ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ

Жұмыспен қамту және жұмыссыз-дық ұғымдарының мазмұны. Жұмыс-сыздық көрсеткіш-тері.
Жұмыспен қамту деп азаматтардың жалақы (еңбек табысы) алу негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырумен байланысты қызметі түсіндіріледі. Олардың бірнеше түрлері бар (1- сурет).
Толық
Қосалқы
Басқа түрлері
Толық емес
Уақытша
Жұмыспен қамтылған азаматтардың тобы
- Жалдамалы жұмыскерлер;
- Демалыс және басқа себептерге байланысты уақытша жұмыс жасамайтындар;
- Өзін жұмыспен қамтитындар;
- Ақы төленетін лауазымға сайланғандар;
- Қарулы күштер, ІІМ қатарында қызмет атқарушылар;
- Күндізгі оқу бөлімінің оқушылары мен студенттері.
1 сурет жұмыспен қамту түрлері
1-сурет. - Жұмыспен қамту түрлері
Жұмыспен қамту теориясы ұзақ эволюциялық даму жолынан өтті. Сонымен қатар ол зерттеудің тұжырымдық тәсілдері, әдістері мен құралдарының алуан түрлілігімен сипатталады. Бұл мәселеге деген теорияға көзқарастар әлемдік экономикалық пікірдің құрылымындағы бағыттар мен мектептердің көптігімен сипатталады.
Жұмыссыздық - экономикалық жағынан белсенді халықтың уақытша жұмыс жасамауы.
Халықтың жұмыспен қамтылуы деп заңнамаға қайшы келмейтін және оларға еңбек табысын әкелетін жеке және қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырумен байланысты азаматтардың қызметі түсіндіріледі.
Экономикалық жағынан белсенді халықтың арасындағы жұмыспен қамтылған азаматтар қатарына (Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы Заңына сәйкес) 16 жастан асқан тұлғалар жатады, сонымен қатар 16 жасқа толмағандар, қарастырылып отырған кезеңде:
oo Толық немесе толық емес жұмыс күні жағдайында, сонымен қатар басқа табыс әкелетін сыйақы үшін жалдамалы жұмыс атқарушылар;
oo Сырқаттану, еңбек демалысы, демалыс күндері, ереуіл немесе басқа да себептерге байланысты уақытша жұмыста болмағандар;
oo Отбасылық кәсіпорында төлемсіз жұмыс жасайтындар.
ХЕҰ жіктеуіне сәйкес экономикалық жағынан белсенді тұрғындарға тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететіндер жатады. Бұл халық тобы құрамына жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар кіреді.
Жұмыссыздарға 16 жастағы және одан ересек жастағы тұлғалар жатады. Олардың жұмысы, табысы жоқ, бірақ жұмыспен қамту органдарында жұмыс іздеу мақсатында тіркелген болып, жұмыс істеуге дайын тұлғалар.
Экономикалық жағынан белсенді емес тұрғындардың қатарына бұл жұмыс күшінің құрамына кірмейтін халықтың бір бөлігі кіреді. Оларға төмендегілер жатады:
oo Күндізгі оқу орындарында білім алатын оқушылар, студенттер, курсанттар;
oo Қарттық бойынша және жеңілдік беру жағдайында зейнетақы алатын тұлғалар;
oo Мүгедектік бойынша зейнетақы алатын тұлғалар;
oo Үй шаруасындағы, бала бағатын, сырқат туыстарын күтетін тұлғалар;
oo Жұмыс іздеуді тоқтатқан, жұмыс істей алатын және жұмыс істегісі келетін тұлғалар;
oo Жұмысқа мұқтаж емес, бірақ жұмыс істей алатын, жұмыс істегісі келетін тұлғалар.
Жұмыспен қамтудың тағы бірнеше түрлері бар: өнімді, әлеуметтік пайдалы, толық, тиімді және т.б.
Өнімді жұмыспен қамту - бұл халықтың қоғамдық өндірісте жұмыспен қамтылуы.
Әлеуметтік жұмыспен қамту тек қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін ғана емес, сонымен қатар әскери қызметтегілер, оқушылар (еңбекке қабілетті жастағы), үй шаруасын атқаратын, балаларды бағатын, сырқат туыстарын күтетін тұлғалар санымен анықталады.
Толық жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
Толық жұмыспен қамту - бұл жұмыс істегісі келетіндер төлемақы төленетін жұмыспен толық қамтылған, кезеңдік жұмыссыздық жоқ, бірақ фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздықпен анықталатын оның табиғи деңгейі сақталып қалатын қоғам жағдайы түсіндіріледі.Тиімді жұмыспен қамту екі көзқараспен сипатталады. Экономикалық жағынан - адам ресурсын тиімді пайдалану ретінде, әлеуметтік еңбектің адам мүддесіне толық сәйкестігі ретінде сипатталады. Осылайша, егер толық жұмыспен қамту сандық жағынан жұмыспен қамтуды көрсетсе, тиімді қамту - сапасы жағынан жұмыспен қамтамасыз етуді көрсетеді.
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы үйлесімсіздік әрқашан толық және тиімді жұмыспен қамту шарттарынан бас тартуды білдіреді. Егер ұсыныс сұраныстан асып түссе, онда айқын жұмыссыздық, ал сұраныс ұсыныстан асып түссе, онда жасырын жұмыссыздық орын алады.
Өтпелі экономика жағдайында қосымша жұмыспен қамту санаттарын түсіну қажет.
Қосымша жұмысбастылық деген сол жердегі шектес немесе жаңа жұмыс орнында жұмыс күнінің қалыпты жұмыс ұзақтылығынан ұзаруын (жеке еңбек қызметі түрінде, басқа кәсіпорында) білдіреді.
Өзіндік жұмыспен қамту табыс көзі ретінде қызмет түрлерін өз бетімен іздеп табуды, түрлі деңгейдегі мемлекеттік қолдау көмегімен тұрақты немесе уақытша табыс алу үшін жұмыс орындарын құруды болжайды. Өз бетімен жұмыспен қамту шағын бизнес түрінде көрініс табады.
Жұмыспен қамту деңгейі - белгілі бір мезгілде жұмысы бар жұмыс күші санының пайызы.
Толық жұмыспен қамту кезінде экономика жағдайы жұмыссыздықтың абсолютті түрде болмауын білдірмейді. Экономистер фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздықты сөзсіз болатын құбылыс деп есептейді: толық жұмыспен қамту жұмыс күшінің 100% кем құрайтын жұмыспен қамту ретінде анықталады. Нақтырақ айтсақ, толық жұмыспен қамту кезіндегі жұмыссыздық деңгейі фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің сомасына тең болады. Басқаша айтатын болсақ, толық жұмыспен қамту кезінде жұмыссыздық деңгейі кезеңдік жұмыссыздық нөлге тең болған жағдайда жетеді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен тығыз байланысты ұлттық өндірістің шынайы мөлшері экономиканың өндірістік әлеуеті деп аталады. Бұл қорларды толық пайдалану кезінде экономика шығара алатын өнімнің шынайы мөлшері болып табылады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі жұмыс іздеушілер саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда жұмыс күші нарығының теңгерімділігі кезінде пайда болады. Егер жұмыс іздеушілер саны бос орындардан көп болса, онда жұмыс күшінің нарығы теңгерімсіз болғаны, бұл жағдайда жиынтық сұраныс тапшы болып, кезеңдік жұмыссыздық байқалады. Бір жағынан жиынтық сұраныс артық болғанда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады, яғни бос жұмыс орындарының саны жұмыс іздеушілер санынан асып түседі. Бұндай жағдайда, жұмыс күші нарығындағы шиеленісті жағдай инфляциямен байланысты болады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі тұрақты емес, ол институционалдық өзгерістер (қоғамдағы заңдар мен ғұрыптардың өзгерісі) салдарынан өзгеріп отырады. Мысалы, 60-шы жылдары көпшілік фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздықтың сөзсіз болатын ең аз мөлшері жұмыс күшінің 4%-ын құрайды деп есептеді. Қазіргі кезде экономистер жұмыссыздықтың табиғи деңгейі шамамен 5-6 %-ға тең деп санайды. Бұл өзгерістер, біріншіден, жұмыс күшінің демографиялық құрамының өзгерістерімен байланысты. Әйелдер мен жас жұмысшылар жұмыс күшінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды. себебі, олардың арасында жұмыссыздық үлесі дәстүрлі түрде жоғары болып табылады. Екіншіден, әлеуметтік-бағытты нарықтық экономиканың қалыптасуымен байланысты институционалдық өзгерістер жүреді.
Тәжірибе жүзінде нақты жұмыссыздық деңгейін анықтау қиын, сондықтан жұмыссыздық деңгейін анықтау даулы мәселе болып қалуда. Жұмыс күші жұмыс жасайтындар мен жұмыссыздардан, бірақ белсенді түрде жұмыс іздеушілерден тұрады деп есептеледі. Жұмыссыздық деңгейі - жұмыс күшінің жұмыссыз бөлігінің пайызы.
Жұмыссыздық деңгейі деген ұғым экономикалық саясатты анықтауда үлкен рөл атқарады. Оның бірқатар кемшіліктері бар. Бұл елдің экономикалық жағдайының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылатындығына қарамастан, оны экономика жағдайының мүлтіксіз барометрі деп есептеуге болмайды.
Жұмыссыздықтың негізгі түрлері
Жұмыссыздық ашық және жасырын түрде болады. Отандық экономикаға көбінесе жасырын жұмыссыздық тән. Оның мәні: экономикалық дағдарыстан туындайтын кәсіпорын қорларын толық пайдаланбау жағдайында кәсіпорын жұмыскерлерін жұмыстан шығармайды, оларды қысқартылған жұмыс уақытына көшіреді (толық емес жұмыс аптасы немесе жұмыс күні) немесе амалсыз төленбейтін демалысқа жібереді. Бұндай жұмыскерлерді жұмыссыз деп тануға болмайды, бірақ олар іс жүзінде солай болып табылады. Жұмыссыздық түрлері. Экономистер жұмыс іздеуші немесе болашақта жұмыс күтіп жүрген қызметкерлерге қатысты фрикциялық жұмыссыздық терминін (ол жұмысты іздеу немесе күтумен байланысты) қолданады. Фрикциялық сөзінің анықтамасы: еңбек нарығы икемсіз, жұмысшылар мен жұмыс орындарының санын сәйкестендірмей қызмет жасайды деп көрсетеді. Жұмысшылардың түрлі икемділіктері мен қабілеттері бар, ал әрбір нақты жұмыс орнына белгілі бір кәсіби талаптар қойылады. Бұдан басқа, жұмыс орындарына үміткерлер туралы таратылған ақпарат жүйесі жетілмеген болып табылады, ал жұмысшылардың географиялық орын ауыстыруы бір мезетте жүзеге аспайды. Қажетті жұмыс орнын іздеу белгілі бір уақыт пен күш жұмсауды талап етеді. Шынында, түрлі жұмыс орындары күрделілігі бойынша, жалақысы бойынша да ерекшеленеді, жұмыссыз адам тіпті бірінші кезекте ұсынылған жұмыс орнынан бас тарта алады, егер адамға қызмет түрі мен жұмыс орнын ерікті түрде таңдау мүмкіндігі берілсе. Кейбір жұмыскерлер жұмыстар арасында қалады. Біреулер жұмыс орындарын ерікті түрде ауыстырады. Басқалары жұмыстан шығып қалғаннан кейін жаңа жұмыс орнын іздейді. Үшіншілер маусымдық жұмыс орындарын (мысалы, құрылыс өнеркәсібінде ауа-райына немесе көлік өнеркәсібінде үлгілердің ауысуына байланысты) уақытша жоғалтады. Сонымен қатар бірінші рет жұмыс іздеушілер санаты да бар. Олардың қатарына жастар жатады. Осы адамдардың барлығы жұмыс тауып немесе уақытша шығарылғаннан кейін бұрынғы жұмыстарына қайтып оралған кезде, басқа жұмыс іздеушілер мен уақытша жұмыстан шығарылғандар оларды жұмыссыздардың жалпы санатында олардың орнын басады. Сондықтан, белгілі бір себептер бойынша жұмыссыз қалған нақты адамдар ай сайын бір-бірін алмастырғанда, жеке тұлғалар немесе отбасылар үшін олар уақытша сипатта болады. Бірақ, жұмыссыздықтың бұндай тұрпаты сақталып қалады. Жұмыс іздеу қиындығын бос орындар, жұмыс іздеушіге анағұрлым қолайлы орындар туралы ақпаратты жақсарту есебінен жеңілдетуге болады.
Фрикциялық жұмыссыздық жаңа жұмысты іздеу үшін қажетті білім алумен, бала туумен байланысты демалыстан шығу, басқа жаққа көшумен байланысты қысқа мерзімді кезеңмен байланысты болып табылады. Әл-ауқаттың артуымен фрикциялық жұмыссыздық өсе түседі, ал оның қысқаруы жұмыс орындары туралы ақпаратты жинау әдістерін жақсарту шамасына қарай мүмкін болады.
Фрикциялық жұмыссыздық туралы кез келген қоғамда айтуға болады. Ол экономиканы белсенді қайта құруда қажетті жағдай болып табылады. Фрикциялық жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі үнемі өзгеріп отыратын нарықтық экономикада сөзсіз болатын құбылыс. Түрлі тауарларға сұраныс үнемі тұрақсыз болады, ол өз кезегінде осы тауарларды өндіретін жұмыскерлер еңбегіне деген сұраныс та тұрақсыз болады. Бұдан басқа, бұндай жұмыссыздық белгілі бір шамада дұрыс болып табылады. Неге дұрыс? Өйткені, жұмыс таңдау алдында тұрған жұмыскерлер жалақысы төмен, өнімсіз жұмыстан анағұрлым жалақысы жоғары, өнімді жұмысқа ауысады. Бұл жұмысшылар үшін жоғары табысты және еңбек ресурстарын тиімді бөлуді білдіреді, ал бұдан ұлттық өнім шынайы көлемі жоғары болады.
Фрикциялық жұмыссыздықтың жұмысбастылықтың басқа түрлеріне қарағанда үш ерекшелігі бар. Біріншіден, жұмыс іздеу еңбекке деген бірдей сұраныс жағдайында жүреді. Екіншіден, фрикциялық жұмыссыздық түріндегі жеке тұлға ниет білдірген жұмысты атқаруы үшін жеткілікті біліктілігі бар болады. Үшіншіден, сұраныс пен ұсыныстың тоғысуына кететін уақыт фрикциялық жұмыссыздық кезеңін құрайды. Ол көбінесе ұзақ болмайды. Фрикциялық жұмыссыздық жағдайында жұмысқа орналастыру бойынша шығындардың орны толады. Ол жеке тұлға мен қоғамға қосымша экономикалық тиімділік әкеледі.
Фрикциялық жұмыссыздық құрылымына ерікті жұмыссыздық та кіреді. Ол кез келген қоғамда өздерінің психологиялық жағдайына байланысты немесе басқа да себептерге байланысты жұмыс істегісі келмейтін адамдар тобының болуынан туындайды.
Фрикциялық жұмыссыздық байқаусыз түрде құрылымдық жұмыссыздық деп аталатын екінші санатқа өтеді. Құрылымдық жұмыссыздық - мамандығы немесе біліктілігі қажетті жұмыс табуға мүмкіндік бермейтін жұмыскерлердің жұмыс іздеу кезеңімен байланысты жұмыссыздық, ол жалдаушы талап ететін біліктілік (мамандық) жұмыссыздың біліктілігімен (мамандығымен) сәйкес келмегенде немесе жұмыссыз адам бос орындар бар аймақта тұрмаған жағдайда туындайды. Құрылымдық жұмыссыздық жұмыс түрлері тұрғысынан да жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігімен байланысты болып табылады. Экономистер құрамдық мағынасында құрылымдық терминін қолданады. Технологиялық жұмыссыздық - технологиядағы өзгерістермен, сонымен қатар тауарлар мен қызметтер нарығы үнемі өзгеріп тұратындығымен байланысты. Жаңа тауарлар пайда болып, ескілері сұранысқа ие болмайды да айналымнан шығып қалады. Осыған байланысты кәсіпорындар өзінің қорларының, еңбек қорларының құрылымын қайта қарастырады. Жаңа технологияларды енгізу жұмыс күшінің бір бөлігін жұмыстан шығаруына немесе қызметкерлерді қайта оқытуына алып келеді. Уақыт өтуімен тұтыну сұранысы құрылымы мен технологияларда маңызды өзгерістер жүріп жатады. Олар өз кезегінде жұмыс күшіне деген жалпы сұраныс құрылымын өзгертеді. Бұндай өзгерістердің салдарынан кейбір мамандық түрлеріне деген сұраныс төмендейді немесе мүлдем қысқарады. Басқа бұрын болмаған мамандықтарға деген сұраныс өседі. Бұдан келіп жұмыссыздық пайда болады. Өйткені, жұмыс күші бұған баяу әрекет етеді және оның құрылымы жаңа жұмыс орындарының құрылымына жауап бере алмайды. Нәтижесінде кейбір жұмыскерлердің іскерліктері мен дағдылары ескіріп, қажет болмай қалады. Сонымен қатар жұмыс орындарының географиялық орналасулары үнемі өзгеріп отырады.
Құрылымдық және технологиялық жұмыссыздық өзара тығыз байланысты және қазіргі таңда экономикалық әдебиетте бұл терминдер синоним ретінде қолданылады. Шынымен де, белгілі бір мамандықтардың жойылуы құрылымдық жұмыссыздық себептері болып табылады. Бірақ, көп жағдайларда мамандықтардың жойылуына техникалық және технологиялық өрлеу (технологиялық жұмыссыздық себептері) қарқыны себеп болады.
Мысалы: 1. Көп жылдар бұрын біліктіліктері жоғары шыны жасаушылар шөлмек дайындайтын станоктар ойлап табылған соң жұмыссыз қалды. 2. Оңтүстік штаттардағы біліксіз және жеткілікті түрде білімі жоқ негрлер ауыл шаруашылығын механикаландыру нәтижесінде ығыстырылды. Олардың көпшілігі біліктіліктерінің жетіспеушілігінен жұмыссыз қалды. 3. Шетелдік өнімдермен бәсекелестікке байланысты жұмыссыз қалған американдық етікші, мысалы, белгілі бір дайындықтан өтпейінше, компьютерде бағдарлама құрушы (программист) жұмыс жасай алмайды.
Құрылымдық жұмыссыздықтың бірнеше себептері бар: тұтынушы талғамының, технологияның, салықтар жүйесінің және т.б. өзгеруі. Құрылымдық жұмыссыздық қызметтің ерекше түрлеріне деген сұраныс құрылымының өзгеруімен байланысты. Мысалы, кабельді теледидар қызметтері ұйымы спутниктік антенналарды жөндейтін мамандарға деген сұранысты төмендетеді немесе автоматты кассалық есеп айырысу аппараттарын енгізу банк кассирлерінің ендігі уақытта керек еместігін көрсетеді. Сондықтан қарқынды түрде дамып келе жатқан экономика жағдайында адамдардың бір бөлігінің мамандықтары қажет болмай қалады (біліктіліктері жетіспейді) немесе олардың қызметтері басқа аймақтарда сұранысқа ие болады.
Фрикциялық және құрылымдық (технологиялық) жұмыссыздық арасындағы айырмашылық біршама белгісіз. Екеуінің арасындағы маңызды айырмашылық фрикциялық жұмыссыздарда сататын іскерлік бар, ал, құрылымдық жұмыссыздар қайта даярлаудан, қосымша оқудан өтпейінше, тұрғылықты орнын ауыстырғанда бірден жұмысқа тұра алмайды; фрикциялық жұмыссыздық анағұрлым қысқа мерзімді сипатта, ал құрылымдық жұмыссыздық анағұрлым ұзақ мерзімді, сондықтан ол күрделі мәселе болып есептеледі. Ол жағдайды шешу үшін едәуір шығын шығаруды талап етеді: біріншіден, жаңа мамандық алу үшін (немесе біліктілігін арттыру үшін) шығындалуға, екіншіден, елдің басқа аймағына көшуге байланысты шығындалу керек болады.
Экономикадағы құрылымдық (технологиялық) жұмыссыздықтың рөлін бағалай отырып, оның бірнеше түрлерін атап өту қажет. Егер технологиялық немесе экономикалық тиімсіздігі, ғылыми-техникалық және әлеуметтік ілгерілеу экономикалық өмірді қайта құрылымдауды талап етуі салдарынан кәсіпорын қызметін тоқтату керек болған жағдайда жұмыскерлерді жүйелі түрде жұмыстарынан босатуы туралы айтатын болсақ, онда жұмыс күшін бұндай босату түрі сөзсіз жағымды үдеріс болып саналады. Себебі, жұмыскерлерді бұндай босату жаңа салалар мен аялардың қызметінде бос орындардың пайда болуына алып келеді. Бірақ, бұл қоғамда икемді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық қатынастар әрекет еткенде, жұмыс күші мен өндіріс құрылымдарының өзара сәйкестенуі кезінде, сонымен қатар жұмыспен қамту құрылымдары мәжбүрлі емес, жұмыскерлердің біліктілігін қайта жетілдіру, қосымша оқыту жүйесінде, жұмыс орнын, тұрғылықты жерін ауыстыруға және т.б. ерікті түрде қол жеткізген кезде ғана шынайы болады. Өтпелі экономиканың нақты жағдайларында құрылымдық жұмыссыздық иррационалдық түрге ие болады, кәсіпорындардың жабылуы келешегі бар салаларда жұмыс орындарының құрылуынан тез жүреді. Сонымен қатар анағұрлым дамуды қажет ететін (жоғары технологиялар, ғылымды қажет ететін өндірісте) салаларда жұмыссыздық тереңдей түседі және білікті жұмыс күшін талап етеді. Соның нәтижесінде қазіргі таңда Қазақстанда біліктілігі төмен инженерлер мен ғалымдар еріксіз сатушылар мен жүк тасушыларға айналуда.
Институционалдық жұмыссыздық еңбек нарығы ұйымы жеткіліксіз түрде тиімсіз болған кезде пайда болады. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат толық емес делік. Ал ақпарат жүйесі дұрыс жұмыс жасағанда жұмыссыздық деңгейі төмен болар еді. Осы бағытта жұмыссыздық бойынша жәрдемақы жоғарылайды немесе табыс салығы төмен болады. Бұл жағдайда жұмысты іздеу ынтасы болмай қалғанда жұмыссыздықтың ұзақтылығы өсе түседі.
Кезеңдік жұмыссыздық өндірістік циклдағы құлдырау кезеңімен байланысты, оның жағдайында жұмыссыздық мөлшері біраз өсе түседі. Ол өндірістік дағдарыс, тоқырау, құлдырау, яғни жалпы, немесе жиынтық шығындардың жеткіліксіздігімен сипатталатын экономикалық цикл кезеңінің құлдырауынан туындайды. Тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық сұраныс төмендегенде, жұмыспен қамту қысқарып, жұмыссыздық өседі. Осы себептерге байланысты кезеңдік жұмыссыздықты сұраныс тапшылығымен байланысты жұмыссыздық деп атайды. Жандану және өрлеу кезінде жұмыссыздар саны азаяды.
Кезеңдік жұмыссыздық іскерлік циклдегі құлдырауларға сәйкес болады да, жалпы экономикадағы тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық сұраныстың төмендеуімен айқындалады. Экономикадағы біріктірілген сұраныс пен ұсыныстың төмендеуі өндіріс көлемін азайтады, ол жұмыс орындарының жетіспеушілігіне алып келеді. Бұл бос орындар арасындағы ұтқырлықтың жетіспеушілігі (фрикциялық жұмыссыздық) жағдайы немесе мамандығы не біліктілігі бойынша жұмыс іздеу (құрылымдық жұмыссыздық) жағдайы емес. Ол әдетте жұмыссыздық деңгейі 6%-дан асқан кезде орнайды және жұмыс басты болып саналмайтын кезеңнің ұзақтылығын едәуір ұлғайтады.
Еріксіз, шарасыз жұмыссыздық кезеңдік жұмыссыздықтың классикалық мысалы болып табылады.
Шарасыз жұмыссыздықтың экономикалық аспектісі еңбекке деген сұраныс еңбек ұсынысынан аз болғанда, жалақының шынайы мөлшерлемесі жағдайында көрінеді. Тепе-теңдіктің бұзылу нәтижесі шарасыз жұмыссыздық болып табылады. Ол шынайы еңбекақы оның бәсекелестік деңгейінен жоғары болғанда туындайды. Шарасыз жұмыссыздықты тек еңбекақының шынайы мөлшерлемесін еңбекке деген сұранысты ұсыныспен теңестіруге мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендетіп қана жоюға болады.
Кезеңдік жұмыссыздық - өнеркәсіптік цикл мен жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кезіндегі жұмыссыздық деңгейі арасындағы айырмашылық. Осылайша, құлдырау жағдайында кезеңдік жұмыссыздық фрикциялық және құрылымдыққа қосылады, ал өктемпаздық жағдайында оның жағымсыз мәні жұмыссыздық деңгейін қысқартады.
Маусымдық жұмыссыздық - түрлі кезеңдердегі кейбір салалар орындайтын өндірістің бірдей емес көлемімен байланысты, яғни бір айларда ол салалардағы жұмыс күшіне деген сұраныс көбейеді, ал басқаларында төмендейді. Өндіріс көлемінің тұрақсыздығы ең алдымен ауылшаруашылық пен құрылыс саласына тән болып табылады. Шағын фермалар мен құрылыс фирмалары қатты аяз кезінде жұмыстарын тоқтатады. Қатты ыстық немесе қуаңшылық кезінде туристік қызмет пен сауда да жұмыстарын тоқтатады. Әр маусымның аяғында мыңдаған жұмысшылар жаңа жұмыс орындарын іздеуге мәжбүр болады.
Қазіргі заманғы нарықтық экономикадағы жұмыссыздық себептері
Жалпы, жұмыссыздықтың келесі себептерін бөліп көрсетуге болады:
1. Жаңа технологияларды, жабдықтарды енгізуден көрінетін экономикадағы құрылымдық өрлеулер артық жұмыс күшінің қысқаруына алып келеді;
2. Жұмыс берушілердің барлық ресурстарға деген, оның ішінде еңбек ресурстарына деген тұтынушылығын төмендетуге мәжбүрлейтін экономикалық құлдырау немесе тоқырау;
3. Үкімет пен кәсіподақтардың еңбекақы саласындағы саясаты: еңбекақының ең аз мөлшерінің артуы өндіріс шығындарын ұлғайтады да, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді;
4. Экономиканың жеке салаларындағы өндіріс деңгейінің маусымдық өзгерістері;
5. Халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер (еңбекке қабілетті жастағы халық санының өсуі еңбекке деген сұранысты ұлғайтып, жұмыссыздық ықтималдығын ұлғайтады).
Себептер туралы айтқан кезде жоғарыда көрсетілген себептер классикалық болып табылатындығын атап өту керек. Жаппай жұмыссыздықтың Қазақстандағы жағдайы трансформациялық экономикалық дағдарыстан туындайды. Бұл кемеліне жеткен капитализм экономикасынан белгілі циклдық дағдарыс емес. Ол әміршіл экономикадан нарықтық экономикаға өту жағдайының терең қайшылықтарын көрсетеді және ең бастысы-құрылымдық сипатта болады.
Жұмыссыздықтың объективтік сипатына қарамастан, ол тудыратын әлеуметтік-экономикалық шығындар мыналар болып саналады:
1. Адам жұмыс жасағанда шығарылатын тауарлар мен қызметтердің белгілі бір бөлігі өндірілмейді.
2. Салықтық түсімдер төмендейді: жұмысшылар салық салынатын табыс (еңбекақы) табады.
3. Жұмыссыз адамның өмір деңгейі төмендейді, себебі, жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақы еңбекақыдан төмен болып табылады.
4. Жұмыссыздың психологиялық жағдайы нашарлайды, отбасында кикілжіңдер жиі болып тұрады.
5. Жұмыссыздық материалдық жағдайды ғана төмендетіп қоймайды, сонымен қатар қылмыс, нашақорлық, жезөкшелік сияқты әлеуметтік құбылыстарға алып келеді.
ЖҰӨ мөлшеріне жұмыссыздықтың әсері. Оукен заңы
Жұмыссыздықтың басты құны - шығарылмаған өнім. Экономика жұмыс жасағасы келетін, жұмыс жасауға мүмкіндігі бар тұлғаларға жеткілікті жұмыс орнын ұсына алмайтындай жағдайда болғанда, тауарлар мен қызметтердің әлеуеттік өндірісі біржола жоғалады.
Макроэкономика саласындағы белгілі зерттеуші Артур Оукен жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемінің артта қалуы арасындағы қатынасты математикалық түрде көрсетіп берді. Бұл Оукен заңы ретінде белгілі және ол егер жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейі табиғи деңгейден бір пайызға асып түссе, онда ЖҰӨ мөлшерінің артта қалуы 2,5 % құрайды. Бұл қатынас 1:2,5 немесе 2:5, яғни, жұмыссыздық деңгейінің ЖҰӨ көлемінің артта қалуына қатынасы, кез келген жұмыссыздық деңгейімен байланысты өнімнің абсолютті шығынын есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
Оукен заңы жұмыссыздық деңгейінің тұрақсыздығын ЖҰӨ тұрақсыздығымен байланыстырады:
Y-Y* =-k(u-u*)
Y* (1)
мұнда:
Y - өндірістің нақты көлемі;
Y* - әлеуеттік ЖҰӨ;
u - жұмыссыздықтың нақты деңгейі;
u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
k - ЖҰӨ кезеңдік жұмыссыздық серпініне деген сезімталдығының эмпирикалық коэффициенті.
Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға жоғары болса, онда өндірістің нақты деңгейі әлеуеттік деңгейден %-ға төмен болады.
коэффициенті эмпирикалық жолмен белгіленеді және әр елде әр түрлі болады. Оның мәні көбінесе 2-ден 3-ке дейінгі аралықта болады, бұл кезеңдік жұмыссыздықтан туындаған ЖҰӨ-нің едәуір шығындарын көрсетеді.
Y - Y-1= 3% - 2 (u-u-1)
Y-1 (2)
мұнда Y - ағымдағы жылдағы өндірістің нақты көлемі;
Y-1 - өткен жылдағы өндірістің нақты көлемі;
u - ағымдағы жылдағы жұмыссыздықтың нақты деңгейі;
u-1 - өткен жылдағы жұмыссыздықтың нақты деңгейі.
Оукен заңы егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға асып түссе, онда ЖІӨ шығындары шамамен 2% құрайтындығын көрсетеді. Жұмыссыздық деңгейі мен ЖІӨ шығындарының бұндай арақатынасына сүйене отырып, біз табиғи деңгейден жоғары болатын жұмыссыздықтың кез келген деңгейіндегі абсолютті өнім шығындарын есептеп шығара аламыз. Мысалы, 1992 жылы жұмыссыздық деңгейі 7,4 % құраса, яғни шамамен 6%-ға тең болатын болжаулы табиғи деңгейден 1,4 пайыздық тармақтан асып түседі. 1,4 % Оукеннің коэффицентіне көбейтіп (2) біз, 1992 жылы ЖІӨ шығындарының әлеуетті ЖІӨ 2,8% құрағандығын аламыз. 1992 жылы 6300 млрд. долларға тең болған ЖІӨ номиналдық көлемінен 2,8% шығын қанша құрайтындығын есептеп, біз жұмыссыздық табиғи деңгейге жетпегенінен АҚШ экономикасы 176 млрд. долларға өнімді толық ала алмағандығын көреміз.
Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі өткен жылдағы көрсеткіш бойынша өзгермесе, онда шынайы ЖҰӨ өсу қарқыны жылына 3 % құрайды. Бұл қарқын халық өсімімен, капиталдың жинақталуымен және ғылыми-техникалық ілгерілеумен байланысты. Жұмыссыздық деңгейі бір пайызға өскен сайын (өткен жылдағы көрсеткішке қарағанда) шынайы ЖҰӨ өсу қарқыны 2%-ға төмендейді.
Бірақ ұлттық өнімнің нақты көлемі кейде оның әлеуеттік мөлшерінен асып түседі. Бұндай жағдай екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жұмыссыздық деңгейі 2%-дан төмендегенде қалыптасқан болатын. Өндіріске жұмысшылардың қосымша ауысымы тартылды, жұмыс уақытынан қосымша жұмыс атқару әдеттегі құбылысқа айналды. Сонымен қатар 1988 және 1989 жылдардағы экономикалық өрлеу ЖҰӨ оның әлеуеттік көлемінен нақты көлемінің асып түсуіне, яғни теріс алшақтыққа, немесе ЖІӨ шығындарына алып келді. Осылайша, кейде нақты ЖІӨ әлеуеттік ЖІӨ деңгейінен жоғары көтерілуі мүмкін. Бұл инфляцияның салдары болып табылады, бірақ бұндай асып түсу жағдайын ұзақ уақытқа сақтап тұру мүмкін емес.
Егер жұмыс күні мен әр жұмысшының еңбекақысы үйлесімді түрде қысқарса, қоғамға жұмыссыздық деңгейінің 5,5 %-дан 9-10%-ға дейін өсуіне көну жеңіл болады. Бірақ шындығында бұл олай емес. Жұмыссыздық ауыртпалығының бір бөлігі оның шығындары тең бөлінбеуден тұрады.
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың ерекше түрлері мен себептері
Қазақстандағы еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамту деңгейінің қысқаруын ескеретін нақты себептердің арасынан төмендегілерді атап өтуге болады:
Бірінші себеп кәсіпорындардағы өндірістік қызметкерлер (оның ішінде қосалқы және басқарушы) санының шамадан тыс көп болуы кеңестік экономикаға тән белгі болып табылды. Әдебиеттерде кеңестік кәсіпорындарда батыс елдеріндегі осыған ұқсас өндірістермен салыстырғанда қызметкерлер саны екі-үш есе көп болуы туралы мәселе бұрыннан бері айтылып келеді.
Қызметкерлердің шамадан тыс көп болуы жаңа техника мен жұмыс күшін үнемдейтін технологияларды енгізуді тежеді, еңбек өнімділігінің өсуіне кедергі болды. Бір жағынан шамадан тыс көп жұмыскерлерге ақы төлеу өндіріс шығындарының қисынсыз өсуіне жол берді. Бұдан өндірілетін тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі әлсіреді. Жұмыс орындарының саны шамадан тыс болуы жұмыс күшінің жасанды тапшылығын білдірді. Ал ол еңбек тәртібінің бұзылуына себеп болды және жұмыскерлердің жақсы жұмыс жасауға деген ынтасын төмендетті.
Бұндай жағдайдың негізінде біріншіден, кеңестік кәсіпорындардың директорлары мен экономикалық ведомостволары экономикалық теориядағы социализм мен жұмыссыздықтың сыйыспайтын ұғымдар туралы қағидаларын басшылыққа алуы; екіншіден, жұмыс күшінің артық болуы кәсіпорынның қызметіне жатпайтын түрлі әкімшілік міндеттіліктерін атқару кезінде пайдалы болды: егін жинау, қоймалардағы өнімнің сақталуын қамтамасыз ету, мәдениет нысандары құрылысында, көшелерді жинастыру кезінде және т.б. Ақырында, ең бастысы - артық жұмыс күшін айдың, тоқсанның немесе жылдың соңында жоспарды орындау бойынша қауырт жұмыстарды орындау үшін пайдалануға болады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың директорлары қазіргі күнге дейін қызметкерлер санының шамадан тыс болуына жол беріп келеді. Ал жекешелендіру нәтижесінде кәсіпорынды өз бақылауларына алған жеке меншік иелері жұмыскерлер санының тиімді болуына ұмтылады. Осылайша, жұмыссыздықтың бұл себептері жеке меншік пен шаруашылық түрінің нарықтық қағидаттарына көшу, жұмыссыздар қатарына бұрын қазіргідей ашық емес, жабық түрінде болған адамдар бұқарасын итермелеуін білдіреді.
Екінші себеп. Кәсіпорын шаруашылығын бағалаудың нарықтық белгілеріне көшу олардың көпшілігінің шамасы жетпейтіндігін көрсетті. Өйткені, олар өнім түрлері, сұрыпталымы, сапасы, бағасы бойынша шынайы сұранысқа бейімделе алмады. Бұндай кәсіпорындарды әдеттегі әдіспен жекешелендіруге болмайтын (банкроттардың акциялары кімге керек?), оларды алдын ала ретке салып, сонан соң қарызды төлей алатын және өндірістік инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға тұтастай сату керек болды. Ал бұл сатып алған жаңа меншік иелері болса, бірінші кезекте қажетсіз қызметкерлерді босатуды жөн көрді. Бұл жұмыссыздықты толықтыратын тағы бір жол болып табылады.
Үшінші себеп. Көптеген мемлекеттік кәсіпорындар бағаларды ырықтандыруды оларды бақылаусыз өсірудің, өздерінің шамадан тыс шығындарының орнын толтырудың ғана емес, сонымен қатар табыстарын (пайдасы мен жалақыларын) едәуір көбейтудің мүмкіндігі ретінде қарады. Алғашқы кезде бұған кеңінен жол берілді. Бірақ бұндай жағдай көпке бармайды. Көп кешікпей бағаның бақылаусыз өсуі шикізаттың, қуат көздерінің бірнеше есе қымбаттауы арқылы өздеріне қайтып келді. Ол тек банкротқа ұшыраушы кәсіпорындарды ғана емес, сонымен қатар қоғамға өнімдері өте қажет көптеген кәсіпорындарға да әсерін тигізді. Бұл дағдарыс - жұмыссыздыққа алып келетін тағы бір фактор болып табылады.
Төртінші себеп. Нарықтық реформалар олар тек терең құрылымдық қайта құрулармен қоса жүрген кезде ғана табысқа алып келеді. Бұндай қайта құрулар тек микроэкономиканы ғана емес, сонымен қатар макроэкономиканы да қамтиды. Ол қорлардың қатаң нарықтық бәсекелестік жағдайында шынайы табысқа жете алатын салаларды дамытуға шоғырлануына алып келеді де, тиісінше, өнімдері сұранысқа ие болмайтын салалардың жабылуына әкеледі.
Бесінші себеп. Жаппай жұмыссыздықтың жоғарыда көрсетілген факторларымен бірге жұмыссыздықтың тағы бір ерекше факторы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz