиев, М. М. Тойшыбековтер (1985) қойларға ойдағыдай жүргізді.
Эмбриогенетика - биотехнологияның маңызды бөлімі. Таяу болашақта гендік және торлық (клеткалық) инженерияның бұдан да күрделі проблемалары шешілетін болады. Гендерді бөліп алу, оларды синтездеу, бөгде генді реципиент - тормен интеграциялау организмді молекулалық қайта құру жұмысының элементтеріне айналады.
1 - Кесте - Эмбрионалдық кезең
Ұрық фазасы
Ұзақтығы:
Ірі қарада 35 күн,
Қойда 30 күн,
Шошқада 25 күн.
Зиготаның пайда болуы
Имплантация ( зиготаның аналықтың қабықшасына енуі - 13 - 15 күн)
Зиготаның бөлінуі,эктодерманың, эндодерманың,мезодерманың қалыптасуы
Органогенез
Торлардың, ұлпалардың күрделілене жіктелуі және мамандануы,мүшелердің түзіле бастауы,эмбрион массасының баяу өсуі.
Іштегі төл алды фазасы
Ұзақтығы:
Ірі қарада 25 - 26 күн,
Қойда 17 - 18 күн,
Шошқада 12 - 17 күн.
Төл органогенезінің жалғасы
Қаңқасының сүйектенуі, бұлшық еттер мен тұқымдық белгілердің қалыптасуы
Төл фазада
Ұзақтығы:
Ірі қарада 210 күн,
Қойда 100 - 105 күн,
Шошқада 80 - 85 күн.
Ұлпалар, мүшелер мен жүйелер жүктелуінің аяқталуы
Эмбрион массасының қауырт өсуі (буаздықтың соңғы үштен бірінде). Қаңқаның, ішкі мүшелердің,бұлшық еттердің өсуі
2 Негізгі бөлім
2.1 Жануарлардың постэмбрионалдық кезеңдегі жеке дамуын басқару
Постэмбрионалдық кезеңдегі жануар организмі бұрынғыдан өзгеше, жаңа сыртқы орта жағдайларына тап болады. Жаңа туған төл организміне сыртқы ортаның көптеген факторлары әсер етіп, онда шаруашылыққа пайдалы бірқатар белгілерді қалыптастырады.
Постэмбрионалдық кезеңде төлді бағыттап өсірудің негізгі міндеті - дене бітімі мықты, өнеркәсіптік технологияға жақсы бейімделген, тез жетілетін, мол өнімді жануарлар шығару. Төлді азықгандыру және күтіп-бағу жағдайлары, тұмса сиырларды сауу, құлындарды машықтандыру (жылқы шаруашылығында), сақа жануарларды ұтымды пайдалану секілді факторлар организм тонусының жоғары болуын, тұқымның бағалы қасиеттерінің барынша толық ашылуын қамтамасыз етеді.
Жануарларды мақсатқа сай бағыттап өсіру әдістері оларды пайдалану мақсаттарына қарай асыл тұқымды және жетілген ооциттен де бұзау алынды. Бұл экспериментте өте ерте даму кезеңдеріндегі эмбриондарды (2 - 4 клеткалы) реципиенттің жұмыртқа жолына көшіріп қондырды, ал бұл эмбриондарды көшіріп қондыру методикасын күрделілендіре түсті. Донор - сиырлардан дамудың едәуір кейінгі сатыларында эмбриондар алу үшін Л. К. Эрнст пен
М. И. Прокофьев (1985) аралық реципиенттер (қоян) пайдаланды. Жалған буаз қоянның жұмыртқа жолына 3 - 5 аптаға ооциттерді көшіріп қондырып, онда морула сатысына дейін жетілдірді де, содан соң іште ұрықтандырды.
Іште ұрықтандырылған эмбриондарға қарағанда ооциттерді қоянның жұмыртқа жолында ұрықтандыру нәтижесінде алынған эмбриондар 5 - 7 есе артық сақталған. Аралық реципиент арқылы эмбриондар көшіріп қондырудың мұндай эксперименттерін Ф. М. Мұхамедғалиев, М. М. Тойшыбековтер (1985) қойларға ойдағыдай жүргізді.
Азықтандыру және күтіп-бағу жагдайларының әсері. Өсіп келе жатқан жануарларды азықтандырудың деңгейі мен сипаты төлдерді мақсатқа сай бағыттап өсірудің негізгі факторларының бірі болып табылады.
И. П. Чернопятов, Н. П. Чирвинский, П. Н. Кулешов тиісті азықпен азықтандыру арқылы жас жануардың дене пішінін өзгертуге, оның жұмсаған азықты белгілі дәрежеде өтеуіне, жетілуі мен өнімділік деңгейі әр түрлі жануарларды қалыптастыруға әсер етуге болады деп атап көрсетті. Жануарларды азықтандырудың үш типін көрсетуге болады: ірі азықтар, мұндай рационда ірі және балауса азықтар басым; жем азықтар; құрама азықтар - брикеттер мен түйіршіктерді пайдаланатын көлемді жем, пішендеме-жем.
2 - кесте - Постэмбрионалдық кезең
Жаңа туылған төл фаза
Жаңа туған төлдің жаңаша қоректенуге, зат алмасуына, жылу реттелуіне бейімделуі
Сүт ему фазасы (туғаннан енесінен айырғанда дейін)
Сүт ему
Сыртқы жағдайларға одан әрі бейімделу. Ас қорыту мүшелерінің, сүйектің, бұлшық еттің өсуі және т.б
Жыныстық жетілу фазасы
Жыныстық рефлекстік оянуы,жетілуі
Организмнің одан әрі дамуы
Физиологиялық жетілуі фазасы
Организмнің барлық қызметінің, мол өнімділігінің, ұрпақ беру қабілетінің барынша дамуы
Қартаю фазасы
Организмнің негізгі қызметінің сөне бастауы, болбырауы
2.2 Мүйізді ірі қараның төлін өсіру
Бұзауларды мақсатқа сай бағыттап өсірудің көптеген әдістерінің ішінде жануарларды өсіп - жетілу кезендері бойынша азықтандырудың және тірілей массасының өсімін жоспарлауды реттеп отырудың ерекше зор маңызы бар. Өсіру жоспары дегеніміз - кез келген жастағы төлдердің тірілей массасының өсімін керекті деңгейге жеткізуге мүмкіндік беретін мақсатты шаралар. Оны жануардың тұқымын, биологиялық ерекшеліктерін және өнімділік бағытын ескере отырып жасайды. Асыл тұқымды төлдің өсуін жоспарлаудың екі жолы бар: төл марқайған сайын оның қосатын қосымша салмагын арттыру және кеміту.
В. Ф. Красота бастаган ғалымдардың он жыл бойы (екі ұрпақ) бестужев тұқымының төлдерін мақсатқа сай бағыттап өсіруге жүргізген зерттеулерінің нәтижесі мынадай болған. Бестужев малы үшін 6 айға дейін тірілей салмағын жедел арттыру мақсатында тәуліктік өсімін 800 - 850 г деңгейінде жоспарлау тиімді, 6 айдан 12 айға дейін оны 700 - 750 г денгейінде сақтау керек, ал екінші жылында төлдің тәуліктік салмақ қосуы кемінде 500 - 600 г болуы тиіс. Бұлайша өсіру сүтті-етті бестужев малының биологиялық ерекшеліктеріне сай келеді және олардың ақырғы тірілей массасы 550 - 600 кг болады. Бұл жағдайда сақа сиырлар жұмсалған азықты сүтпен жақсы өтейді және әрбір кг тірілей салмаққа есептегенде оны көп береді.
Тайыншалар мен өгізшелердің өсуін жоспарлауда айырмашылықгар бар. Асыл тұқымдық мақсатқа арналған мол өнімді сиырлардан туған тайыншаларды теңестірілген толық құнды рационда өсіру тиімді, бұл 18 - 20 айлық жануарлардың тәулігіне орта есеппен 650 - 700 г салмақ қосуына мүмкіндік береді. Тайыншаларға (2 жасқа дейін тәулігіне 700 - 800 г) қарағанда асыл тұқымды өгізшелердің өсу қарқыны жоғары болуға тиіс.
Белгілі бір мақсаттар үшін төл өсіруде мынадай екі өсу заңдылығын ескеру қажет: онтогенез барысында әр түрлі мүшелер мен ұлпалардың әркелкі дамитыны және жас организмнің белокты заттарды қарқынды синтездейтін қабілетінің болуы. Н. П. Чирвинский 1924 жылы-ақ бұзаулар организмінің жедел өсу қабілетін ұтымды пайдалану қажеттігін ұсынған болатын. Ол бұзауларды тұқымдық ерекшеліктері мен қандай мақсатта өсірілетінін ескерместен, қалай болса, солай мол азықтандыра берудің тиімсіздігін атап көрсеткен.
Табынды толықтыратын төлдердің өсуін олардың тірілей салмағы барлық кезеңдерде осы тұқымның 1 класына қойылатын талаптардан төмен болмайтындай етіп жоспарлайды. Жыныстық жетілу кезеңінде тайыншаларды молынан азықгандырудың сиырлардың сүт өнімділігі мен өсімталдығын қалыптастыруда зор маңызы бар.
А. П. Бегучев озат шаруашылықтар мен ғылыми - зерттеу мекемелерінің мағлұматтарын жинақтау негізінде қарқынды өсірген жағдайда тайыншалардың тәулігіне қосатын тірілей массасының мынадай үлгі нормативтерін ұсынады.
3 - кесте - А. П. Бегучевтің тайыншалардың тәулігіне қосатын тірілей массасы
Тұқым
Жасына қарай (ай) тәуліктік өсімі,г
6 айға дейін
6 - 12 ай
12 - 18 ай
Кострома,
симменталь,бестужев(сиырларының тірілей массасы 600 - 700кг)
800 - 900
780 - 800
650 - 700
Қара-ала, холмогор(сиырларының тірілей массасы 500 - 600кг)
750 - 800
650700
550 - 600
Қырдың қызыл,ярослав(сиырларынның тірілей массасы 450 - 500кг)
650 - 700
550 - 600
450 - 500
Ірі қара шаруашылығы тәжірибесінде табынды толықтыратын төлдерді өсірудің мынадай схемасы қалыптасты:
1) алғашқы үш айда тәуліктік салмақ қосуы азырақ жағдайда (тәулігіне 500г), ал кейінгі кезеңдерінде (3 - 12 - 16 ай) бұдан жоғарырақ тәуліктік өсімге (тәулігіне 700 - 750г) жету;
2) төл маркайған сайын қосылатын тірілей массаны азайта отырып (3 айға дейін төулігіне 750 - 800г), постэмбрионалдық дамудың алғашқы айларында жедел өсіру. Бұл схема бұзаулардың биологиялық ерекшеліктеріне -- тіршілігінің алғашқы кезендерінде карқынды өсуіне негізделген және шаруашылық тұрғысынан қарағанда барынша тиімді жағдай ретінде ұсынылуы мүмкін;
3) бұзауларды 18 айға дейін өсуін тежей отырып, одан соң тұмса сиырларды жақсы азықтандырып өсіру;
4) жыл маусымдарын ескере отырып өсіру. Жайылымдық кезеңде жоғары қосымша салмақ қосуды және қолда күтіп-бағуда қалыпты, яғни орташа салмақ қосуды жоспарлайды;
5) жыныстық жетілуге дейін қалыпты жағдайда, ал одан кейінгі есейген кезендерінде тәулігіне салмақ көп қосылатын жағдайда өсіру.
Біздің елімізде және шетелдерде (АКДІ, Англия, Швеция, Канада, Германия) жүргізілген көптеген зерттеулердің мәліметтері тіршілігінің алғашқы 3 - 6 айында қалыпты өсетін бұзаулардан көп сүт алынатын сиырлар өсіруге мүмкіндік бар екенін дәлелдейді. Мысалы, АҚШ-та стандарт ретінде голштин тұқымының тайыншалары мен сиырларын өсірудің мынадай жоспары қабылданған: туған кезде тірілей массасы 40 кг, 1 айда - 50, 2 айда - 67, 3 айда - 88 және 6 айда - 161 кг болуы тиіс. 1 жастағы жануарлардың массасы 287 кг, 2 жаста - 485 кг, 5 жаста - 600 кг болуы керек.
Соңғы жылдардағы зерттеулердің негізінде сүтті малды өсіру жүйесіне енесінің бауырындағы бұзауларды азықтандырудың мынадай жаңа элементтері енгізілді:
1) кұрамында қорытылатын протеині көп (18 - 20 пайызға дейін), витаминдері мен микроэлементтері бар толық бағалы құрама жем беруді алмастырғыштармен ұштастыра пайдалану;
2) өсудің ерте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz