ЖЕКЕ ҰДАЙЫ ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ


ЖЕКЕ ҰДАЙЫ ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Әрбір жекелеген кәсіпорында жеке кеңітілген өндіріс жүзеге асырылады.
Жеке кеңітілген өндіріс - бұл жеке бөлініске негізделген экономиканың жекелеген топтарына қатысты шеңберлерде тауарларды құру және табыс табу мақсатында өндіріс факторларының өндірістік қосылыстарының үздіксіз қайталатын үдерісі.
Кәсіпорында шығарылатын тауарлардың барлығы екі топқа бөлінеді:
- тұтыну тауарлары - бұл халықтың азық-түлігі, киім-кешегі, тұрмыстық заттар және т. б. мұқтаждықтарын тез арада қанағаттандыру үшін қажет тауарлар;
- капиталды тауарлар (немесе өндіріс құралдары) тұтыну тауарларын өндіруге қызмет етеді.
Жекелеген тауарлар (мысалы, тігін машиналары) оларды пайдалануға байланысты тұтыну тауарларына да, капиталдық тауарларға да жатқызуға болады. Егер тігін машинасы үйде қолданылса, - ол тұтыну тауары, ал, тігін фабрикасында қолданылса - онда капиталды тауарға жатады.
Қазіргі микроэкономикада ең жақсы нәтижеге жету мақсатында өндіріс факторларын қолдану бойынша қызмет түсіндіріледі. Егер қорды қолдану көлемі белгілі болса, онда нәтиже барынша көбееді, егер нәтиже белгілі болса, онда қор көлемі барынша көбейтіледі. «Шығындар», «өнім», «фирма қызметі» түсініктері қазіргі экономика ғылымында кеңінен тұжырымдалады. Қажетті нәтижеге жету мақсатында қолдану үшін өндіруші (фирма) сатып алынатын заттардың барлығын шығын деп түсіндіреді. Фирманың қызметі өндірістік те, сонымен қатар коммерциялық қызметті де білдіреді. Мысалы, оған өнімді тасымалдау, сақтау және тіпті өнімді кейін қайта сату мақсатында сатып алу да жатады. Қазіргі қоғамда кез келген фирма бір ғана емес, бірқатар экономикалық игілікті өндіріп шығарады. Бірақ, қарапайым ету мақсатында тек бір ғана тауарды (немесе қызметті) шығаруды болжайды.
Кез келген өндіріс түрлі қорларды қолданумен байланысты болып табылады. Олар өндіріске тартылу барысында өндіріс факторларының түрін қабылдайды. Өндіріс факторлары әдетте іріленген топтар түрінде қарастырылады: 1) тартылатын жұмыс күші жиынтығы ретіндегі еңбек; 2) барлық қаражат кешенінің материалдық нысаны бар капитал; 3) табиғи шарттардың кешені ретіндегі жер; 4) өндірісті ұйымдастыру, оны бақылау бойынша қызмет ретінде түсіндірілетін қабілет. Өндіріс нәтижесі материалдық та, материалдық емес те түрге ене алады.
адам мұқтаждықтарын қанағаттандыруға тікелей немесе жанама түрде қызмет ететін үдеріс.
Әрбір нақты өндіріс үдерісі факторлар жиынтығымен де, олардың берік арақатынасымен де сипатталады. Ол технология түрінде көрсетіледі. Технология - бұл өндіріс факторларының белгілі бір берік әдісі болып табылады. Дегенмен де, бір өндіріс түрлі технологиялар көмегімен жүзеге асырыла алады. Өз кезегінде технологияның дамуы өндірісте жаңа тәсілдерді қолдана отырып, тиімді өндірістік факторларды қамтамасыз етеді. Қор шектеулі болған жағдайда өндірістік теорияда өндіріс тиімділігі мәселесі айқындаушы орынға ие болады. Негізінен, оның шешімі технологияны қолданумен де және қолданылатын қорлардың бағасын есепке алумен де байланысты болады. Сондықтан технология мен экономикалық тиімділік анықталады. Егер қолданылатын фактордың біреуі ғана берілген өнімнің мөлшерінен аз мөлшерде пайдаланылса, онда технологиялық тиімділік өндіріс тәсілі болып есептеледі. Өнім өндірісінің енгізілген факторының балама құны барынша аз болған жағдайда, технологиялық тиімді өндірістік тәсіл экономикалық жағынан тиімді болып есептеледі.
Бір технологияны қолдану аясында тұтынылатын ресурстар көлемі мен өнімді шығару мөлшері арасында әрқашан нақты бір тәуелділік болады. Өндіріс факторларының енгізілетін тәсілдері мен өнімді шығару арасындағы атқарымдардың өзара байланысы өндірістік атқарым деп аталады. Оның тәуелсіз ауыспалылығы ретінде қолданылатын факторлардың мәні көрсетіледі, ал тәуелді ауыспалылықта өнімді шығару көлемінің мәні көрсетіледі. Математикалық тұрғыдан ол былай көрсетіледі:
Q= F (X a, X b, X c . . . X n ), мұнда:
Q - өнім көлемінің мәні; F - енгізілетін өндіріс факторларымен өнім көлемі арасындағы атқарымдық байланыс түрі; X a, X b, X c . . . X n - өндірісте қолданылатын фактордың мәні.
Өндірістік атқарым - өндірістік фактордың енгізілген әдісі мен шығарылған өнім көлемінің арасындағы атқарымдардың өзара байланысы болып табылады.
Әрбір өндірістік атқарым нақты бір өндірістің ерекшеліктерін көрсеткенімен, олардың барлығының өзіндік бір қасиеттері бар:
- өндірістік атқарым тек белгілі бір технологиялық өзара байланысты сипаттайды, ал, технологияның өзгеруі өндірістік атқарым түрінің өзгеруіне алып келеді;
- өндірістік атқарым оларды өзара алмастыру мүмкіндіктерін көрсете отырып, өндіріс факторларын қолданудың баламалы нұсқаларын сипаттайды;
- өндірістік атқарым факторлар құрамдастарымының әрқайсысы үшін өнімді шығарудың барынша маңызын көрсетеді;
- өндірістік атқарым кез келген қолданылатын фактордың ұлғаюы өнімді шығарудың ұлғаюымен бірге жүретін «экономикалық сала» деп аталатын өндіріс факторларының технологиялық жағынан тиімді тәсілін ғана көрсетеді.
Өндірістік атқарымдар нақты өндірістік үдерістің тәжірибелік мәліметттеріне талдау жасаудың негізінде шығарылады және өндірісті жоспарлау міндеттерін шешуге қызмет етеді. Себебі, ол жекелеген фактордың да, сонымен қатар өндірісте қолданылатын барлық факторлар саны өзгерген кезде де жиынтық өнімнің өзгеруін болжауға мүмкіндік береді.
Табыс - белгілі бір уақыт кезеңінде игіліктерді немесе қызметтерді өндіру және тарату нәтижесінде фирма ие болатын белгілі бір ақша сомасы. Табыс санатында фирма қызметінің экономикалық нәтижелілігі, оның шаруашылық саясаты, стратегиялық және тактикалық шешімдерді таңдауы көрсетіледі. Табыстың өсуінен, оның көлемінен фирма қызметінің тиімділік дәрежесін, ол шығаратын өнімнің қоғам тарапынан сұранысқа ие болуын, сонымен қатар тиісті нарықтағы фирманың орны мен рөлін көруге болады.
Табыстың жалпы, орта және шекті түрлері бар.
Жалпы табыс TR фирма шығарған өнімді тарату нәтижесінде түскен жалпы ақша сомасы. Ол TR=P ∙ Q формуласы бойынша есептеледі, бұнда Р - өнім бірлігін тарату құны, Q өндірілген және таратылған өнім бірлігінің саны. Көріп отырғандай, жалпы табыс көлемі шығару көлемі мен оны тарату көлеміне байланысты болып табылады.
Орташа табыс AR - бұл таратылған өнім бірілігінен түсетін ақша сомасының көлемі. Орташа табыс мына формула бойынша есептеледі:
AR=TR/Q=(P ∙ Q) /Q=P
Орташа табысты есептеуді әдетте белгілі бір уақыт аралығында немесе фирманың шығаратын өнімінің сұрыпталымы бірнеше немесе көптеген тауарлар мен қызметтерден тұрған жағдайда өзгермелі құн кезінде қолданады.
Шекті табыс MR қосымша өнім бірлігін өндіру және тарату нәтижесінде алынатын жалпы табысты өсіру. Шекті табыс мына формула бойынша есептеледі: MR =∆TR/∆Q,
мұнда ∆TR қосымша өнім бірлігін тарату нәтижесінде жалпы табыстың өсуі; ∆Q - бірлікті өндіру және тарату көлемінің өсуі.
болса, онда өнімді шығару міндетті түрде барынша көбейеді. Сонымен бірге фактордың бірлі-жарым өзгерістері туралы айтылғанда, жалпы өнімнің өзгерісі де физикалық бірлікпен өлшенуі керек, яғни МР L = F (K, L+1) -(K, L) төмендейді. Бұл ауыспалы фактордың қайтарылымы өзгерістерімен ескеріледі. Алғашқы кезеңде өндірісте ауыспалы фактордың аз ғана бөлігі қолданылғанда соңғысының әрбір қосымша бірлігі осы фактордың шекті өнімінің өсуімен аяқталады. Бірақ ауыспалы факторды қолданудың өсу шамасы бойынша оның шекті өнімінің өсуі тоқтатылады, одан кейін төмендей бастайды. Бұл тәуелділіктің азаймалы заңы немесе азаймалы шекті өнімділік заңы деп аталады.
Азаймалы қайтарылым заңының әрекет ету себептері өндірістегі тұрақты және ауыспалы факторлар арасындағы үйлесімнің бұзылуында жатыр. Жабдықтарды аз жүктеген кездегі төмен тиімділік өндіріске ауыспалы фактордың қосымша көлемін тарту (қатыстыру) есебінен артады, бұл өсу дәрежесіндегі өнімнің ұлғаюына алып келеді. Керісінше, жабдықты шамадан тыс жүктеу тиімділіктің құлдырауына және өнімнің төмендеуіне алып келеді.
Азаймалы қайтарылым заңының әрекеті бірқатар маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:
- Біріншіден, шығын әрқашан болады, олардың өсуі экономикалық сала деп аталатын жинақтама өнімнің (барлық алғашқы жеке туындылар жағымды) төмендеуіне алып келмейді.
- Екіншіден, қысқа мерзімді кезең жағдайында өндіріс факторларының бірі тұрақты түрде қалса, әрқашан ауыспалы фактордың өсуі оның шекті өнімінің төмендеуіне алып келетін нүктесі болады.
- Үшіншіден, экономикалық сала аясында өнім көлемінің төмендеуіне әкелетін ауыспалы факторды қолдану одан әрі өсе түсетін нүктесі болады.
Өнім факторының азаймалы қайтарылым заңының әрекеті фактордың тек біреуі ғана тұрақтанғанда өнім ұлғаюының мүмкіндігі шектеулі болып табылады. Бұнымен қоса а) заң тек қана қысқа мерзімді кезең жағдайына қолданылады; б) заңның әрекет ету қарқындылығы технологияның ерекшеліктерімен ескеріледі және ол әр өндірісте әр түрлі болады.
қол жеткізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz