КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ

Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні
Сонымен бірге формация мен өркениеттің синтезі дәстүрлі әлеуметтік-мәдени құндылықтардың сақталуын талап етеді.
Кәсіпкерлік теорияның дамуын біртіндеп пайда болған үш толқын ретінде сипаттауға болады. Бірінші толқын (ХVІІІ ғ.) кәсіпкерліктің ең басты айырмашылық сипаты ретінде тәуекелдікке назар аударды. Оның өкілі - француз экономисі Р.Кантильон, оның пікірінше кәсіпкер - ол алдын ала болжай білетін, тәуекелдерді көтеруге дайын, келешекке ұмтылған кез келген жеке адам, оның іс-қимылдары табыс алуға үмітпен де, ысыраптарға даярлығымен де сипатталады.
Екінші толқынның негізгі айырмашылығы - жаңартпашылық. Оның өкілі Йозеф Шумпетер (1883 - 1950), оның пікірінше өндіріс факторларының жаңа тәсілдемелерін пайдалануға ұмтылысында білінетін кәсіпкердің ерекше атқарымы экономикалық дамудың негізін құрайды. Оның нәтижесі - жаңартпа.
Үшінші толқын кәсіпкердің ерекше тұлғалық сипаттарын көрсетеді: (экономикалық және қоғамдық ахуалдардың өзгерістеріне кері әсер қайтару қабілеттілігі, өздігінен шешімдерді таңдап қабылдауы, басқарушылық қабілеттіліктері.
Кәсіпкерлік - экономикалық белсенділіктің ерекше түрі (пайда табуға бағытталған орынды мақсатқа сай қызмет, ол өздік ынтаға, жауапкершілікке және жаңартпашыл ұғымға негізделген.
Оның кәсіпкерліктің мәні бойынша қысқаша қағидаттары:
oo адамға бағдарлану;
oo сатып алушыға ынтасымен беріліп қызмет ету;
oo фирманың мәдени ортасын, жолдастық рухын, өзара сыйластықты, демократиялық дәстүрлерді құрып, қолдау, мінез-құлық әдебін сақтау;
oo бәсекелесінен озып, алға шығып кету ұмтылысы.
Кәсіпкерлік философиясы осылай қалыптасады, оның негізгі сипаттары: шығармашылық белсенділік, прагматизм (нақты пайдалы нәтиже беретін нәрсе ақиқат деп саналатын пәлсапа), әдептілік (9.1-сурет).

Негізі - кәсіпкер болып саналатын кәсіпкерлік субъектілері 9.2-суретте көрсетілген
Мемлекет
Кәсіпкер
Тұтынушы
↓Әріптес
Жалданбалы жұмыскер

9.2-сурет. - Кәсіпкерлік қызмет субъектілері

Кәсіпкерлік белсенділік объектісі - тауар, өнім, қызмет көрсету - біреудің қажеттілігін қанағаттандыра алатын және сатып алу мен тұтыну үшін нарықта ұсынылатынның бәрі.
Кәсіпкерлік қызметі тиімді деңгейде жүзеге асыру тек белгіленген қоғамдық ахуалдың бар болуында ғана мүмкін - кәсіпкерлік ортаның, ол, ең алдымен, нарық, нарық жүйесі қатынастары, сонымен бірге кәсіпкердің жеке бостандығы.

Кәсіпкерліктің үлгілері
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерліктің екі үлгісі көрсетіледі: классикалық және жаңартпалық (9.3-сурет).Сипаттамасы
Кәсіпкердің мінез-құлқы

классикалық
жаңартпашыл
Мақсаттары
Пайданы оңтайландыру
Пайдалылық әлеуетін оңтайландыру
Мақсатқа жету жолдары
Бұрынғы тәсілдемелер
экстраполяциясы
Пайда алу және сапаны басқару мүмкіндіктерінің өзара әрекеттестігі
Көтермелеу және шара қолдану жүйесі
- Тұрақтылық үшін көтермелеу

- Шығармашылық, бастама үшін көтермелеу

Мәселе
Қайталанатын, таныс
Қайталанбайтын, жаңа
Жетекшілік стилі
- Әйгілігі;
- Тәсілдемелер бірлігін құра білуі
- Тәуекелді әрекеттерді жасау
- Адамдарды өзгерістерге шабыттандыру
Ұйымдастыру құрылымы
- Тұрақты немесе кеңейтілген
- Қызмет ресурстарды қайта өңдеу үдерісіне сәйкес ұйымдастырылған
- Қызмет түрлері нашар байланыстырылған
- Икемді, құрылымды өзгеріп отыратын
- Қызмет, мәселелерге сәйкес ұйымдастырылған
- Қызмет түрлері қатал байланыстырылған
(кешенді, жүйелік тәсілдемелер)

9.3-сурет. - Кәсіпкерлік үлгілері

Кәсіпкерліктің классикалық үлгісі (дәстүрлі, өсімпаздық, ескішіл, кертартпалық кәсіпкерлік). Бұның барысында кәсіпкер өз жұмысын ресурстардың барынша қайтарымын, барынша тиімділігін ескере отырып ұйымдастыруға ұмтылады. Осы үлгі шеңберінде өндірістің өсуін басқару тұжырымдамасы қалыптасады, оны іске асыру факторларының кәсіпкерлік фирмасының сыртқы істері есебінен шаралар қатарын жүзеге асыру үшін уақыт талап етеді. Екінші үлгі - жаңартпашыл кәсіпкерлік (өнімді), ол кәсіпорын дамуының жаңа жолдарын іздеуді ұйғарады, бұл өсуді немесе жаңартпаларды басқару тұжырымдамасы жөнінде айтуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік қызметтің түрлері

Сонымен бірге формация мен өркениеттің синтезі дәстүрлі әлеуметтік-мәдени құндылықтардың сақталуын талап етеді.
Экономикалық әдебиеттер жаңартпашыл кәсіпкерліктің үш негізгі түрін айырады:
1) өнім жаңартпасы;
2) технологиялар жаңартпасы;
3) әлеуметтік жаңартпалар.
Жаңартпашыл кәсіпкерліктің бірінші түрі - өнім жаңартпасы фирманың өміршеңдігін, алынатын пайда көлемінің көбеюін, нарықтағы үлесінің кеңеюін, тапсырыскерлердің сақталуын, тәуелсіз жағдайды бекітуін, беделінің жоғарылуын, жаңа жұмыс орындарын құруын және т.б. қамтамасыз ететін кәсіпорынның өткізу әлеуетін жаңарту үдерісі болып табылады. Екінші түр - технологиялар жаңартпасы - бұл еңбек өнімділігін жоғарылатуға және энергияның, шикізаттың, басқа ресурстарды үнемдеуге бағытталған өндірістік әлеуетті жаңарту үдерісі, бұл, өз кезегінде, фирманың пайда көлемін көбейтуге, қауіпсіздік техникасын жетілдіруге, қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды өткізуге, фирмаішілік ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңартпашыл кәсіпкерліктің үшінші түрі - әлеуметтік жаңартпалар. Олар кәсіпорынның гуманитарлық аясын жоспарға сәйкес жақсартудың жалпы үдерісі. Бұндай жаңартпаларды қолдану жұмыс күші нарығындағы мүмкіндіктерді кеңейтіп, кәсіпорынның қызметкерлер құрамын қойылған мақсаттарға жетуге жұмылдырып, қызметкерлер құрамы мен тұтастай алғанда қоғам алдында кәсіпорынның әлеуметтік міндеттемелеріне сенімді бекітеді.

Кәсіпкерліктің
негізгі ұйымдастыру нысандары
Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде экономиканың мемлекеттік және жеке секторында жүзеге асырылады.
Осыған сәйкес:
а) мемлекеттік кәсіпкерлік;
б) жеке кәсіпкерлік болып аражігі ажыратылады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік - кәсіпорын атынан экономикалық белсенділікті жүзеге асыру нысаны. Оны бекітетіндер:
а) (қолданыстағы заңнамаға сәйкес) мемлекеттік мүлікті (мемлекеттік кәсіпорын) басқаруға өкілетті мемлекеттік басқару органдары немесе:
б) жергілікті өзін-өзі басқару органдары (муниципалдық кәсіпорын).
Жеке кәсіпкерлік - экономикалық белсенділікті кәсіпорын атынан (егер ол солай тіркелсе) немесе кәсіпкердің атынан (егер бұндай қызмет жұмыс күшін жұмсамай, жеке еңбек қызметі нысанында жүзеге асырылса) жүзеге асыру нысаны.
Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру - құқықтық нысандарының артықшылықтары мен кемшіліктері 9.4-суретте көрсетілген.
Кәсіпкерлік нысандары
Артықшылықтары
Кемшіліктері
Жеке дара меншік шаруашылықтар
Ұйымдастыру оңайлығы. Қызметте толық бостандық болуы. Нарық аясындағы мінез-құлық икемдігі. Қызмет құпияларын сақтау мүмкіндігі. Барлық табысты алуға ең жоғары мүдде.
Үлкен капиталдарды тарту қиындықтары. Залалдар үшін шектелмеген жауапкершілік. Барлық ұйымдастыру және басқару іс-қимылдарын қосарландыру қажеттілігі.
Серіктестіктер
Басқару бойынша міндеттерді бөлу. Қаржыларды тартудың кең мүмкіншілігі, әріптестердің келісімдігімен ғана шектелген бостандық пен іс-қимыл жеделдігі.
Әріптестердің өзара бір-біріне сенбеушілік мүмкіндігі, осы сенбеушіліктен туындайтын психологиялық жайсыздық. Әріптестердің келіспеушілігі үшін осы нысанның тұрақсыздығы.
Акционерлік қоғамдар
Қосымша капиталды тез тарту мүмкіндігі. Корпорация қызметінің әр түрлі аялар шеңберінде капиталдың еркін орын ауыстыруы. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі.
Басқару рабайсыздығы, оның жеделдігінің төмендігі. Акционерлерді басқаруға қатысудың және бақылаудың төмен деңгейі. Кәсіби құпиялардың ашылу мүмкіндігі.

9.4-сурет. - Кәсіпкерлік қызметті негізгі ұйымдастыру нысандарының артықшылықтары мен кемшіліктері

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік, экономикалық және құқықтық жағдайлар,
қалыптасу және даму мәселелері
Қазақстанда шағын кәсіпкерлік 4 кезеңнен өтті:
Бірінші кезең. КСРО жағдайларында (1986-1990) шағын бизнес дамуының бірінші кезеңі меншіктің жаңа нысандарын енгізумен, кәсіпкерлік мәдениетінің қалыптасуымен
сипатталады.Осы кезеңнің негізгі мәселелері ретінде шикізатқа, өндірістік алаңдарға қолжетудің қиындығын, кооперативтерді тіркеу барысындағы әміршіл кедергілерді атап айтуға болады.

Кезеңнің сипаттамасы
Шағын бизнестің дамуына кедергі жасайтын негізгі мәселелер
1-кезең. КСРО жағдайларында (1986-1990) шағын бизнестің дамуы
1. Меншіктің жаңа нысандарын енгізу
1. Шикізатқа және өндірістік алаңдарға қолжетудің қиындықтары
2. Кәсіпкерлік мәдениетінің қалыптаса бастауы
2. Кооперативтерді тіркеу барысындағы төрешілдік кедергілер
2-кезең. Қазақстанның әкімшілдік-әміршілдіктен нарық экономикасына көшу жағдайларындағы шағын бизнестің дамуы (1991 -1996)
1. Қазақстанның егемендік алуы
1. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық негіздердің жетілдірілмегендігі;
2. Меншіктің барлық нысандарындағы шағын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанұялық кәсіпкерлік
Кәсiпкерлiк қызметінің ұйымдастыру нысандары құқықтық түрлері
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Кәсіпкерлік қызметтің мәні
Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі
Кәсіпкердің тәуекелі
Пәндер